Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау

"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау

Скачать материал

16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Елімнің ертеңі – Мен, Жас Ұлан!» атты мектеп оқушыларын «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына қабылдау салтанатының сценарийі

 (ҚР мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп,ілінеді.)

Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар және мектеп оқушылары

І жүргізуші:

Қайырлы кун ұстаздар мен оқушылар! Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші:

Бүгінде Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл толса,  Біріңғай « Жас Ұлан, «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 5 жыл толып отыр.

І жүргізуші:

Жас азаматтарды еліміздің нағаз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді,ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Біріңғай « Жас Ұлан, «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жалғастырамыз.

ІІ жүргізуші:

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,

Мен қазақпын,тірегімнің жерімнің

Ұланымның туын көкке көтерген,

Ертеңімін Егеменді елімнің

І жүргізуші:

Түсініп терең, өмірдің мәнін,

Жалынды жастар,сендерсің сәнім

Беретін бойға күш-қуат, жігер

Шырқалсын шаттық әнұран әнім!

 

Ұланбасы:

·        Бірлестік, тік тұр!

·        Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны астында мемлекеттік туымыз кіргізілсін!

·        «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Елімнің ертеңі – Мен, Жас Ұлан!» атты мектеп оқушыларын «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына қабылдау салтанатты жиынын ашық деп жариялайды.

·        Топ басшылары рапорт тапсыруға дайындалсын!

·        Топ басшылары рапорт тапсырсын!

Топ басшылары:

·        Тік тұр!

·        Топ аты:

·        Топ ұраны:

/Ұланбасына келіп:/

·        «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты жиынға дайын.

Баяндамашы:_______________ тобы

____________________________ /фам.аты/

Ұланбасы:

·        Рапорт қабылданды! Еркін тұр!

Топ басшылары: /топ қасына келіп/

·        Топ, еркін тұр!

Ұланбасы /тәлімгерге келіп/:

·        Жолдас, аға тәлімгер, «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты жиынға дайын.

Бірлестік жетекшісі: Кәрім Ернар

Тәлімгер:

·        Рапорт қабылданды!

Ұланбасы:

·        Бірлестік, еркін тұр!

ІІ жүргізуші:Алғашқы құттықтау сөз мектеп директорының міндетін атқарушы Шналиев Нұржан Орынғалиұлына беріледі.

Би: «Қазақ биі» 5 сынып қыздары

І жүргізуші:Ендеше,  тәуелсіздік  күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

ІІ жүргізуші:

Жасұлан –жігерлі де жайдарлы ұйым

Төл мерекең  жыл сайын тойланды ұйым!

Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға

Жасұлан –жалынды ұйым, айбарлы ұйым.

І жүргізуші:

 Сонымен, «Жас Ұлан» ұйымы оқушыларының әр бір мүшесі қандай болуы керек екендігін айта кетейік.

1 оқушы - _______Аягүл_______сынып оқушысы: Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.

 

2 оқушы -  ______Перизат______сынып оқушысы: Қазақстан Республикасының туының түсіндей  галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту қажет.

 

3 оқушы - _____Аяжан_____сынып оқушысы: Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.

 

4 оқушы -____Нұрбек____сынып оқушысы: Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.

 

5 оқушы - ____Айдана____сынып оқушысы: Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.

 

6 оқушы - ____Бекзат____сынып оқушысы:  Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал. Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.

 

7 оқушы -  _____Аяна______сынып оқушысы: Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші.

 

8 оқушы - _____Саят______сынып оқушысы: Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.

 

9 оқушы - _____Айсана_____сынып оқушысы: Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.

 

10 оқушы - _____Махаббат______сынып оқушысы: Жасұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек (оқушылар кол шапалақтап, қошемет көрсетеді).

 

І жүргізуші:

 Алдарыңызда  «Өз елім» әнімен Қадырбеков Нұрбекті қарсы алыңыздар!

ІI жүргізуші:

Білімді –көкіректе нұр деп түсін

Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.

Аталған мақсат, талап, ережені,

Орындауға бәріңде міндеттісің!

 

І жүргізуші:

 Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.

І жүргізуші:  «Біз ...»

Оқушылар: «Жас Қыран»

І жүргізуші: - ұранымыз:

Оқушылар: Парызымыз адалдық. Біз «Жас Қыран» адалдықтан жаралдық.

ІІ жүргізуші:  «Біз ...»

Оқушылар: «Жас Ұлан»

ІІ жүргізуші: - ұранымыз:

Оқушылар: Қазақстан!Нұрсұлтан!Жас Ұлан!

ІІ жүргізуші:

Егеменді еліміздің тірегі

Мектептің болашағы жігері

Достықпен татулық тілегі

«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі

 

І жүргізуші: Құрметті  мектеп әкімшілігі және ұстаздар! Сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

ІІ жүргізуші: Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.

Анттың мәтіні:

Мен, ____________________,  Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.              АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

Ән: _________________________ Нұрберген

І жүргізуші:

Құттықтау сөз директордың тәрбие ісі жөніндегі Жантемирова Ляззат Кенжеғалиқызына беріледі.

ІІ жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.

(Жас Ұлан ұйымының әнұраны орындалады)

Мектеп! Тік тұр! ҚР туы шығарылуға дайын

І жүргізуші:

Ризамын деп осындай жастық шаққа,

Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

 ІІ жүргізуші:

 “Жас Ұлан” – Қазақстанды сүйеді

 “Жас Ұлан” – мектепте үздік оқиды

 “Жас Ұлан ” – үлкендерді құрметтейді

 “Жас Ұлан ” – тек шындықты айтады

 “Жас Ұлан ” – спортпен еңбекті ұнатады

 “Жас Ұлан ” – болашақ “Жас Отан”

 І жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 273 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.12.2016 2329
    • DOCX 164 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Батырова Айымгуль Нурлановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Батырова Айымгуль Нурлановна
    Батырова Айымгуль Нурлановна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18930
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой