Инфоурок Другое Статьи«Агрономия негіздері» пәнін оқытуда ақпараттық технологияның тиімділігі.

«Агрономия негіздері» пәнін оқытуда ақпараттық технологияның тиімділігі.

Скачать материал

«Агрономия негіздері» пәнін оқытуда ақпараттық технологияның тиімділігі.


       ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет.
Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек.

Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады. 
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері «Фермер шаруашылығы» мамандығы бойынша «Агрономия негіздері» пәні сабағында ақпараттық технологияларды жиі қолданудамын.

Осыған байланысты күнделікті сабаққа: 

-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен электрондық оқулықтарды); 
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта 
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. 

Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі.

Осы ретте мына мәселелерге баса назар аударғым келеді. 

1. Мұғалім сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін іздеуге әрекет жасау керек. 

2. Білім мен тәрбие беруде жариялылық, педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа талпыну қажет. 

3. Мұғалім күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ-мұғалімнің өнері, шығармасы. Сондықтан әр сабақты тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймын

Ақпараттық технология негіздері тұлғаның «Агрономия негіздері» пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз - тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. 
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат -оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беру. Сабақтың сәтті өтуі біріншіден, мұғалімнің біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден, сабақ материалына, ал үшіншіден, сынып типіне, төртіншіден мұғалім мен оқушының көңіл – күйіне де байланысты. Сабақты тартымды әрі сәтті өткізе білу мұғалімдер қауымынан көп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет етеді. 
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын
ың барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген.

Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту оқытушының оқушымен жеке жұмыс істегендей болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады. 
Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары болмақ. Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта
колледждегі білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

 

Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы: 


1.
Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады. 

2. Шығармашылық қабілеттері артады. 

3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады. 

4. Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды. 

5. Компьютерлік сауатты болуға үйренеді. 

Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасыр – информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін

«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, теория мен тәжірибені оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет. 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 
50 елдің қатарына кіру стратегиясы». 

2. «Ветеринария негіздері» журналдары. 

 
3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. 

4. А. Салихова «Оқушылардың шығармашылығын дамыту» ғылыми-әдістемелік журнал, №5-2009 ж


5. Интернет материалдары «Gooqle» және «Mail.ru» сайттары 2017 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

      ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, кәсіби мәдениеттілікті, терең білім мен ізденісті талап ететін дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың соңғы Қазақстан халқына Жолдауында, ауылшаруашылығы өнімдеріне жаһандық сұраныстың артуына орай, ауыл шаруашылығын жаппай модернизациялау қажеттілігі жөнінде айтылды. Мәселен, мал шаруашылығын дамыту, жоғары сапалы, экологиялық таза, әрі қауіпсіз өнім алу ветеринариялық саулықты қамтамасыз етпей мүмкін емес. 

Сондықтан адам мен жануарлар денсаулығын қорғау үшін ауру қоздырушысының биологиясын, микроорганизмдердің иммунологиялық белсенділігін, одан қорғанудың мүмкіндіктері терең білімді қажет етумен қатар, ол істерді ветеринария мамандары медицина қызметкерлерімен, биолог, экологтармен бірге жүзеге асырады. Көрнекті академик К.И. Скрябиннің сөзімен айтсақ, ветеринария зерттелетін нысанның кеңдігі мен түбегейлі танылуына байланысты басқа ғылымдардан ерекшеленіп тұратын білім жүйесі. Сондықтан, бұл ғылым жүйесі мақтаарал колледжі ветеринария факультетінде оқытылады.  Мақтарал аграрлық колледжі – елдегі аграрлық салаға мамандар даярлайтын, әрі олардың білікті маман екендерін растайтын дипломмен қамтамасыз ететін жетекші оқу орындардың бірі. Бүгінде колледж оқытушылары Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі тапсырмаларды жүзеге асыруға жұмылдырылып отыр. Оқу процесіне инновациялық технологияны енгізу колледжіміздің білім беру саласындағы негізгі компоненті болып табылады. Оқу жұмысының барлық түрлерін (дәріс, зертханалық-тәжірибелік, семинарлық сабақтар) қамтыған инновациялық технологиялар, мультимедиялық оқыту, интерактивтік қондырғылармен басқарылатын жүйелер оқыту саласындағы көптеген проблемаларды жаңа деңгейде шешуге мүмкіндік берді. Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген ТОҚ құралдары: Интерактивті тақта, мультимедия; интернет кеңістігі; электронды оқулық. Колледждердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру - басты мақсат. Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Колледждердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру - басты мақсат. Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» - деп жастарды тәрбиелеудің бағыттарын нақты көрсеткен.  Заман талабына сай сұранысы бар, бәсекеге қабілетті ұрпақ өсіру біздің міндетіміз. «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала-ертеңгі азамат. ХХІ ғасыр ұрпағымыздың ақыл-ойы, ғарышқа самғап, алғыр ойлар ғасыры, сондықтан әрбір адам батыл қадам жасап, заман талабына сай құзыретті маман болуға дайын болуы тиіс. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың біліктілік, іскерлік, құзыреттілік қабілеттеріне тікелей тәуелді. Осыдан жас ұрпақтың бойында құзыреттілікті қалыптастыру және оларды шығармашылыққа баулу мәселелері туындайды. Бұл өз кезегінде сапалы білім мен іскерлікті талап ететіні сөзсіз. Ал  жекелеген тұлғаға жүйелі білім беру, ынта-ықыласын арттыру, құзыреттілігін қалыптастыру – біздің басты міндетіміз. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.

http://static.myopera.com/community/graphics/speeddials/Opera-Background-Blue-Swirls.jpgМақтарал аграрлық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

Әдістемелік баяндама

 

Тақырыбы: «Агрономия негіздері» пәнін оқытуда ақпараттық технологияның тиімділігі.

 

 

Орындаған оқытушы:

Н. Алипбеков _____________

 «Ветеринария, экология және талшықты                           

материалдарды өңдеу технологиясы» пәндер                                                                          

кафедра отырысында қаралды.

Хаттама № ___«___» _______ 2017 ж.

Кафедра меңгерушісі: Б. Сейдахметов ___________

 

 

 

 

 

Атакент  - 2017 жыл.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Агрономия негіздері» пәнін оқытуда ақпараттық технологияның тиімділігі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 710 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.02.2018 1276
    • DOCX 535.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алипбеков Нурман Жапарович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алипбеков Нурман Жапарович
    Алипбеков Нурман Жапарович
    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4275
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 500 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 335 человек

Мини-курс

Личностный рост и развитие: инструменты для достижения успеха

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе