Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Абайтану" курсы бойынша авторлық бағдарлама. 9-сынып

"Абайтану" курсы бойынша авторлық бағдарлама. Жыныбына арналғаналпы білім беретін мектептердің 9-с

Скачать материал

«Абайтану»  курсының  оқу  бағдарламасы. Жалпы  білім  беретін  мектептердің  9-сыныбына  арналған.                                                                    Түсінік хат

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.

Бағдарламада:

Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;

ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;

Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;

Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді;

Бағдарлама Абай Құнанбайұлының:

*      қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын:

*      ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін;

*      шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;

*      Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;

*      Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын;

*      Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне;

*      курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған. 

Курсты оқытудың мақсаты:
Ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

Курсты оқытудың міндеттері:

1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.

2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;

3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты,достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.

4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;

5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

 

Курс жүктемесінің көлемі:

9 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

 

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

9-сыныптың соңында оқушылар:

1) Абайтанудың қазіргі уақыттағы өзектілігін, рухани қажеттілігін түйсінулері;

2) Абайды оқу, түсіну, жұртқа танытудағы басты мақсат пен міндеттерді білуі;

3) Ақынның қазақтың халықтық өлең-жырларынан, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерінен үйренгендігін білуі;

4) Ақын шығармашылығына шығыс, батыс, орыс әдебиеттерінің тигізген игі ықпалын білуге;

5) Ақын аудармаларының қазақ әдебиетін көркем ой оралымдарымен байытқандығын білуі;

6) Абайтану ғылымының негізін салушылар мен оның қалыптасу кезеңдерін және алғашқы зерттеушілердің еңбектері жайында білуі;

7) Ақын шығармашылығындағы шығыс, батыс, орыс әдебиеттеріне қатысты күрмеуі қиын мәселелерді білуі;

8) Ақын шығармаларының басылымдары мен оған ықпал еткен адамдар хақында білуі;

9) Абайдың ғылым, білім тақырыбына жазған өлеңдерінің, қарасөздерінің басты идеясын және философиялық көзқарастарындағы тағылымдарын түсіне білуі;

10) Ән мен күй өнері жайындағы толғанысын және эстетикалық талғамын білуі;

11) Поэмаларының тақырыбын, көркемдік-идеялық маңызын, тәлім-тәрбиелік мәнін, көркемдік ерекшеліктерін білуі;

12) Ақын шығармаларының көркем-образдылық қасиеттерін талдай білуі тиіс.

 

АБАЙТАНУ курсы

9-сынып

(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)

 

Тақырыптар

Сағ.

саны

Мерзімі

Адамзаттың Абай – 1 сағат. 

1

Кіріспе. Адамзаттың Абайы.

1

02.09.2016

«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» – 10 сағат

2

Ақын өмір сүрген заман.

1

09.09

3

Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері.                                                                                         

1

15.09

4

Ақынның халық даналығын тануы.

1

22.09

5

Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар.

1

29.09

6

Абай және орыс әдебиеті.

1

06.10

7

Абайдың Пушкиннен аудармалары.

1

13.10

8

«Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі. Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі.

1

20.10

9

Абай және батыс әдебиеті.

1

27.10

10

Дж. Байрон «Көңілім менің қараңғы», А.Мицкевич «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі», И.В.Гете-М.Ю.Лермонтов «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдері.

1

10.11

11

Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы.

1

17.11

«М.Әуезов және абайтану мәселелері» тарауын оқытуға – 4 сағат

12

Абай мұрасын зерттеушілер.

1

24.11

13

М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері.

1

01.12

14

Абайтану ғылымының қалыптасуы.

1

08.12

15

Ақын шығармаларының басылымдары.

1

15.12

16

Сынақ сабақ.

1

22.12

 

«Абай шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы»  – 10 сағат

 

17

Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі.

1

29.12

18

«Интернатта оқып жүр» өлеңі.

1

12.01.2017

19

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі.

1

19.01

20

«Сегізінші», «Он жетінші» қарасөзі.

1

26.01

21

«Жиырма бесінші» қарасөзі.

1

02.02

22

Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі.

1

09.02

23

«Екінші», «Оныншы» қарасөзі.

1

16.02

24

«Он сегізінші» қарасөзі.

1

23.02

25

«Он тоғызыншы» қарасөзі.

1

02.03

26

«Отызыншы»  қарасөзі.

1

09.03

«Абай танымындағы ән мен күй»  – 4 сағат

27

Абай әндерінің таралуы.

1

16.03

28

«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңдері.

1

06.04

29

«Өзгеге, көңілім, тоярсың» өлеңі.

1

13.04

30

«Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» әні.

1

20.04

Поэмалары – 2 сағат

31

«Ескендір» поэмасы.

1

27.04

32

Абайдың шағын поэма жазудағы шеберлігі.

1

04.05

33

Сынақ сабақ.

1

11.05

34

Қорытынды сабақ.

1

18.05

 

            Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

 

1)  Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;

2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995 ж;

3) М.Бейсенбаев «Абай және оның заманы» Алматы «Жазушы» 1988 ж;

4) Тұрсын Жұртбай  «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж;

5) М.О.Әуезов  «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

6) М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж;

7) Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;

8) Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 ж;

9) Ұ.Әбілдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан» 1994 ж;

10) М.Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен» Алматы «Қазақстан» 1985 ж;

11) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы, 2001 ж;

12) «Абай энциклопедиясы «Атамұра» 1995 ж;

13) М.О.Әуезов және Абайтану проблемалары, Алматы, 1982 ж;

14) Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері» Алматы «Атамұра» 1995 ж;

15) М.Мырзахметұлы «Әуезов және Абай» Алматы «Қазақстан» 1997 ж;

16) М.О.Әуезов  «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»  Алматы «Санат» 1997 ж;

17) Абайтану тарихы, Алматы, 1994 ж;

18) Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі;

19) М.Мырзахметұлы «Абайды оқы, таңырқа», «Ана тілі» 1993 ж;

20) Т.Қожакеев «Абай-сатирик» «Білім» қоғамы, 1970 ж;

21) Қ.Мұқамедханов «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» Қаз.Мем.КӘБ, 1959 ж;

22) Абай тілінің сөздігі «Ғылым» 1968 ж;

23) Т.Тәжібаев «Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастары» Қаз.Мем.КӘБ, 1957 ж;

24) К.Шаймерденова «Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары» «Рауан» 1990 ж;

25) Республикалық «Абай» журналы.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Абайтану" курсы бойынша авторлық бағдарлама. 9-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 096 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.02.2018 1828
    • DOCX 24.9 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаншарова Шамшат Тасболатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шаншарова Шамшат Тасболатовна
    Шаншарова Шамшат Тасболатовна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 96415
    • Всего материалов: 41

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Творческие возможности в мире фотографии и медиа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 421 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек

Мини-курс

Стратегии успешного B2C маркетинга: от MoSCoW до JTBD

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе