Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Жігіт сұлтаны" сайысының сценарийі

"Жігіт сұлтаны" сайысының сценарийі

Скачать материал

«Жігіт сұлтаны» сайысының сценарийі

 

Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан  халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу. Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, шар, гүл, мультимедия, қанатты сөздер

 

(Музыка ойнап тұрады, қонақтар жайғасады, екі жүргізуші ортаға шығады)


1 – жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және «Жігіт сұлтанына» келген барша көрермендер!
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,
Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды!
Сол өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын жігіттердің
жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп сайысымызды ашық деп
жариялаймыз.

 Сайыстың барысымен таныстырып өтсек:

1.   Таныстырсам тегімді» (міндетті түрде өзін-өзі таныстыру презентациясы)

2.   «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес» (өз өнерін көрсету)

3.   «Білімді жүзден озар» (салт дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру)

4.   «Үй тапсырмасы» (қойылым, топ бірге шығып көмектесуге болады)

5.   «Күш атасын танымас» (спорттық сайыс)


2 – жүргізуші: Бүгінгі сайысымызда жігіттер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт - дәстүрімізді, сонымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін көрсетеді.

Ең алдымен осы сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1 – жүргізуші: Колледж директоры – Арғынғазин Д.С.

2 – жүргізуші: Директордың әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Бахтиярова Б.Ж.

1 – жүргізуші: Сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі – Башеева Ш.Ж.

1 – жүргізуші: Кәсіптік іс-тәжірибе жетекшісі – Орманов А.К.

2 – жүргізуші: «Жігіт сұлтаны  - 2014»  байқауының жеңімпазы  Жаншуаков Тастемир Ғалымұлы

 

 

1 – жүргізуші: Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
«Жігіт сұлтаны» атанбақ.
Құрметті көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп жігіттерді ортаға шақырайық.

(Сайыскерлеріміз сахнаға шығады)

 

1-сайыскер – 2 негізгі ВТ-О Макенов Рамазан

2-сайыскер – 1 негізгі ВТ-1 Чайжунусов Әкежан

3-сайыскер – 1 негізгі ИС Айтқазы Тәлімхан

4-сайыскер - 2 қысқартылған Учет Сулейменов Дархан

5-сайыскер – 1 негізгі ИС Қасымов Ерасыл

6 сайыскер – 2 негізгі ИС Шакиртов Есболат

7 сайыскер – 2 негізгі ФО-3 Жумадилов Ельдар

8 сайыскер -  1 негізгі ВТ-2 Ануарбеков Даулет

(Сахнадан шығып кетеді, 1 сайыскер қалады, мультимедиадан презентациялар көрініп тұрады, сайыскерлер бірінен соң бірі шығады)

 

2 – жүргізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп колледжің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Жігіттерге сәттілік тілейікші.

1– жүргізуші: 

Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен сіздерменен танысуға

2 – жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз. Жігіттеріміз өздерін таныстырып өтсін.

 

(Жігіттер таныстыруға реті бойынша шығады)

 

1-сайыскер – 2 негізгі ВТ-О Макенов Рамазан

2-сайыскер – 1 негізгі ВТ-1 Чайжунусов Әкежан

3-сайыскер – 1 негізгі ИС Айтқазы Тәлімхан

4-сайыскер - 2 қысқартылған Учет Сулейменов Дархан

5-сайыскер – 1 негізгі ИС Қасымов Ерасыл

6 сайыскер – 2 негізгі ИС Шакиртов Есболат

7 сайыскер – 2 негізгі ФО-3 Жумадилов Ельдар

8 сайыскер -  1 негізгі ВТ-2 Ануарбеков Даулет

 

1-жүргізуші:

Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.

Ал енді әділқазыларымыздың бағаларын көрсек (жүргізуші айтып тұрады)

 

1-сайыскер – 2 негізгі ВТ-О Макенов Рамазан

2-сайыскер – 1 негізгі ВТ-1 Чайжунусов Әкежан

3-сайыскер – 1 негізгі ИС Айтқазы Тәлімхан

4-сайыскер - 2 қысқартылған Учет Сулейменов Дархан

5-сайыскер – 1 негізгі ИС Қасымов Ерасыл

6 сайыскер – 2 негізгі ИС Шакиртов Есболат

7 сайыскер – 2 негізгі ФО-3 Жумадилов Ельдар

8 сайыскер -  1 негізгі ВТ-2 Ануарбеков Даулет

 

2-жүргізуші:

Асқақтаған ән дайын,

Күмбірлеген күй дайын.

Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар!

 

1 жүргізуші: Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын,

Қыран жігіт асырар елдің даңқын!-

демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық.

 

 (Әрқайсысы өз өнерін көрсетеді. )

 

2 – жүргізуші: Енді құрметті әділ-қазылар әділ бағаларыңызды берсеңіздер.

(бағаларын көтереді, жүргізушілер айтып отырады)

 

1-сайыскер – 2 негізгі ВТ-О Макенов Рамазан

2-сайыскер – 1 негізгі ВТ-1 Чайжунусов Әкежан

3-сайыскер – 1 негізгі ИС Айтқазы Тәлімхан

4-сайыскер - 2 қысқартылған Учет Сулейменов Дархан

5-сайыскер – 1 негізгі ИС Қасымов Ерасыл

6 сайыскер – 2 негізгі ИС Шакиртов Есболат

7 сайыскер – 2 негізгі ФО-3 Жумадилов Ельдар

8 сайыскер -  1 негізгі ВТ-2 Ануарбеков Даулет

  

1 - жүргізуші

Ей жігіттер!

Сендерге артар міндет көп.

Көтер биік ата салтын құрметтеп

Ақтай білсең ата-баба үмітін

Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп!

Сайысымыздың келесі түрі  «Білімді жүзден озар»  Ол үшін сөзді тыңдай біліп, сөздерді ойға тоқу керек. Салт – дәстүрге байланысты сұрақтарды әділқазылардың алдындағы кағаздан алып, бірден жауап бересіздер.

Сұрақтар:

1.       Жеті қазынаға нелер жатады? (жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, сұлу әйел, ер жігіт, ілім-білім)

2.       Үш дауасызға не жатады? (міңез, кәрілік және ажал)

3.   Үш тәттіге не жатады? (ананың сүті, баланың тілі, туған жер)

4.   Төрт түлік мал пірінің  аталуы қалай? (Түйе – Ойсылқара,   жылқы – Қамбар ата, қой – Шопан ата, ешкі – Шек-Шек ата, сиыр – Зеңгі баба)

5.   5 дұшпанды айтыңыз (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

6.   Аттың ер-тұмандарына нелер жатады? (Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы)

7.   Жеті атаны атаңыз (бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата)

8.   Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз? (көкпар, аударыспақ, қыз қуу, күрес, теңге ілу, алтын қабақ, ақсүйек)

9.   Ер қаруы бес қаруды атаңыз? (садақ, найза, қылыш, шоқпар, айбалта)

10.   Қонақтың түрлерін атаңыз. (арнайы, құдайы, қыдырма, қылғыма)

11.   Қандай ырым-тыйым білесін?

12.   Мұсылманның бес парызын атаңыз. (5 уақыт намаз оқу, ораза ұстау, зекет, садақа беру, қажылыққа бару)

13.   Мал жіліктерінің атауын айт. ( І. Қол жіліктері:  6, 1.    Кәрі жілік – 2, Күң жілік – 2, Жауырын – 2. Сан жіліктері: 6: Асықты жілік – 2, Тоқпан жілік – 2, Жамбас – 2)

14.   Қазақ халқының салт-дәстүр,  той-томалақтарын  атап шық, біреуін түсіндір.

(Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар)

15.   Киіз үйдің сүйегі (шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық)

16.   Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)

17.   Жеті жұтты атаңыз (құрғақшылық, жұт, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала)

18.   Әлемнің жеті  кереметі: (Египет пирамидасы, Вавилонның аспалы бағы, ертедегі Артемида храмы, Олимпиядағы Зевстің мүсіні, Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың қолдан жасалған мүсіні, Александрия маягі)

 

1-жүргізуші:  Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.    

н орындалады) Сакенова Еркежан ән айтады

Ал енді әділқазыларымыздың әділ бағаларын көрсек.

(Әділқазылар алқасы өз бағаларын айтады, жүргізуші оқып тұрады)

2-жүргізуші: Ендігі кезекті үй тапсырмасы қойылымға кезек берсек.

 

1-сайыскер – 2 негізгі ВТ-О Макенов Рамазан

2-сайыскер – 1 негізгі ВТ-1 Чайжунусов Әкежан

3-сайыскер – 1 негізгі ИС Айтқазы Тәлімхан

4-сайыскер - 2 қысқартылған Учет Сулейменов Дархан

5-сайыскер – 1 негізгі ИС Қасымов Ерасыл

6 сайыскер – 2 негізгі ИС Шакиртов Есболат

7 сайыскер – 2 негізгі ФО-3 Жумадилов Ельдар

8 сайыскер -  1 негізгі ВТ-2 Ануарбеков Даулет

 

Ал енді әділқазыларымыздың әділ бағаларын көрсек.

(Әділқазылар алқасы өз бағаларын айтады, жүргізуші оқып тұрады)

1-жүргізуші:   Ат өнері білінбес,

              Бәйгеге түсіп жарыспай.

              Ер өнері білінбес,

    Қоян қолтық алыспай, -  демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстағы өнерлерін көрейік. Білек күшін сынап көрсек.

 

2-жүргізуші:

Құрметті көрермен қауым! Енді сайысып жатқан жігіттерді қол  шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық. Келесі сайысымыз «Күш атасын танымас»

 

Бағалау әділқазы

1-сайыскер – 2 негізгі ВТ-О Макенов Рамазан

2-сайыскер – 1 негізгі ВТ-1 Чайжунусов Әкежан

3-сайыскер – 1 негізгі ИС Айтқазы Тәлімхан

4-сайыскер - 2 қысқартылған Учет Сулейменов Дархан

5-сайыскер – 1 негізгі ИС Қасымов Ерасыл

6 сайыскер – 2 негізгі ИС Шакиртов Есболат

7 сайыскер – 2 негізгі ФО-3 Жумадилов Ельдар

8 сайыскер -  1 негізгі ВТ-2 Ануарбеков Даулет

 

2-жүргізуші Жігіттер, жаман істі кәсіп етпе,

Досыңды бірге жүрген басып өтпе,

Басыңа әлдеқандай іс түскенде.

Келесі кезекті тағы да әнге берейік.

 1-жүргізуші Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,

Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.

Көңіліңді шат сезімге баурайды,

Халқымыздың бүгіні мен өткені.

 

Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!

Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!

Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғалық.

Біздерде ойын-сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады.

Қошеметтеп қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.

Бағына бақытты елдің туған ұлан,

Бойына бар асылды жиған ұлан.

Қазақтың қасиетті Жігіттері,

Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.

Дария ой, даналардан бата алғандар,

Айнымас алмас қылыш атанғандар.

Қазақтың қасиетті Жігіттері,

Халқына қалқан болған қаһармандар

2 – жүргізуші:
Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша оқушыларымыздың әсем биін карсы алыңыздар.

Енді әділ-қазылардың жауаптарын күткенше әдемі әнге кезек берсек. 

                               орындауында «                  » әнін қабыл алыңыздар.


1 – жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.

2 –
жүргізуші:
«
Жүзденжүйрік» күшімен,
«
Мыңнантұлпар» шықты шың
Жігіттердің ішінен шыққан

_______________Сұлтан мықтысын!
Құттықтайық ал енді
Сұлтан болған баланы
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.
(Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады. Марапаттау:


1.     Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны»

2.     1 орын

3.     2 орын

4.     3 орын

5.     «Дарынды жігіт»

6.     «Сегіз қырлы, бір сырлы»

7.     «Өнерпаз жігіт»

8.     «Парасатты жігіт»

9.     «Алғыр жігіт».

10. «Шымыр жігіт».

11.            «Шешен жігіт»)


1– жүргізуші: Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!
    

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жігіт сұлтаны" сайысының сценарийі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 258 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.02.2017 6947
    • DOCX 91.5 кбайт
    • 236 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карибжанов Самат Алпамысович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Карибжанов Самат Алпамысович
    Карибжанов Самат Алпамысович
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 48061
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой