Инфоурок Английский язык Научные работыАғылшын тілінде табиғат құбылыстарына байланысты шыққан фразеологизмдер

Ағылшын тілінде табиғат құбылыстарына байланысты шыққан фразеологизмдер

Скачать материал

Мазмұны

Аңдапта

I.Кіріспе....................................................................................................................3

II.Негізгі бөлім.........................................................................................................5

2.1Фразеологизм туралы түсінік............................................................................5

2.2Фразеологизмнің зерттелуі................................................................................6

2.3Қазақ тіліндегі табиғат құбылыстарына байланысты шыққан фразеологизмдер......................................................................................................8

2.4Ағылшын тілінде табиғат құбылыстарына байланысты шыққан фразеологизмдер....................................................................................................12

2.5Қазақ және ағылшын тілдеріндегі табиғат құбылыстарына байланысты шыққан фразеологизмдердің ұқсас мағына беретін тіркестері........................17

III.Қорытынды.......................................................................................................19

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................20

Қосымша 1..............................................................................................................21

Қосымша 2..............................................................................................................22

Глоссарий ..............................................................................................................23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақ тілі сөз өнеріне бай тіл. Соның ішінде фразеологизмдердің яғни тұрақты сөз тіркестерінің алатын орны ерекше. Фразеологизмдердің адам ойын мәнерлі әрі көркемдеп жеткізуге мол әсерін тигізетін сөз өнерінің бөлінбейтін бір саласы. Фразеологизмдер тек қазақ тілінде ғана емес бүкіл әлемдік тілдерде ерекше орны бар сөз тіркесі.

Фразеологизм дегеніміз құрамындағы сыңардары өте тұрақты болып келетін қолданысқа әрдайым дайын тұратын сөз тіркесі. Мұнда тіркес құраушы сөздер өздернің бастапқы тура мағыналарын мүлдем немесе жартылай айырылып өзара жанаса келіп, бір ғана фразеологиялық мағына береді.

Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің негізгі бастау көздері тарих қаттауынан орын алған тамыры тереңде жатқан әдет-ғұрып, наным, сенім, тарих оқиғалары ауыз әдебиеті үлгілерімен байланысып жатса, ағылшын тіліндегі фразеологизмдер ауқымы белгілі халықтың жергілікті кәсібіне, мекен жайына айналысатын белгілі кәсібіне байланысты шыққан.

Фразеологизмдер ішкі құрылымы, сыртқы тұлға тұрпаты, мән мағынасы тұрғысынан алғанда қатпар қаттаулары мол, сыры тереңдеп зерттеуді талап ететін күрделі лингвистикалық құрылымдар. Осыған байланысты қазақ және шет елдерінің фразеологиялық зерттеу барысында қосқан үлестері жайлы. Мұнда қазақ ғалымдарының арасынан туып шыққан ең алғашқы болып фразеологизмді зерттеген І.Кеңесбаев кейін осы игі бастаманы қостаушылар: Ы.Сыздықова, А.Ысқақова, М.Балақаева, Т.Қордабаев тәрізді қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері қазақ фразеологиясының дербес пән болып қалыптасуы мен даму жолында көптеген мәселелерді ғылыми тұрғыдан шешуге ат салысты. Ал, шет елдік ғалымдар М.М.Копыленко, В.В.Виноградов сынды тұлғалардың үлесі де зор болды.

Бұл жұмысымның негізгі мақсаты:

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі табиғат құбылыстарына байланысты пайда болған тұрақты сөз тіркестерінің бірдей мағына беретін тіркестерін ашып көрсету.

Осы мақсатқа жету барысында алдыма келесі тапсырмалар қойылды:

Ø Фразеологизмдер жайлы түсінік беріп өту;

Ø Фразеологизмдердің зерттелуіне тоқталып өту;

Ø Ағылшын және қазақ тілдеріндегі табиғат құбылыстарына байланысты шыққан тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып көрсету;

Ø Қазақ және ағылшын тілдеріндегі ұқсас мағына беретін фразеологизмдерді тауып олардың мағынасын түсіндіру.

 

Осы жұмысты орындау барысында келесі әдістер пайдаланылды:

1.     Көркем әдеби шығармалар және басқа ақпарат көздерінде кездесетін фразеологизмдерге анализ, синтез жасау әдісі;

2.     Теориялық материалдарды біріктіру әдісі;

3.     Қазақ және ағылшын тілдерінде тұрақты тіркестерді салыстыру әдісі;

4.     Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фпазеологиялық сөздіктерден табиғат құбылыстарына байланысты тұрақты сөз тіркестерін теріп алу әдісі.

 

Осы жұмысымның маңыздылығы:

Екі тілде болсын фразеологизмдердің алатын орны ерекше әлі күнге дейін қасиетін жоймай келеді. Оған дәлел әйгілі поэт, ақын жазушыларымыздың еңбектерінде және газет-журнал, күнделікті ауыз екі сөйлеуде әдемі әрі орынды фразеологизмдердің ары қарай да маңызы мен қажеттілігін жоймай болашақ ұрпақтың әдемі әрі әсерлі сөйлеуіне үлес қосу.

 

Зерттеу жұмысымның өзектілігі: Қандай да бір тіл болмасын оның фразеологиялық қоры ұлт мәдениетін, менталитетін, ұлттың психологиясын барынша қамтиды.

Болжам: Фразеологизмдер қай тілде болмасын қолданса тілді түрлендіріп, адамдар арасында әдемі сөз мәйегін келтіруге көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

2.1 Фразеологизмдер туралы түсінік.     

Тілдің лексикасында қаралатын лексикалық бірліктерден басқа тіл бірліктерінің тұрақты сөз тіркестері деп аталатын неғұрлым күрделі ерекше түрі қалыптасқан. Бұларды тіл білімінде фразеология саласы зерттейді. Фразеология термині гректің “phrases” сөйлемше, “logos” білім деген сөздерінен шыққан. 1990-жылы шыққан «Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте» фразеологизмге мынандай анықтама берілген «Фразеологизм» дегеніміз формасы жағынан синтаксистік құрылымдарымен ұқсас бірақ олардай жалпы заңдылыққа сай сөйлеу кезінде жасалмай даяр қалпында қайталап қолданылатын, семантикалық және лексикалық-грамматикалық құрамы тұрақты сөз тіркестерімен сөйлем мүшелері. Осы анықтамаға қарағанда фразеологизмдерге кең мағынада тілдегі мағына бірлігін сақтаған тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрі де жатады. Олар тұрақты сөз тіркестерінің түрлері мен сөйлемшелері, коммуникативтік тұрақты қолданыстағы әр түрлі номинативтік бірлікте қос сөздер мен қосарлы тіркестер, ресми құжаттардағы даяр сөз орамдары т.б түрінде болуы мүмкін. Фразеологизмдердің осы айтылған түрлерінің құрылымдық, мағыналық, қолданымдық сипаты лексикологияға қатысы біріңғай емес. Сондықтан тәжірибе жүзінде фразеологизмдер тар және кең мағынада қарастырылады. Бұлайша бөліп қарастырудың мәні фразеологизмнің лексикалық бірлік ретінде танылатын атауыштық сөзбен мағыналық байланысына сол арқылы лексикологиямен жақындастығына негізделген. Тар мағынадағы фразеологизмдерге құрамы тұрақты мағынасы бір тұтас даяр қалпында қолданылатын лексикалық бірліктермен мағыналас сырттай жай сөздерге ұқсас тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелер жатады. Ал кең мағынада фразеологизмдерге жататын мақал мәтелдермен қанатты сөздердің, жаңылтпаштар, жұмбақтардың номинативтік бірліктердің т.б өздеріне тән лексика-грамматикалық, стильдік ерекшеліктері бар. Олар сөйлеу кезінде жасалмай даяр қалпында қолданылатындығы құрылымының тұрақтылығы жағынан ғана фразеологизмдерге жатқызылады, бірақ олардың мағынасы лексикалық бірлік ретінде сөздердің беретін мағынасына балама пара пар емес одан әлде қайда кең.

 

 

 

 

 

 

2.2 Фразеологизмдердің зерттелуі

Қазақ тілі қазынасындағы тұрақты тіркестердің релеванттық қасиетін айқындау, фразеологизмнің құрам сипаты және компоненттерінің байланысу түрлері фразеологизмнің стильдік ерекшеліктері, фразеологизмдердің сөзден және мақал-мәтелдерден айырмашылығы мен оларға ұқсас тұстары және грамматикалық сипатын қазақ тілі білімінің күн тәртібіне қойып қазақ фразеологиясының бағыт-бағдарын саралаған осы саланың дербес пәнге айналуының негізін қалаған ғалым І.Кеңесбаев болды. Оның XX ғасырдың 40-жылдары жарық көрген «Қазақ тілінің тиянақты сөз таптары», «Қазақ тілінің идиомалары мен фазалары туралы», «К вопросу об экспрессивно стилистических функциях фразеологизмов» сияқты еңбектерінде көрініс тапты. Сонымен қатар А.Ысқақова, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Р.Сыздықова тәрізді қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері өз үлестерін қосты. Бүгінгі қазақ фразеологиясында зерттеудің үш түрлі бағыты орын алып отырғаны байқалды. Бірінші қазақ фразеологизмдерін таза тілдік тұрғыдан бір тіл аясында зерттеу. Бұл бағытта  қазақ тіл білімінде көптеген жұмыстар жүргізілді. Әсіресе фразеологизмдерді лексика орфографиялық өңдеуден өткізудегі І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», Ә.Қайдаровтың «Мың әсерлі де бейнелі орамдары» сияқты еңбектерін фразеологизмдердің сыртқы және ішкі құрылымындағы мағыналық дыбыстық, семантикалық әуезділік үйлесімін архитектоникасын талдап ашып берудегі С.Сәтеновтың «Қазақ тіліндегі қостағанды фразеологизмдердің поэтикалық табиғаты» атты зерттеуін, фразеологизмдердің варианттарын көрсету синонимдік қатарын анықтаудағы Г.Смағұловтың «Сөздер сөйлейді». Н.Уалиевтің «Фразеология және тілдік норма» сияқты еңбектерінде көптеген фразеологизмдер этимологиялық тұрғыдан талданып олардың құрамындағы мағынасы күңгірттенген тіптен мүлдем белгісізденіп кеткен сөздердің мағынасы ашылды.

Қазақ фразеологиясындағы екінші бағыт қазақ тілінің фразеологиялық бірліктерін орыс, ағылшын, неміс сияқты болмыс бітімі, құрылымы бөтен тілдердің фразеологизмдерімен салыстыра зерттеу ісі. М.Х.Абиғалиева, М.А.Сыздықова, М.А.Жақсыбаева зерттеулерінде тіл аралық фразеологиялық сәйкестіктерді айқындау, салыстырушы тілдер фразеологиясындағы ұқсас тұстармен өзіндік ерекшеліктерді саралау және ұқсастықтарды тудырушы факторларды айқындау мәселелері көрініс тапты. Қазақ фразеологиясындағы салыстырмалы тарихи және салғастырмалы типологиялық бағыттағы зерттеулер үшін тереңдеп талдауды қажет ететін мынандай өзекті мәселелерді көрсетуге болады:

1.     Қазақ фразеологиясын туыс немесе төркіндес фразеологиясымен салыстыра отырып олардағы фразеологиялық құбылыстарды анықтау

2.     Аударма теориясында, шет тілді оқытуда маңызы зор фразеологиялық эквивалентті анықтау мақсатында қазақ фразеологизмдерін туыс емес тілдер фактілерімен салыстыру

3.     Әртүрлі тілдердегі сөздік шоғырлардың образдық ауыспалылығындағы ортақ заңдылықтарды ұқсас фразеологизиемдердің пайда болуына негіз болған факторларды айқындауға әрі жекелеген лексикалық компоненттердің бірнеше тілге ортақ  белгілі бір фразеологиялық  мағынаны қалыптастырудағы орнын рөлін анықтауға бағытталған құрылымдық типалогиялық талдаударды жүргізу.

4.     Географиялық, тілдік және тарихи мәдени ортақтастығы бір қатар тілдердің  фразеологияларының  өзара ықпал әсерін  туыстас тілдер фразеологиясындағы  жақындастықтың  себеп салдарын  қарастыратын ареалдық  зерттеулерді қолға алу.

    Сонымен қатар қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразиалогизмдердің лингвомәдени  тұрғыдан  зерттелген зерттеулерге  қарағанда төмендегідей  айырмашылықтарын көрсетуге болады.

·        О баста еркін тіркестер негізінде  қалыптасқанымен уақыт өте келе  ықшамдалып бейнелік қалпын сақтай отырып әр сөзбен терең мәнді  білдіретін  тілдік бірлікке айналған.

·         Екі тілде де фразеологиялық  тіркестердің көпшілігі бір нәрсеге құбылысқа оқиғаға байланысты туындаған. Олардың кейбірі уақыт өте келе семантикалық тұрғыдан дамып жаңа үстеме мағынаға ие болса, енді бір тобы өзінің  бастапқы сақтай отырып  ауыс мағынаға ие болған.

·        Екі тілде де фразеологиялық тіркестер затты құбылысты іс-әрекетті бейнелей  салыстыра теңей суреттегенде немесе  белгілі бір ойды нақты бір жеткізуде астарлы мағынада қолданылады. Фразеологиялық тіркестерді  құраушы компоненттер туыс мағынасынан алшақтап келіп  бір ұғымды білдіруі  әсіресе идиомаларда айқын көрінеді.  Сондықтан фразеологиялық мағынадан оның  құрамындағы компоненттер мағыналары түрлі  дәрежеде көрініс беріп отырады.

·        Екі тілдің де фразеологиялық тіркестерінің мағыналық даму процестері әр түрлі деңгейден, сатыдан көрініс береді. Оған дәлел ұлттық менталитетінің ерекшелігі қоршаған ортаны түрлі көзқараспен қабылдау.

 

 

 

 

 

 

2.3 Қазақ тіліндегі табиғат құбылыстарына байланысты шыққын фразеологизмдер.

Қазақ жұрты ертеден қоршаған ортасын, табиғат анасын аялап, табынып әр құбылыстың өзіндік қасиеті, алатын орны бар деп есептеген. Сонымен қатар табиғат құбылыстары аспан мен жер, су мен ауа, жаңбыр мен қар, жел мен боран, суық пен ыстық астарлы мағынада қолданылып тіл білімінде фразеологизм деп аталатын сөз өнерін құрайды. Енді соларға тоқталып өтсем.

Аспанмен астасқан – зәулім биік деген мағынаны білдіреді. М:Алматыда іргесіне басына мәңгілік қар жамылып биіктігі аспанмен Алатау тұр. (Сәбит Мұқанов)

Аспанға қарады – құр кеуде көтерді, босқа мақтанды. М: Мен боламын демендер, аяқты алшаң басқанға, екі көзді аларып құр қарайсың аспанға. (Абай Құнанбаев)

Аспандағы айға қол созды – әлі жетпейтін шамасы келмейтін іске қол созды. М: Талай ала аяқ, тақ пен тәжді арман етіп, жыртық жабдықтан аспандағы айға қол созып жатты.

Аспандағы құс ұшуын, жел есуін тоқтатты – тып-тыныш болды. М: Аспандағы құс ұшуын жел есуін тоқтатып Қорқыттың күйін тыңдатты.

Аспан айналып жерге түсердей – өте ыстық қапырық деген мағынаны білдіреді. М: Аспан айналып жерге түсетін ыстықта атымды суарайын деп айдын көлге желдіртіп келсем, тақсыр-ай сізге өтірік маған шын көл дегенің көз жеткісіз көк мұз болып шықты.

Аспаннан түсті – ойда жоқта кенеттен пайда болды. М: Көкем апама ашуланды, арзан ет арзан жүн аспаннан түспейді, ең болмаса үш сағат тебіндетіп әкелейін. (Т.Молдағалиев)

Бұлт жамылған аспандай – жабырқау, көңілсіз. М: Көңілі де енді бұйыққан бұлт жамылған аспандай. (С.Мәуленов)

Көкті көкіретіп жерді тітіретті – мазасын алды. М: Соғыс елдің еңсесін түсіріп көкті көкіретіп жерді тітіретті емес пе

Күн бір жауса терек екі жауады -  сорға сор ұласып бейнет азап көру. М: Мың асқанға бір тосқан деген күн бір жауса терек екі жауып елдің мазасы кетті.

Күн жауды-жаңбыр жауды. Мысалы:

Көк қала бұлт сөгіліп күн жауады

Кей жақта өне бойың егіліп, жас ағады аулақта

Жауған күнмен жаңғырып жер көгеріп күш алар

Аққан жасқа қаңғырып бас ауырып іш жанар (А.Құнанбаев)

Күн жаумай су болды – жайшылықта іс түспей ақ берекесі кету. М: Олжастың ұнжырғасы бұрынғыдан бетер түсіп кетті.

Төбесі көкке екі ақ елі жетпей қалды – мәз болу, қатты қуану. М: Ерболды көрген Назым төбесі көкке екі-ақ елі жетпей қалды.

Ауаланып жүр – көңілі алабыртып жүр. М: Енді міне өзі ауаланып жүрген келіншекке төсектен кездеспей төскейде кездесіп кездесіп діңкесі құрып жүр.

Жер болды – тып типыл болып тегістелді немесе ұятқа қалды. М: Бұлармен аралас төбе-төбе жота-жота болып жатқан көмір қордалары жер болуға айналған крест айшықты адам молалары бұзылған ескі үйлердің орындары ерте уақытта бұл жердің бір қатар халыққа мекен болғанын ескертеді. (Ғ.Мұстафин)

Жерге кіріп кете жаздады – қатты ұялды, мазақ болды. М: Соның бәрін біле тұра жерге кіргендей болып, бір арамдығы жамандығы шыққандай болып несіне ұялып қорланады екен. (А.Құнанбаев)

Жерден алып жерге салды – әбден балағаттады, ұрысты. М: Ол қайда болдың деп бастап мені жерден алып жерге салды боқауызын араластырды.

Жер жастанып су сүйеніп отыр – пейілі тары сараң. М: Оның әдеті қашанда жер жастанып су сүйеніп отырады. (Ғ.Мүсірепов)

Жер жұтты – ізім ғайым жоқ болды. М: Ертең той қылайық деп уәде байласқан күні жер жұтып қойғандай Асқар жоқ болды.

Жер қайысты – өте көп, қалың адам. М: Өтемістен туған он едік, онымыз атқа мінгенде жер қайысқан қол едік.

Жер ортасынан асқан – қырық елулер шамасындағы адам. М: Ол тілеуім алда дейтін жастан өтіп жер ортасынан асқан адам.

Жер ұйық – малға жанға береке құт мекен. М: Жерұйық осы деп қазіргі Қорқыт моласы Сырдарияның жағасына келіп тоқтады.

Жер астынан жік шықты екі құлағы тік шықты – табан астынан пәле шықты. М: Жер астынан жік шықты екі көзі тік шықты, айналайын Еркежан құтқар мынадан деп Аманды қарап зорланғанда Жақыптың жағы сөнбеді.

Жерден жеті қоян тапқандай – мәз болу, қуану. М: Атына міне сала жерден жеті қоян тапқандай шауып барады Нұрғали.

Көктен тілегені жерден шыққандай – тілегі қиналмай орындалу. М: Бәкібай жалшы бүгіннен бастап құлдықтан құтылатын болдық дегенді естіген, көктен тілегені жерден табылғандай қуанышы қойнына сыймай кетті. (С.Омаров)

Жер тебінгідей аспан тенгедей – өте нәзік, өте кішкентай. М: Мен туғанда жер тебінгідей аспан теңгедей еді.

Қара жердей болу – жігері құм болу. М: Киіз үйдің сыртына көп тоқтаған ол Нұрмағамбет сөзін естігенде қара жердей болып іші мұздап кері бұрылды.

Жер аяғы алыс – өте ұзақ. М: Жер аяғы алыс ауылға тұрақтаған.

Жер бауырлап жатты – жата қалып жылады, өкінді. М: Сұрапыл соғыстан қара хабар алған анам жер бауырлап жылады.

Жер аударды – басқа жаққа көшті. М: Бұл ұятқа шыдай алмаған Әбең жер аударып кетті.

Жаңбырдай жаудырды – үсті үстіне қосып жіберді. М: Сол қамаудағы қалалардың әрқайсысы айнала қамап алған дұшпан әскерлерінің жаңбырдай жауған оғына шыдап келді.

Қардай тоздырды – быт шытын шығарып тас талқан етті. М: Ескен желдей есе айдай жауды қарадай тоздыра күш қандай, қимылдады сол ауыл.

Қардан кебіс мұздан құрсақ кию – қатты торығу, үлкен кемтарлыққа ұшырау. М: Соғыстан әбден азап шеккен жұрт қардан кебіс мұздан құрсақ киіп отыр.

Қар құшақтап мұз сүйіп отыр – ауыр азап шегу. М: Аязда суық боранда қалшылдап өстік сүйменіп, таңды атырдық қорада қар құшақтап мұз сүйіп. (І.Жансүгіров)

Шаң жуытпады – қорғаштады кір келтірмеді. М: Серікбайды Тәкежан біздің көзімізге көрсететін емес, шаң жуытпайды.

Шаңына ере алмады – жеткізбеді.М: Білімді болғанда қазақ баласы шаңына ере алмайды екенсің.

Судай сапырды – оңды солды қалай болса солай көпіре сойледі. М: Сандық толы сары алтын сапырып судай шашқан күн.

Судай сіңіп тастай батты – жым жылас құрыды. М: Қожаның күдігі дәл келді Ардақты айттырып келген ешкім болмады. Сондықтан Салық төбесін айтып көрсетпей судай сіңіп, тастай батып кетті.

Судан тұнық сүттен аппақ – адал еш бір кінәсі жоқ. М: Кей кездері судан тұнық сүттен аппақ сәби болғым келеді.

Су жұқпас – барып тұрған ала аяқ. М: Қым етсе шабатын қарсақтың ізін табатын Қадыр шуыт жайнаған су жұқпас қу қайдағы.

Су жүрек – қорқақ. М: Су жүрек қылып қойғандай кеш болса Серіксіз далаға шықпайды.

Су сепкендей басылды – лезде тынышталды. М: Сол кісіге деген наз аралас балалық қалтықсыз болған сезімім де су сепкендей басылды.

Су татиды – дәм татуы жоқ. М: Басқа тамақ жоқтықтан жеген біздің асымыз жемей жатып қарныңды ашырады.

Су тегін – өте арзан. М: Мынау елу тиын, мынау отыз тиын су тегін емес пе?

Су түбіне батырды – құртып жойды. М: Мұрат ендеше мені оп-оңай су түбіне батыра салады деме, қурай емессің.

Суы басқа адам – бөтен, бөгде танымайтын адам. М: Суы басқа жігіттер келді.(І.Жансүгіров)

Көктемде мұз үстінен жүрген қызыл судай - кенеттен күтпеген жаңа оқиға. М: Көктемде мұз үстінен жүрген қызыл судай болып,ауылға Тана жайлы да өсек жайылып қалғанын да жаңа сездім.

Су жаңа - өте жаңа баяғы қалпында.М: Оның киген киімін көрсең судай жаңа қалпында көрінеді.

Жел буаз - бос әңгіме,бос сөз.М: Көмескі естілген дудамал желбуаз әңгіме Сұрағанның мазасын алды.

Жел өкпе - жеңіл ойлы адам. М: Танакөз желөкпе балдызын желіктіріп қойып ішіне біраз сыр түйіп алған соң Жылқыбайға келген шаруасын айта бастады.(Ғ.Мүсірепов «Дауылдан кейін»)

Желі оңынан тұру – жолы болу. М: Дәмелі екеуміздің желіміз оңынан тұрды,жымыңдасып қоямыз.(З.И.Солмайтын гүл)

Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды – себепсізден себепсіз ештене болмайды.М: Оның бұл сөзді айтуы бекерден-бекер емес жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4 Ағылшын тілінде табиғат құбылыстарына байланысты шыққан фразеологизмдер

Фразеологизмдердің жаңа ұғым, түсініктермен көбейіп қалыптасуы сол ұлт тілінің даму ерекшеліктерін және ұлт мәдениетінің танымдылық қасиетін көрсетеді.Егер фразеологизмдерді сөзбе-сөз аударатын болсақ, онда біз өз халқымыздың және басқа елдердің сөйлеу мен жазба әдебиетіне нұқсан келтірген болар едік. Мысалы ағылшын тіліндегі, As busy as a bee – толассыз жұмыс жасау дегенді сөзбе-сөз дәл аударсақ, ол тіпті күлкілі «жұмысты арадай жасау» деп шығар еді. Қазақ тілінде тұрақты сөз тіркесі фразеологизмдер деп аталса, ағылшын елдерінде идиома деп аталады.Ал ағылшын идиомасына келсек, ол да өзіндік ерекшелігі бар. Мысалға: идиомалар көбінесе ертегілерде, жай және құрмалас сөйлемдерде көп қолданылады.

Ағылшын тілінде әрбір идиома сөз таптарымен бірге қосарланып келеді. Мысалы: idioms are used with nouns, adjectives, verbs, prepositions және т.б. Егерде сын есімдермен тіркесіп келетін тұрақты сөз тіркестеріне келетін болсақ, ол екі немесе үш сөзден құралады. Мысалы: «light fingered» деген идиомалық тіркес ұрлыққа жақын, қолының сұғанағы бар адам дегенге саяды. Ағылшын тілінде тұрақты сөз тіркестері фразеологиялық бірлік (motivated) және фразеолгиялық тұтастық (non-motivated) деп екі топқа бөлінеді. Фразеологиялық бірліктердің мағынасын түсінуге болады. Оларға мақал-мәтелдер де кіреді.

All bread is not baked in one oven.  Бес саусақ бірдей емес
Everything comes to him who waits.  
Сабыр түбі сары алтын
Everybody`s business is nobody`s business.  
Қойшы көп болса қой арам өлер.

Ал, фразеологиялық тұтастықтың мағынасы тұрақты болады. Олардың жеке тұрғандағы мағынасымен жалпы білдіретін мағынасы сәйкес келмейді. Мысалы: to keep oneself in hand (өзін-өзі қолға алу), to sit on one`s hands; not to do a hands`s turn (қол қусырып отыру), not to move a finger (қолының ұшын қимылдатпау), to kill time (уақытты босқа өткізу), to kill two rabbits with one stone (бір оқпен екі қоян ату), to give up all of it (қолын бір-ақ сілтеу), to keep the eyes shut (бір нәрсеге көз жұма қарау) .

Фразеологиялық тізбектермағынасы жағынан құрамындағы сөздердің мағынасымен  байланысыптіркесу  тұрғысынан  орнығып  тұйықталған  сөз тіркестері болып табылады. Тілде сөздердің тіркесу қабілеті бірдей десем, қайсы бірі кез келген сөзбен тіркесіп, белгілі бір ұғымды білдіруге бейім болса, енді бірі  аз  ғана  сөздермен  одақтасыпсонымен  ғана   тіркеседі.   Тұрақты   сөз тіркестерін сөздер тобы ғана жасайды. Кез келген сөз тұрақты сөз тіркестерін жасай алмайды. Мысалыбота көз, қоян жүрек, тоң мойын, жел аяқт.б. Ағылшын тілінде: white crow, a bosom friend, т.б.

Фразеологиялық тізбектің құрамындағы ерікті мағынадағы сөз сан алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілеті болса, фразеологиялық туында мағынадағы сөз бірді екілі сөзбен ғана шектеліп қолданылады. Мысалыкөк бет, қысыр көз деген фразеологиялық тізбектің құрамындағы бет (жалпы бет, сопақ бет) сөз (аз сөз, бұрыс сөз, көп сөз) деген қыруар сөздермен тіркесіп қолданыла берсе, фразеологиялық мағынадағы көк сөзі бет сөзімен, көз қысыр сөзімен ғана тіркеседі.

Фразеологиялық тізбектің сыңарларының бастапқы мағынасы онша ашық та айқын болғанымен, солғын тартып сезіліп тұрады. Мысалыкөз ұшында, көз жеткісіз, көзін тырнап ашқалы, көзі тірісіндет.б.

«Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің қалыптасуына ағылшын және қазақ ұлттарының тарихи, рухани және материалдық мәдени дәстүрлер негізі себеп болған»-деп тұжырымдайды К.Аханов «Тіл білімінің негіздері» атты еңбегінде. Әр елдің, халықтың, ұлттың асыл қазынасы болып табылатын фразеологизмдер халықтың, бір-бірімен жалғасқан ұрпақтар арқасында міндетті түрде сақталады. Егер тілде фразеологизмдер сақталмай, бізге жетпеген болса, халқымыздың асыл туындылары болмаса, олар бүгінгі күнге дейін сақталып жетпесе, жұртымыздың өткен өмірінен мақұрым қалар едік. Сондықтан да тілдің байлығын арттыра түсетін сөздік қордың көлемді бөлігін құрап тұратын тілдік бірліктерфразеологизмдер. Халықаралық және тіларалық қатынастар дамыған кезеіде шет тілін ана тілімізбен салыстыра зерттеу тіл білімінің әрбір саласы үшін маңызы айрықша. Бүгінде соқпағы көп сүре жолдан сүрінбей,төрт аяғын тең басып,еліміздің тәуелсіздігі аясында тәуекелге бел буып,өзге озық елдердің жаңаша дәстүрін өз бойына сіңіріп,өркендеуі және кемелденуі үздіксіз талаптанып,жан-жақты ізденуді қажет етіп отырған кезеңде жастардың тіл мәдениетінің сапасын және сөздік қорын арттыруда өзіндік ерекшелігі бар фразеологиялық тіркестердің алатын орны ерекше.

Қазақ халқы сияқты ағылшын жұрты да фразеологизмдерге бай халық, көптеген жазушы поэттер, журналисттер өз шығармаларын тартымды әрі көркем ету үшін тұрақты сөз тіркесін өз орнымен қолдана білген. Мысалы Сомерсет Макхам, Уилям Шекспир, Даниел Деффо, Марк Твен тағы басқа ұлы адамдардың еңбектерінен көз шалсақ, фразеологизмнің мол жинағын көруге болады. Енді ағылшын тіліндегі тұрақты сөз тіркестеріне тоқталып өтсек:

Extol or to loud to the sky – мақтау, мадақтау. e.g: They had lauded him to the skies for refusing the sovereignty but now they said he had only feigned and that he intended to seize the city at the first good opportunity

If the sky falls we shall catch larkқиындықтан шығудың амалын табу. e.g: Lubin I grant you that if we could live three hundred years we should all be perhaps wiser certainly older. You will grant me in return. I hope that if the sky fell we should all catch the larks.

Out of a blue skyкүтпеген жерден пайда болу. e.g: For assuming that Clyde persisted in denying that he had carried a camera than how damning in court and out of a clear sky to produce this camera.

The sky is the limitшексіз түпсіз мағынасын береді. e.g: And we do not want Crieb know that you are interested in it? No aside from that the sky’s the limit you can work any schem on him you want to. (E.S. Gardener “The case of the danger”)

Under the blue skyашық аспан аясында. e.g: I like to relax under the blue sky.

To put on airsөзінше болу, мақтану мағынасын береді. e.g: Even when you are beginning may pardon you put on airs. You ask me to forgive you as if you was doing me a favor. (W.S.Maugham “The land promise”.

Be in the air - шатасқан жағдайға үшырау. e.g: Are you going abroad this winter? I hope so but everything in the air at the present.

Be off the airрадио хабарды аяқтау. e.g: The station went of the air at 10.p.m

Be on the airжаңалықтар жүргізу. e.g: The station is on the air from 8 a.m till 2 p.m

Clear the airкүдікті сейілту. e.g: The union statement has cleared the air too, Tom continued. (K.S. Richard “Golden miles”)

Disappear on the airтүссіз жоғалу. e.g: As I foretold you, were all spirits and are melted into air into thin air. (W.Shakespeare “The tempest”)

Fish in the air or plough the air бос нәрсемен айналысу. e.g: I fear they are ploughing the air they see no fruit of their  labours.

Hot airбос сөз. e.g: He has full of hot air it is bad stuff to talk that way spreading illusions about jobs and pay going up every year.

Keep somebody on the airбіреуді белгісіз бірдеңелермен үміттендіру.

Make the air blueтөбелесу, ұрсысу. e.g: When he is drunk he will turn the air blue if anyone says a word against him.

Sow the airқол бұлғау алыстан шақыру. e.g: He poured out volumes of speech and sowed the air with his hand in a most extraordinary way.

Take the airқыдыру. Таза аумен дем алу. e.g: Provision shops were opening middle class families began to take air stout men in carpet slippers appeared in doorways.

Be back to the earthдәл бабында болу. e.g: The plans were down to earth (C.P Snow “the sleep of reason”)

Bring somebody back to the earthбіреудің өр көкіректігін басу, орнына қою. e.g: It was for Hopkins to bring these soaring imaginations down to earth to contemplation of the topic immediately at hand. ( R.E. Sherwood)

Walk on airөте қуанышты болу. e.g: I can not belive that I have won I’m walking on air.

Come back to the earthорнына келу. e.g: Now, Virgie come down to earth and give me low-the shop liter”) 

Go to earth жасырыну басын аулаққа салу. e.g: The policeman turned back to assist his collogues in flushing barbury so mysteriously goes to earth.  (R.Macauly “The world my wilderness supple”)

Heaven on the earth пейіш, ұжымақ. e.g: Beneath him with new wonder now he views a heaven on earth for blissful paradise of God the garden.

On the earth жер болу. e.g: He was of the earth earthy his spirit gave forth, like the earth, a teeming richness a solid palpable (L.Strachey landmarks in French literature)

Run to earthтауып алу немесе ойлап шығару. e.g: Ha, ha, ha may dear fellow I have run you to the earth indeed I have. (C.P.Snow “The affair”)

In a fogқиын жағдайда кедергіде болу.  e.g: He said who are they? I’m in a fog, are they your people or my people?

A pea soup fogқалың тұман белгісіздік. e.g: The windows were blind with rain and the room so dark that Henry turned on the lights. I don’t suppose that is ever bee done before except in a pea soup for.

Be dashed to the groundжойылу, жоғалу. e.g: His hopes are dashed to the ground.

Come to the ground – нәтижесіз болу түк шықпау. e.g: He argued that in the first place now girl in her senses would accept him. To this Alaric replied that as Clamention had not much sense to speak of that objection might fall to the ground.

Gain groundжаулап алу. e.g: The parliament was slowly but constantly gaining ground on the prerogative.

Level to the groundтүбімен жою құрту. e.g: Daffy hated his father too much that was the reason to level him to the ground.

Recover lost groundжоғалған меншікті қайтару. e.g: He was wise enough to make no immediate attempt to recover lost ground.

A hot air artistмылжың көп сөйлейтін адам. e.g: My friend is hot air artist that makes me crazy.

After rain comes fair weatherқайғыдан кейін қуаныш болады. e.g: Don’t worry after rain come fair weather.

Get out of the rain жамандықтан қашу. e.g: Why isn’t Smith here? After all he was the ring leader of the whole affair and I don’t see why we should get punished and he got or free.

Rain or shineқандай жағдай болмасын. e.g: I have job which brings me thirty dollars a week, rain or shine.

How in thunderсайтан адам. e.g: What in thunder are you doing peeping thought that crake Tom?

Loud as thunderшулы. e.g: The silence as she to men stared at one another was louder than thunder.  

Steal somebody’s thunderбіреудің идеясын ұрлау. e.g: See how these reseals use me. They will not let my play run get they steal my thunder.

Struck with thunderмазасыз болу. e.g: I’m struck with the thunder “Said crave co cur liege insurrection the bishop murdered”

The winds eyeқарама қарсы. e.g: Meanwhile the schooner gradually fell of, and filled again upon another sailed swiftly for minute or so and brought up once more dead in the winds.

Wind in the headбос сөз сөйлеу немесе түкке тұрғысыз бірдемелер ойлау. e.g: He has probably got wind in the head through living in that gorgeous Gothic pagoda.

Fly to the winds or gone with the windsіз түссіз жоғалу. e.g: The racial minority problem has gone with the wind it never has a problem in reality the problem has imperialism.

How the winds blowжағдай қалай. e.g: I have expected it all along you need not worry about me I know all about this. I have seen which way the wind is blowing and I know how to trim my sails.

Above water жақсы жағдайда. e.g: His wife had extravagant tastes and they never seem to be able to get above water.

Be in deep waterқиын жағдайда болу. e.g: With a cunning worthy of her cause. She waited till be was in deep water over British politics. (J. Glasworthy “Maid in waiting”)

Be in low waterақшасыз болу. e.g: He hastily reviewed the  fortunes of his co-directors Old Fontenoy was always in low water. The chairman a dark horse Mont was in land right down in value and mortgaged at that. (J.Glasworthy “The White Monkey”)

Fish in troubled waterлай судан балық аулау. e.g: In 1845 England and France fishing in troubled waters took a hand in the war. (W.Foster “Outline political History of the Americas”)

Get in to deep watersқиын немесе қауіпті жағдайда болу. e.g: He was getting in deep waters he was taking chance privately, which might get him in to trouble day in fact did. (M.Twain “Pudd’n head Wilson”)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.5 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі табиғат құбылыстарына байланысты шыққан фразеологизмдердің ұқсас мағына беретін тіркестері

Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің негізгі бастау көздері тарих қаттауынан орын алған тамыры тереңде жатқан әдет ғұрып, наным сенім тарихи ауыз әдебиет үлгілерімен байланысып жатса, ағылшын тіліндегі фразеологизмдер ауқымы белгілі кәсібіне байланысты шыққан. Екі халықтың дүние жайындағы ақпарат көздері түрлі нәрселерде көрініс тапқан мен көкейіне түйген ой тұжырымдары айтпақшы ойлары бір. Сондықтан қазақ және ағылшын тілдерінде бір мағына беретін табиғат құбылыстарына қатысты шыққан тұрақты  сөз тіркестері аз емес және олардың беретін мәні әрі көркем болып келеді. Мысалы:

Аспанға көтерді деген тіркес ағылшын тіліндегі extol to the skies мағыналасып мақтады мадақтады мағынасын береді. Мұнда екі тілде де аспан деген ұғым биіктіктің асқақтықтың символы болғандықтан көтеру және extol сөздері аспанмен тіркесіп жоғарыдағы мағынаны беріп тұр.

Аспанға қарады тіркесі ағылшынша баламасы out of a blue sky екеуіде кенеттен пайда болды түсінігін ашады.

Жер жұтты тіркесіне келсек ағылшын тіліндегі disappear in the thin air тұрақты тіркесімен мағыналасып кенеттен ізім ғайым жоқ болу дегенді білдіреді.

Қардан кебіс мұздан құрсақ киінді тіркесі мен be in the deep water, get into hot water, be in low water фразеологизмдерімен мағыналасып қиын жағдайда болу азап шегу мағынасын береді.

Су жұқпас тіркесі көбінесе құ адамдар тұрақсыз адамдар жайлы айтылады ағылшынша Unstable as water тіркесімен пара пар келеді.

Су жаңа above water екеуінің мағынасы жақсы жағдайда деген мағынаны береді.

Судай сіңіп тастай батты go to the earth тіркестері жойылды жоғалды мағынасын береді. Go to the earth

Суығына тоңып ыстығына күйді rain and shine тіркестерінің беретін мағынасы қандай жағдайда болмасын бірге болу.

Су ми ақылсыз ақымақ адам ағылшынша мағынасы have water on the brain.

         Ал жермен жексен ету level to the ground тіркестері құрту жою мағынасын аша түскен.

Құмға су құйғандай фразеологизмі ағылшын тіліндегі fly to the winds or gone with the wind тіркесімен мағыналаса келіп із түссіз жоғалды дкгкнді білдіреді.

Жел сөз бен ағылшынша wind in the head тіркестері көбінесе бос сөз бет алды сөйлеу мағынасын береді.

Жерден жеті қоян тапқандай ал ағылшынша мағынасы run to the earth тіркестері кенеттен қуанышты жағдайға душар болу.

Төбесі көкке екі ақ елі жетпеді walk on air қуанышы қойнына сыймады шаттанды мағынасын береді.

Аспаннан жерге түсті тіркесі өзімщілдігін қойды орнына келді мағынасын береді ағылшынша мағынасы come down to the earth with a bang

Жерге қарады ағылшынша to be down to the earth фразеологизмі мен тіркесіп ұялу қысылып қымтырылу мағыналарын береді.

Осы мағыналары жуық фразеологизмдерден о баста еркін тіркестер негізінде қалыптасқан уақыт өте келе ықшамдалынып бейнелік қалпын сақтай отырып аз сөзбен терең мәнді білдіретін бірліктерге айналғанын көреміз. Екі тілдің де фразеологиялық тіркестерінің мағыналық процестері әртүрлі днңгейдегі сатыдан көрініс береді. Оған дәлел ұлттық менталитеттін ерекшелігі қоршаған ортаны түрлі көз қараспен қабылдау.

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Осы жобаны қорытындылай келсем, фразеологизмдер тіліміздің бөлінбес бір бөлігі. Өзінің көнеленуі жағынан да, тұлға мағына тұрақтылығы жағынан да, стил жағынан да оларға тән ерекшеліктері бар. Фразеологизмдер тек қазақ тілінде ғана емес бүкіл әлемдік тілдерде ерекше орны бар сөз тіркестері. Бұл ғылыми жұмыстың ағылшын және қазақ тілдеріндегі табиғат құбылыстарына байланысты шыққан тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып жіне бірдей мағына беретін фразеологизмдерге тоқталып, толық мағыналарын ашып көрсетіп алға қойған мақсаттар толығымен орындалды. Осы мақсатқа жету барысында сөздіктерден табиғат құбылыстарына байланысты тұрақты тіркестер тізбегі алынды. Фразеологизмдер ішкі құрылымы, сыртқы тұлға тұрпаты, мән мағынасы тұрғысынан алғанда қатпар қаттаулары мол, сыры тереңдеп зерттеуді талап ететін күрделі лингвистикалық құрылымдар. Осыған байланысты қазақ және шет елдерінің фразеологиялық зерттеу барысында қосқан үлестері жайлы айтылды. Мұнда қазақ ғалымдарының арасынан туып шыққан ең алғашқы болып фразеологизмді зерттеген І.Кеңесбаев кейін осы игі басаманы қостаушылар : Ы.Сыздықова, А.Ысқақова, М.Балақаева, Т.Қордабаев, Ә.Қордабаев тәрізді қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері қазақ фразеологиясының дербес пән болып қалыптасуы даму жолында көптеген мәселелерді ғылыми тұрғыдан шешуге ат салысты. Ал шет елдік ғылымдар М.М.Копыленко, В.В.Виноградов сынды тұлғалардың үлесі де зор болды.

Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің негізі бастау көздері тарих қаттауынан орын алған тамыры тереңде жатқан әдет-ғұрып, наным, сенім, тарих оқиғалары ауыз әдебиеті үлгілерімен байланысып жатса,ағылшын тіліндегі фразеологизмдер ауқымы белгілі халықтың жергілікті кәсібіне, мекен жайына айналысатын белгілі кәсібіне байланысты шыққан. Фразеолошизмдердің ерекше атап өткен қасиеттерінің бірі қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің басым көпшілігі ауыздан ауызға жеткен сөз үлгілері негізінде қплыптасса, ағылшын тіліндегі тіркестер көбінесе ауызша үлгіден гөрі жазбаша түрінде сақталып келген, дегенмен екі халықтың дүние жайындағы ақпарат көздері түрлі нәрселерде көрініс тапқанымен көкейіне түйген ой тұжырымдары мен ойлары бар.

Екітілдегі де тұрақты тіркестер өз сапасын ерекшелігі мен мағынасын жоймай қазіргі кезге дейін әдеби шығармаларда газет журналдарда көбінесе ауыз екі сөйлеуде қолданылып келуі фразеологизмдердің маңыздылығын жоймағандығында.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

 

1.     І. Кеңесбаев «Қазақ тілінің фпазеологиялық сөздігі» Алматы «Арыс» баспасы 1986ж

2.     І. Кеңесбаев «Қазақ тіл білімінің мәселелері» Алматы «арыс» баспасы 1986ж

3.     А. В. Кунин «Англо-Русский фразеологический словарь» Москва

4.     Қ. Қалиев Тіл білімі 186-194 бет. Алматы «Бастау баспасы» 2001

5.     Т.Қоңыров «Тұрақты теңелер сөздігі» Алматы «арыс» 2007

6.     Х.Р. Қожақметова «Казахско-Русский фразеологический словарь» Алматы «жалын» баспасы

7.     П.П.Лейвинов «Англо-Русский словарь» Москва «ВАКО» 2005

8.     О.Ф. Амирбековна «Қазақ және ағылшын тілдеріндегі табиғат құбылыстарына байланысты фразеологизмдер» жайлы ой.

9.     М.Балақаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» оқулық Алматы «арыс» баспасы 1986

10. Какен Ақанов «Тіл білімінің негіздері» - Алматы «санат» баспасы 2003

11. «Хабаршы» филология сериясы Алматы 2008

12.   Кеңеспаев І. Қазақ тілінің фразеологизмдер сөздігі.– Алматы: Мектеп,  1977.

13.   Мықтыбаева Т.Ж. Қазақ және ағылшын  тілдеріндегі анималистік фразеологизмдердің коннотативтік семантикасы: Дисс.филол.ғ.к. – Алматы, 2005

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша-1

 

Фразеологизмдердің түрі

Мағынасы

Мысалы

1-    Фразеологиялық тұтастық

Бұл топқа құрамындағы сөздер бір бірінен ажырамастай болып жымдасқан өздерінің лексикалық мағыналарын жоғалтқан фразеологизмдер жатады.

Жүрек жұтқан, ит арқасы қиянда, жігері құм болды.

2-    Фразеологиялық бірлік

Бұл фразеологизмді құрастырушы сыңарларының біртұтас ауыспалы мағынаға ұласуынан, бірақ ішкі формасының айқындылығын сақтаған фразеологизмдер жатады.

Тайға таңба басқандай, ағаштың тамырын балта шапты т.б.

3-Фразеологиялық тіркес

Бұған құрамындағы еркін мағынасындағы сөз бен сөздің тіркесуінен жасалып, даяр қалпында қолданылатын фразеологизмдер жатады.

Қыпша бел, қолаң шаш, қоян жүрек.

4-Фразеологиялық сөйлемше

Оған құрамы мен қолдануы біртұтас бейнелі мағынасы ерікті сөздердің тіркесуінен жасалатын құрылысы сөйлемге ұқсас фпазеологизмдер жатады.

Су сепкендей басылды, арам ниетті екі жүзді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша-2

 

Фразеологизмдердің еркін сөзтіркестерінен айырмашылығы

Түсініктеме

Мысалы

Бірінші

айырмашылығы

Еркін сөз тіркестері сөйлеу кезінде сөздердің мағынасы жағынан өз ара үйлесе отырып кем дегенде екі сөздің грамматикалық жолмен жасалады.

Зәулім үй дегендегі зәулім сөзін биік сөзімен ауыстыруға болады.

Екінші

айырмашылығы

Фразеологизмдер мағына тұтығын сақтайды

Ит арқасы қиянда (алыс), Қойдан қоңыр (жуас)

Үшінші

айырмашылығы

Фразеологизмдердің даяр қалпында қолданылу тиянақтылығы

Сағы сынды, қырғи қабақ болды.

Төртінші айырмашылығы

Фразеологизмдердің көпшілігіне мәнерлілік айқындылық бейнелілік қасиет тән екендігінде

Қарашаңырақ – мұнда шаңырақтың түсін білдіріп тұрған жоқ маңызды бір әулетті білдіріп тұр.

Бесінші

айырмашылығы

Еркін тіркестер бір тілден екінші тілге сөзбе сөз аударуға  көнеді. Ал фразеологизмдер әдетте бір тілден екінші тілге аударуға келмейді. Оларды басқа тілдегі баламалары арқылы түсіндіруге болады.

Соры қайнау тіркесін орыс тіліне тура аударсақ кипеть его соли болып мағынасы жоғалады сол себепті оны потерпеть неудачу деген сөзбен түсіндіреміз.

 

 

 

 

Глоссарий

 

 

 

Фразеология – «phrases» сөйлемше, «logos»-сөз ілім

Лексикология – сөз мағынасын зерттейтін ғылым.

Метафора – сөздердің мағынасын ауыстырып астарлы мағынада жұмсалуы.

Экспрессивті фразеологизм – бейнеліліктің күшейе түсуін білдіретін фразеологизмдер.

Эмоционалды фразеологизмдер – адам сезімін білдіретін фразеологизмдер.

Фразеологизмнің релеванттық белгісі – үнемі мағыналық тұтастықта тіркестік тиянақтылықта болып келетін, адамның көңіл күйі ішкі сезім дүниесінің терең қатпарларына қозғау сала аларлықтай әсерлі, ұлт болмысын «образдар галлериясы» іспетті бейнелейтін сөзбен өрілетін ойды әуездікпен әдептей көмкеріп, нақтылы ықшамдылық, дарытатын тіркестердің төл тума қасиеті деген сөз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Андатпа

Қазақ тілі сөз өнеріне бай тіл.Соның ішінде фразеологизмдердің яғни тұрақты сөз тіркестерінің алатын орны ерекше.Фразеологизмдердің адам ойын мәнерлі әрі көркемдеп жеткізуге мол әсерін тигізетін сөз өнерінің бөлінбейтін бір саласы.Фразеологизмдер тек қазақ тілінде ғана емес бүкіл әлемдік тілдерде ерекше орны бар сөз тіркесі.

Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің негізгі бастау көздері тарих қаттауынан орын алған тамыры тереңде жатқан әдет-ғұрып, наным, сенім, тарих оқиғалары ауыз әдебиеті үлгілерімен байланысып жатса, ағылшын тіліндегі фразеологизмдер ауқымы белгілі халықтың жергілікті кәсібіне, мекен жайына айналысатын белгілі кәсібіне байланысты шыққан.

 

 

Annotation

Kazakh language is the most richest language. Among them phraseologies take special place. Phraseology helps people to pass their beautiful idea.

Phraseology is not just separately part of Kazakh language it is have own special place in the world language phrase

         In Kazakh language phraseology connected with history, with belief, tradition, occasion of history and oral literature. But in English language phrases connected with their occupation and residence and history.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ағылшын тілінде табиғат құбылыстарына байланысты шыққан фразеологизмдер"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Фразеологизмдердің жаңа ұғым, түсініктермен көбейіп қалыптасуы сол ұлт тілінің даму ерекшеліктерін және ұлт мәдениетінің танымдылық қасиетін көрсетеді.Егер фразеологизмдерді сөзбе-сөз аударатын болсақ, онда біз өз халқымыздың және басқа елдердің сөйлеу мен жазба әдебиетіне нұқсан келтірген болар едік. Мысалы ағылшын тіліндегі, As busy as a bee – толассыз жұмыс жасау дегенді сөзбе-сөз дәл аударсақ, ол тіпті күлкілі «жұмысты арадай жасау» деп шығар еді. Қазақ тілінде тұрақты сөз тіркесі фразеологизмдер деп аталса, ағылшын елдерінде идиома деп аталады.Ал ағылшын идиомасына келсек, ол да өзіндік ерекшелігі бар. Мысалға: идиомалар көбінесе ертегілерде, жай және құрмалас сөйлемдерде көп қолданылады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 090 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2019 3194
    • DOCX 69.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Магзумова Индира Мусжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Магзумова Индира Мусжановна
    Магзумова Индира Мусжановна
    • На сайте: 5 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13329
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Психологические методы развития навыков эффективного общения и чтения на английском языке у младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 181 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 814 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания английского языка в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 352 человека из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 232 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "Английский язык" в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 134 человека из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 913 человек

Мини-курс

Созависимые отношения и способы их преодоления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 629 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 203 человека