Инфоурок ИЗО, МХК Научные работыЖеке тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнерінің рөлі

Жеке тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнерінің рөлі

Скачать материал

Жеке тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнерінің рөлі

 

М

Бүгінде еліміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Ұстаз алдындағы басты мақсат-сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Тұлғаны жан – жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру, әлемдік даму үрдісіне қатысар тұлға даярлау. Өз ұрпағының жауапты да жігерлі бәсекеге барынша қабілетті, өресі биік жеткіншектерін тәрбиелеуде ұстаздың жаңаша ойлау түріне педагогикалық іс - әрекетін ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жеткізеді. Ол үшін оқу үрдісінің мәні мен зандылықтарын жете біліп, жаңа технологиялар мен жаңаша оқыту әдістерін тиімді қолдана білу керек.

«Әрбір ұстаз — білікті маман, ал әрбір оқушы — ойшыл тұлға» деген қағидаларды ұстана отырып, білім беру үрдісінде кез келген ұстаз білім сапасын жақсарту мақсатында оқытудың озық технологияларын пайдаланады.

Ғылым мен техниканың дамыған заманында озық ойлы, шығармашылығы жоғары оқушы тәрбиелеу әр ұстаздың басты міндеті.Оқушылардың шығармашылық іскерліктерін арттырып, заман талабын ескере отырып, әрбір сабағымда жаңашыл педагогтардың әдіс-тәсілдерін, озық технологиясын басшылыққа аламын.

Бейнелеу өнері – бұл адам баласының заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы, ал сурет – бұл шежіре, ондаған ғасырлар бойы бүкіл адам тарихтарын, тіршілік тарихын шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден-бір куәгер. Бейнелеу өнерімен айналыса отырып, адам тек суретшінің практикалық дағдыларын ғана меңгеріп, шығармашылық ойларын жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен бірге өзін талғампаздыққа тәрбиелейді. Мектеп кезеңіндегі оқушылардың бейнелеу әрекеті баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты азайтып, эмоционалдық көңіл-күй, оқуға қызығушылық туғызады.

Мектептегі бейнелеу өнері пәнінің оқу материалдарын игеру оқушыларға зор талап қоятыны белгілі. Өйткені, шындықтағы құбылыстардың сыр-сипатын, мән-жайын ұғыну — өте күрделі танымдық әрекет. Мұның өзі бірнеше кезеңдерден тұратыны қазіргі ғылымға белгілі. Мәселен, сабақта материалды ұғынып, түсінудің алғашқы таныстыру кезеңінде оқушы нені, қалай оқу керектігі жайлы жалпы мағлұмат алады. Бұдан кейінгі кезеңде, ол мұны тәжірибеде байқап көреді. Үшінші кезеңде түсінгенін, ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды. Төртінші кезеңде олар ойына ұстап тұрады да, бесінші кезеңде оқушыда зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы оқушы шындықтағы заттардың байланыс-қатынастарын меңгереді, бір затты екіншісімен салыстырып, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын айыра білуге, соларды дәлелдей алуға  үйренеді. Ұғыну, түсіну дегеніміздің өзі де бір нәрсеге себеппен қарау арқылы нәтиже болатындығына оқушының көзінің жетуі.   Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқытуда да осындай күрделі кезеңдердің барлығын тұтас ұстап тұратын өте маңызды және ауқымды күш – оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары мен ынта-ықыластары болып табылады.

Мұғалім оқушы ойлауындағы талдау тәсілінің қалыптасуына жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, ондайда оқушы материалдың бір-бірімен байланысының жеке жақтарын ғана меңгереді, әр ұғымның мәнін, өзіндік ерекшелігін жете түсінбей қалады. Сондай-ақ мұғалім сабақ беруде жинақтау тәсілін ойдағыдай пайдалана алмаса, онда берілетін мағлұмат бұрынғы  материалмен дұрыс байланыспай қалады, бұл берілген мағлұматтың практикалық мәнінің төмендеуіне әкеліп  соғады.  Оқушыда  белсенді  ойлау  процесін  дамытудың орнына олардың есте сақтау, жаттау қабілетін өсіруге ерекше мән беріліп кетеді. Әрине, оқушының есте сақтау қабілетін дамыту қажет. Бірақ оқушыны оқуға қызықтыра отырып ойландырып, әр нәрсені бір-бірімен салыстырғызып, талдатып-жинақтатып, дәлелдеткізіп үйретсе ғана олардың танымы мен білімі мазмұнды болады.

Білім – адамзаттың жинақталған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін оны ойлау операциясы, талдау, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету болып табылады. Оқушылардың білімі – оқыту процесін, ең бірінші кезекте оқу материалдарын меңгерудің нәтижесі. Білім – қандай да бір танымдық іс-әрекетті жасау негізі, ал танымдық іс-әрекет жеке тұлғаны қалыптастырады. Сөйтіп, білім – қоғамдық-өндірістік тәжірибеде қолданылады, меңгерілген сапалы білімнің көмегімен адам жаңа білімдер жасауға қатысады, еңбекке дағдыланады, қоғамдық-материалдық байланыстың артуына, рухани мәдениетінің дамуына өз үлесін қосады.

Әл-Фараби бақытты болу мен қоғамдық тіршілікті жақсарту білімділікке байланысты екендігін ескерте келе, білім мен өнерді меңгергеннен кейін адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, парасаттылық пайда болатындығын айқындаған .

Оқушыларға білім мен тәрбие беруде бейнелеу өнерінің өзіндік орны бар екендігі белгілі. Бейнелеу өнерінің жалпы білім беру пәні ретіндегі пайдасын педагог Я.А.Коменский белгілеп беріп, өнерді үш талап негізінде, яғни, өнерді дұрыс пайдалану, өнерді сапалы бағытта оқыту, жиі жаттығулар жасау арқылы үйренуді анықтаған .

Мектепте бейнелеу өнерін оқытудағы эстетикалық тәрбиенің мазмұнын айқындаған педагог Б.Неменский өз еңбектерінде неміс ақыны Иоганн Вольфганг Гетенің сурет салуға өте үлкен мән беріп, оның балаларды өте қызықтыратындығын, дүниені кең әрі терең тануға көмектесетіндігін жазғандығын мысал ретінде келтіреді. Ол И.В.Гетенің: «Сурет салу мен өнерді оқып білу кедергі жасаудың орнына ақындық шығармашылыққа көмектеседі. Жазуды азайтып, сурет салуды көбейту керек» деген сөздерін тілге тиек етеді.

Осындай  тұжырымдардың, идеялардың көп болғанына қарамастан бейнелеу өнерінің, сурет салудың мектептерде пән ретінде жүргізілуіне ХІХ ғасырда ғана қол жеткізілді. Оның жүзеге асырылуына көрнекті педагог И.Г.Пестолоццидің зор ықпалы болды, сондықтан И.Г.Пестолоцци сурет салуды мектептердің оқу бағдарламаларына пән ретінде енгізген педагог- ғалым деп саналады. Ол дүниені, қоршаған табиғатты дұрыс тану арқылы дұрыс  ойлау  мүмкіндігі  сурет  салумен  туатындығын   көрсетті.  Ол  өнерді талқылай отырып, игеру үшін арнайы жаттығулар, яғни көзді барлық заттар мен құбылыстарға салыстыра, талдай, топтастыра отырып қарауға үйрететін жаттығуларды ұсынды. Көрнекті ғалым жазудан бұрын сурет салуды үйренудің пайдалы әрі қызықты екендігін, яғни қызықты іс-әрекет ретінде сурет салу жазудың жеңіл үйретілуіне себепші болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Сөйтіп, сурет негіздеріне барлық баланы үйретуге болатындығын, сондықтан оның жалпы білім берушілік мәнін ескере отырып, басқа  пәндермен қатар мектептегі өз орнын алуын қолдады .

Оқушылардың бейнелеу өнері арқылы оқуға қызығушылықтарын арттыруда олардың кеңістіктік түсінік, ұғымдарын, ойларын дамытудың ерекше ролі бар. Балалардың кеңістіктік елестетулерінің, қиялының дамуы олардың ойлау қабілетімен тікелей байланыста болады. Кеңістіктік ойлаудың әлсіз болуы ғылымдар негізін игеру міндетін орындауды қиындатады. Мәселен, бейнелеу өнерінің тәрбиелік теориясын қалыптастыруға үлес қосқан С.А.Герасимов бір заттың айналасындағы кеңістік құбылыстарын ғылыми перспектива элементтерін ескере отырып анықтау керектігін айтады. П.А.Сорокун оқушылардың кеңіcтіктік елестету ойлауын арттыру — олардың бейнелі ойлауының күрделі психикалық үрдістерінің дамуына ықпал етуші факторы деп есептеді.

Оқушылардың бейнелеу өнерін оқудағы қызығушылықтары басқа пәндердің материалдарын меңгеруге де септігін тигізеді. Меңгеру нәтижесінің сапасы оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бағалау арқылы анықталады. Ал білім сапасы – білімді меңгеру нәтижесі болып табылады. Бұл жерде іскерлік дегеніміз – іс әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдайда өнімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті. Іс-әрекет іскерлікке айналу үшін педагогикалық жағдайлар жасалады. Іскерліктің құрылымына елес, ұғым, білім, дағды, зейінді шоғырландыру, бөлу, ауыстыру, қабылдау, ойлау, іс-әрекет процесін реттеу және өзін-өзі бақылау дағдылары енеді. Осы бөліктердің бірлігі арқылы оқушы өз жұмысының нәтижесін түсініп, оған жету үшін іс-әрекеттің тиімді тәсілдері арқылы жұмыс істеп жақсы нәтиже алады.

Оқушының оқуы – олардың танымдық іс-әрекеті болып табылады. Осы іс-әрекеттің маңызды белгілеріне өзін-өзі сынау және өз бетімен жұмыс істей білу, оқуға қызығушылық, қажеттілік, танымдық белсенділік, табындылық, жігерлілік, өзінің алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсіну, керекті іс-қимылдарды таңдау жатады. Оқуға қызығушылықтың негізінде қалыптасатын оқу іс-әрекетінің өнімдері білімдерде, іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдық қатынастарда бейнеленеді. Сөйтіп, оқу іс-әрекетінде тұлғаның барлық қажетті сапалары көрініп қалыптасады.

Оқушының білімді меңгеруі, ұғынуы, мұғалімнің сабақ оқытуы, екеуі де — «инемен құдық қазғандай» қиын нәрсе. Мәселен, мұғалім оқушыға бұрыннан таныс нәрсені ығыр қылып айта берсе, осы жағдай онда ақыл-ой тапшылығын, кейде тіпті оқуға қызығушылығын төмендетуі мүмкін. Сондықтан ұстаз әркез оқушының рухани тілектерін, таным белсенділігін шөліркетпей, оны ұдайы қанағаттандырып, оның табиғатты, өмірді, адамдар еңбегін білуге құштарлығын дамытып отыруы қажет.

А.А.Бейсенбаева оқушылардың білім сапасын, оқуға қызығушылықтарын арттыруға тікелей ықпал жасашы танымдық әрекеттердің өзіне тән ерекшеліктерін былай көрсетеді:

–    таным процесінің ғылымдағы объектісі — белгісіз құбылыстар;

– оқушылардың таным процесі үнемдірек, яғни әдіскерлердің, ұстаздардың көмегімен әрбір мектеп пәні бойынша маңызды білімдер негізі іріктелініп алынады;

–  оқыту процесінің ерекшелігі оқуды әрі қарай жалғастыруға және өз бетінше еңбек әрекетіне дайындалуына қажетті іскерлік пен дағдыларды игеру мен оның байланысы болып табылады;

–  мектептегі таным процесі тек білім берушілік емес, сонымен бірге тәрбиелеушілік, дамытушылық сипатта болады. Білімді игеру барысында ақыл-ой қабілеттері дамиды, олардың көзқарастары мен сенімдері қалыптасады;

– оқушылардың таным процестері олардың жастарына сай ұйымдастырылады;

–  таным процесі мұғалімнің бағыттаушылық рөлімен, оқушылармен тығыз өзара байланыста іске асырылады.

Сонымен, бейнелеу өнерін оқытуда оқушылардың таным үдерісін жандандыру олардың тәрбиесін, бүкіл білім ауқымын, дүниетанымдық түсініктерін арттыруға септігін тигізіп, олардың оқуға қызығушылықтарын арттырып, оқу іс-әрекеттерін жемісті болуына әсер етуші бірден-бір фактор болып табылады. Мектептегі бейнелеу өнерін оқушылардың жалпы оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға өзіндік ықпал жасайтын ыңғайлы әрі өзіндік сипаты мен ерекшеліктері бар пән ретінде қарастыруымыз қажет. Осындай күрделі мәселенің бас-қасында әрине мұғалім тұрады. Мұғалім оқушылардың оқуға ынта-ықыласын, қызығушылығын тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына жол ашады. Ол алғашқы күннен бастап оқушының ынта-ықыласы мен бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу үдерісін осы негізге орайластыра жүргізгені дұрыс. Себебі, мұғалім оқушы тәрбиесінің жан-жақты өсуіне және білімінің сапалы болып қалыптасуына ықпал етуші бірден-бір тұлға.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жеке тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнерінің рөлі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.11.2017 1043
    • DOCX 63.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кыдырсиков Мерболат Нуржанович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36822
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Мировая художественная культура")

Учитель мировой художественной культуры

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Обучение архитектуре детей от 12 лет. Проектный подход

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Курс профессиональной переподготовки

Изобразительное искусство: теория и методика преподавания в сфере дошкольного образования

Педагог по изобразительной деятельности

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 189 человек

Мини-курс

Основы инженерной подготовки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек