Инфоурок Другое Другие методич. материалыЖинақ "Теректі ауданының Жайық өзенінің жағалауында орналасқан жарлардың және сайлардың топономикасы "

Жинақ "Теректі ауданының Жайық өзенінің жағалауында орналасқан жарлардың және сайлардың топономикасы "

Скачать материал

Теректі ауданының Жайық өзенінің жағалауында орналасқан жарлардың және сайлардың топономикасы.

  Халық ауызында жүрген деректерге сүйенетін болсақ  қазыргі Қабылтөбе мекені тарихы  көне заманнан қойылған атаулардың бірі. Яғни бұл төбеде  төрт түлік малға бай Қабыл деген адамның қыстауы болған.  Сол есімге төбе деген сөзді қосып жергелікті халық Қабылтөбе мекені деп атап кеткен.  Ал Қабылтөбе мекенінен жайық жағалауының төменге қарай Орыс халқының  қазыргі атауы бойынша (Воровская балка)  сайының көне тарихына тоқталатын болсақ  осы Қабылдың  Шойын деген ұлы ,   батыр ат құлағында ойнаған білекті де ірі болған. Халықтың көзіне түскен Шойын, Шойыңқара деген атқа ие болады.  Шойынқара Жайық жағасының биік жеріне шығып, Жайықтың арғы бетіне көз жүгіртеді де иесіз қалған малдарды яғни үйір  жылқыларды  Жайық өзені  арқылы айдап  барымта ұйымдастырып отырған.  Сол айдап акелген жылқыларды (Воровскоя балкаға)  жасырған.   Халық бұл ісін көріп (Воровскоя балка)  сайын Шойыңқара сайы деп атаған.Воровское сайы. Сайдың баурайлары тік жарқабақты, сағасына қарай тереңдей түседі. Сайдың Жайық өзенінің жайылмасына түсетін саға бөлігінде батпақтағы қырықжапырақты еменді-қайыңды орман өскен. Жыра баурайы көк терекпен көмкерілсе, жоғарғы жағында далалық бұталы өсімдіктер: тобылғы, ешкісабақ, дала шиесі т.б. өсімдіктермен жабылған. Осы орман алаптарында Батыс Қазақстанға ғана тән жергілікті түр – түйеқұстектес қырықжапырақ өседі. Мұнда жайылмалы ормандарға тән өсімдіктердің көптеген сирек кездесетін түрлері –андыз, орман қырықбуыны, қоңыраушөп және басқалары болады. Сонымен қатар, осы сайда бір уақыттарда маршанция, орман алмасы өскен. Сайды А.З.Петренко және басқалары облыстық маңызы бар «Дубрава» қорықшасының құрамына енгізуді ұсынады. Воровское сайы Қабылтөбе ауылынан 3 километр жоғары қарай орналасқан. Аумағы 15 гектар. Орал орман шаруашылығының аумағында. Ескерткіш типі – ботаникалық (орманды).

      Полуосов жары.

   Қабылтөбенің қасында орналасқан ( Полусь яр) деп 1905 жылы  орыс патшалығының шешімімен казак халқын жайық жағасына орналастырып, қазақ халқын 11 км қашықтыққа шегіндіртті казак халқы орналасқаннан кейін   орысша  атанып кеткен жардың көне тарихына үңілетін болсақ сол жердің тұрғылықты халықының қойған негізгі аты Ақ жар жары. 

Жайық өзенінің құмдауыт сол жағалауында жарты шар, немесе орақ пішіндес болып көрінеді. Тік жардың құлама  биіктігі 30, ұзындығы 60 метр шамасында. Төмендегі суға жақын жерде шым саздан бұлақ сулары шығып жатады. Сонымен қатар,  осы тұстағы сусып қалған топырақта бірен-саран қара ағаш, бұталы талдар өседі.  Жоғары жағында ұзындығы 50, биіктігі 1 метр шамасындағы жаңа жылжымалы топырақ құрылымы түзіле бастағаны байқалады. Жардың қабақтарында көптеген қарылғаш ұялары бар. Жарға садақ боз селеу, шөлейт еркекшөбі және басқа өсімдіктер қауымдастығы басым болып келетін астықтұқымдас дала жақын келеді.

Полуосов жары ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі №932 қаулысымен республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи - қорық нысандарының тізіміне енгізілген. Жар Қабылтөбе ауылынан Жайық өзенінің  ағысын бойлай  жоғары қарай бір километр жерде орналасқан. Орал орман шаруашылығының аумағында  Ескерткіштің типі - геоморфологиялық.

 Ақжардың маныңда орналасқан (Баранний лоб деп атайтың) жары дұрыс емес, негізгі көне атауы Ақ маңдай олай аталу себебі маңдайға ұқсаған жұмыр жар. Ал енді қателесіп аталатын (Баранний лоб) Сауыр жар жағында орналасқан. Ол жерде қойларды суару үшін арнайы Жайық өзенінін жағалауынан трактормен жыра қазып жайық өзенінің суымен толтырған. Сондықтан бұған дәлел  «Красный Октябрь» колхозының Сауыр жарға 1 км қашықтықта орналасқан  Шарақап отделениясының қой малын суарған.

 Ахмадиев сайы.

        Жайық өзенінің сол жоғалуында Воровское сайынан бір шақырым төмен орналасқан. Сайдың өсімдік бірлістектері арасында сирек кездесетін түрлері бар. Жайық өзенінің жайылмасына құятын жоғарғы сағасындағы солтүстік жайпақ баурайы қыран отты қырыққұлақ емен орманынан тұрады. Бұл қырыққұлақ түрінің биіктігі 1,5 метрге дейін жетеді, оның бүршіктері қолшатыр пішіндес сұлбасының астындағы көлеңкеде інжугіл өседі. Бұл орманды алапта өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері: сабынкөк, қоңыраушөп, шыршай, сиякок, қырықбуын, сүйелшөп және басқалары кездеседі. Бұталы өсімдіктерден: қарақат, ырғай, өгейбұта, шәңкіш, долана жапырақ жаяды. Жоғарғы қарай емен орманын көк терек өсінділері алмастырады, ал оның биіктеу ашық шеткі жерлерінде далалық бұталы өсімдіктер – дала шиесі, тобылғы, гүлбұршақ, аласа ешкісабақ өсінділері өскен. Сайдың түбінде батпақты қырыққұлақпен аралас қайың ағашы өседі. Сай  Жайық өзені ағысы бойымен қабылтөбе ауылынан  2 километр жоғары қарай орналасқан. Бұл сайды да А. З. Петренко және басқалары  (2001) облыстық маңызы бар  «Дубрава» қорықшасының құрамына енгізуді ұсынады. Аумағы 0,5 гектар. Орал орман шаруашылығының аумағында. Ескерткіш типі- ботаниқалық (орманды)

Ақсазды жар (Белоглинный яр)

Жайық өзенінің сулары өзінің сол беттегі негізгі жағалауында бор дәуірінің мергель жыныстары ашылған. Құламалы тік жардың ұзындығы 330 метр, биіктігі 12-15 метр. Осы үзіктен соң маргел жолақтары күрт төмен кетіп, біраз жер өткен соң боркүмбезін құрап қайта пайда болады. Жоғары жақта маргел жыныстары қазіргі кезеңнің метр шамасындағы қабатымен көмкеріліп жатыр. Бор жанастары біткен жерде өзенге тік жағалаулы, құрғақ терең құлама жыра қосылады. Тау жыныстарының қаттылығынан Жайық өзенінің бұл тұсында жылжу процестері байқалмайды.

 Ақсазды жары ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі №932 қаулысымен республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи – қорық насыандарының тізіміне енгізілген. Жар Ақсуат ауылынан Жайық өзенінің ағысын бойлай жоғары қарай 300 метр жерде орналасқан. Орал орман шаруашылығының аумағында. Ескерткіштің типі – геоморфологиялық.

Альпи сайы

Сайдың Жайық өзеніне құяр жерінде түбіне қарай су өткізбейтін қабаттағы аналық топырақ жынысының көлбеулі бағытта дала телімдерінің ығысуы нәтижесінде сусыма пайда болған. Осы жерде бор кезеңіндегі қабатының жыныстары ашылған, ал төменгі бөлігінде бұлақ шығып жатыр. Сайдың баурайы тік жарлы, тереңдігі 15-20 метрге дейін барады. Түбі қайңы-інжугүлді өсімдіктер бірлестіктерінен тұрса, ал жиектеріне таман орманның өсімдіктер түрлерімен бірге дала өсімдік түрлері: боз, бетегі, аласа ешкісабақ, қараған және басқалары кездеседі. Сусыма Жайық өзені ағысы бойымен Қабылтөбе ауылынан 1 километр жоғары қарай орналасқан. Бұл телімде А.З.Петренко және басқалары  (2001) облыстық маңызы бар  «Дубрава» қорықшасының құрамына енгізуді ұсынады. Аумағы 0,5 гектар. Орал орман шаруашылығының аумағында. Ескерткіш типі- геологиялық-ботаникалық.

Сауркин жары мекені.

Бұл Жайық өзенінің сол жақ ежелгі жағасындағы Орал маңы үстірті Орал маңы үстірті баурайының өзен жайылмасына құлауы нәтижесінде пайда болған. Мекенде бірнеше ғажайып қайталанбас табиғи нысандар орналасқан. Бұнда ұзындығы 120м, ені 70м және тереңдігі 6м болатын бекре тұқымдас және өзен балықтары қыстайтын шұңқыр бар. Саукин жарынан 1,5 км жерде өзен арнасы екі бөлініп, қара терек ағаштары өскен арал пайда болған. Мұнан кейін малта, қиыршық тасты және бадана қиыршық құмды Сауркин жары қайраңы басталады. Ол қорытпа, бекіреол қорытпа, бекіре, пілмай және өзол қорытпа, бекіре, пілмай және өзен балықтары үшін ең тамаша уылдырық шашатын жір болып табылады.

 Негізгі жағалау баурайы еменді – інжугүлді орманнан тұрады. Оған Орал маңы үстіртінің борлы шөгінділерінің ашылмаларынан шығып жатқан бұлақтардан бастау алатын жылға ағып өтеді.  Бұл мекен ағыс бойымен жоғары қарай Қабылтөбе ауылынан 8 километр жерде орналасқан. Аумағы 150 гектар. Бөрлі орман шаруашылығы аумағында. Ескерткіш типі – ландшафты – ихтиологиялық.

Қабылтөбе мекені

Жайық өзенінің террассасы алдындағы жайылмасына жақын жердегі Қабылтөбе  ауылының маңында төңірегінде орманжаңғақтары өсетін емен тоғайы кездеседі. Бұл Қазақстандағы өсімдіктің осы түрі тіркелген бірден- бір жер. Бұталы ағаштардан мамыр итмұрыны, татар ырғайы, қара жеміс, тікенді алхоры, тобылғы кездеседі. Өсімдік жамылғасында- қалақай, ешкісабақ, інжугүл, шонайна, сүйелшөп, ошаған және басқалары басым. Бұл телімде облыстық маңызы бар «Дубрава» қорықшасы ұйымдастырылған. Еменді орман Қабылтөбе ауылына іргелес, өзен ағысының  бойымен жоғары  қарай орналасқан. Қорғалатын жердің аумағы 1,5 гектар шамасында. Ескерткіш типі- ботаникалық (орманды)

Жоғарыда айтылған Қабылтөбе, Шойыңқара, Ақ жар, туралы  Федоровка ауылының тұрғыны Қабылтөбе ауылында дүниеге келген Жаназаров Абат мәлімдеді. Ол бұл мәліметтерді 1905 жылы дүниеге келген өзінің нағашы атасы Сүгірбайдан естіген, ал  Қой шұңқұр (Бараний лоб) туралы    «Красный Октябрь» колхозында механизатор болып жұмыс жасағанда өз көзімен көрген.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жинақ "Теректі ауданының Жайық өзенінің жағалауында орналасқан жарлардың және сайлардың топономикасы ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 188 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.06.2016 862
    • DOCX 19.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алгазиева Айдана Руслановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алгазиева Айдана Руслановна
    Алгазиева Айдана Руслановна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32364
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой