Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыАғылшын тілі сабағында дидактикалық материалдарды қолданудың тиімділігі

Ағылшын тілі сабағында дидактикалық материалдарды қолданудың тиімділігі

Скачать материал

 

Аудандық тамыз кеңесінің секция отырысы

17 тамыз 2015 жыл

Ақсай қаласының № 3 ЖОББМ

Ихсанова Тілекхан Орыновна

Бөрлі ҚНМ ағылшын пәні мұғалімі

 

Ағылшын  тілі  сабағында  дидактикалық   материалдарды   қолданудың   тиімділігі

 

Дидактика(гр.διαλεκτική– тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.

Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты. «Дидактика» терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді.

Дидактикалық материал – көрнекілігі басым түрдегі оқыту құралдарының ерекше түрі. Оларға оқушылардың сыныпта немесе үйде өз бетімен жұмыс жасауы үшін қолданылатын ақпараттық технологияларға негізделген карта, кесте, үлестірме қағаздар, суреттер т.б. жатады. Дидактикалық материалды қолдану оқыту уақытын үнемдеп, оқушылардың белсенділігін арттырады.

 Дидактикалық   материалдарды   қолданудың   мақсаты:

 Оқытылатын материалды өз бетімен меңгеру және ақпараттың түрлі салаларымен жұмыс жасауды қалыптастыру;

Оқушылардың танымдық қабілетін белсенді ету;

Жаңа материалды түсіну және меңгеру

Өзін өзі бақылау және өзін өзі түзеті;

Оқуға деген ынтасын және қызығушылығын күшейту;

Ойлаудың нақты түрлерін дамыту  (образды көрнекіік, теориялық, логикалық);

Оқу мәдениетін қалыптастыру;

Міндеті: ақыл – ойды дамыту;
шығармашылық тақырыптағы тапсырмаларды орындату;
ағылшын тілін игеру процесінде тұлғаны тәрбиелеу;
алдына қойылған сұрауға немесе тапсырманы орындауға (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдыландыру;
логикалық ойлауды және сөздік қорын толықтыру.
Күтілетін нәтиже:
1. Қазақстанның әлемдік зерделік нарығында бәсекелестік таныта алатын дарынды тұлға қалыптастыруға қадам жасалады.
2. Оқушының оқу еңбегі биік сапаға жетеді, шығармашылық белсенділігі артады, өз- өзіне сенімділігі  күшейіп өз бетімен  жұмыс  жасай  алады.
3. Дарынды тұлға қалыптастыра отырып, Қазақстан Республикасының зерделі әулетін қалыптастыруға үлес қосады.

Ағылшын тілі бойынша дидактикалық материалға не жатады?

1)Бұл әр оқу курсына арнайы жасақталған, оқу материалын меңгергендігін бақылайтын тест түрлері. Жауап кілттері бар немесе тапсырмаларға сәйкес дұрыс жауабы берілген тесттер. Бұл мұғалімнің уақытын үнемдейді.

2)Дидактикалық материалдың тағы бір түрі– түрлі ойындар.  Мысалы, Лото, домино, логикалық ойындар.

Мұндай  тапсырмалар  оқушылардың өз ойын дәлелдеуге, абстрактілі ойлауға  көмектеседі. 2-4 сыныптарда «Қай әріпті жоғалттым?», «Іздеп тап», «Түстерді айыр» ойындары тілдік, лексикалық, грамматикалық, фонетикалық ойындар ұйымдастыруға болады.
2 сыныпта фонетикалық ойындар қолданылады. Мысалы, «Естимін- Естімеймін» ойынын.
Сонымен бірге алфавитпен жұмыс істеуге арналған ойын. Мысалы, «Әріп қайда?» ойыны.
Лексикалық ойындар. «Сандар» ойыны ойналады.

Грамматикалық ойындар. Мысалы, «Қимылдарды көрсету» ,«Let’s fly» ойыны.. Ойын нәтижесінде оқушылар жаңа сөздерді тез меңгереді.
Бұл ойын арқылы оқушылардың білім сапасын қалыптастыруда:
1. Грамматиканы жақсы меңгереді;
2. Оқу мен жазу дағдыларын қалыптасырады;
3. Бала бойында тілді үйренуге деген талпыныс пайда болады;
4. Басқа елдің мәдениетіне, өміріне деген қызығушылығы туады;
5. Сөздерді дұрыс айтуға ұмтылады.

3) Сөзжұмбақтар мен жұмбақтар, басқатырғылар, жаңылтпаштар сөздерді дұрыс айтуға, ойын жаттықтыруға көмектеседі.

4) Оқушыларды пазл, постер, карточкалармен жұмыстандыру көре отырып, есте сақтауына көмектеседі. 

5) Жаттығу тапсырмалар

Жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқытушы ең əуелі оның түрлі мақсатын айқындап алады. Содан кейін оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі көрсетіліп, орындау тəсілдері түсіндіріледі. Жаттығу жұмыстары белгілі бір жүйеге құрылып, жаңаша тəсілдермен жүргізіледі. Мұғалім оқушылардың жаттығу жұмыстарын тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыруы, оқушының сауатты жазуына ықпалын тигізеді. Жаттығу түрлері арқылы оқушылардың оқу материалын қалай түсінгендері айқындалады, яғни жаттығу əдісі оқыту ісінің теориясын практикамен байланыстыруды жүзеге асырады. 
   Сабақтағы жаттығу жұмысы оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс атқарғанына қарай фонетикалық, лексикалық,грамматикалық, т.б. болып бөлінеді. 
Шəкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда келесі талаптар қойылады. 
1.Белгілі бір  жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы шарт. 
2.Жаттығу оқушының тілге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруы тиіс. 
3.Жаттығу белгілі-бір жүйеге сәйкес құрылуы керек. 
4.Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру қажет. 
5.Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы керек.
   Жаттығуды іріктеу барысында шамамен мынадай талаптар қамтылуы тиіс:
 
1) жаттығудың өтілген тақырыпты пысықтауға, бекітуге бағытталуы; 
2) жаттығу талаптарының түрлі болуы оқу

6) Ағылшын тілі сабағында мәтінмен жұмыс істеу түрлері

Мәтін - негізгі қарым - қатынас бірлігі, ал мәтінмен жұмыс істеу – қарым - қатынас жасауға үйренудің құралы.
Тыңдауға үйрету мүмкіндігінше барлық сабақтарда үнемі және мақсатты түрде ауызша жаттығуларда, сөздік - грамматикалық материалды меңгеру барысында ауызша - сөйлеу жаттығуларын орындау кездерінде жүргізіледі.

Негізгі оқулықта мәтінді оқудан бұрын сұрақтар беріледі. Ол сұрақтар бойынша сол мәтіндегі мәселеге байланысты оқушы не біледі, не білмейді, оны анықтау мақсат болса, екіншіден - өз білімі деңгейінде ойын айтқызып, мәтіндегі оқиға жайлы білуге ұмтылдыру, ынталандыру. Бұл жұмысты бүкіл сынып болып немесе 4 - 5 оқушы бірігіп және жұптасып талқылауға болады. Мәтінді оқыған соң оқушы ұғымын арналған «True or false» жаттығулары беріледі. «What do yout think» тапсырмасы бойынша оқушы мәтіндегі мәселе туралы өз ойын ортаға салып, еркін сөйлеуге үйренеді.

Оқыту үрдісін нығайтуда, оқушылар білімін тереңдетуде дидактикалық тапсырмалардың алатын орны ерекше. Дидактикалық тапсырмалар арқылы пәннің мазмұндылығын арттыруға, оқушыға жаңа білім беруге, алған білімін жүйелеуге, пысықтауға, қорытындылауға болады.

Овал: ТестОвал: Ойын

 

 

 

 

 

 

 

 


Оқушыда қалыптасатын дағдылар:
- байқампаздығының дамуы
- ізденгіштікке ұмтылуы
- ой ұшқырлығының еркіндігі
-ағылшын тілі пәніне қызығушылығының артуы
.

Қорытындылай келе, дидактикалық материалдар оқушылардың таным белсендігін жандандыратын,  өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Сабақ барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің сабақ  мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді.

 

 

 

1.Топпен  жұмыс.

Тест  жұмыс

 

 

2. Топпен  жұмыс.

Қай сөз  артық?

 

Deep, honey, ripe, clever, sly, large

A lake, a river, a sea, a wood, a pond

An insect, a butterfly, a bee, an ant, a fly

Plums, peaches, grains, grapes, pears, oranges, apples

China, France, English, Russia, Germany, Canada

A stork, a bear, a sparrow, an owl, a quail 

 

Сөзді   анықтамасымен  сәйкестендір.


Match the words with their meanings:

Meal           a) a person who makes food

Dish            b) a particular style of cooking

Food           c) the separate stages in which a meal is served

Course        d) food which is eaten at the same time each day

Cook          e) things that people eat, such as vegetables and

                      meat

Cuisine        f) food prepared in a particular way, typical of a

                        particular area

Portion        g) a small amount of food between main meals or instead

                        of a meal

Snack           h) an amount of food for one person, when served in a

restaurant

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Топпен  жұмыс.

Мәтінмен  жұмыс.

Task2. a) Read the text about Omar’s letter to his friend.

Dear  Darkhan!

I have got a new friend. His name is Adil. He is 14. He is tall and handsome. He is not fat, he is thin. He has got a sister. Her name is Asem. She is 13. She is beautiful. Her hair is short. Adil’s father is strict but he is kind. His mother is very nice. They are very friendly.

b) Answer the questions:

1. What’s Omar’s friend’s name? ________________________ .

2. How old is Adil? ___________________________ .

3. Is Adil fat? ____________________ .

4. What is he like? ___________________________ .

 

c) Answer the following questions about you friend (friends).

1) What’s your friend’s name?

2) What does she/he look like?

3) What does she like /dislike?

4) What is her favourite sport?

5) What are her father and mother?

6) What do they look like?

7) What are their personal qualities?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1.     Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелікпедагогикалық

журнал. №3(45), 2010.

2.     Мектептегі шет тілі. №3(27), 2007.

3.     Мектептегі шет тілі. №2(44), 2010.

4.     AN Shchukin, "Foreign Language Learning: Theory and Practice: A manual for teachers and students." 2nd ed., Rev. and add. - M .: Filomatis, 2006.

5.     Liz and John Soars "New Headway" English Course, Oxford university press. 2012.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Топпен  жұмыс.

Қай сөз  артық?

 

Deep, honey, ripe, clever, sly, large

A lake, a river, a sea, a wood, a pond

An insect, a butterfly, a bee, an ant, a fly

Plums, peaches, grains, grapes, pears, oranges, apples

China, France, English, Russia, Germany, Canada

A stork, a bear, a sparrow, an owl, a quail 

 

Сөзді   анықтамасымен  сәйкестендір.


Match the words with their meanings:

Meal           a) a person who makes food

Dish            b) a particular style of cooking

Food           c) the separate stages in which a meal is served

Course        d) food which is eaten at the same time each day

Cook          e) things that people eat, such as vegetables and

                      meat

Cuisine        f) food prepared in a particular way, typical of a

                        particular area

Portion        g) a small amount of food between main meals or instead

                        of a meal

Snack           h) an amount of food for one person, when served in a

restaurant

Ключ: 1-d

              2-f

              3-e

              4-c

              5-a

              6-b

              7-h

              8-g

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ағылшын тілі сабағында дидактикалық материалдарды қолданудың тиімділігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 265 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2016 3950
    • DOCX 244.5 кбайт
    • 22 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ихсанова Тилекхан Орынкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ихсанова Тилекхан Орынкызы
    Ихсанова Тилекхан Орынкызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8364
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Эффективные методики изучения иностранных языков

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 166 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 675 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Современные методы развития навыков эффективного и уверенного общения на английском языке у старших школьников

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 680 человек

Курс повышения квалификации

Дистанционное обучение иностранным языкам как современный формат преподавания

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 265 человек

Мини-курс

Психология воспитания и детско-родительских отношений

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционная деятельность и проектный менеджмен

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Windows для начинающих: файлы, папки, текстовые документы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе