Инфоурок Другое КонспектыӨзін - өзі тану пәні. Тақырып: «Құдіретті Жер –Ана» 7 сынып

Өзін - өзі тану пәні. Тақырып: «Құдіретті Жер –Ана» 7 сынып

Скачать материал

Пәні:

Өзін – өзі тану

Сыныбы:

7 – сынып

Уақыты:

 

Сабақтың тақырыбы:

«Құдіретті Жер –Ана»

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат – міндеттері:

А) Ақпараттық

Ә) Коммуникативтік

Б) Проблеманы шешу

 

 

 

-          Оқушыларға жер мен адамзаттың өзара қарым –қатынасы және оның нәтижелері туралы білім беру;

-          Жердің құндылық ретіндегі мәнін түсініп, сезіне білулерін дамыту;

-          Жерді сүюге, қадірлеп- қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа материалды түсіндіру.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Білім беруді ізгілендіру, дамыта, оза оқыту технологиялары.

Сабақтың көрнекілігі

Үнтаспа, дәптер, оқулық.

Пән аралық байланыс

Ана тілі, қазақ тілі.музыка.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Күтілетін нәтиже

I.                   Ұйымдастыру бөлімі

-          Сәлеметсіздерме оқушылар?

-          Бүгінгі көңіл – күйлеріңіз қалай?

-          Сабаққа дайындықтарың жақсыма?

-          Сыныпта кезекші кім?

Шаттық шеңбері.

Балалар, бәріміз әдеттегідей шаттық шеңберіне жиналайық. Бәріміз бір – бірімізбен жылы шыраймен амандасайық.

-          Қайырлы күн, балалар!

-          Қайырлы күн, достарым!

-          Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!

           «Жер- Ана»

                            Ш.Сариев

 

Күн куә, Айым куә,

Талай қырғын майдан өтті.

Сан ұрпақтың қайран отты,

Ғұмырларын ойран етті.

Жер –Ана қанды кешті,

Жанарында қайғы көшті.

Жетім қалған балалармен,

Жесір қалған аналармен.

       Қайырмасы:

Туған халқым – ел аман бол!

Ұлы мекен – жер аман бол!

Жүрекжерды тілегіміз –

Жаса мәңгі, сен Жер – ана!

 

 

 

-          Сәлеметсізбе?

-          Жақсы.

-          Өте жақсы.

 

 

 

 

Шаттық шеңбері.

-          Қайырлы күн, балалар!

-          Қайырлы күн, достарым!

-          Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!

 

 

 

«Жер- Ана»

                            Ш.Сариев

 

Күн куә, Айым куә,

Талай қырғын майдан өтті.

Сан ұрпақтың қайран отты,

Ғұмырларын ойран етті.

Жер –Ана қанды кешті,

Жанарында қайғы көшті.

Жетім қалған балалармен,

Жесір қалған аналармен.

       Қайырмасы:

Туған халқым – ел аман бол!

Ұлы мекен – жер аман бол!

Жүрекжерды тілегіміз –

Жаса мәңгі, сен Жер – ана!

 

 

Оқушылар мұғаліммен амандасып сабаққа дайындықтарын көрсетеді. Кезекші өз міндетін атқарады.

 

 

 

Оқушылар бір – бірімен жылы шыраймен амандасып. Бір-  бірін көргендеріне қуанышты екендіктерін Ш.Сариевтің «Жер -Ана» өлеңімен жеткізеді.

II.                Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалға кіріспе.

Әңгімелесу.

Балалар өткен сабақта сіздер Құдіретті Жер – ана туралы тақырыпты өткен болатынсыздар. Ал бүгін сол өткен тақырыбымыздан алған білімімізді толықтыра түсу үшін сіздерге Жер – ана туралы сұрақтар қойғым келеді.

Жермен сырласа білесің бе?

Егер сөйлескен болсаң не айтар едің?

Жерді Ана деп сезінген кездерің болды ма?

Ақылдылық бұл адам бойындағы ең басты құндылықтың бірі. Адам ойына алған ісін тек ақылмен ғана жеңе алады. Адам ақылының арқасында ғана өмір жолын тура алып жүре алады.

Әңгімелесу барысында оқушылар мұғалім қойған сұрақтарға жауап беру барысында ақылдылық туралы көптеген мәліметтер алды.

III.             Жаңа материалды меңгерту.

Сахналау.

 

Ана – Жер – ана

(Үзінді)

...Толғанай: Уа, армысың, киелі далам!

Жер: Дені – қарның сау ма, Толғанай! Өзің бе келген?

Толғанай: Бүгін шейіт кеткен бауырларымды еске алатын күнім еді.

Жер: Білем, білем. Мен де күтіп жатқанмын, Толғанай, Япыр – ау, бұл жолы да жалғызбысың?

 ...Жақсылық қаласаң а, жамандық қаласаң да, адам – адам, бәрі сенің еркіңде. Ол адам қолындағы құдірет!

● Толғанай ана неліктен Жер – анамен сырласады деп ойлайсыңдар?

● Жер Толғанайды қалай жұбатты?

● Жер – ана неліктен адамды бәрінен де үстем санайды?

● Жермен сырласқың келе ме? Онда не айтар едің?

 

 

Ана – Жер – ана

(Үзінді)

...Толғанай: Уа, армысың, киелі далам!

Жер: Дені – қарның сау ма, Толғанай! Өзің бе келген?

Толғанай: Бүгін шейіт кеткен бауырларымды еске алатын күнім еді.

Жер: Білем, білем. Мен де күтіп жатқанмын, Толғанай, Япыр – ау, бұл жолы да жалғызбысың?

 ...Жақсылық қаласаң а, жамандық қаласаң да, адам – адам, бәрі сенің еркіңде. Ол адам қолындағы құдірет!

● Толғанай ана неліктен Жер – анамен сырласады деп ойлайсыңдар?

● Жер Толғанайды қалай жұбатты?

● Жер – ана неліктен адамды бәрінен де үстем санайды?

● Жермен сырласқың келе ме? Онда не айтар едің?

Оқушылар сахналауды жүргізу барысында Жер – анаға деген сезімдері жоғарылай түсті.

«Сахналауды жүргізу барысында оқушылардың эмоционалдық-сезімдік күйлері, қабылдаулары дамыды.  Әр түрлі жағдаяттарды балалар өздері рөлдерде орындау  арқылы шеше алады.

 

 

Дәйексөзбен жұмыс.

«Жер – ана жомарт ана тер төккенге» берілген дәйексөзді оқып, мағынасын түсіндіріп беріңдер.

 

Тапсырма

Балалар оқулықта берілген Ә. Тәжібаевтың мына бір өлеңін оқып, танысайық.

Адам біле бермейді жер қуатын;

Тек топырақ деп атайды оның атын.

Жерден сұра даналық, ізгілікті,

Жер емес пе біздегі ең ұлы ақын...

Ол, әрине, сыр айтпас көрінгенге,

Тазарып ал, әуелі ішіңді өңде!

Ақтарады ол ақ сырын ағыл – тегіл,

Шалқып жатса, махаббат өз кеудеңде.

Сүйіп сені ұлы жер мейірленсе,

Өткенді айтса, ертеңнен хабар берсе,

Мықты әулие, көреген болдым дей бер,

Арманың жоқ, ұлы жер саған сенсе.

Үміт қосып алдыңнан жол ашады,

Жер мен адам ғашық боп жырласады.

Жастық қуат албыртқан алып – ұшып.

Небір ғажап өткерер тамашаны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адам біле бермейді жер қуатын,

Тек топырақ деп атайды оның атын.

Жерден сұра даналық, ізгілікті,

Жер емес пе біздегі ең ұлы ақын...

Ол, әрине, сыр айтпас көрінгенге,

Тазарып ал, әуелі ішіңді өңде!

Ақтарады ол ақ сырын ағыл – тегіл,

Шалқып жатса, махаббат өз кеудеңде.

Сүйіп сені ұлы жер мейірленсе,

Өткенді айтса, ертеңнен хабар берсе,

Мықты әулие, көреген болдым дей бер,

Арманың жоқ, ұлы жер саған сенсе.

Үміт қосып алдыңнан жол ашады,

Жер мен адам ғашық боп жырласады.

Жастық қуат албыртқан алып – ұшып.

Небір ғажап өткерер тамашаны.

 

 

Оқушылар берілген дәйексөзді оқып, талдады. Дәйексөздің мағынасын ашып, Жер – ана деген тақырыптағы алған білімдерін дамыта түсті.

 

 

 

Оқушылар Ә. Тәжібаевтың өлеңін оқып, берілген сұрақтарға жауап берді.

 

 

IV.              Жаңа сабақты бекіту.

 Дәптермен жұмыс.

...Біз жер бетіндегі істерімізді мемлекеттік тұрғыдан шешуге тиіспіз: біз оны балаларымызға, немерелерімізге қандай күйде қалдырамыз! Ол гүлденген,  жеміс беретін,  жомарт күйінде бола ма? Табиғаттың берген қолы сыраң тартпай ма? Бәрі де адамның игілігіне, бақытына бағытталған біздің қоғам орасан зор артықшылықтар, мол мүмкіндіктер береді, күш – жігер мен қаржыны, экономиканың, әлеуметтік дамудың, экологияның сындарлы бағыттарына шоғырландыруға мүмкіндік туғызады. Бірақ уақыт шамамен ғана қимылдауға төзе алмайды, ол бізден шаруақор қожайын, көреген саясатшы болуды талап етеді.

Ш. Айтматов

 

...Біз жер бетіндегі істерімізді мемлекеттік тұрғыдан шешуге тиіспіз: біз оны балаларымызға, немерелерімізге қандай күйде қалдырамыз! Ол гүлденген,  жеміс беретін,  жомарт күйінде бола ма? Табиғаттың берген қолы сыраң тартпай ма? Бәрі де адамның игілігіне, бақытына бағытталған біздің қоғам орасан зор артықшылықтар, мол мүмкіндіктер береді, күш – жігер мен қаржыны, экономиканың, әлеуметтік дамудың, экологияның сындарлы бағыттарына шоғырландыруға мүмкіндік туғызады. Бірақ уақыт шамамен ғана қимылдауға төзе алмайды, ол бізден шаруақор қожайын, көреген саясатшы болуды талап етеді.

Ш. Айтматов

 

 

 

 

Оқу ақпараты.

-          Жер – ананы, табиғатты қорғау – адамзаттың өз өмірін қорғау болып табылады балалар.

   Қазіргі кездегі адам Жер – ананың қамқорлығына зәру болып отыр. Адам үшін тыныс алуға таза ауа, ішуге мөлдір су, тіпті өмір сүру үшін бүкіл Табиғат қажет. Табиғат – әрқашан да адамнан күшті және солай да бола бермек те, өйткені адам табиғат жаратылысының бірі. Адам – оның бір ғана сәті, шынашақтай бөлшегі. Табиғат мәңгілік және шексіз.

   Еңбек адамды парасатқа жеткізді. Жер қорек пен баспана берді. Ғылым алға жетеледі. Бірақ табиғатепен ойнауға болмайды. Жер – ананаы , табиғатты өз анасындай құрметтей білген адам өз өмірінің мәнін түсіне алады.

Оқушылар Жер – ана туралы жаңа ақпаратпен танысып, өз ойларымен бөлісті.

V.                Қорытындылау.

Жүректен жүрекке.

Балалар бәріміз еңбер бойына жиналып, «Бабам өскен жер» әнін бірге шырқайық.

Бабам өскен жер.

Ата – бабамен алшаң басқан жерім,

Аққуменен әнін қосқан төрім,

Күмбірлетіп тартқан күйі керім,

Жетіп тұр жүрегіме,

Жүрегіме менің!

Әкем келіп малын баққан дала,

Тұлпар мініп, көкпар тартқан дала.

Екіталай күн туғанда елге,

Жауын жеңіп, ат ойнатқан.

Дабыл қаққан дала!

Аққу қонған айдын шалқар көлім,

Сұңқар ұшқан салқын самал белім,

Осынау жерде өсіп – өнген елім,

Арқа сүйер асқар тауым,

Ән жырым ғой менің!

Бабам өскен жер.

Сөзі: Ш. Смаханұлынікі

Әні: Т. Тайбековтікі

Ата – бабамен алшаң басқан жерім,

Аққуменен әнін қосқан төрім,

Күмбірлетіп тартқан күйі керім,

Жетіп тұр жүрегіме,

Жүрегіме менің!

Әкем келіп малын баққан дала,

Тұлпар мініп, көкпар тартқан дала.

Екіталай күн туғанда елге,

Жауын жеңіп, ат ойнатқан.

Дабыл қаққан дала!

Аққу қонған айдын шалқар көлім,

Сұңқар ұшқан салқын самал белім,

Осынау жерде өсіп – өнген елім,

Арқа сүйер асқар тауым,

Ән жырым ғой менің!

Мұғалім сабақты ақылды адам туралы өз ойын айтып қорытындылады. Оқушылар мұғалімнен көптеген мәліметтер алып, сабақты қорытындылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар берілген өлеңді шеңбер бойында тұрып, мұғаліммен бірге орындады.  

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін - өзі тану пәні. Тақырып: «Құдіретті Жер –Ана» 7 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 782 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.05.2017 1321
    • DOCX 25.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Асқар Гүлнұр Абатқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Асқар Гүлнұр Абатқызы
    Асқар Гүлнұр Абатқызы
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2137
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии успешного B2C маркетинга: от MoSCoW до JTBD

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие коммуникации и речи у детей раннего возраста

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек