Инфоурок Окружающий мир Научные работыҒылыми жұмыс: "Мектептегі достық және оның мәні

Ғылыми жұмыс: "Мектептегі достық және оның мәні

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТЛІГІ

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы

«Қазымбет орта мектеп-бақша» КММ

 

 

 

Нұрдәулет Нұрсая

6-сынып

 

 

 

Тақырып:

 

Мектептегі достық және оның мәні

 

(Ғылыми жұмыс)

 

 

 

 

 

Бағыты:өзін-өзі тану

 

Секциясы: «Қоршаған орта»

 

 Ғылыми жетекші: Ахметова Рахила Кабыловна

                                    өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

 

2020 ж

 

 

Мазмұны

 

І.Кіріспе……………………………………………………..................................1-2

II.Негізгі бөлім

1. Әдебиеттерден деректер жинау....................................................................... 3-4

2. Ересектерден мәселе туралы сұрау.................................................................5-7

3. Сыныптастардан сауалнама сұрау.................................................................8-11

4. Тәжірибелерді жинактау...............................................................................12-17

III. Қорытынды........................................................................................................18

Пайдаланған  әдебиеттер тізімі.............................................................................20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. КІРІСПЕ

              Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Достыққа  нақты баға берілмейді, қанша адам болса сонша пікір, ойлар бар сондықтан  әркім  достықты  өз қалауынша түсінеді.

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиет.

Тақырыптың өзектілігі:

       Әр  адамға  өмірде  бір - бірімен  араласуы адамдарға  үлкен  әсер  етіп, маңызды  роль  атқарады.  Адамгершілік, адамшылық, достықта жоғары бағаланады. Біздің сынып өте тату, анам сенің досың сыныптастарының   арасында барма деп сұрады, мен көп құрбым бар деп жауап бердім. Ал соның ішінде ең жақын досың кім деген кезде мені бұл сұрақ таң қалдырды көп дос болуы мүмкін, бірақ ең жақын досын бірнешеу ғана болуы керек деген жауапқа ойланып қалдым. Сонымен нағыз дос деген не мағына береді. Достық балалық шақтан басталады, өмір бойы жалғасады. Достықты сатып ала алмайсың, не оны ұстап, не көре алуға болмайды. Барлық адамдарда жолдас көп, біреулерде дос болса, біреулерде мүлдем жоқ. Барлық адам  өзін  қоршаған ортада ұстай білу керек.

Гипотезасы:

       Егер балалар бір-бірімен мектепте қарым-қатынас жасаса, бір-біріне сенім артып, ортақ мүдделерге ие болса, онда мектеп достығы бар.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі


     Зерттеу жұмысында достықты қалай түсіндіріледі және қалай пайда болатындығын анықтадым. Достық адамның қызығушылығынан туып, бір - біріме көмектесуге, қайғы мен қуанышты бөлісуге, көмек керек кезде бір - біріне көмектеседі. Бұл тақырып бастауыш сыныпта ең өзекті мәселе.

 Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиет.

 

 Достықтың  дамуы  өзара  түсіністікті, өзара  ашықтықты, сенімділікті, белсенді өзара көмек көрсетуді, өзара іс-қимылға және басқа да тәжірибелерге деген өзара қызығушылықты, сезімдердің  шынайылығы мен   жанқиярлығын білдіреді.

1.     Мақсатқа  жету  үшін  алдыма  мынандай  тапсырмалар  қойдым.

2.      Достық деген не?  Деген сұраққа жауап беру.

3.     Әдебиеттерді зерттеу және талдау

4.     Сауалнама  жүргізу  және  сұхбат  жүргізу  әдісі

5.     Эксперимент.

Сол себептен зерттеу тақырыбымды таңдадым.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

                   Біріншіден, зерттеудің ғылыми жаңалығы алға қойған міндеттің өзектілігімен зерттеулерден ең жақын досың кім? зерттелмеуінен туындады.      

 Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиет.

                    Екіншіден, зерттеу жұмысының  басты ғылыми жаңалығы-мәселенің кешенді түрде зерттелуі.

                  Үшіншіден, зерттеудің ғылыми жаңалығы  оқушыларға Балалардың «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

ұжымдық жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру; ұжымдық жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:

   Достық туралы өз бетімше мәліметтер жинақтап, достық туралы түсініп барып, ол қалай пайда болды, достықтың түрлерін анықтау

- Достық туралы мәліметтерді ақпарат көздерінен (кітап, журнал, интернет желісі) жинақтау;

- Жинақталған мәліметтерді талдап  іріктеу;

- Жұмысты рәсімдеу – зерттеу

Ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелері:

Адамның қызығушылығынан туып, бір - біріме көмектесуге, қайғы мен қуанышты бөлісуге, көмек керек кезде бір - біріне көмектеседі.

Егер балалар бір-бірімен мектепте қарым-қатынас жасаса, бір-біріне сенім артып, ортақ мүдделерге ие болса, онда мектеп достығы бар.

 

ІІ. Негізгі бөлімі

 

1Әдебиеттерден деректер жинау.

 

      Достық деген не?

Достық туралы түсінік.

Достық  дегеніміз не деген сұраққа жауап беру үшін бірнеше дерек көздерін жинақтадым.  Ғасырлар бойына қалыптасып, халықпен бірге жасасып

келе  жатқан  әдеп  «Адам»  деген  ардақты  атқа  кір  келтіргісі

келмейтін әр кісіге,достық әрбір мүшесіне ауадай қажет рухани

игілік  болып  табылады.  Адамдарды  бір-біріне  бауыр  етіп,

араларында  ыстық  ынтымақтастық  орнататын да әдеп қой! Адамның сыртқы

бағытымен қатар ішкі дүние-сезіміне де бағдар беріп, оған жөн сілтейтін де осы .

Достық – адамдардың бір – біріне адал, қалтқысыз сеніп, бірмүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік  пен қамқорлықтың, рухани  жақындықтың  белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос – жарандардың мінездері әртүрлі болып келуімүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық  не жігерсіз дікбайқалса да, бұлардостыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерде нарылуға көмектеседі. Сатқындық, екіжүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен  сыйыспайды. Қазақтың  дәстүрлі  әдепжүйесін  де  достыққа  үлкен  көңіл  бөлінеді. Халықарасында  достық  туралы  мақал – мәтелдер  жеткілікті: “Дос  жылатып, дұшпан  күлдіріп  айтады”, “Досы  жақсының , өзі де жақсы”, “Дүниеде  адамның   жалғыз  қалғаны — өлгені, қайғының  бәрі соның басында”. Достық  қақарама - қарсыұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік  алдырғандар басқаның қуаныш - қызығын, ырыс – бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс достаңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясат танудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысын    ынтымақтастық орнатушараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдем деседі.
          Достық – адамдардың бір – бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.
Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да олсізге қызмет етеді, олбарлық жерде бар, олешқашан да мезі  қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды; ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады» - дейді.
Достық – адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көпқырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.
Қайкезде, қайжаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Ф. Франклин айтқандай, досты асықпай таңдау қажет.
Достықтың негізі – достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.
Қиынкездерде бір – біріне көмек көрсетіңдер.
* Досыңды алдамай, оған адал бол.
* Досыңды қорлама.
* Досыңмен қызықтышақтарды бөлісе біл.
* Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
* Досыңның кемшілігін кешіре біл.
2. Ересектерден мәселе туралы сұрау.

 

Достық  туралы  Бір дос бар мұрныңнан  қан кеткенше, Бір дос бар астыңнан  тақ кеткенше, Бір дос бар басыңнан  бақ кеткенше, Бір дос бар қораңнан мал кеткенше, Бір дос бар кеудеңнен  жан кеткенше, - деген қазақ халқының бүгінгі замандағы достарының бейнесі осылардың қайсысынан табылады? Жалпы дос деген не? Өмірде достықтың алар орны қандай? Досың сені көрге сүйрейме, төрге сүйрейме? Менің өз ортамда сенімді адал досым бар ма? Осы сұрақтар кез келген адамды мазаламай қоймайды. Расында осы достық деген не? Алдымен соған тоқталайық. Біз дос туралы ұғымды мектеп қабырғасында жүргенде бастауыш сыныптан аңғарамыз. Мектепте ұстаздарымыз бізге достықтың құдіретін, қырсырларымен таныстырады. Бұл  жастағы балалар дос деген ұғымды сол қалпында сақтап, өмірде шын дос болады деп, өзі бірге ойын  ойнайтын  құрбысын  өзінің  досы  деп  санайды. Құрбылары мен ұрысып  қалғанда  құрбысын жақтап  шығады. Анасы мектепте қарның ашса жейсің деп сөмкесіне салып берген бір үзім бөлкесін құрбысымен бөлісіп жейді. Иә  бұл жағдай  осыдан 10-15 жыл бұрын  осындай  еді. Ал қазіргі  заманда  4 сыныпта  оқитын  бір  қыз  ойын  ойнап  жатқан  қасын  дағы  құрбысының  үстіне  қарап «кетші мен сенімен  ойнамаймын, сенің  киімің  жаман», - деп  көкірегіне нитергенін өз көзіммен көріп таң қалдым. Яғни баланың санасы жастайынан осындай болып қалыптасып келеді. Оның ондай болып қалыптасуына не себеп? Солар біздің болашағымыз емеспе? Не кінәлі десеңіз бірінші орынға мен отбасын қояр едім. Себебі ол жанұясында не көрсе көшеде де соны істейді. Дастархан басында отқанда  ата-анасы, аға-әпкесі бір-бірімен үлгі боларлық  дүниелер жайында  емес, баларының  сабағын  сұрағанда, үлгерімі  жақсы  оқушылармен  дос бол, пәленшемен досболма  ол нашар  киім  киіп  жүреді, сабағын да жақсы  оқимайды. Иә  ол жаман  киімкиеді, үлгерімі  жақсы  емес, алайда  ол  балада  барлық  адамның  бойынан  табыла  бермейтін, адамгершілік, досқа  адал болатын қасиеті жоғары шығар. Неге оның адамдық қасиетімен санаспаймыз, адам  көркі шүберек  деп  текке  айтпаған шығар, бірақ шүберек  бітер, ал достықше, достық  қайда сонда? Міне баланың  өмірге  деген  көз қарасы  осылай  атақ-даңқы бар, әдемі киім киетін  адамдар  мен  достасу керек, яғни  оның  пайдасы  тиеді  деген ой қалыптасады. Бүгін көк қағаз билеген заманда жастар осылайша өзқұндылықтарымызды сол бірмардымсыз   дүниеге алмастырады. Өмірде  ақшадан  биік  қасиеттер бар, бар байлығыңмен  алмастырып ала алмайсың. Алайда  жастайынан  ақша болса болды, ақшаға барлығын сатып  аламын  деп  ойлайды.

Иә расында да ақшасы көп адамдардың айналасында доссымақтар көбейеді, сенің қаншалықты ақшаң көбейсе, жауларыңда көбейеді. Бүгінгі шындығы шала қоғамның бір дертіне айналған. Алайда мен көпкетопырақ  шашудан  аулақпын.

 Достық  деген сезім – сені шынайылыққа, адалдыққа, Алланың ақжолынан  адаспай  жүруге  үндейді, бойыңдағы  көре алмаушылық, жауыздық, қастандық  деген  сезімдерің сөніп, оның  орнына имандылық, мейірімділік, бауырмалдық  деген  сезімдер  пайда болады. Өмір атты тұңғиық теңіз де өмір сүріп жатқанан кейін өмір де сүрінетін кездеріміз болады, сүрінгенде бірінші кімге арқасүйейсің, әрине ол досыңа, алайда сені

Қолпаштап  жүрген  жандардың  бірінтаппай  сың қасыңнан, барлығы саған теріс айналып кетеді. Яғни олар достың кейпін киген сенің қасдұшпандарың. Осылайша досым кім? Дұшпаным кім сонда деп есеңгірейсің. Қоғамдағы осындай жағдай қабырғаңды қайыстырып, жаныңды жабырқатып жібереді. Сонда достықты тек өзінің мақсатына жету үшінғана пайдаланылатын  құралма сонда? Осы орайда испан жазушысы Б.Грасиннің «Достығың да, дұшпандығыңда мәңгі болады деп ойлама! Бүгінгі досыңа  ертеңгі қарсыласым  деп қара, тіпті бітіспес жауыңа  айналып  кетуі  мүмкін; өмірде  мұндай  жағдайлар бола береді, ал сен соның  алдын ал. Болашақ дұшпаныңы айналып қалар деген досыңның  қолына  қару  ұстатпа, ертең дұшпан жағына кетіп қалса соққысы  аяусыз  болады. Дұшпаныңмен, керісінше, бітімге келер есігің әрқашан  ашық  тұрсын, бұлесігің, еңсенімді жол – ақпейілділігің болсын.  Көбінесе, дұшпанымызды сансыратып кекалсақ деген оймен жүреміз, содан  ләззат  аламыз, ал арты уайымға  айналады» - деген астарлы  мағынасы  терең  өсиетін  тілге  тиекетекетейін. Барлығымыз арамызға  достықтың  дәнін  егіп, ол ағашымызға қарап суландырып тұрсақ арадан қанша  уақыт  өтседе  ол  ағашымыз  жайқалып, жапырақтар  ықаулап  өседі. Өмір  болған  соң бірде  мұңайамыз, бірде қуанамыз. Кейде көңілің жабырқап достарыңды аңсаған шағыңда сол ағаштың саясына барып, көлеңкесіне бір демалып қайтсаң, мауқың басылып, өзіңе бір үлкен тіректап қандай болып  қайтасың. Сондықтан барлығымыз арамызға достықтың дәнін егіп шырмауықша шырмалып өсірейік.

3.Сыныптастардан сауалнама сұрау.

 

Мақсат: Балаларды түсінуде қандай достық бар екенін білу керек пе?

Сауалнамаға 1-4 сынып оқушылары қатысты.

1 Достық дегеніміз не?

Қорытынды: Достық – адамдардың бір – біріне адал, қалтқысыз сеніп, бірмүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті екен.

 

2 Мектепте достық бар ма?

 

 

 

Қорытынды: сауалнама мектептегі достықтың бар екендігін анықтадым. Оқушылар осы тұжырымдаманы күрделі кезеңде немесе жалпы мүдделерде көмек ретінде бағалайды. Басқалары бұл достықтың күшіне күмән келтіреді.

 

 3Досының қандай қасиеттері болуы керек (адалдық, адалдық, өзара көмек, түсіністік, мейірімділік, шынайылық)?

 

 

Қорытынды: екінші сынып оқушылары үшін негізгі сапа - олар өздері жасаған іс-әрекеттеріне қарамастан, өзара көмек пен адалдық. Бірінші орынға үшінші сыныпты оқушыла адалдығы мен өзара көмек көрсетуі. Төртінші сыныпта оқушылар адалдық пен түсіністік туралы ойлауға кіріседі; олардың жолдастарының іс-әрекеттерін бағалауға болады, қандай сезімнің осы немесе басқа әрекетке әкелетіні туралы ойлана бастайды. Төртінші сыныпта өзара сенім қатынастары дамиды.

4 Сіздің досыныз кім (сыныптастар, туыстарыңыз, көршілеріңіз, болмаса аңдарма) ?

Қорытынды: сауалнама мектеп өмірінің барлық кезеңінде оқушылар мектептегі ең жақсы достарының бар екендігін дәлелдеді.

5.Сіз үшін достықтық (отбасы, достық, мектеп) қай орында?

Қорытынды: сауалнамасы бойынша бірінші кезекте  өз отбасыларында қ, өйткені олар өз өміріндегі ең жақын адамдар. Екінші орын - бұл мектеп, өйткені білімнің бағасы 1-4 сынып оқушылары үшін маңызы зор. Үшінші орында - достармен қарым-қатынаста.

Қорытынды: сауалнама көптеген оқушылар досы таңдауда алғашқы моральдық қасиеттерге ие екендігін көрсетті: мейірімділік, жауаптылық, адалдық, күрделі сәтте құтқаруға келу қабілеті .

2. Бастауыш мектептегі оқушыларды сұрастыру
Мақсаты: Білу үшін оқушылар қандай қасиеттермен достықты бағалайды

Фразаларды аяқтаңыз:

 

  • -Олар менімен достасады, себебі ...
  • - Мен олармен достасамын, себебі
  • - онымен достаспаймын, себебі ...
  • Олар мені мен дос емес, себебі ...

Қорытынды:бастауыш мектентегі оқушыларына дос деген бірге ойнайтын,ол жақын жерде тұратын адам немесе сол сыныпта оқиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Достардағы таңдамалы белгілерді анықтауға арналған тест            

                      «Достарыңыздың кім екенін айтыңыз»

 

Мақсаты: 1-2 сынып оқушылары қандай мінез шілікпен танысу керек, олар  бірге болғысы келетін достарын таңдайды.

Суреттерге қара. Саған қайсы сурет ұнайды? Неліктен ұнайтынын жаз

9-10 сабЕгер сіз лайықты дос таппаған болсаңыз, оның портретін суретке түсіріп, не болатынын жазыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

           

Бастауыш мектептегі оқушыларды сұрастыру

Мақсаты: сыныптың үйлесімділігін анықтау

3-4 сынып оқушылары үшін сауалнама

1Достыққа негізделген не деп ойлайсыз?

 өзара көмек көрсету, қиын уақытта қиын жолдасты қолдау;

 өзара түсіністік, мүдделер бірлігі туралы;

 сенім мен адалдық; көзқараспен шындықты айту мүмкіндігі бойынша;

 адалдық пен қайырымдылық.

 сыныптастар арасындағы достыққа не кедергі келтіреді? Басты себеп үш ерекшелікте, екіншісі екіншісіне, екіншісі - біріне бөлінеді.

қызғаныш пен бәсекелестік, шын мәнінде сізден жақсы көрінуге ұмтылу;

 адамдар арасындағы өтірік, өтірік, сенімсіздік;

 бәрі ең алдымен өздері туралы ойлайды;

 балалар бір-бірін жақсы білмейді;

 бізді біріктіретін ортақ істер жоқ;

 

Қорытынды:

шынайы достық

Балалар арасындағы достық қарым-қатынас қа  кедергі  келтіреді:

  • Өзара көмек көрсету, қиын уақытта қиын жолдастарын қолдау
  • Өзара түсіністік, мүдделер бірлігі
  • адалдық пен қайырымдылық
  • бәріең алдымен өздері туралы ойлайды
  • ортақ мүдделері жоқ
  • жалғандық, сенімсіздік

5.Шығармашылық жұмысы: «Менің досым» тақырыбына эссе.

Мақсаты: балалардағы командалық қарым-қатынас туралы мәлімдемелерді анықтау

Қорытынды: бұл жұмыстар балалардағы қарым-қатынастарды түсіну үшін сынып жетекшісін анықтауға көмектесті. Жазбаша айтқанда, балалар достық пен шынайы дос қалай екенін түсінеді. Жазу мұғалімге және ата-аналарға балаларға осындай адамды табуына және онымен үнемі араласуға мүмкіндік беруіне мүмкіндік береді.

 

 3 Тәжірибелерді жинактау

 

Табиғат тіршілігі қалай дос болады
3. 1Өсімдіктер арасындағы достық
Достық мүмкін адам пайда болғанан бұрын болған болуы керек. Алғашқы адамдар жеке жүргеннен гөрі бірігіп ақ аулап өмір сүрген жеңілірек болғанына көз жеткізген болу керек. Мүмкін достық адамдардан да бұрын болуы мүмкін. Өсімдіктер мен адамдар арасында, өсімдіктер мен өсімдіктер арасында болуы мүмкін.
3. 2 Жемістер мен көкөністер арасындағы достық.
Кейбір өсімдіктер қатар себілсе бірін - бірі қаламаса дұрыс өспей қалады. Жемісті де дұрыс бермеуі мүмкін. Мысалы алманы капуста мен қиярдың жанына сақтауға болмайды. Ал қызанақ алманың жанында тез қызарады.
3. 3биологиялық достық.
Көптеген саңырауқұлақтар ағаштың тамырларымен достасады. Саңырауқұлақтар ағаштарға су ішуіне, минералды тыңайтқыштармен коректенуіне көмектеседі.
Ұлы адамдар арасындағы достық.
Достық
Ғажап қой мына өмірде дос дегенің,
Көбейгенін досымның қош көремін.
Көрген жанға жылы қабақ танытсам,
Әр баласын қазақтың дос көремін.
Достарыммен әрқашан мақтанамын,
Өздеріңмен өмірден бақ табамын.
Ұлы ұғым болса - дағы үш әріп,
Солар менің байлығым мен аппақ арым.
Құдай сүйген жасамайтын күнәлар,
Достарым бар бір мен үшін тым адал.
Мен қайғырсам менімен бірге қайғырып,
Мен қуансам, шын жүректен қуанар.
Жүрегімнің жыр бағынан жыр үзіп,
Достық жайлы өлең жаздым бір үзік.
Жүрген досқа жаныңдағы не жетсін,
Жүрегіңді жүрегіңмен түсініп.

Қорытынды

 

   Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның  ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен түсінік, адамды тыңдай, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс.

Достық – бірін-бірі ұғысып,  түсінісетін адамдар арасында ғана қалыптасады. Дос туралы жырламаған ақын, айтпаған әнші жоқ. «Жүз теңген болғанша, жүз досың болғаны артық» деген мақал тегін айтылмаған. Шынында да жүз досың болғанға не жетсін.

         Барлығымыз  арамызға  достықтың  дәнін  егіп, ол  ағашымызға  қарап суландырып тұрсақ арадан  қанша  уақыт  өтседе  ол  ағашымыз  жайқалып, жапырақтары  қаулап  өседі. Өмір болған  соң  бірде  мұңайамыз, бірде  қуанамыз. Кейде  көңілің жабырқап достарыңды аңсаған шағыңда  сол ағаштың  саясына  барып, көлеңкесіне  бірдемалып  қайтсаң, мауқыңбасылып, өзіңе  бір  үлкен  тірек  тапқандай   болып  қайтасың. Сондықтан  барлығымыз арамызға достықтың  дәнін  егіп  шырмауықша  шырмалып  өсірейік

Пайдаланған  әдебиеттер тізімі :

1.     Андрейчук Г. Б. «Дружба не знает границ»: общешкольный праздник / Г. Б. Андрейчук, Е. В. Жеренкова. // Воспитание школьников. - 2013. - № 9. - С. 22-27.

2.     Березина, С.Н.,. Новейший справочник школьника для 1-4 классов.– М.: Дом славянской книги, 2011.

3.     Борисова А. О добрых делах: беседа на тему дружбы по творчеству А. Барто для детей 7-9 лет / А. Борисова // Книжки, нотки и игрушки для Катюшки и Андрюшки. – 2012. – № 10. – С. 6-9.

4.     Гайдаенко Е.А. Добрым делам — да, сквернословию — нет! - Феникс,2014.

Учебное пособие. Издательство: Книголюб, 2005 г.

1.     Кондрашова Н.В., Текаева А.С. Формирование у детей 6-7 лет представлений о дружбе посредством театрализованных игр в условиях стандартизации дошкольного образования.Журнал « ScienceTime» Выпуск № 1 (13) / 2015 Коды ГРНТИ: 14 — Народное образование. Педагогика ВАК РФ: 13.00.00 УДK: 37

2.     Максименко Н.И. Спутник классного руководителя.- Волгоград: Учитель:, 2007.

3.     Максимова И. П. «Друг бесценнее всего, не купить нигде его!»: театрализованное представление / И. П. Максимова // Книжки, нотки и игрушки для Катюшки и Андрюшки. – 2010. – № 5. – С. 23-25.

4.     МаханеваМ.Д.Азбука чувств. М.2012.

5.     Никифорова Л.А. Вкус и запах радости. Детская психология.-М.2005.

6.     Санюк // Праздник в школе. – 2014. – № 8. – С. 8-16.

7.     Соломко Н.З.Я познаю мир. Астрель, 2000.

8.     Шорыгина Т.А. Общительные сказки Санюк Е. Не теряйте друзей / Е.

http://r-rech.ru/2009-04-06-13-32-01/2010-08-01-17-00-46/2010-08-02-22-03-19.html

http://doc4web.ru/nachalnaya-shkola/prazdnichnokonkursnaya-programma-davayte-zhit-druzhno.html

 

 

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы

«Қазымбет орта мектеп-бақша» КММ –нің 6 сынып оқушысы

Нұрдіулет Нұрсаяның  өзін-өзі тану  пәнінен   "Мектептегі  достық және оның  мәні" тақырыбына жазған ғылыми жобасының  күнделігі

 

р/с

Ғылыми –зерттеу жұмысының  кезеңдері

Зерттелген  тақырыпқа байланысты

атқарылатын  жұмыстар

Мерзімі

1

Тақырыпты  жүйелеу

1.Жұмыс жоспарын  жасау

2. тақырыбында жазылған мектеп  бағдарламасына  шолу

3.Ақпараттық басылымдарын,

   материал  жинақтау

Қыркүйек

2019 ж

Наурыз 2020ж

2

Тақырыпты зерттеу

1.Керекті  материалды  интернет

   арқылы  жинау

2.Алынған деректерді  ақпараттық 

   материалдарды  салыстыра 

   отырып, жинау

Мамыр 2020 ж

Мамыр-Қыркүйек2019 ж

3

Тәжірибе  жұмыстары

1.Зертханалық  жұмыстарға  сәйкес 

   құралдарды  жинақтау

2. Жұмыс ережесін  әзірлеу

Қазан 2019ж

 

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы

«Қазымбет орта мектеп-бақша» КММ –нің 6 сынып оқушысы

Нұрдәулет Нұрсаяның  өзін-өзі тану  пәнінен "Мектептегі  достық және оның  мәні"тақырыбына жазған ғылыми жобасына

 

П І К І Р

 

Бүгінгі заман талабына сай, болашақ ұрпақтары рухани бай, зияткерлік білімді, адамгершілікті етіп, тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Мектеп – білім мен ғылымның қайнар бұлағы. Сол бұлақтан нәр алған  6 сынып оқушысы Нұрдәулет Нұрсая «Мектептегі  достық және оның мәні» тақырыбындағы зерттеу жұмысы талапқа сай орындалған. Жұмысты жүргізу барысында шәкірт жинақтау, бақылау, сипаттау, суреттеу сынды әдістерді тиімді пайдалана білген. Зерттеу жұмысның мақсаты – оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Зерттеу жұмысында зерттеу әдістерінің тиімді жүйесінің пайдалануы мен тарихи, дерекетерге ақиқат тұрғыдан талдау жасалынған.

Ғылыми жобаның нәтижесі нақты жазылған.  Нұрсаяның ғылыми жобасы зерттеуінің нәтижелері ғылыми негізделген, мазмұнының логикалық құрылымы мен ішкі бірлігі жүйеленген. Ғылыми жобаның материалдары нақты деректерге сүйеніп жазылған.

 Зерттеу жұмысын жүргізгенде оқушы  ұлы Абайдың  «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген сөзін берік ұстанып, жас ұрпақ ретінде ертеңгі күнге үлкен арман – мақсатпен қарайды, елінің баянды бақыты үшін жан аямай  еңбек етуге бел буады.

Автор тақырып аясында алынған өзекті мәселені толығымен қамтып, қойылған мақсат пен міндеттеріне қол жеткізген және ғылыми зерттеу еңбегі өз деңгейінде орындалған.

                                     

 

      

Ғылыми жетекші                              Ахметова Рахила Кабыловна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Аннотация

   Ғылыми жобада оқушылардың өзара қарым-қатынасы, мектеп оқушыларының балалық шақтағы психологиялық сипаттамаларының тұрғысынан қарастырылды .Білім алушылар қарым-қатынасын дамытудың дұрыс нәтижесі негізінде автордың белсенді емес жеке қарым-қатынас формасының пайда болуымен байланысты екендігі туралы қорытынды жасалды. 

 

Аннотация

    В статье рассмотреные взаимноотношения школьников точки зрения возростно-психологическои особенности школьного детства.По итогам праведенного иследования автор делает вывод о том,что развитие взаимноотношения школьников связаны возникновение внеситуативно-личности формы общение.

 

 

 

Аnnotation

 

    In the article considered mutual relations of schoolchildren point of view of the psychological characteristics of schoolchildrens childhood.Based on the results of a correct study,the author concludes that the development of the students relationship is related to the emergence of an extra-active- personality form of communication.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жұмыс: "Мектептегі достық және оның мәні"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жетекшісі: Ахметова Рахила Кабыловна

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 919 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.12.2020 1525
    • DOCX 377.6 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Рахила Кабыловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметова Рахила Кабыловна
    Ахметова Рахила Кабыловна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7073
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Политология: теория, практика, законодательство

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе