Инфоурок Другое ПрезентацииЖолда жүру ережелері мен қозғалыс қауіпсіздігі негіздері пәндері бойынша «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интелектуалдық сайысы.

Жолда жүру ережелері мен қозғалыс қауіпсіздігі негіздері пәндері бойынша «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интелектуалдық сайысы.

Скачать материал

С.Оспанов, Жәнібек колледжінің «Ферма шаруашылығы» мамандығының

өндірісітік оқыту шебері

Тақырыбы: Жолда жүру ережелері мен қозғалыс қауіпсіздігі негіздері пәндері бойынша «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интелектуалдық сайысы.

Мақсаты: оқушылардың Жолда жүру ережелері мен қозғалыс қауіпсіздігінің негіздері пәндерінен алған білімдерін тексеру, болашақ фермер мамандығын терең игерту, өз бетімен және топта жұмыс істеу қабілетін, логикалық ой өрісін дамыту                               

Сабақтың түрі:  Интелектуалдық сайыс

Көрнекілігі:   музыкалық аспап, табло, Жолда жүру ережелері мен қозғалыс қауіпсіздігінің негіздері пәндерінен сұрақтар.

Техникалық оқыту құралы: .фотоаппарат, интерактивті тақта, үстел үсті «қала жағдайлары» макеті.

Сабақ жүргізу әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап, диалог, пікір-талас.

Пәнаралық байланыс:  арнайы пәндер

Өту барысы:

  1. Ойын ережесімен таныстыру.
  2. Сарапшылар және командалардың құрамымен таныстыру, әр ойыншыға мінездеме беру.
  3. Ойын барысы.
  4. Қорытындылау. Жеңімпаз команданы анықтау.
  1. Сайыс ережесі:

               Жолда жүру ережелері мен қозғалыс қауіпсіздігі негіздері пәндері бойынша «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интелектуалдық сайысының ережесі төмендегідей: Сайысқа «Автокөлік жүргізушісін» даярлайтын, яғни «Жолда жүру ережелері мен қозғалыс қауіпсіздігі негіздері» пәндерінен сұрақтар қойылады. Кейбір сұрақтарды арнайы мамандар бейне сұрақтан қояды. Жүргізуші сарапшылар алқасымен таныстырады. Олар көлік құралдарын айдау құқығын беретін кез-келген санатты жүргізуші куәлігі мен автокөлік жүргізу тәжірибесі бар арнайы пән оқытушылары мен осы фермер мамандығы бойынша жүргізуді үйрететін оқу өндірісі шеберлері. Сарапшылар сайыс барысын қадағалап отырады.

               Сайыстың бірінші кезеңі – «Көкпар». Бұл кезеңде логикалық сұрақтар беріледі. Сайысқа қатысушылар бұл кезеңде тез ойлау мен шапшаңдығын көрсетулері тиіс. Яғни болашақ жүргізушіге автокөлікпен қозғалыс кезінде тез шешім қабылдауға көмектеседі. Сарапшылар әр сайысқа қатысушының жауабын тыңдап. Дұрыс жауапқа ақ түсті жетон беріледі, оның құны 10 ұпай. Ұпай сандарын санап отырады. Бірінші кезең соңында жетон аз жинаған, яғни ұпай сандары аз екі қатысушы сайыстан шағарылады, онымен қоштасамыз.

               Екінші кезең – «Жорға». Бұл кезеңде ортақ сұрақтар мультимедиялық проектор арқылы экранға түсіріледі. Тест түріндегі он сұрақ. Әр ойынша жеке орындайды. Сарапшылар соңында жауаптарын тексеріп, дұрыс жауапқа көк түсті жетон беріледі. Оның құны 20 ұпай. Екінші кезең соңында ұпай саны аз екі қатысушымен қоштасамыз.

               Үшінші кезең – «Бәйге». Бұл кезеңде сайысқа қатысушыларға «Қала жағдайлары» үстел үсті макеті бойынша сұрақтар қойылады. Сайысқа қатысушылар жүріс бөлігімен автокөлікпен қозғалған кезде қандай шара қабылдау керек екендігін дәл тауып айту керек. Дұрыс жауап берген қатысушыға қызыл түсті жетон беріледі, оның құны – 30 ұпай.

               Ұпай саны бойынша алда келе жатқан екі қатысушы – соңғы төртінші кезең «Финалға» қалады. Финалда оларға ортақ бейне сұрақ қойылады. Біреуі залдан шығады, ал екіншісі жауап береді немесе керісінше.  

Соңында дұрыс жауап дәл тапқан ойыншы жеңіске жетеді. Жеңімпазға Диплом табыс етіледі.

2. Сарапшылармен және сайысқа қатысушылармен таныстыру, әрқайсысына мінездеме беру.

Сарапшылар алқасына көлік құралдарын айдау құқығын беретін кез-келген санатты жүргізуші куәлігі мен автокөлік жүргізу тәжірибесі бар арнайы пән оқытушылары мен осы фермер мамандығы бойынша жүргізуді үйрететін оқу өндірісі шеберлері – жұмыс тәжірибесі бар тәжірибелі мамандар шақырылады. Олар:

1) оқу өндірісінің аға шебері – Шағыров Ғалымжан Әбілұлы

2) арнайы пән оқытушысы – Құрманғалиев Серік Темірболатұлы

3) Жүргізуді үйретуші – Джуманиязов Нұрхат Ғилманұлы.

Сайысқа қатысушылар:

Сайысқа қатысушы алты оқушы. Олар «Ауылшаруашылық өндірісінің шебері», «Фермер шаруашылығы» мамандығы және «В және С санатты автокөлік жүргізушілерін» даярлайтын топтарында білім алатын оқушылар.

Сайыс барысы:

Жүргізуші: Армысыздар құрметті Жолда жүру ережелері мен қозғалыс қауіпсіздігі негіздері пәндері бойынша өтетін  «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интелектуалдық сайысына қатысушы білгенімді тереңдетемін, білмегенімді үйренемін деп білім нәрін іздеп келген оқушылар, сол білімнің нәрін себуші аяулы да қымбатты ұстаздар және бүгінгі сайыстың көңілді де, қызықты өтуіне ыстық алақандарын аямай соғып демеп, қолпаштап отыратын көрермен қауым! Бүгінгі сайсымызға қош келдіңіздер! Апталық фермер мамндығына тиесілі болғандықтан, осы мамандық бойынша білім беретін ұстаздарды және білім алатын оқушыларды құттықтаймын! Бұл сайыс өздеріңізге таныс, теледидардан көріп жүрміз. Сайыстың барысымен таныстырып өтейін!  

Колледждің фермер мамандығы бойынша білім алатын топтарынан іріктелген «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып шыққан, оқу үлгерімі жақсы, колледжішілік шараларға белсене қатынасатын оқушыларынан жинақталған.

Әрі қарай жүргізуші көрермендерді сарапшылармен, оларға мінездеме береді. Ойын тәртібін түсіндіреді.

Жүргізуші: Бірінші кезең – «Көкпар». Сұрақтарды зейін салып тыңдаңыздар құрметті қатысушылар! Ең алғаш сұрақ: Жол белгілері неше топқа бөлінеді?

Ержан: Жол белгілері – жеті топқа бөлінеді.  

Жүргізуші: Дұрыс айтасың жеті топқа бөлінеді. Ержанға ақ түсті жетон яғни он ұпай беріледі, құттықтаймын, Ержан!

Келесі сұрақ: Табынды басқарушы адам жүргізуші болып есептеле ме?

Арман: Ия есептеледі, егер ол табынды жолдың бойымен басқарса!

Жүргізуші: Өте дұрыс, сенің де жауабыңа он ұпай беріледі! Келесі сұрақ: Рұқсат етілген максималдық масса дегеніміз не?

Ержан: Көлік құралының өзінің, жүкпен, жүргізушімен қоса есептегендегі массасы рұқсат етілген максималдық масса деп аталады.

Жүргізуші: Дұрыс айтасың Ержан, жауабың қабылданды. Келесі сұрақ: Елді-мекенге қатысты ереже қай жерден бастап күшіне енеді?

Нарынбай: Елді-мекен аты жазылған ақ түсті фонды белгі орнатылған жерден.

Жүргізуші: Бәрекелді, Нарынбай! Сенің еншіңе он ұпай жазылады! Келесі сұрақ: Елді-мекенде қозғалған кезде маршруттық көлік құралы жүргізушісі қаіпсіздік белдігімен белдіктенген болуы тиіс пе?

Оралхан: Ия, егер ол қаууіпсіздік белдігімен жабдықталса.

Жүргізуші: Дұрыс айтасың, саған да он ұпай беріледі. Құрметті жанкүйерлер бүгінгі сайысқа қатысушыларға қошемет білдіріп қоялық. Сайыскерлер белсенділік танытайық. Келесі сұрақ: Жеңіл автокөлік жүргізушісіне ұйымдасқан лектен орын алуға бола ма?

Серік: Болмайды

Жүргізуші: Жарайсың, Серік тек биіктерден көріне бер. Келесі сұрақ: Рөлдік басқару қай кезде жарамсыз деп саналады?

Ержан: Ең төменгі жылдамдықпен қозғалғанда маневр жасауға мүмкіндік бермесе.

Жүргізуші: Дәл таптың, ұпай саныңды еселей бер. Келесі сұрақ: Үлкен көлемді жүк әкеле жатқан жаяу жүргіншіге тротуар бар кезде жүріс бөлігімен жүруге болады ма

Нарынбай: Ия, егер ол тротуармен жүргенде басқа жаяуларға кедергі келтіретін болса.  

Жүргізуші: Жарайсың, Нарынбай. Келесі сұрақ: Бағдаршамның қызыл түсі нені білдіреді?

Серік: Қозғалысқа тиым салады.

Жүргізуші: Дәл таптың, Серік. Келесі сұрақ: Қозғалыс кезінде жолаушыларға жүк автокөлігінің борттық платформаснда тұрып тұруға болады ма?

Арман: Болмайды.

Жүргізуші: Дұрыс айтасың. Келесі сұрақ: Авариялық аялдау белгісіелді-мекенде қандай қашықтықта қойылады.

Ержан: 15 метр қашықтыққа қойылады.

Жүргізуші: Бәрекелді Ержан, сенің бұл пәнді сүйіп оқитының көрініп тұр! Келесі сұрақ: Бүйірден соғатын жел қай кезде аса қауіпті?

Нарынбай: Жабық участоктан, яғни ықтан, ашық алаңға шыққан кезде.

Жүргізуші: Жарайсың, Нарынбай! Құрметті жанкүйерлер, Гүлданаға демеу берейік. Қошемет білдіре отырып, сеннен белсенділікті күтеміз. Келесі сұрақ: Қозғалыс кезінде жолаушыларға жүргізушіні алаңдатуға болады ма?

Арман: Болмайды.

Жүргізуші: Дұрыс айтасың, Арман. Осымен бірінші кезеңіміз аяқталды, сөзді сарапшыларға берейік. Серік Темірболатұлы, сөз кезегі сізде.

Серік Темірболатұлы: Құрметті сайыскерлер, көрермендер сайыс тартысты өтуде. «Көкпар» кезеңі қорытындысы мынадай:

Ержанда –40 ұпай, Серікте –20 ұпай, Нарынбайда -30 ұпай, Оралханда –10 ұпай, Арманда –30 ұпай. Гүлданада –0 ұпай, Ұпай саны аз, Оралхан мен Гүлдана ойыннан шығарылады.

Жүргізуші: Сарапшыларымызға алғысымызды білдіре отырып, келесі кезеңімізге көшеміз – «Жорға»! Құрметті сайыскерлер экранға назар аударайық әрқайсыңыздың жауаптарыңыз есептеледі.

 

 

Жүргізуші: Сайыскерлер жауап парақтарыңыз бойынша сарапшылар қорытындысын айта жатар ал мен сендерге мағлұмат айтайын. Жолда жүру ережелері тамыры Ежелгі Римде қаладағы қозғалысты реттеу мақсатында Гай Юлий Цезарь кезінде пайда болған екен. 50 жылы б.д.д. Ежелгі Римде бір жақты қозғалыс бекітілген. Жеке ат арба қозғалысы қала ішінде күн шыққаннан қайта батқанға дейін тиым салынған. Адамдар жаяу немесе арнайы экипаж жалдап қана жүре алған. Осыны қадағалайтын арнайы адамдар бұрынғы өрт сөндіргіштерден тағайындалған. Мәскеу мен Петербургта 1897 жылы қалалық дума ережені енгізген.

Сарапшыларымызға сөз берейік, Нұрхат Ғилманұлын сөз кезегі сізде.

Нұрхат Ғилманұлы: «Жорға» кезеңі қорытындысы мынадай: Нарынбайда -120 ұпай(жалпы150)   Серікте – 100 ұпай(жалпы120), Ержанда – 100 ұпай(жалпы140), Арманда – 100 ұпай(жалпы130),

Ұпай саны екі кезең бойынша аз, Серік ойыннан шығарылады.

Жүргізуші: Сарапшыларымызға алғысымызды білдіре отырып, келесі кезеңімізге көшеміз – «Бәйге»! Құрметті сайыскерлер экранға назар аударайық әрқайсыңыздың жауаптарыңыз есептеледі.

Сайыскерлер «Қала жағдайлары» үстел үсті макеті бойынша сұрақтар мынадай. Ержан қызыл жеңіл автокөлік солға бұрылғанда қай көліктерге жол береді? Нарынбай Көк жеңіл автокөлік жүргізушісі солға бұрылғанда нешінші кезекте маневр жасайды? Арман Бағдаршамның рұқсат сигналы кезінде жүріс бөлігінде жаяулар қалып қойса не істер едің?

Ержан: Қарсы келе жатқан көлік құралдарына жол береді.

Нарынбай: Екінші болып

Арман: Рұқсат сигналы болғандықтан қозғалысты жалғастырамын, жаяуларға сигнал бере отырып.

Жүргізуші: Сарапшылар сайыскерлердің жауаптарын талқылағанша, біздер тағы да бір ақпарат тыңдайық. Автокөліктің дүниеге келуіне себепші болған француз инженері С.Карно, 1824 жылы «От қызуының қозғаушы күші» атты еңбегінде сипаттаған.Ал 1860 жылы француз механигі Ж.Ленуар  автомобильге бейім ІЖД ойлап тапты.1885 жылдан автокөлік идеясы іске аса бастады. ХХ ғ-да Форд, Порше инженерлер автокөлік өндірісін ұйымдастырды. КО-нда 1924-1931жж автокөлік шығарудың алғашқы қадамы жасалды. Мәскеуде АМО зауыты 1,5 тонналы жүк машинасын шығара бастады.

Сарапшыларымызға сөз берейік, Нұрхат Ғилманұлын сөз кезегі сізде

Нұрхат Ғилманұлы: «Бәйге» кезеңі қорытындысы мынадай:

Нарынбайға -30 ұпай(жалпы180), Ержанға –60 ұпай(жалпы200), Арманға ұпай берілмейді.

Ұпай саны бойынша аз, Арман ойыннан шығарылады.

Жүргізуші: Сарапшыларымызға алғысымызды білдіре отырып, келесі кезеңімізге көшеміз – «Финал»! Құрметті сайыскерлер біреуіңіз залдан шығуыңыз керек, себебі екеуіңе де бір бейне сұрақ қойылады. Залдан Ержан шығарылып, Нарынбай қалдырылды. Сұрақты ҚР ауылшаруашылық министрлігінің БҚО Жәнібек аудандық бөлімшесінің жетекші инженеріТелагисов Иосиф Кадырбайұлы қояды.

бейне сұрақ  Телагисов Иосиф Кадырбайұлы: Құрметті сайысына қатысушылар! Сіздерге «Жолда жүру ережелері» пәнінен сауал жолдағым келеді. Тасымалдау кезінде, соның ішінде жолаушыларды тасымалдау: өте тәжірибелі және жолаушыларды тасымалдауда сол санатты жүргізуші куәлігі мен 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар жүргізушілерге жүктеледі. Енді, сіздерге сұрақ: Жолаушыларды борттық платформасы бар жүк автомобилінің кузовында, егер ол жолда жүру ережелерінің 4 тармағының талаптарына сәйкес жабдықталған болса, жүк автомобилінің жүргізушісі жол жүрер алдында қандай міндетті атқаруы тиіс?  

 Жүргізуші: Нарынбай, сізге ойлануға берілген уақыт тамамдалды. Енді сұрақтың жауабы?

Нарынбай:.Сұрақтың жауабы: Жүргізуші жол жүрер алдында көлік құралының жай-күйін тексеріп, жолаушыларды отырғызуы тиіс.

Жүргізуші: жақсы жауабың қабылданды, енді залға Ержанды шақырайық. Ержан сұрақты тыңдағаннан кейін бірден жауап берді.

Ержан: Жол жүрер алдында жүргізуші жолаушыларға міну, түсу және кузовта орналасу тәртібі туралы түсіндіруге, қозғалыс кезінде тұруға және бортқа отыруға тыйым салынатындығын ескертуі тиіс.

Жүргізуші: Ендеше экранға назар аударып Иосиф ағайымызды тыңдайық!

бейне сұрақтың жауабы Телагисов Иосиф Кадырбайұлы: Сұрақтың дұрыс жауабы: Жол жүрер алдында жүргізуші жолаушыларға міну, түсу және кузовта орналасу тәртібі туралы түсіндіруге, қозғалыс кезінде тұруға және бортқа отыруға тыйым салынатындығын ескертуі тиіс.

Жүргізуші: Осымен сайысымыз аяқталды, сөзді сарапшыларға берейік.Ғалымжан Әбілұлы, сөз кезегі сізде.

Ғалымжан Әбілұлы: Бүгінгі ойын тартысты да қызықты өтті. Біз сұрақтарға жауап берген «Сайыскерлеріміздің» қуанған және мұңайған сәттерін көрдік. Сайыскерлерге тамаша ойындарына алғысымызды білдіреміз. Алған әсерлеріміз мол. Фермер мамандықтары бойынша білім алатын оқушылар өз білімдерін көрсетті. Бірақ сәттілік бүгін Ержан жағында! Ержан жеңіске жетті! Бүгінгі сайыскерлерге айтарым тауларың шағылмасын! Жеңістерің әлі алда! Бүгінгі кеш сендерге болашақта сабақ болар.

Жүргізуші: Бүгінгі сайыстың жеңімпазы – Маханов Ержан, Жолда жүру ережелері мен қозғалыс қауіпсіздігі негіздері пәндері бойынша өткен  «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интелектуалдық сайысының жеңімпазы. Бәріңе рахмет! Жеңісті күндерде жолыққанша!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жолда жүру ережелері мен қозғалыс қауіпсіздігі негіздері пәндері бойынша «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интелектуалдық сайысы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 296 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.09.2015 1639
    • DOCX 2.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оспанов Самат Серикович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оспанов Самат Серикович
    Оспанов Самат Серикович
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 48853
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе