Инфоурок Технология Презентации"Ағаш ісінен практикалық сабақтар жүргізу". Презентация

"Ағаш ісінен практикалық сабақтар жүргізу". Презентация

Скачать материал

АҒАШ ІСІНЕН ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ЖҮРГІЗУ

Ағаш ісінен практикалық сабақтар жүргізу


Мұғалім бар мүмкіндіктеріне сәйкес бағдарламада ұсынылған технологиялық операциялар топтамасын қамтамасыз ететін еңбек нысандарын таңдай алады. Сонымен қатар оқушының жасының шамасына сәйкес еңбек нысанын таңдап, оның қоғамдық және жеке құндылығы ескеріледі. Оқушылар орындайтын практикалық жұмыстардың түрлері түсінікті, ұтымды, экологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Мұғалім жергілікті және жеке эстетикалық қызығушылықтарына сәйкес өзі тапсырмаларының варианттарын қосуға құқығы бар.
Практикалық сабақтарда істелетін үлкенді-кішілі жұмыстардың бәрі де мақсат көздей, ойланып жүргізілетіні анық. Осыған сәйкес материалдар жинастырылып, жұмысты орындау әдістері алдын ала қарастырылады.
Жұмыс жүйелі жүргізіліп, көзелген мақсат толық орындалу үшін оның толық жоспары жасалады. Онда жұмысқа қойылатын мақсат, оны орындау әдісі көрсетіледі. Сондықтан жоспар әр уақытта негізгі екі бөлімнен тұрады. Оның біріншісінде материалдар қарастырылса, екінші бөлігінде – сол жұмысты орындау процестері көрсетіледі.
Жұмысты орындауға қажетті материалдарды қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып неғұрлым молырақ әзірлеген жөн. Әсіресе, оның бағдарлама талабына сай келетін-келмейтінін мұқият ескеру керек. Мұның өзі жұмысты ойдағыдай орындауға мүмкіншілік береді.
Бұдан кейін жоспарда бағдарлама талаптарын орындай отырып, оқушыларға практикалық дағдылар беру үшін қандай әдістер қолдану керектігі көрсетіледі. Басқаша айтқанда жұмыс процестері, яғни бөлшектерді жасау әдісі мен затты тез әрі оңай өңдеу үшін қандай құрал-саймандарды пайдалану керектігі баяндалады.
Мұндай жоспармен жүргізілген сабақтардың бірінші сабағында оқушылар әр түрлі материалдардың қасиеттерін білсе, екінші сабағында құрал-саймандарды және оларды дұрыс пайдалану әдістерін, бұйымды өңдеу жолдарын, т.б. білетін болады. 
Біздің мектебіміздің ағаш өңдеу шеберханасында электр қайрақ, дөңгелек ара, ағаш өңдейтін токарьлық станок және басқа да құрал-саймандар бар. 
Оқушыларды ағаш ісінен практикалық дағдыларға үйрету өнімді еңбекпен ұштастыра жүзеге асырылады. Олар мектепке және өздерінің үй жұмысына қажетті пайдалы бұйымдар жасайды. Мысалы, біз гүл және көшет отырғызатын жәшіктер, қар күрейтін күрек, күрекке және балғаға сап, шағын сыйкәде сандықша және домбыралар жасадық.
Бұл сияқты жұмыстарды оқушылар бірігіп топтасып істейді де, бірінің білмегенін бірі, бірінің кемшілігін бірі көрсетіп отырады. Жұмыстың ауыр жеңілдігіне қарай 5, 6, 7 сынып оқушыларына әр түрлі тапсырмалар беріледі де, ересек балалардан неғұрлым қиынырақ жұмысты орындау талап етіледі.
Оқушыларға пайдалы бұйымдар жасаудың тапсырылуы олардың жауапкершілігін арттырады; олар өз еңбегінің нәтижесін көріп, оны мақтаныш тұтады.
Төменде осындай бір сабақты келтірейік.
Сабақтың тақырыбы: Сайман салатын жәшік жасау.
Сабақтын мақсаты: оқушыларды жұмыс процесінде қол ара мен сүргіні, бұрыштама мен рейсмусты қолдана білуге үйрету.
Материалдар: тақтай, фанера және шеге.
Құрал-саймандар: қол ара, сүргі, бұрыштама, рейсмус.
Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу. Кезекші оқушы әр жұмыс орнына қажетті құрал-саймандар мен материалдарды таратып қояды.
2. Тапсырманы түсіндіру. Жәшіктің пішіні мен мөлшерін айтып, жалпы көрінісінің техникалық суретін салып, өлшемдерін көрсету. Бұдан кейін жәшіктің бүйір қабырғаларының (қысқа және ұзын қабырғаларының) суретін салып, оның өлшемдерін қою. (ұзын қабырғасы – 60 см Х15 см, ені – 40 см Х 14 см) жәшіктің түбі (өлшемі 60 см Х 40 см) фанерадан жасалады. Мұнан соң тақтайды өңдеу, оны қажетті мөлшерде кесіп алу, ол үшін қажетті саймандарды қалай пайдалану керектігі айтылады. Сонымен бірге тақтайды өңдеу үшін берілген мөлшерден қанша артық алу керектігі айтылып, оны көлденеңінен және ұзынынан аралау керектігі түсіндіріледі. Құрал-саймандармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері еске түсіріледі. Жәшік жасауда бұрыштама мен рейсмус неге және қалай қолданылатындығы жөнінде қысқаша түсінік беріледі одан кейін балалар жұмысқа кіріседі.
3. Тапсырманы орындау және орындауларын тексеру. Жұмыс кезінде әр баланың тапсырманы қалай орындап жатқанын, әр оқушының сүргіні қалай ұстап, бұрыштама мен рейсмустерді қалай пайдаланып тұрғанын байқаймыз. Кейбір оқушыларға жәшік қабырғаларының жазықтығы бұрыштамаға қалай орналастырылып, рейсмус бойынша өлшемді қалай алу керектігі көрсетіледі.
Оқушылардың жұмысын бақылау кезінде: егер оқушы қателессе, онда оның қандай қате жібергенін және оны қалай түзету керектігін жанындағы оқушылардан сұрау әдісін қолданамын. Мұның өзі оқушыларды бірінің жұмысына бірі сын көзбен қарауға әдеттендіреді.
4. Қорытындылау, бағалау, үйге тапсырма беру. Сабақ бітуге 5-10 минут қалғанда оқушылар
өздерінің істеген жұмысына аты-жөні мен сыныбын жазып мұғалімге тапсырады да өздерінің жұмыс орындарын тазалап, құрал-саймандарын жинастырып, оны кезекшіге өткізеді. Кезекші сабақ аяғында шеберхана ішін тазалап шығады. 
Оқушылардың тапсырған жұмысын қарап, кемшіліктерін өздеріне айтып, оның себебін түсіндіріп, соған сәйкес баға қойылады. Үй тапсырмасы беріледі.
Мұнда оқушылардың еңбегін бағалаудың зор мәні бар. Егер әр жұмысты қарап, олардың кемшілігі мен жетістіктерін атап көрсетіп баға қойса, оқушылар өз еңбегінің дұрыс бағаланғанына көздерін жеткізеді.
Егер олардың жұмысын оқушы жоқта қарап, өздеріне кемшілігі мен жетістігін айтпай баға қоя салсаң, олар «Жұмысым жақсы еді, баға дұрыс қойылмады» деген сияқты реніш білдіреді. Сондықтан да жоғарыдағыдай баға қою әдісін қолданған жөн.
Мұнда практикалық сабақта жүргізілген сызу жұмыстары көп көңіл бөлетін мәселелердің бірі. Мектепте сызу пәні тек 9 сыныпта жүргізілетіндіктен, 5-8 сынып оқушылары бұдан қиындық көреді. Өйткені олардың практикалық сабақтарда қарапайым сызбалар, эскиздер сызуына және техникалық суреттер салуына, кейбір шартты белгілермен танысуына тура келеді. 
Сондықтан да шеберханада жасалатын әр бұйымның сызбасын немесе эскизін және техникалық суретін салып олардың өлшемін көрсетіп беру оқушыларға әрі жеңіл тиеді, әрі олардың болашақтағы істеріне практикалық дағды береді. Кейде жасалатын бұйымның сызбасы мен техникалық суретін бір қағазға жасап беруге де болады.
Оқушыларға сызу сабағында жоғарғы сыныптарда ғана түсінік алатын кейбір терминдердің (мысалы, проекция) мағынасын қысқаша түсіндіріп кетуге болады, немесе алғашқы кезде 5-6-7 сыныптарда оны «кескіні, ия көрінісі» деген сөзбен алмастырса да жарасады.
Оқушыларды қайсыбір сызбалармен таныстырғанда немесе олардың өздері сызғанда түрлі сызықтардың (контур, осьтік, көрінетін, көрінбейтін, қосымша) дұрыс сызуларына көңіл аударған жөн. Мұның өзі алғашқы кезден-ақ сызбаларды дұрыс сыза білуге дағдыландырады.

Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Технология» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары – Астана, 2013.
2. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 117 б.
3. Профессиональная ориентация учащихся в процессе трудового обучения. Москва «Просвещение» 1985.
4. Технология. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра» 2001.
5. Технология. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра» 2002.
6. Технология. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра» 2003.
7. Технология. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп» 2012.
8. Технология. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп» 2013.
9. Технология . Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 8-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Алматы «Мектеп»2004.
10. Технология (Ұл балаларға арналған) Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 8-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Алматы «Мектеп»2008.
11. Технология. Ер балаларға арналған. Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқу құралы. Алматы «Мектеп»2009.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ағаш ісінен практикалық сабақтар жүргізу". Презентация"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Флорист

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 136 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.11.2015 849
    • DOCX 21.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есенбаев Нурлан Избасарович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есенбаев Нурлан Избасарович
    Есенбаев Нурлан Избасарович
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4557
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 294 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 093 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 242 человека из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 073 человека

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 981 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 579 человек

Мини-курс

Современные тенденции в искусстве: от постмодернизма до поп-культуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек