Инфоурок Другое Конспекты«Алтыбақан» - қазақтың ұлттық ойыны

«Алтыбақан» - қазақтың ұлттық ойыны

Скачать материал

«Алтыбақан» - қазақтың ұлттық ойыны. Алтыбақан ертедегі ауыл өмірінде жастардың кешкілікте бас қосып, халық аспаптарының сүйемелдеуімен ән салатын, айтысатын, әзіл-оспақ, назды күлкісімен көпшілік болып көңіл көтеретін ойын-сауығы болған.

(Сахна әдемі безендірілген. ортада алтыбақан құрулы тұрады.

 Көктем биі).

1-жүргізуші:

Армысың, алқалаған қалың елім,

Бүгінің, болашағың жарқын сенің.

Құтты болсын бүгінгі амал тойы,

Сыпырғын аз-кем сәтке аттың терін.

2- жүргізуші:

Таласа тұрып бүгін сәріменен,

Киінген қыз-келіншек сәніменен.

Таңертең ауылымыздың жас-кәрісі,

Көріскен Маңғыстаудың дәбіменен.

1-жүргізуші:

Ауылым Сыңғырлаудың бөктерінде,
Қол созған қоңыр күмбез көкте күнге.
Қой жайған құба жоным қымбат маған,
Мен үшін керегі жоқ Меккенің де.

2-жүргізуші:

Ауылым Сыңғырлаудың бөктерінде,
Жаныма Жасаған жыр еккенінде –
Түндігін қараша үйдің желпілдетіп,
Нөсерін нөпір жырдың сеппедім бе?!

1-жүргізуші:

Мекенім Сыңғырлаудың бөктерінде,
Қыз аулы – қырдың анау беткейінде.
Қылаңды қыр астынан тосып алып,
Алқынып, ақ бетінен өппедім бе?!
2-жүргізуші:
Ауылым Сыңғырлаудың бөктерінде,
Жайнаған жауқазыны көктемінде.
Талай күн таңға дейін сыр шертіскен
Қалқаның халін біліп кетпедім бе?!

1-жүргізуші:

Жақсы дәстүр жалғасын тауып жатыр,

Сыңғырлау ауылының саясында.

Жас ұрпақ ойын-сауық құрып жатыр,

Тербеліп алтыбақан аясында.

(Күй әуені күшейтіліп, жүргізушілер кетеді. Сахнаға әуелетіп «Тау ішінде» әнін салған жігіттер тобы шығады. Қарсы жақтан «Гүлдерайым»  әнімен қыздар даусы алыстан талып естіледі).

 

Зәмзәгүл женге: Мына жігіттер біздерді күтпей-ақ «Алтыбақанды» бастап та жіберіпті ғой.

Руслан:  Тағатсыздана күткен аруларымыз дауысымызды естіп, тезірек жетсін дегенім ғой, жеңеше. Оның несі айып?

Зәмзәгүл женге:: «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» дегендей, қыз жүрегін баурап алар өнерің болса, осы кеште аянып қалма, сері жігіт.

 

Мақсат:    

Ұлы Абайды табынтқан Тоғжан әні,

Өмірдің ғашықтарсыз бар ма сәні?

Қайып та «Ақбөбек» деп бебеу қаққан

Қарсылық білдірсе де елдің бәрі.

- Пәлі!

- Табылған сөз!

Айгүл жеңге: «Оралыңның барында ойна да, күл» демейтін бе еді? Бүгін бір арқаны кеңге салып, құмардан шығыңдар. Өнерлеріңе қазылық міндетін өзім алғалы келдім. Әйтпесе, үйде бала бар, ата менен ене бар дегендей. Ал, қане, кімнің қандай өнері бар?

Қыздар: «Дедімай – ау» әні

 

(Жігіттер өзара ақылдасады. Қыздардың өнерлі екендерін мойындап, қайтсе сүріндіруге болатынын айтып жатады.)

Кемел:  Мына қыздар әнші екен, енді жұмбақ қойып сынап көрсек қайтеді. ( жігіттер қостайды)

Ерболат:

Ақылменен шешіңдерші жұмбағымды

Дәл тауып айта қойшы ойдағымды.

Жауабын тездетіңдер, әйтпегенде

Білерсің қой кезекке қойғанымды. (Жігіттер жағы күліп алады).

 

Зульфия: Қыздар, мына жігіттер бізді сынамақ қой, сірә. Қане, кімнің қой кезекке баратынын көрсетейік. Дұрыс жұмбақтарың болса, айтып көріңдерші, қане? (Қыздардың қостаған дауыстары естіледі)

Кемел:

Жұмбақ айтсам, табасың,

Ақылмен шешіп аласың.

Шеше алмасаң жауабын,

Әсем әнге саларсың.

(Күлкілер естіледі)

Сандуғаш: Мына жігіттердің дәмесін қарашы. Ал қане, қыздар, жігіттердің жұмбағын тыңдайық, кәнеки.

Жомарт: Жігіттердің жұмбағының қиын екенін ұмытпаңдар. Айыбын өтеуге әзірлене беріңдер.

Жомарт:

Қағайын десем ауыр кілем,

Сатайын десем тәуір кілем?

Гүлнұр:

Жұмбағыңның шешуі аспан ба екен

Жұлдыздар шашырап жатқан кеткен

Сатарлықтай адамды таба алмайсың

Көтеру бұл кілемді азап екен.

Руслан: Ой бәрекелді, мына қыздардың пысығын ай, жауабын дәл тапты.

Ақылбек: Ал ендеше мына жұмбақты тауып көріңдерші.

Қыздар ау, білдірейін сізге тағы

Құс көрдім өзі жансыз бір аяғы

Теңізде салған жолы сайрап жатыр

Байыппен ойлап тапқын мұны дағы.

 

Зульфия:

Ақылбек, айтқаныңды қазір табам

Жансыз құс бір аяқты мұның қалам

Теңіз мысал қағаз ғой, жолың жазу

Жұмбағың осыменен болсын тамам.

Ақылбек: Ойпырмай, мына қыздар тағы да тауып кетті ау. ( жігіттер дуылдасып қостайды.)

 

Шаттық:Енді біздің жұмбағымызды тыңдаңдар:

Мен көрдім бір теңізде темір қайық

Әр пенде пайдаланар көріп лайық

Үстінде түндігі жоқ үйді тігіп

Кетеді рызықтанып барша халық.

 

(Жігіттер тосылып қалады. Қыздар «бол, болдың» астына алады.)

Ақылбек: жұмбақтарыңның жауабын таба алмадық, жеңілдік.

 

Гүлназ:

Дастархан теңіз мысал, қайық паднос.

Бұл күнде әмбе халық қойған ықылас

Шыныаяқ түндігі жоқ үй дегенің

Әр пенде рызықтанып ішпей ме ас.

 

Ақылбек:  енді айыбымызды  өтеу үшін бір ән салып берелік жігіттер.

(Ақыры таба алмаған соң жігіттер жағы айып төлейді.)

 

Жігіттер:  халық әні «Тау ішінде».

Мақсат:

Жаңылтпаш айтсам, қарындас,

Қайталап айтар табылмас.

Айыбы қымбат тұрады,

Сеземін, тауым шағылмас.

Рая:

Айта ғой жаңылтпашың қиын болса,

Қыздардан айып алар ойың болса.

Жаяулап үй жағыңа қайтып жүрме

Көрерсің одан басқа сыйым болса.

Кемел:    Ал, ендеше тыңдаңдар:

Ағама ат тағалаттырдым,

Жеңгеме жалын тазалаттырдым.

Апама тоқым жаңалаттырдым,

Бәрін де өзім қадағалап тұрдым.

Райхан:

Ағама ат тағалаттырдым,

Жеңгеме жалын жаңалаттырдым,

Апама тоқым тазалаттырдым.

Бәрін де өзім қадағалап тұрдым.

айта алмай қалады.

(Қыздар тұтығып айта алмай қалады. Жігіттер жағы мәз-майрам болады. Қыздардың асықтырғаны есіне түскендей, бұлар да асықтыра түседі. Ақыры болмаған соң, қыздар жағы айыбын төлейді.)

Қыздар:  Қазақ биі.

 

Ақылбек:

Жаңылтпашқа тілдерің келмес деймін,

Өкпелеп қалып жүрме бізге кейін.

Сеземін, осы жолы сүрінерсің,

Олақ қыздың қолындағы кестедейін. (бәрі дуылдап күледі).

Кемел: Атам берген ақ атанымды бұйдалайын десем де, бұйдалай алмадым.

Рая:  Бұйдалай алмасаң, ноқталай сал. Әуре боп қайтесің? - деп дуылдасып, күліп жатады.

Гүлназ: Қане, атанын бұйдалай алмаған шырақтың жаңылтпашын жаңғақша шағып жіберелік, қыздар. (Өзара дуылдасып, орталарынан Сандуғаш шығарады.)

Сандуғаш: Атам берген ақ атанымды бұйдалайын десем де, бұйдалай алмадым.

 (Қыз жаңылтпашты мүдірмей айтып шығады. Жігіттер өзара күбірлесіп қалады).

Жомарт: Ал, қыздар, енді сендер-ақ  айтыңдар жаңылтпаштарыңды, біз де қарап қалмаспыз.

Рабиға:    

Көп көкек,

Көкектеп,

Көкек кеп,

Көктем келді. Ал, осыны тез-тез айтып көріңдерші.

Руслан:  Мынауың жаңылтпаш емес, жұмбақ сияқты ғой.

Шаттық:  Айта алмайтын болған соң, солай ғой. Мүмкін, ертегі дерсіңдер. (Жігіттер бірінен соң бірі шығып, айта алмай жатады).

Жомарт:

Көп көкек,

Көкек, көкек (деп айта алмай қалады)

Мақсат:

Жеңгеміз қысылғанда табар айла,

Жақсының шуағындай көңіл қайда?

Сұраймыз өзіңізден біздер көмек,

Әкелмес бос мақтану басқа пайда.

Зәмзәгүл жеңге:  

Қыздар ау, жеңгемен де санасыңдар.

Сендердің сындарыңа таласым бар.

Жігіттерге гүл теру ойыны бар,

Батылың жетіп қайсың аласыңдар.

(Ойын ойналады. Жігіттер сыннан мүдірмей өтеді.)

Айгүл жеңеше:

Бірің күн, бірің жұлдыз арайсыңдар,

Шуақ боп жер бетіне тарайсыңдар

Діттеген межелерден шыға алдыңдар

Мықтысыңдар, жігіттер, жарайсыңдар

Ерболат:т

Көңілдерде жүрмесінші кірбің қалып,

Құрбылар, кел өлеңмен айтысалық.

Ақынды айтысқанда жеңіп шығып,

Кетейік қыз үкісін қалап алып.

 

Жігіттер хормен:

Мен өзім әрі ақын, әрі батыр

Қайда екен ақын қыздар бермен шақыр

Ой жайлау ай.

Ақ бүрлен, бүрлен, бүрлен, бүрлен, бүрлен

Бүрленді аралайды жолын білген.

Қамшыны екі бүктеп қолға ұстап

Қызығы бұл дәуреннің ойнап күлген ой жайлау ай.

 

Қыздар хормен:

Жасымнан серік еді өлең деген

Өлеңмен жігіттерді жеңем дегем.

Қыздармен айтысатын кім бар ау деп

Күнімен сендер жаққа елеңдегем ой жайлау ай.

 Ақ бүрлен, бүрлен, бүрлен, бүрлен, бүрлен

Бүрленді аралайды жолын білген.

Қамшыны екі бүктеп қолға ұстап

Қызығы бұл дәуреннің ойнап күлген ой жайлау ай.

Қыздар хормен:

Ерболат:

Өлеңім тізбектеліп өріле ме,

Сұлу қыз кербезденіп керіле ме.

Ойпырмау, қалың қыздың арасынан

Мен күткен Жанатжан көріне ме ой жайлау ай.

Жанат:

Қыздарды атқан жарық таңдай  көрер

Қыздарға әдемі өлең арнай келер

Сұлу іздеп сенделген ер жігіттің

Бар екен әннен басқа қандай өнер.

Ерболат:

Сұлу қыз көңілімнің қошы болды ау

Ән салсам Жанатжан қосылар ма ау

Әннен артық өнерім жоқ ед қалқа

Жеңілген жерім анық осы болды ау ой жайлау ай.

Жанат:

Жадырап салғанымыз ән емес пе

Ән деген бізге ғана тән емес пе

Жиналып қыз жігіттер отырғанда

Бүгінгі Сыңғырлаудың сәні емес пе ой жайлау ай.

Ерболат:

Жүздерің өмір нәрі бір көрінген

Күндер ай тамаша ғой бірге күлген

Шіркін ай татулыққа не жетеді

Жастыққа жалын атып бірге жүрген ой жайлау ай

Зәмзәгүл жеңге: О бәрекелді, бірлік пен берекеге жететін не бар, амалдың қасиетті күні ауылдың үлкендеріне  сәлем беріп, батасын алайық.

(барлығы: Ал кеттік, жүріңдер десіп ауылға бет алады).




Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Алтыбақан» - қазақтың ұлттық ойыны"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 578 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.05.2017 2284
    • DOCX 23.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Құттымұратова Рая Үсенқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Құттымұратова Рая Үсенқызы
    Құттымұратова Рая Үсенқызы
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34373
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой