Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚТЫ КӨТЕРУДЕ ЖОБАЛАУ ӘРЕКЕТІНІҢ ӘСЕРІ

ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚТЫ КӨТЕРУДЕ ЖОБАЛАУ ӘРЕКЕТІНІҢ ӘСЕРІ



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚТЫ КӨТЕРУДЕ ЖОБАЛАУ ӘРЕКЕТІНІҢ ӘСЕРІ


Негманова Құралай Уахитқызы

Павлодар облысы білім беру басқармасының

Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың

инновациялық орталығының әдіскері




«Қазақ халқы – тілі мен әдебиетінің, өнерінің сан ғасырлық өткені бар ұлт. Қара тасты жарып шыққан таудың кәусар бұлағы қандай мөлдір болса, қазақтың тілі мен ділі де сондай таза. Мәселе – оны көздің қарашығындай сақтай білуде. Сақтап қана қоймай, қасиет тұта қастерлей де білу керек. Елдің ертеңіне кепілдік болар жас буынның бойына сіңіріп, ойына руханилықтың дәнін дер кезінде егу парыз», - деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай ұлттық құндылығымыз, мәдени мұра негізінде құзіретті тұлғаны қалыптастыру біздің өзекті парызымыз.

Бүгінгі күні көкейкесті болып отырған білімнің құзырлылық ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерінің алар орны ерекше. Қазақстандық білім беру жүйесіндегі негізгі мақсаттардың бірі инновациялық оқыту технологиясы арқылы жеке тұлғаның мәдениетін, құзырлылығын қалыптастыра отырып, оның өзіндік мүмкіндіктерін жоспарлы пайдалана білуін қалыптастыру болып отыр.

Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады. Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән беру білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім. Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен, соның ішінде академиялық және еңбектегі мобильдік өсуімен негізделген. «Құзіреттілік» деп оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық немесе теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін айтады. Әр түрлі әдебиеттерде құзырлылық – жан - жақты хабардар, білгір, терең білім, тапсырманы талапқа сай орындау қабілеті т.б. деген мағыналарды береді.

Құзырлылықтың негізгі белгілері:

  • тұлға аралық, еңбектегі байланыс мәдениеті;

  • практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті.

Қазіргі қоғамдағы өзгерістер, ғылым мен мәдениет салаларындағы жетістіктер оқушыларға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін жоғары деңгейге көтеруді қажет етеді. Мектеп қабырғасында құзіреттілілікті жалпы мәдени тұрғыда қалыптастыру заман талабы. Мәдени құзіреттілігін этнопедагогика материалдары негізінде қалыптастыру мәселесі ұлттық мәдениетімізді дамытуға, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраларымыздың мәнін түсіну, тарихты зерделей отырып, жан-жақты дамыған, рухани мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеуде маңызы зор. Мұндағы басты талаптардың бірі – ұлттық қасиеттерімізді танып-білу, соның негізінде жалпы мәдени құзіреттілікті қалыптастыру.

Ақпараттық құзірет – мамандардың компьютерлік білімділігі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедия, электронды пошта, Интернет) мүмкіндігі.

Әлеуметті-құқықтық құзірет - өз елінің азаматы ретінде өзнің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады.

Коммуникативтік құзіреттілік – оқушылардың қазақ тілінде ауызекі сөйлей білуін, жазба тілін меңгеруін, қарым-қатынастың әртүрлі құралдары мен түрлерін қолдана алуын, шығарма кейіпкерлері мен орын алған алған оқиға туралы өз пікірін білдіруін, басқа да адамдардың ой пікірін дұрыс қабылдауын,диалог монолог құра білуін, әдеп нормаларына сәйкес өз көзқарасын білдіре алуын көздейді.

Әдебиетті оқытудың басты мақсаты - оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы - әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы имандылыққа, инабатталыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа, т.б. тәрбиелеу. Әдебиет пәнінің ауқымы да, мүмкіндігі де, маңызы да ерекше.

Жобалап оқыту технологияның тиімділігі, біріншіден, практикалық маңызында жатыр. Екіншіден, ол оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулиды, шығармашылық қабілеттерін дамытады, әр оқушының дербес ізденісін дамытады. Сол ізденіс негізінде олар бір өнімге қол жеткізеді.

Жобалап оқыту түрлері:

  • зерттеу, іздену, ғылыми жұмыстарға баулитын;

  • шығармашылық бағыттағы (макет, киносценарии т.с);

  • ақпараттық, яғни, оны жинау, жинақтау, сол бойынша презентация жасау;

  • модельдеу, (конструкция жасау) инсценировка; белгілі бір оқиғаны, кейіпкер іс-әрекетін бейнеге, бір сұлбаға түсіру.

Жобалап оқыту технологиясында пәнаралық, пәнішілік байланыс маңызды орын алады. Жоба жасау үшін оқушыға бірнеше пәннен алған білімдерінің көмекке келуі, дүниетанымы, іскерлігі аса қажет. Жобалап оқыту проблемалық оқыту әдіс-тәсілдерін басшылыққа алады. Оның басты себебі жоба жасауда оқушылар алдына бір проблеманың шешімін табу мақсаты тұрады.

Жоба жұмысының кезеңдері:

  • дайындық кезеңі

  • жоспарлау кезеңі

  • зерттеу кезеңі

  • есеп беру кезеңі

  • қорытынды, бағалау кезеңі


Оқушылардың білімді қабылдауын жоғарлатуда жобалау әдісін пайдалану тиімді рөл атқарады. Жобалау әдісі белсенді оқуға негізделген. Мәні бар проблемаларды не үшін, қайда, қалай пайдалануға болады деген сұрақтарға жауап іздейді, алған білімін пайдаланады, жаңасын іздейді, мұғалім оған жол көрсетеді. Мұғалімнің қызметі – оқушыны уақтылы дұрыс бағытқа , дұрыс ақпарат алатын жаққа қарай бағыттау, ал оқушы қызметі – өз бетімен, өз күшін әртүрлі білімдерін пайдаланып, проблеманы шешу, дұрыс қорытынды шығару тиіс.

Жобалауға қойылатын негізгі талаптар мыналар:

  • зерттеу не шығармашылық бағыттағы мәні бар мәселелерді таңдау;

  • теориялық білім тәжірибелік іс-әрекет жасау белсенділігін көрсететін нәтижелер;

  • оқушының іс-әрекеті;

  • жобаның құрылымы, ондағы кезеңдер нәтижелері;

  • зерттеу арқылы іс-әрекет жүйесін көрсетті.

Зерттеу – жаңа бір өнім, нәтижеге қол жеткізу мақсатындағы ізденіс, танымдық іс-әрекет.

Жоба – бір нәрсенің, жаңа өнімді жасау үшін керекті құжаттар, сызбалар жиынтығы, алдын ала жасалған жоспар, мәтіндер.

Жобаны бағалау тәсілдері:

  1. Жобаға қатысушылардың әрқайсысының белсенділігі.

  2. Қатысушылардың бір-біріне көмегі мен байланысы.

  3. Плынған проблеманың ашылуы, басқа білімдерді пайдалана білуі.

  4. Қабылданған шешімді дәлелдей білуі, өзінің ойын жеткізе білуі, өзінің ойын жеткізе білуі, қорытындысын дәлелдей алуы.

  5. Жұмыстың нәтижелерін көрсетудегі көркемдігі.

1. Алдын ала тапсырма беру (үйге)

3. Мәтінмен жұмыс (оқу, кілтті сөзді табу, синонимін қарастыру)

2. Тапсырма бойынша мәтінді тыңдау (сыныпта)




4. Туыстық атауларға тоқталу

5. Мұғалім түсінігі (жеті ата).

7. Оқушылардың өзіндік жұмысы

6. Отбасы туралы мақал-мәтелдер.

8. Жазғандарын жүйелеу, жинақтау.

9. Жазу-сызу бойынша модель жасау, оны қорғау.

10. Қорытынды (коррекция)

Жаңа білімді игерту моделі

«ОТБАСЫ»




























Жобалау әрекетінің оқушы құзырлығын көтеруге әсері мол. Ең бастысы, жоба мазмұны жағынан қарапайым болуы тиіс. Бұл ретте міндетті түрде үш жағдай есепке алынады: жобаны таңдау, жоспарлау, сынау.

Мысалға «Менің отбасым» шығармашылық жобасының мақсаты – адам өміріндегі отбасының алатын орнына мән беру, өз отбасының тарихын зерделеу, отбасы мүшелерінің сүйіп орындайтын істері, өзара байланыс, туыстық қарым-қатынастармен байланысты зерделеу, отбасындағы өзінің алатын орнын түсіну,отбасындағы мереке, дәстүр, еңбек, демалысты бейнелейтін фотосуреттер жинақтау, шағын отбасылық альбом әзірлеу.

Қазақ тілінен қымбат, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Бұл тіл – халықтың даналығы, танымы мен талғамын тауып айтатын, шыншылдығын көрсететін, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан асыл да баға жетпес қазына. Сол тіліміздің қадір-қасиетін жоғалтпай, мәртебесі мен беделін биікте ұстау – бізге міндет.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Назарбаев Н.Ә Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады. Егемен қазақстан.- 11 қазан 2011 ж.

  2. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. – 2011 ж.

  3. Қазақстан мектебі.-2013ж. Алматы қ.







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров112
Номер материала ДВ-432388
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх