Инфоурок Иностранные языки СтатьиАғылшын және қазақ тіл біліміндегі модальділік категориясының зерттелуі

Ағылшын және қазақ тіл біліміндегі модальділік категориясының зерттелуі

Скачать материал

Ағылшын және қазақ тіл біліміндегі модальділік категориясының зерттелуі

Мәлік Айгүл Қамбарқызы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті

Тіл білімінде әр түрлі тілдердің салыстырмалы-типологиялық зерттелуі жылдан жылға маңызды болып отыр. Оларда тілдердің генетикасы жағынан қай тілге жататына қарамастан, тілдің құбылыстарының құрылымындарының салыстырмасы беріледі және бұл жалпы бірдей тілдік категорияларды белгілеуге мүмкіндік береді.

 Англистикада модальділік категориясы терең және жан-жақты эерттелген және осыған байланысты жұмыстардың да түрлері сан алуан. Алайда шетел және отандық тіл біліміндегі модальділік категориясының зерттеу деңгейлері бірдей емес. Шетел англистикасында модальділік категориясы және оның берілу тәсілдері туралы жұмыстар өте көп, алайда сонымен бірге оның мәні туралы сұрақ толық деңгейде зерттелмеген. W.Diver, M.A.Marino, T.R.Hoffman, J.Newman, W.Rathey сияқты ғалымдардың жұмыстарда көбінесе модальділік категориясының аспектілері мен берілу тәсілдері зерттеледі .

 Англистикада кейбіреулері модальділік категориясын логикасы және прагматикасы күрделі құбылыс болып табылады. Модальділік категориясының берілу тәсілдері тек модальділік мағынаның прагматикасын есепке алу барысында ғана жүзеге асырылады. Модальділік категориясының берілу тәсілдерін тек қана реальді қатынас жағдаятын қамтитын прагматикалық жоспарды есепке ала отырып қана түсінуге болады. Кейбір ғалымдардың жұмыстарында модальділік қатынастың бірнеше түрлерін атап көрсетеді.

Е.И.Беляева коммуникативті негізге байланысты модальділік категориясының берілуі барасында 3 түрлі модальді қатынастың түрін атап көрсетеді. Олар: заттық модальділік (предметная) (мүмкінділік және міндеттілік), тілек немесе қалау модальділігі (волеизьявления) (оптатив пен императив) және эпистемиялық модальділік (мүмкінділк мағынасы,логикалық міндеттілік, сенімділік және сенімсіздік).

Шетел лингвистері де осындай модальділік түрлерін атап көрсетеді: динамикалық, деотикалық және эпистемиялық. Эпистемиялық модальділік (гректің epistemus-мағына дегенді білдіреді) сөйлеушінің шындыққа деген қатысы мен байланысыың тану деңгейін білдіретін бағалауыш модальділікті білдіру үшін қолданылады .

Тілшілер сонымен бірге эпистемиялық және эпистемиялық емес (epistemic/non-epistemic), (алайда олар терминологияда эпистемиялық және түбір молдальділіктері болып айтылады) (epistemic/root) эпистемиялық және деонтикалық (epistemic and deontic), сыртқы және ішкі (extrinsic and intrinsic) модальділік түрлерін атап көрсетеді .

Ішкі/деонтикалық/түбір модальділік адам өзі бақылай алатын іс-әрекетке байланысты қолданылады, ал сыртқы/эпистемиялық орындалу мүмкінділігінің бағалауыш деңгейіне қатысты айтылады. Сөйлеушінің тілек немесе өтініш білдіру не білдірмеуіне қатысты деонтикалық модальділік директивті және оптативті болып бөлінеді `directive and optative) .

Дж.Лайонез модальділіктің 3 шкаласын бөліп көрсетеді. Шартты рай арқылы берілетін тілек; сенімділік пен мүмкінділік және қажеттілік пен міндеттілік. Жалпы алғанда шетел лнгвистерінің модальділік категориясы жайлы пікірлері сәйкес келмейді .

Ресей англистикасында модальділік категориясы тереңрек зерттелген. Модальділік категориясының түрлі аспектілерін зерттеуде Смирницкий, [67] Л.С.Бархударов,Е.М.Гордон,И.П.Крылова, Б.А.Ильиш және тағы басқа лингвистерінің еңбектері зор. Сонымен бірге модальділіктің интонацялық деңгейде ьерілуі зерттелді (Т.А.Палей); ағылшын тілі монологындағы субьективті модальділіктің интонациялық берілу жолдары (Н.И.Панасенко); can/could, may/might етістіктерімен берілген сөйлемнің коммуникативті модальділігі (Л.Г.Давыденко; Ағылшын тілі мәтініндегі қажеттілі модальділігінің жүзеге асырылуы (Л.М.Фомина). Сонымен бірге рай категориясы модальділік категриясының морфологиялық беріу тәсілі ретінде зерттелген (И.З.Калемский), мүмкінділік модальділігінің берілу тәсілдерінің жүйесі (Г.Г.Мусина); салалас құрмалаа сөйлемнің модальділігі (Е.К.Андрианова); Модаль сөздердің номинативті және коммуникативті аспектілері және әр түрлі функционалды стильдерде қолданылу еркшеліктері (О.В.Романова) және т.б.

 Салыстырмалы зерттеу аспектісінде осы жұмыстың терең қарастырылғаны Ф.А.Агаеваның жұмысы дәлел болмақ. Ол өз жұмысында ағылшын және түркмен тілдерінде тілдерінде көркем әдебиет негізінде модальділік категориясын және оның берілу жолдарын ағылшын және түркмен тілдерінде салыстыра қарастырған. Осы зерттеліп және салыстырылып отырған екі тілде модальді мағыналарды ажыратуда просодиканың 3 компоненті: тональді, динамикалық және темпоральді компаненттері екі тілде де бірдей маңызды болып шықты.

Э.У Илебаевтың жұмысында ағылшын және қырғыз тілдеріндегі модальділік категориясы және оның берілу жолдары зерттелген. Осы жұмыста деңгейаралық категория ретінде модальділіктің көлемі, мазмұны және табиғат, берілу тәсілдері, саластырылып отырған екі тілдің де модальділіктің берілу тәсілдерінің классификациясы анықталған. Қырғыз тілі үшін модальдліктің ең негізгі берілу тәсілі синтетикалық жолмен құрылған морфологиялық тәсіл, ал ағылшын тілі үшін көбінесе аналитикалық конструкциялар арқылы берілетін синтактикалық тәсіл деп анықталды .

Е.И.Беляеваның монографиясы ағылшын және орыс тілдеріндегі модальділік категориясының функционалды-семантикалық сипаттамасына арналған. Негізінен коммуникативті қатынастың модальділікті білдіру барсындағы 3 түрлі қатынасқа бағытталған. Заттық, эпистемиялық және тілек модальділіктері. Модальділік категориясының күрделілігіне және көпаспектілігіне байланысты автор осы 3 модальділіктің қолданылу аясын зерттеумен шектеледі .

Л.Михневич ағылшын тілі материалы және олардың поляк және орыс тілдеріне аудармасының негізінде модальділікті грамматикалық категория ретінде мәтін модальділігін зерттейді. Ғалым модальділікті тек қана таза тілдік категория деп білмей, сонымен бірге көптеген тәсілдермен беріле алатын сөйлеушінің жеке бағалауының ақпары ретінде қараастырыла алады. Ағылшын, орыс және поляк тілдеріндегі модальділік компоненттерінің ерекшеліктері көрсетіледі .

Н.В.Головнина ағылшын және орыс тілдеріндегі императив және оның берілу жолдвъаның семантикасын талдайды .

Д.В.Сапрова нормативті-құқықтық актілер негізінде деонтикалық модальділіктің табиғатын зерттейді .

Қазақ тіліндегі модальділік категориясын зерттеген жұмыстар саны  ағылшын және орыс тілдерінде жазылған жұмыстарға қарағанда аз болып келеді. Бұған дәлелдеме ретінде тіпті «модальділік» терминінің біресе «модальділік» деп жіңішке айтылып, біресе «модалдылық» деген фонетикалық нұсқаларының сәйкес келмеуін де келтіре аламыз. «Модальділік» терминінің өзі қазақ тілінен шықпаған. Көріп отырғанымыздай осы сөздің пайда болу тарихы ежелгі Аристотель, Эйнштейн сынды ғалымдармен байланысты. Алғаш рет модальділік термині философия, журналастика, логика, психология сынды ғылымдардан шыққан және түрлі ғылымдарда түрлі мағынаға ие болған, демек оның түбірі басқа тілден келгендіктен оны қазақ тіліне жалпыға бір аударманың болмағандығынан болып отыр.

Алайда орыс тіліндегі модальность және ағылшын тіліндегі modality сөзін қазақ тіліндегі буын үндестігіне сай ь белгісінен кейін л жіңішке болып тұрғасын, модальділік деп алған дұрыс деп санадық.

Модальділік категориясы белгілі деңгейде қазақ тілші ғалымдарын да қызықтырды. Қазақ тіл білімінің негізін салушысы  жұмыстарында өкініш, болжам сияқты мағыналар рай категориясымен берілетіндігін айтқан. Ол өз жұмысында рай категориясының 14 түрін атап көрсетеді. Алайда қазақ тілінде детальді түрде тек модальділік катгеориясының әр түрлі аспектіліері зерттелген. Болжамдылық, қажеттілік, тиістілік және т.б. модальді мағыналары  А.Искаков, И.Маманов, Е.Жанпейісов, О.Төлегенов, Н.Оралбаева және тағы басқа ғалымдардың жұмыстарында зерттелген.

Е.Н. Жанпейісов өзінің зерттеу жұмсында қазіргі қазақ тіліндегі модальділік категориясы негізінен рай категориясы, модаль сөздер және демеуліктер арқылы беріледі деген. Ол модаль сөздердің именной және глагольный екі түрлерін атап көрсетеді. Осылыардың бір бөлігі қыстарма сөздер мүшесі арқылы берілсе, ал қалғандары баяндау арқылы беріледі. Осылардың көбі көпмағыналы болып келеді, сондықтансинонимдес қолданыла береді. Қазақ тіліндегі модаль сөздердің грамматикализация құбылысы арқылы осы екі түрлі модаль сөздердің қолданылу аясы кеңейеді .

А.Н. Нұрмаханова модальділік категориясын жалпы түркологиялық шеңберде қарастыра отырып, оның лексикалық, морфологиялық және синтаксистік берілу жолдарын көрсетеді. Модальділік категориясының лексикалық берілу тәсілдеріне қыстырма сөздер, қаратпа сөздер, одағай сөздерді, морфологиялық тәсілге рай категориясының формалары, етістік шақтары, модальді демеуліктер, ал синтаксистік тәсілге сөйлемдегі орын тәртібі мен интонацияны жатқызады .

О.Төлегенов  модальділік категориясын утверждение және отрицание аспектісінде зерттеген. Ғалымның пікірі бойынша осылыар әр түрлі құрылымды сөйлемдердің негізігі модальдлік түрлері болып табылады. Ол модальділік деп сөйлеуші тарапынан айтылғанның шындыққа қатынасын білдіретін грамматикалық мағынаны атайды. Шындыққа деген тура қатынасты логикалық немесе модальді қатынас деп атайды және осыған байланысты сөйлемдер болымсыз немесе утвердительный мағынада айтылады. Модальділік пен предикаттық арақатынасы туралы айтқанда, отрицание мен утверждение бір жағынан предикаттылық, ал екінші жағынан модальділік болып табылады, өйткені сөйлеуші ешқандай қатынасты білдірмесе де, ол шындық туралы айтылған ойды білдіреді.

Г.А. Медетова түркі тілдерндегі мүмкінділік модальділігін және оның берілу тәсілдерін зерттеген. Зерттеуші 2 топ түркі тілдерн қарастырған. Қарлұқ (өзбек және ұйғыр) және қыпшақ (қазақ және қырғыз). Осындай тілдерді салыстыру арқылы тілдер арасындағы ұқсас сипаттамаларын тауып, зерттелген тілдердің генетикалық түсіндірмесін және мүмкінділік модальділігінің берілу тәсілдерінің кейбір ерекшеліктерін анықтауға көмектесті. Оллексика-семантикалық, грамматикалықжәне интонациялық тәсілдмен берілетін жеке категория ретінде  баяндалған. Модальді-болжамды модальділіктің қолданылуының ерекшеліктері және семантикасы мен этимологиясы анықталды. Түркі тілдернде модальділіктің негізгі берілу тәсілі ретінде модаль сөздер деп алып қарастырылды және модаль сөздер шақтың кез келген формасында ашық райда тұрып болжамдылықты білдіре алады деген қорыттынды айтылды.

З.К. Ахметжанова қазақ тіліндегі аспектілік және модальді мағыналардың тығыз байланысын көрсете біліп, 7 топ аспектуальді-модальді тәсілдерін бөліп көрсеткен және онда модальділіктің екі түрі: атқаратын іске субьективті қатынасы және істің реальділігі мен ирреальділігін атап көрсеткен. Олар: интерруптивті (жарылып кете жаздады), фаллацивті (өлгенболып жатты), гипотетикалық (жүргелі отыр), аккуративті емес (жаба салды), ілеспелі (жүре тұр), коммодтық (сұрап алды), консекутативті (келісімен, келе сала).

Л.С. Дүйсенбекова қазақ тіліндегі бұйрық райдың функционалды-семантикалық аспектісін зерттеген.  Оның толық пардигмасы анықталған және семантикалық классификациясы анықталған. Сонымен бірге семантикалық табиғаты анықталды. Коммуникативті актідегі бұйрық рай функциясы анықталған. Бұйрық рай арқылы берілетін барлық анықталған 28 семантикалық реңктері анықталды .

Модальділік категориясының конструкциялар арқылы берілуін К.Мамадилов біріншіден теориялық негізді, құрылымды, семантикалық құрамын анықтаған және модальді реңктердің мағыналарын теориялық негізде анықтаған. Автор етістігі бар модальді конструкциялары арқылы берілетін модальді мағыналардың көп санға ие екендігін дәлелдеген. Бұл түркі тілдері үшін жалпы қасиет .

Т.Абдығалиева қазіргі қазақ тіліндегі жоққа шығарудың (отрицание) семантикасын және оның берілу тәсілдерін зерттеген. Оның ғылыми жұмысында терістеудің барлық берілу тәсілдері анықталған. Терістеудің барлық семантикалық құрылымы анықталған. Құрамындағы орталық және перефириялық элементтерін анықталған. Етістік арқылы теріске шығарудің төмендегідей нұсқалары анықталған: келіспеу, бас тарту, қарсы болу, тыйым салу, қарсы шығу, ескерту және т.б.

Б.А.Жақыпбеков көркем шығармалардағы бұйрық райдың қолданылуын зерттеген.Автор бірқұрамды, көпқұрамды және күрделі бұйрық сөйлемдерін зерттеген .

С.Қ.Құлманов қазақ тілінде мүмкінділік модальділігін функционалды-семантикалық категория ретінде қарастырып, оның лексика-грамматикалық,морфологиялық, синтаксистік және контексті-мәтіндік берілу тәсілдерін зерттеген. Автор темпоральділік және аспектуальділік категориларының мүмкінділік аясымен арақатынасының байланысын зерттеген. Сонымен бірге  С.Қ.Құлманов міндеттілік және қажеттілік модальділігінің беріліу тәсілдері де қарастырылады [80].

Қазақ тіл білімінде сөйлемді құрудың негізгі сипаты ретінде  модальділік категориясының орны және рөлі анықталмаған және модальділіктің берілу тәсілдері аяғына дейін жүйеге келтірілмеген. Қорытындылай келе, қазақ тіл біліміндегі тілші ғалымдардң зерттеу жұмыстарынң жаңашылдығына қарамастан қазақ тіл біліміндегі модальділік категориясы аз зерттелген болып саналады.

Тілдік модальділік жайлы сөз болғанда ең алдымен осы категорияны білдірудің бір жолы болып саналатын рай категориясының маңыздылығы айтылады. Рай категориясы әлемдегі көптеген тілдерінде модальділік функционалды-семантикалық тұтастығын парадигмаға түскен морфологиялық көрсеткіші есебінде түсіндіріледі.

Қазақ тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынұлы етістік райының он бес түрін көрсетеді: тұйық, билік, ашық, шартты, ереуі, реніш, қалау, сенімді, сенңмсіз, болжал, мұң, көніс, қайрау, азалы, теріс.

Модаль сөздер-тілдегі модальділік пен предикаттылық құбылыстарымен тығыз байланысты тіл-тілдердің барлығында бар, тілдік бірліктерге жататын сөздер тобы. Модаль сөздер сөйлемде айтылған ойдың мазмұнына, болған шындыққа айтушының көзқарасын білдіреді. Қазақ тілінде модаль сөздер сөз таптары қатарына кірмейтін сөйлемнің сан алуан экспрессивтік және эмоционалдық мәніне байланысты сөйлем мәні құрамына енгенін, оның анықтығын көрсетумен қатар, күмәндылығын не болжамдылығын білдіреді. Бұндай сөздерге қазақ тілінде мүмкін, шамасы, рас, әрине, тәрізді, сияқты, әлбетте, бәлкі сөздері жатады. Профессор С.Исаев атаушы сөздерден басқа көмекші сөздердің бір түрі шылаулар және одағай сөздер мен модаль сөздер жеке сөз табы болып қаралады, өйткені олардың жеке лексикалық мағыналары болмаса да, өзі қатысты сөзге я сөйлемге қосымша грамматикалық мән үстейді.

Қазақ тілінде бар, жоқ, керек, көп, аз, әрине, бәсе, мүмкін, бәлки, әлбетте, қажет деген сияқты біраз сөз бар. Бұл сөздер басқа топтарға қарағанда сан жағынан аз болғанымен, мағынасы мен қызметі жағынан тіпті ерекше деп айтуға болады. Осы ерекшеліктеріне қарай негізгі сөздер мен көмекші сөздердің аралығында тұратын өз алдына категория модаль сөздер деп аталады. Модал сөздер адамның өзі айтпақшы болып отырған ойына қалай қарайтынын, көзқарасын, қандай пікірі барлығын білдіреді. Мысалы: терезені ашу керек, терезені ашу қажет деген сөйлемдердегі керек,  қажет сөздері арқылы сөйлеген адам терезені ашудың керек, қажет екендігін айтып, өзінше пікір түйеді, бірақ не ашылады деп хабарламайды не аш деп бұйырмайды немесе ойға қатысты мәндер қосатын сөздер екенін айтып, оны көмекщі сөздер қатарына қосады.

Модаль термины латынның  шама, тәсіл, көрініс деген модальдық деген мағынаны білдіреді. Модальділік пікірдің субьектісі мен обьектісі арасындағы байланыстың сипаты, яғни пікірлер. Пікірлерді модальділігіне қарай бөлуді тұңғыш рет Аристотель.

Модальділік сөйлеушінің  сөйлем мазмұнына көзқарасын және сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатысын білдіреді. Тіл білімінде модальділік категория сыртқы синтаксистік модальділікке жататын обьективті, субьективті және ішкі синтаксистік модальділік мағына тұрғысында қарастырылады. Обьективті модальділік мағына сөйлеушінің ақиқат шындыққа реалдылық-бейреалдылық көзқарасын, ал субьективті модальділік мағына сөйлеушінің мүмкін, қалауы, қажетті, міндетті, бұйрықты іс-қимыл ретіндегі бағасы беріледі.

Модальділік категориясы-негізінен субьектінің обьектіге, ақиқат шындыққа деген сенімін, күмәнін, тілегін, болжамын, қалауын т.б. Осы сияқты әр түрлі қатынастарды  білдіретін категория. Басқаша айтқанда, айтушының сөйлем мазмұнына немесе сөйлемнің баяндалу мазмұнына, сөйлеуші жаққа. Ондағы ақиқат шындыққа деген субьективтік көзқарасының көрінуі. Өйткені сөйлеуші сөйлеу жағдайы мен сөйлем мазмұнына, оның құрылысына әрдайым өз қатынасын білдіріп отырады. Бұл қатынас ақиқат шындыққа деген айтушы қатынасы немесе модальділік қатынас болып табылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.     Гухман М. М. Готский язык. М., 1998.

2.     Зайнуллин М. В. Модальность как функционально-семантическая категория. Саратов, 1986.

3.     Иванова И. П. История английского языка. СП. 1999.

4.     Иванова И. П., Бурлакова В. В., Почепцов Г. Г. Теоретическая грамматика современного английского языка: Учебник / - М.: Высш. школа, 1981. 

5.     Ильиш Б. А. История английского языка. - Л., 1968; 1973.

6.     Смирницкий А. И. Древнеанглийский язык. М., 1998.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ағылшын және қазақ тіл біліміндегі модальділік категориясының зерттелуі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тіл білімінде әр түрлі тілдердің салыстырмалы-типологиялық зерттелуі жылдан жылға маңызды болып отыр. Оларда тілдердің генетикасы жағынан қай тілге жататына қарамастан, тілдің құбылыстарының құрылымындарының салыстырмасы беріледі және бұл жалпы бірдей тілдік категорияларды белгілеуге мүмкіндік береді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 262 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2018 729
    • DOCX 25.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мәлік Айгүл Қамбарқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мәлік Айгүл Қамбарқызы
    Мәлік Айгүл Қамбарқызы
    • На сайте: 6 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1471
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания французского языка в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 57 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Преподавание русского языка как неродного в образовательном учреждении

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 232 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания китайского языка с учетом требований ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 107 человек

Мини-курс

Феноменология в педагогике: основные концепции и их практическое применение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы духовно-нравственной культуры народов России: особенности преподавания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Интерактивные материалы на печатной основе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек