Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Другие методич. материалы / Аналар мерекесіне арналған сценарий (2 сәбилер тобы)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Доп. образование

Аналар мерекесіне арналған сценарий (2 сәбилер тобы)

библиотека
материалов

2 сәбилер тобына арналған сценарий:

Карлсон бізде қонақта!


Әдемі әуенге балалар залға кіреді, қолдарында гүлдер бар.

Жүргізуші:

Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.

-Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.


<Гүлдермен би>
Биден кейін гүлдерді жинап, оларды құмыраға қойып, орындарына отырады.


(
көңілді әуен жүргізіледі)


Жүргізуші: Балалар, бұл не? Кәнеки, ыңғайлап отырып, кім келе жатқанын көрейік.

(Карлсон ұшып келе жатады)
Карлсон: Сәлем,балалариктар!Қыз бен ұлдариктар ! Сендер мені таныдыңдар ма?
Балалар: Иә!
Карлсон: Сендерге көңілді Карлсон келді. Тамақ ішуге, шай ішуге келдім.
Ал, сендердің тәтті бәліштерін, кәмпиттерін, балмұздақ пен мармеладтарын қайда?Мен көңілді Карлсонмын, сондықтан мен балалар мен үлкендерге ұнаймын!

( <Смешной человечек> әнін айтады)


Жүргізуші: Тоқтай тұр, тоқтай тұр, Карлсон! Әрине, біз сені мерекемізде көруге өте қуаныштымыз, бірақ неге сен тек қана балалармен амандастың? Қарашы , залымызда қаншама әдемі киінген қонақтар отыр.


Карлсон: Ой, расында да қонақтар отыр екен.
(
бір анаға, екінші анаға жақындайды да, қолдарынан алып амандасады, сөмкелеріне қарайды)
Өзімді таныстыруға рұқсат етіңіздер! Мен Карлсонмын! Әлемдегі ең әдемі, ақылды, тәртіпті және тамақты көп жейтін еркекпін! Көөп күш-қуаты бар, өте қызықты еркекпін! Ой, сіздің сөмкеңізде не бар?! Зефир, шоколад?! Ой, а сізде ше? Тәтті иристар ма? Біреуден сағыздың иісі шығады! Мм, тәттіні жегім келіп тұр. Көздеріңіздің алдыңызда жүдеп жатырмын.

Жүргізуші: Тоқтай тұр, тоқтай тұр, Карлсон!Асықпа! Сен бізде қонақта көп уақыт болған жоқсын ғой.

Карлсон: Енді не қылайын. Жұмыс..Қаншама үйлерге ұштым, қаншама балақайлармен таныстым! Ал, тәттілерді қанша жедім десейші!

Жүргізуші: Иә, Карлсон! Сен әлі де тәттіні жақсы көретін жыбыр-жыбыр екенсің! Бірақ біз балалармен бірге саған өте қуаныштымыз. Солай ма,балалар!

Карлсон: Ой, мен қалай қуаныштымын, десеңдерші! Өйткені мен қазіргі уақытта сендердің бақшаларыңның төбесінде тұрамын ғой. Және бір кезде терезелеріңіздің алдынан өтіп балалардың бір мерекеге дайындалып жатқанын көрдім. Бірақ қандай мерекеге екенін түсінбедім! Қандай мереке?
Жүргізуші: Қандай мерекені тойлап жатырмыз, балалар, айтайықшы?
Балалар: 8 Наурыз!
Карлсон: Ух, ты! 8 наурыз?! Бұл не?
Жүргізуші: Қандай мереке екенін қазір балалар саған айтып береді!

Балалар тақпақтар айтады

Жүргізуші: Ал енді, Карлсон, 8 наурыз дегенді түсіндің ба?

Карлсон: Иә! Балалар әр күн сайын әнді неге қатты айтып жатқанын мен енді түсіндім!Олар дайындық жасаған екен ғой! Аналары мен әжелері қуанышты болсын деп. Мерекеде сарқыт бола ма?
Жүргізуші: Әрине, бірақ ол сарқытты алу үшін еңбек ету керек. Сен бізге ән айтып немесе би билеп берсең, көреміз береміз ба жоқ па!

Карлсон: О не дегеніңіз, мен ұялам ғой!

Жүргізуші: Жарайды, саған көмектесеміз! Балалар, бірге көңілді польканы билеп берейікші!
Би
(биден кейін балалар отырады, ал Карлсон құлайды)
Карлсон: Болды! Би керемет болды, бірақ мен ауырып қалдым, маған міндетті түрде тәтті бір нәрсе беріңдер!

Жүргізуші: Балалар, Карлсонды құтқару керек! Дәмді тосаппен тұрған бәнкеміз қайда?!
Карлсон: (басын көтеріп) Тосап?!!!Дұрыс естідім ба!
Жүргізуші: Иә, тосап!
Карлсон: Ал бәнкесі үлкен ба?!

Жүргізуші: Үлкен, үлкен!
Карлсон: Ал қасық үлкен бе?!
(жүргізуші қолына банка мен қасықты ұстап, Карлсонның қасына жақындайды)
Жүргізуші: Қасық мынадай! Аузынды аш, қазір біз сені құтқарамыз!
(жүргізуші Карлсонды тамақтандырады, бірақ Карлсон бәнкені алып, бұрышқа тығылып тосапты жеуді жалғастырады)
Жүргізуші: Ойпырмай, Карлсон, менің ойымша сен бәрін шатастырып, тәттіқұмар мерекесіне келдім деп ойлап жүрсің. Ал біз аналар мерекесін тойлап жатырмыз!

Карлсон: (аузын сүртіп, ортаға шығады)

Ештенені де шатастырған жоқпын! Олай болса, мен сіздерге тосынсый дайындадым!
Жүргізуші: Тосынсый?! Күшті ғой! Ол туралы айтып берші бізге!
Карлсон: Балалар, сендер ойын ойнауға жақсы көресіңдер ма?

Балалар: Иә!
Карлсон: Осы менің сізге деген тосынсыйым!
Сендермен бірге «Гүл жина» атты ойын ойнайықщы!

«Гүл жина» ойыны

( жерде әр түрлі түсті гүлдер жатыр, балалар бір түсті жапырақтарды жинайды)
Жүргізуші: Рахмет, балалар, жақсы ойнадыңдар!Саған да Карлсон, рахмет!Ойын үшін, гүлдерін үшін! Енді сол үшін мен саған мына кәмпитті бергім келеді!Саған деген тосынсыйымыз болсын!

Карлсон: Қап! Кәмпиттің түрін қараңдар!Рахмет!Көңілімнен шықты! Сендерде осындай үлкен кәмпиттер болса, мен кетуге асықпаймын! Мен, осында, сендерде қалатын шығармын!
Жүргізуші: Біз сен осында қалатынына куаныштымыз, бірақ кәмпит үлкен болса, оны барлығына бөлуге болады ғой!

Карлсон: Жо-жоқ!Нені бөлеміз! Өзіме де аз болып тұр ғой!
Жүргізуші: Жарайды, мен әзілдедім! Әрине, сен осындай тәтті сыйлыққа лайықсын! Айтшы,Карлсон, саған біздің мерекеміз ұнай ма?
Карлсон: Әрине, сендерде сондай тамаша!Балалар мен қыздар әдемі киінген!Аналарымыз қандай сұлу, көңілді!

Жүргізуші: Дұрыс айтасын, Карлсон, аналарымыз бүгін өте әдемі, өйткені бүгін олардың мерекесі ғой! Оларға арнап балалар ағылшын тілінде тақпақтар мен ән айтып береді.

Ағылшын тілінде тақпақтар мен ән
Жүргізуші: Карлсон, қарашы мерекемізге тек қана аналар келген жоқ, әжелер де келді.
Карлсон: Иә! Иә! Мен төбеден бәрін көріп тұрамын!Әжелеріңіз сендерді өте жақсы көреді екен!Сендерге ойыншық әперіп, балабақшаға әкеледі! Жүргізуші: Балаларымыз әжелерімізге тосынсый жасады.

<Бабушка> әні

Карлсон: Балалар, сендер әжелеріне көмектесесіңдер ме?Әжелеріңді тыңдайсыңдар ма? Әжелеріңіз тәтті тамақ пісіре ма? Сендерді қасықтан тамақтандыра ма?? Жоқ! Онда сендер қазір әжелеріңді қасықпен тамақтандырасыңдар!Кімнің әжесі бірінші болып тамақтанады, сол жеңімпаз болып аттанады. Так! Менің йогурттарым қайда? Өзім жеймін деп едім, жарайды сендермен бөлісейін!


<Әжемді йогуртпен тамақтандыр> ойыны
(ойынға: 3 йогурт, 3 қасық, 3 салфетка, 3 нагрудник) 
Карлсон: Күшті ойнадық, әжелеріміз тойған шығар!
Жүргізуші: Карлсон, білесің бе, біздің балалар еңбек етуге жақсы көреді.
Карлсон: Сендер еңбек етуге жақсы көресіңдер ма?
Ойыншықтарды да өздерің жинайсыңдар ма?
Үстелді де жасайсыңдар ма
?
Ыдыстарды да өздерің қоясыңдар ма?
1. Помогаю маме я, каждый день работаю,
убираю со стола, мою пол с охотою!
2. Могу я щёткой подметать, умею вещи убирать,
До блеска натирать посуду, и тряпкой пыль сметать повсюду!
3. Я не валяюсь по ковру, не бегаю вприпрыжку,
Я сам сегодня уберу, игрушки все и книжки!
4. Я тоже маме помогу, все игрушки уберу,
За диван машины спрячу, кубики за кресло,
под столом оставлю мячик, вот и всё на месте!
5. Хорошо бы если вдруг в руки мне попал утюг,
Я бы маме показал, что давно большим я стал!
Карлсон: Иә! Тамаша! Жарайсыңдар!
Жүргізуші: Әрине, біздің балалар өте жақсы көмектеседі.

Би
Жүргізуші:
Ал, Карлсон, саған ұнады ма?

Карлсон: Иә! Сендердің балаларың шебер екен!Қыздарына ғашық болып қалдым! Ал енді мен сендерді көңілді кір жуу биіне шақырамын.


<Көңілді кір жуу> биі

Карлсон: Ой, қандай тамаша биледіңдер!Шаршамапсыңдар да! Мен үлкен кәмпитті сендерге бермегенім үшін қатты қобалжып тұрмын, сондықтан мен сендермен бөліскім келіп тұр! Менде де кәмпиттер бар. Оларды сендерге сыйлаймын!(кәмпиттерді таратады)

Мереке тамаша өтті, жарайды онда, сау болыңдар, балақайлар! Ал менің ұшатын уақытым келіп қалды!Құрбыларымды мерекемен құттықтау керек.Сау болыңдар, достарым!Мен ұшып барамын! ( әуенмен ұшып кетеді)
Жүргізуші: Мерекеміз өз соңына жетті. Балалар, сендерге бүгінгі мереке ұнады ма? (Иа). Маған ұнады. Бірақ бізге топқа барып демалу керек. Сендерге барлықтарына үлкен рахмет, сендер бүгін ерекше ақылды болдыңдар. Құрметті ата-аналар, осымен біздің бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Ана-әжелерімізді көктем мерекесімен құттықтай отырып денсаулық, бақыт тілейміз. Балаларымыз дайындаған сыйлықтарды қабыл алыңыз!

Көңілді әуенмен балалар аналарына сыйлық сыйлайды.







Автор
Дата добавления 22.04.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1152
Номер материала ДБ-047540
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх