Инфоурок Другое КонспектыӨзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары 3-сынып

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары 3-сынып

Скачать материал

Өзін-өзі тану    3-сыныптар    Күні:

Тақырып: Мейірімділік – асыл қасиет

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік

Мақсаты:Оқушыларға мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері: 
білімділік: оқушыларға мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру 

дамытушылық: өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту; 

тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ 

Әдісі: Сократтық әдіс, 
ой қозғау, негізгі мағынаны сурет арқылы ашу, түсіндіру, сұрақ –жауап, әңгімелеу. 

Көрнекі құралдар: Бейнефильм, слайдтар,суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Жұптасып амандасу

Тыныштық сәті «Нұрға  бөлену»

Үй тапсырмасын тексеру:

Жаңа сабақ:

-Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Мейірімділік-асыл қасиет», Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.

-Балалар сендер мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?

(балалар жауабы)

Мұғалім: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

Енді балалар оқулықтарымызда «Сары тауық пен балапандары» деген әңгіме бар,сол әңгімені мына тақта арқылы көреміз, қазір барлығымыз осы тақтаға назар аударайық. (Әңгіме балаларға мультфильм түрінде көрсетіледі)

Сұрақтар:1. Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

2. Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

3. «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

(балалар жауабы)

Мұғалім:

Тапсырма: (интер-белсенді тақтамен жұмыс)

-Сары тауық өзінің  бойында бар, қандай жақсы қасиеттерді балапанына үйретті? Сол жақсы қасиеттерді балапанның бойына жабыстырамыз, ал қандай  жағымсыз қасиеттер балапанның бойында болмау керек соларды   себетке  саламыз.

«Болады-болмайды» тренингі

(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

-Мейірімді болуға .... (болады),                     Кешірімді болуға .... (болады),

 Қатыгез  болуға .... (болмайды),                    Тәртіпті болуға .... (болады),

 Әдепті болуға .... (болады),                            Ұрысқақ болуға.... (болмайды),

 Сыпайы болуға .... (болады),                          Қайырымды болуға .... (болады),

 Бұзық болуға .... (болмайды),                        Бауырмал болуға .... (болады),

 Ақылды болуға ..... (болады),                        Мақтаншақ болуға .... (болмайды),

 Шыншыл  болуға .... (болады),                       Арам болуға .... (болмайды),

 Маман болуға .... (болады),                          Жаман болуға .... (болмайды),

 Айтпақшы, Жаман болуға ....! (болмайды).

Мұғалім:

-Балалар жаңа өздерің мультфильмде көргендей сары тауық балапандарына бір-біріне адал, қамқор,мейірімді болуды үйретіп жатыр, ал сендерге балалар жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді?

(оқушылар жауабы)

- Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде  аналарың үйретеді. Ендеше сол  өзіміздің  аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады)

              кішіпейіл                     мейірімді                       бауырмал                       

              сыпайы                                                                 кешірімді

                                                         Ана                                                                   

                    әдепті                        жақсы                    жанашыр

Дәйексөз:

Мұғалім тақтадағы   «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді. Ана жүрегі – мейірімділік ошағы

 

 Ана - халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші - Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.

Мейірімділік - адамның ең үлкен күші. Тек әлсіздер ғана одан мақұрым қалады.

Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)

Күлімдеген .... мейірімді. (күн)                               Кіршіксіз ақ ....  мейірімді! (қар)

Таза мөлдір....  мейірімді!  (су)                 Бәрімізді көтеріп түрған  .... мейірімді!  (жер)

Аяулы .... мейірімді! (анам)                                  Қадірлі .... мейірімді! (әкем)

Әлпештеген .... мейірімді! (әжем)                          Еркелеткен ....  мейірімді! (атам)

Жылы жүзді  .... мейірімді! (ұстазым)                      Тату-тәтті .... мейірімді!  (достарым)

Жағдаяттарды шешу:

1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай  шықты , сен не істер едің?

3-жағдаят: Сенің  анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?

4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?

-«Мейірімділік» кестесін толтырыңдар.

 Бірінші бағанға-мейірімді істердің,

екінші бағанға-мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасаңдар.

Сабақты бекіту: Мұғалім:

-Балалар  сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше  бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына»  жемістерді ілеміз.

 

-Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер. Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, үйрендіңдер?

(оқушылар жауабы)

-Дұрыс балалар, адамдар  бір-біріне  әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін  күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған  адамдарға,бауырларына  мейірімділік таныта білуі керек.

Үйге тапсырма:

Бағалау:

-Балалар сіздер бүгін сабаққа  барлығыңыз өте жақсы қатыстыңыздар, сондықтан мен сендерге алғысымды айтып, «мейірімділік гүлін» сыйлағым келіп тұр. (оқушыларға  түрлі-түсті қағаздардан қиылған гүлдер беріледі)

Топпен ән айту:

Соңғы тыныштық сәті:   Балалар бүгінгі сабақта  айтылған барлық  жақсы қасиеттерді ойымызға түйіп, жүректерімізге сақтап алайық! Бүгінгі тамаша көңіл-күй үшін рахмет!  Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары 3-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер образования

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 268 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.09.2019 501
    • DOCX 22.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Утесинова Роза Оринбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Утесинова Роза Оринбаевна
    Утесинова Роза Оринбаевна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26973
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов