Инфоурок / География / Рабочие программы / Алтай тауы 8 сынып
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Алтай тауы 8 сынып

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы

Қашаған Күржіманұлы атындағы

8 орта мектептің биология-география

пәнінің мұғалімі: Байболова Гүлжамал



Сабақтың тақырыбы: 45 Алтай тауы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Алтай тауының географиялық орны, геологиялық құрлысы, климаты,

Табиғат зоналары туралы түсінік беру.

а) Білімділік: Оқушыларға Алтай тауы туралы толық мағлұмат бере отырып, білім-

білік дағдыларын қалыптастыру.

ә) Дамытушылық: жаңа технологиялық әдістерді қолдану арқылы кейбір бөлімдері

тірек-сызба нұсқалар және атлас карталар арқылы, өзіндік ойлау, есте сақтау

қабілеттерін дамыту.

б) Тәрбиелік: Отанын сүюге, туған елін, жерн сүюге, қоршаған ортаны, табиғатты

қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Тірек-сызба, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың түрі: Аралас-сабақ

Көрнекілігі: Сызба нұсқа, интерактивті тақта. Слайдтар.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география, тарих.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі:

а) Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ә) Оқу құралдарына назар аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап, картамен жұмыс)

  1. Қазақстан солтүстігінде қай елмен шектеседі?

  2. Қазақстанның ең биік нүктесі қалай аталады?

  3. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?

  4. Қазақстанның батыс қақпасы деп нені айтамыз?

  5. Сарыарқа Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

  6. Сарыарқаның биік нүктесі?

  7. Бетпақдала Сарыарқаның қай жағында орналасқан?

  8. Қазақстанның аласа тауларын ата?

  9. Қазақстанның ең төмен ойысы?

  10. Шығыс Еуропа жазығына кіретін, Қазақстанның қай аймақтары?

  11. Тұран жазығына қандай жерлер жатады?

  12. Мен қай зонада тұрамын.

3. Сабақ жоспары:

  1. Географиялық орны.

  2. Жер бедерімен геологиялық құрылымы.

  3. Пайдалы қазбалар.

  4. Климаты.

  5. Өзендері мен көлдері, мұздықтары.

  6. Табиғат зонасы. Өсімдіктері, жануарлары.

1 Географиялық орны- Зайсан көлінен басталып, Байкал көліне дейінгі аралықта, Алтай –Саян тау жүйесіорналасқан. Алтай тауының оңтүстік батысы Қазақстан жеріне кіреді.


hello_html_bf71ac2.png

Ал Алтайдың Солтүстік батысы-Ресейде

Солтүстік шығысы –Монғолияда

Оңтүстік шығысы- Қытайда

Алтай тауына Қазақстанның мына аймақтары кіреді. Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, Қалба жотасы, Сарыарқаның шығысындағы Шар өзенінің аңғары жатады.

2. Жер бедері – Алтай тауының жер бедерінің ерекшелігіне қарай үш ауданға бөлеміз.

  1. Оңтүстік Алтай

  2. Кенді Алтай

  3. Қалба жотасы

Осыларға жеке-жеке тоқталамыз.

Оңтүстік Алтай – Бұқтырма өзені, Зайсан көлімен Қара Ертіс аралығында жатыр. Оңтүстік Алтайдың солтүстігі биіктеу келеді. Нарын жотасының абсолюттік биіктігі 3373 м биік шыңы. Ал оңтүстігі онша биік емес қыратты, жазықты аласа таулар болып келеді. 1449м биіктікте орналасқан Марқакөл қазаншұңқыры орналасқан. Алтайдың оңтүстік бөліктері күшті тілімделген. Кей жерлер аласа, жазыққа айналған.

Кенді Алтайға – Оңтүстік Алтайдың Солтүстігімен Рессейдің шекаралас жерлерін түгелдей қамтиды. Үлбі және Үбе жоталарынан тұрады. Алтайдың биік қатынтау жотасы осы өңірге кіреді.

Қалба жотасы – Ертіс өзенінің сол жағында орналасқан Оның биік нүктесі. 1560 м Сары шоқы деп аталады. Қалба жотасы Батыс жағында шар өзенінің аңғары арқылы Сарыарқамен шектеседі. Төбелері жұмырлау, беткейлері әбден тілімделген. Кей жерлері жазық.



Герцин қатпарлығында

пайда болған.










Қазіргі биік таулардың қалыптасуына өзен эрозиясы мен мұздықтар көп әсер еткен. Алтай тауы метаморфтанған тау жыныстарына өте бай өлкеге айналды. Көптеген қазба байлықтары түзілді. hello_html_m6175896e.png


3 Пайдалы қазбалар Алтай Қазақстанның таусылмас табиғат қазынасының ордасы. Алтайдың қойнауында алтынның, күмістің, қалайы рудаларының, есепсіз қоры сақталуда. Нарын Күршім жоталарында- алтын мен сирек металдар. Қалба жотасында қалайы мен вольфрам

Кенді Алтайда – көптеген түсті металдар бар.

Осы қазбаның негізінде Өскеменде, Риддерде, Зырянда металлургия кәсіптері салынған.

4 Климаты. Алтай қоңыржай континентті климатта орналасқан. Жаз өзінде тау іші салқындау, ал қыста керісінше жылы. Оңтүстігінде жазы-ыстық, қысы –суық, жазы ыстық. Тау биіктеген сайын, температура өзгереді. Тау беткейлерінде шілде де +190 С, +220С, ал тауда 2500-3000 м биіктікте +70С, +60С. Ең суық ауа-райы -400 С –қа дейін төмендейді.

Жауын-шашын жалпы Алтай тауы Қазақстан жеріндегі жауын-шашын мол түсетін аймақ. Тау ішінде 1500мм, тау етегінде 300-400 мм. Қыста қар көп жауады, қардың қалыңдығы 1-3 мм. Жазғытұрым қар ерігенде сел тасқындары, қар көшкіндері жиі болады.Бұндай оқиғалар сол жердегі жергілікті халыққа кө зиян тигізеді.

5 Өзендері мен көлдері, мұздықтары. Алтайда өзен де, көл де көп. Олар басын таудағы қар суынан, мұздықтардан алады. Ең үлкені Ертіс. Ертістің Зайсан көліне дейінгі бөлігі Қара Ертіс болып басталып, Қалба мен Нарын жоталарының арасымен ағады. Ертіске құятын өзендер: Кендірлік, Күршім, Бұқтырма, Үлбі, Үбі т.б өзендері құяды. Ертістің бойында Өскемен, бұқтырма, Шүлбі электр станциялары салынған. Олар бүкіл Шығыс Қазақстанға және республиканың басқа жерлеріне электр қуатын береді. Алтай көлге де бай. Көлдердің ең үлкені Зайсан (ауданы 5510км2) Марқакөл (ауданы455км2) Марқакөл тектоникалық қазаншұңқырларда орналасқан. 1976 жылы Марқакөл қорығы ұйымдастырылған.

Мұздықтар Қазақстанның Алтай тауларында 328 мұздық бар. Мұз 2600м биіктікте жатыр. Жалпы ауданы 89,6 км2. Олар Қатын тау Оңтүстік Алтай тауларында көптеп кездеседі.

6 Табиғат зоналары. Солт. Батыстың биік белдеулері-дала зонасында. Оңтүстік шөлейтте орналасқан Ол екеуінің шекарасы Бұқтырма өзенімен жүреді. Алтай тауының беткейінде - м биіктікке дейін өсімдіктер өседі. Одан жоғары мәңгі қар.


hello_html_m58b116f5.png


Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары.

  1. Алтай тауы неше мемлекетке ортақ?

  2. Алтай тауы Қазақстан жерінен қай жерге дейін созылып жатыр?

  3. Алтын деген қай тау?

  4. Алтай тауы Қазақстанның қай жерінде орналасқан? (картадан корсету)

  5. Алтай тауының ең биік нүктесі?

  6. Қазақстан жеріндегі ең биік жота?

  7. Алтай жер бедерінің ерекшелігіне қарай нешеге бөлінеді?

  8. Негізгі қазба байлығы?

  9. Суы мол өзен?

  10. Ертіс өзені қай жерден басталады?

  11. Қандай көлге құяды?

  12. Алтай тауы қандай табиғат зоналарында жатыр?

  13. Қазақстанның басқа жерінде кездеспейтін жануар?

  14. Марал мүйізінен неалынады? (пантаркин дәрісі)

  15. Мөңке балығы қай көлде? (Марқакөл)

  16. Орман Алтайдың қай бөлігінде? (Солтүстігінде)


Y. Қортындылау.

Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен салыстырмалы түрде қортындылап шығу.


YI. Бағалау.


YII. Үйге тапсырма. § 45 Алтай тауы.

Кескін картаға немесе география дәптерлеріңізге Алтайдың тау жоталарын орналасу бағытын, пайдалы қазбаларын түсіру.




hello_html_mf0c4e86.png


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-007656

Похожие материалы