Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы1-сыныптарға арналған "Өзін-өзі тану" пәні.

1-сыныптарға арналған "Өзін-өзі тану" пәні.

Скачать материал

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: №220

Күні: 23.11.2020

№: 10

Мұғалімі: Қалабаева .Р.

Сыныбы: 1 Г

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Менің үйім

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: отбасындағы сүйіспеншілік, бауырмалдық, татулық.

Мақсаты: Отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіруарқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға отбасындағы сүйіспеншіліктің маңыздылығын түсіндіру.

2. Дамытушылық: оқушыларды отбасы мүшелеріне сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы татулық қасиетін дамыту..

3. Тәрбиелік: Оқушыларды бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

Сабақтың барысы:     1. Ұйымдастыру кезеңі.

5Т – ережесі:

1. Тәртіп.   2. Талап.   3. Тыныштық.   4. Тазалық.  5. Татулық.
     Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

№10 – сабақ. «Ғажайып» өлеңін үлкендердің көмегімен оқып келу

Сұрақтар:       1. Ғажайып дегенді қалай түсінесің?

                        2. Өз отбасыларыңда қандай адамгершілік қағидаларың бар?

3. Өлеңде неліктен ата, әже, ана, әке, аға, әпке, інінің іс-әрекеттерін ғажайыпқа теңейді?            4. Өз отбасыңда сен үшін не ғажайып?

 

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Бірінші ұл балалар қайталайды, кейін қыз балалар қайталап оқиды)

Отан – отбасынан басталады.                      Мақал.

Сұрақтар:      1. «Үлкенді құрметтеп сыйлау, тыңдау үшін не істеу керек?»

                       2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

 

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).  Күн құшағында А. Исаакян, аударған Ә. Нілібаев

Көктем жаңа шығып келе жатқан кез болатын. Тау бөктері көгеріп, жылы-жылы жел есіп, күн шұғыласын төңірекке мол төгіп келе жатқан шақ еді.

Бір байдың үйінің жанында үсті-басы алба-жұлба жетім бала бүрісіп тоңып отыр. Кіп-кішкентай қолын созып, ары-бері өткен адамдардан қайыр сұрайды. Олар жетім балаға көз қырын салып та қарамайды. Сөйтіп отырғанда Күн еңкейіп, тау жоталарынан ары асып, көрінбей кетіп бара жатты. Суық жел соғып, бала дірілдеп кетті.

О, алтын Күн, мейірімді күн! Мені нұрыңмен жылытатын сен ғана едің. Мені тастап қайда барасың? Менде баспана жоқ, ана да жоқ. Енді қайтіп жан сақтаймын? Қайта оралсаңшы, әйтпесе мені өзіңмен бірге ала кетсеңші, қайырымды Күн!  Күн ептеп жылжып барып, тау жоталарынан асып кетті де, қайтып көрінбеді.

– Қайырымды Күн, мен білемін, сен өзіңнің шешеңе кеттің ғой. Сонау таудың арғы жағында сенің үйің бар. Енді мен саған барамын, қайтсем де сені табамын.

Осылай деп жетім бала өзі-өзіне іштей серт берді де, жоталарынан күн ары қарай асып кеткен тау жаққа қарай жүре берді. Сөйтіп, ол қала шетіне шығып, тауға өрмелеп, тоқтамастан жүре берді.

Кішкентай балаға таудан асу оңайға түспеді. Аяғын тас тіліп, қатты ауырды, бірақ бала тоқтамады. Тау басына өрмелей берді.

Күн батып, қас қарайып, төңіректі түн түнегі тұмшалады. Тау басында, сонау көк аспанда жұлдыздар жымыңдайды. Суық жел соға бастады.

Кішкентай бала тау басына өрмелей берді, өрмелей берді.

Бір сәтте үрген иттің даусы естілді. Сәлден соң:

– Бұл кім? Қайда кетіп барасың?– деген үлкен кісінің даусы шықты.

– Мен кішкентай баламын. Күнді іздеп барамын. Айтшы, ағатай, Күннің үйі қай жерде? Алыс па, әлде жақын ба?– деді бала.

Әлгі адам баланың жанына келді.

– Шырағым, балам, өзің әбден шаршаған екенсің. Қарның да ашып тұрса керек. Келе ғой қасыма. Өзіңнің әке-шешең қайда?

– Менің әке-шешем жоқ.

– Жүр ұлым, үйге барайық – деп, мейірімді адам оныкөтеріп алып үйге кірді. Бұлардың үйі титтей ғана балаған екен. Шешесі мен үш баласы кішкентай байғұс жетімді жылы жүзбен қарсы алды.

– Міне, балаларым, мен сендерге бір кішкентай бауыр тауып әкелдім. Өздерің үшеу едіңдер, енді төртеу боласыңдар,– деді. Бұл кісі байдың жалшысы еді. Ең алдымен баланы шешесі құшақтап қарсы алды. Бетінен сүйіп, төрге отырғызды. Содан соң үш бала бауырларынша құшақтап, мәз болып күлісіп жатты. Ал жетім бала болса, қуанғанынан көзіне жас алды.

Барлығы отырып кешкі тамақтарын ішті. Содан соң шешесі баланы өзінің қасына жатқызды. Баланың көңілі жай тауып, рақаттана ұйықтап кеткен еді. Жетім бала ұйықтап жатып түс көрді. Түсінде ол таудың щыңынан асып барып, Күнді тапқан екен. Күн оны өзінің ыстық та, мейірімдіқұшағына алыпты.Сөйтіп ол Күн құшағында ұйықтап жатыпты. Қатты қуанған бала ұйқысынан оянып кетеді. Қараса, Күннің құшағында емес, ананың ыстық бауырында жатыр екен. Сонда бала ананың құшағы Күннің құшағынан да ыстық екенін түсінді. 

Сұрақтар:

1. Бала неліктен Күннің жылуын іздеді?

2. Үлкен кісі қандай дұрыс әрекет жасады?

3. Бала күннің жылуын қайдан тапты?

4. Өздерің жылуды қайдан және қалай сезінесіңдер? Әңгімелеп беріңдер.

 

5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық тапсырма. Тапсырма: Мақалды жалғастыр:

1. «Шаңырақ сәні-......... (сыйластық)»

2. Сіз деген-әдеп, біз деген-..... (көмек)

3. Мейірімділікті .......(анадан) үйрен.

4. Сүйіспеншілік- .....(сый) талап етпейді.

 

6. Топпен ән айту.            Мен әдепті баламын 
Өлеңін жазған: Әбдірахман Асылбек
Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев
Мені үлкендер әдепті деп мақтайды, 
Мінезімнен теріс қылық таппайды. 
Ал, егер сен жалқау болсаң тілазар, 
Ондай әдет жақсылыққа жатпайды. 
Қайырмасы: 
Айтқан тілді аламын, 
Айтқан жерге барамын, 
Мен әдепті, 
Мен әдепті баламын. 
Тілін алып кішінің де кәрінің, 
Айтқанынан шығып жүрмін бәрінің. 
Ата-ананың айтқанынан шығуды, 
Әдептілік белгісі деп таныдым. 
Қайырмасы:

 

7. Үй тапсырмасы.

№11 – сабақ. «Достар» мәтінін үлкендердің көмегімен оқып келу.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "1-сыныптарға арналған "Өзін-өзі тану" пәні."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 657 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.01.2021 195
    • DOCX 17.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каденова Ардак Надырхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каденова Ардак Надырхановна
    Каденова Ардак Надырхановна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2014785
    • Всего материалов: 4387

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 277 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 600 человек

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Психология эмпатии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Инструменты и навыки современного дизайнера

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 18 регионов