Инфоурок Физика Другие методич. материалыҒарыш әлеміне саяхат. Ғылыми -танымдық сағат

Ғарыш әлеміне саяхат. Ғылыми -танымдық сағат

Скачать материал

 

 

 

 

Ғылыми-танымдық сағаты

 

Тақырыбы:

 «Ғажайып ғарыш әлемі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Сыныптар:  9 «Ә» және 6 «А»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Ғажайып ғарыш әлемі»

Мақсаты: Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, ең алғашқы  және қазақ ғарышкерлері жайлы айту. Физика және астрономия пәнінен алған білімдерін қолдана отырып,шығармашылық  ізденістерін кеңейту.Оқушыларға ғарышкерлер өмірінен мағлұмат бере отырып, ғарышкерлердің еңбегін, батылдық ісін мәңгі еске сақтап, мақтан тұтуға тәрбиелеу. 

Жанель:

Кіріспе:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 12-сәуір ғарышкерлер күніне орай «Ғажайып ғарыш әлемі»тақырыбында  шығармашылық зерттеу семинарына қош келдіңіздер!

Адамзат ақыл-ойының даму тарихында алтынмен таңбаланып қалған сәттер аз емес. Сол сәттердің бірі, бәлкім, ең ұлысы адамзат баласының ең алғаш рет ғарыш кеңістігіне көтерілгені шығар.

Адамзат бұл сәтке өзінің бүкіл тарихы бойына әзірленген.

1961 жылдың 12 сәуірі. Міне, енді содан бері де жарты ғасыр уақыт өтіп үлгерді. Өмір өте береді. Уақыт пен кеңістік аясындағы сананың енді таңғала қоюы сирек жағдай.

(видео материал «Байқоңыр ғарыш айлағы»)

Айару:

Әрине, біз бүгін  қатысушыларымыздың дайындаған ғажайып ғарыш әлемінің біз білмейтін сырларымен бөлісеміз.

Жанель: Ендеше ,іске сәт!

Айару: Олай болса ғылыми-танымдық сағатымыздың бағдарламасымен танысыңыздар.

1.«Ғарыш» туралы не білеміз? 6 «А»

2. Адамзат және ғарыш  6 «А»

А) Алғашқы Жердің жасанды серігі.

Ә) Алғашқы  ғарышқа ұшқан

Б) Салмақсыздық күйін кешу.

В) Адамзат баласындағы тұңғыш ғарышкер.

    Қазақтың қос қаһарман ұлы.

    Совет қыздары ел мақтанышы.

3. Ғарышты зерттеу 9 «Ә»

А) Фуко маятнигі-Жердің айналу фактісінің дәлелі.

Ә) Ғарыштағы инерция-«Неліктен Ай Жерге құлап түспейді?»

Б) Реактивті қозғалыс ғарышқа жол салды.

В) Зымыранның құрылысы мен жұмыс істеу принципі.

А) Көрермендердің ғарышқа ұшу дайындығын тексеру .

4.Қазақстанның ғарыштық проблемалары 6 «А»

Жанель:

Айару,сен ғарыш дегеніміздің не екенін білесің бе

Айару:

Әрине Жанель. Жерді қоршаған бүкіл дүние – Ғарыш деп аталады.

Жанель:

Дұрыс айтасың, Айару. Олай болса Ғарыш әлемі туралы мәліметке назар аударайық.

Жанель:

Ғарыш(араб.-кеңістік, космос) —дегенді білдіреді.Кейде ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш жер төңірегіндегі кеңістікті қамтитын  жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс Ғарыш болып ажыратылады.

Күн — Күн жүйесінің орталық денесі, Жерге ең жақын жұлдыз.

Күн – қызған газды шар (центріндегі температура 107 К, тығыздығы 105 кг/м3). Күн ішінде өндірілетін энергияның орташа мөлшері 108ˆ1,88–4 Вт/кг. Күннен Жер орбитасы бірде алыстап, бірде жақындауына байланысты Күннің көрінерлік радиусы жыл бойы өзгеріп отырады.

Көзімізге күн сары секілді болып көрінгенімен, шындығында олай емес. Күннің түсі – ақ. Атмосфераның әсерінен ғана бізде күннің түсі сары болып көрінеді.

Күн жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Венера, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун.

Ғаламшар — өздігінен жарық шығармайтын, жұлдызды айнала қозғалатын, орталық жарық көзімен салыстырғандағы массасы шағын аспан денесі.

Айару: Рахмет Жанель .

2.Айару: Келесі сөз кезегін Қожамбаев Бақытқа береміз.

Бақыт: Қайырлы күн! Адамзат және ғарыш .

А) Жерді қоршаған бүкіл дүние –ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады.

Алғашқы Жердің жасанды серігі.

Адам ерте кезден –ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол  Кеңес Одағы кезінде 1957 жылы 4қазанда бас конструктор С.П. Королев ғарыштық кемелердің алғашқы жобасын берді 12 қыркүйекте Айға қарай зымыран ұшырылды. 

Ә)Алғаш болып ғарышқа  ұшқан ………..

Ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі - Лайка атты ит еді. Ит 1957 жылдың 3 қарашасында Мәскеу уақытымен таңғы алты жарымда Кеңес Одағының "Спутник-2" атты кемесімен ғарышқа аттандырылды. Лайканың жасы - 2-де, салмағы - 6 келі болған. Сол кездегі басылымдар оның орбитада бір апта болып, қалыпты түрде тамағын ішіп, ұйықтап, үргенін жазған болатын. Ал шын мәнінде Лайка ұшырылған соң, 5-6 сағаттан соң өліп қалған. Кабинадағы температура біртіндеп көтеріліп, ақырында Лайканың денесі қызып, өртеніп кетті.

Ең алғашқы рет тәжрибие ретінде 1957 жылы кішкене күшік «Лайка»  «Спутник-2» ғарыш аппаратымен ұшқан болатын. 1960 жылы 12 – 20 тамыз аралығында Белка мен Стрелка атты иттер ғарышқа ұшырылды. Олар жерге аман сау оралды. 

Бақыт: Әрі қарай сіздермен ақпаратпен бөлісетін сыныптасым Берікжан

Берікжан: Сәлеметсіздер ме!

Б)Салмақсыздық күйін кешу.

 Ғарышты естігенде әрине барлығымыз салмақсыздық жайлы еске түсіреміз.Ғарышкердің салмақсыздық күйін кешу-ол дегеніміз ғарышта заттардың салмағы болмайтынын білдіреді. Егер де осы заттардың біреуін лақтырып жіберетін болсақ,

Онда ол құламайды ,жәй ғана қалқып жүреді. Сол себепті ғарыш кемесінде барлық заттарды бекітіп қояды. Ғарышкер ғарыш кемесінің ішінде қабырғалардағы ұстағыштарды ұстап,қозғалып жүреді. Салмақсыздық кезінде денені көтеру өте жеңіл болады,бірақ оның соққсы әсіресе  сыртқы ашық ғарышқа шыққан кезде жердегідей өте ауыр болады.

 

Айару: Ақжол ал ғарышкерлер қалай тамақтанады?

Берікжан:Мен сіздерге тағы да бір ғарышкер жайлы қызықты ақпаратпен бөліскім келіп отыр.

В) Ғарышкерлердің ас мәзірі.

Ғарышкерлер тамағы Мәскеу облысының Ленин ауданында орналасқан Бирюлев тәжірибе зауытында даярланады. Бұл цехта Гагариннен бастап, күні бүгінге дейінгі ғарышкерлердің бәріне тамақ дайындалады. Алғашқыда ғарышкерлер тамағы 165 граммдық түбекшелерде дайындалыпты. Одан алғаш ауыз тиген Гагарин болыпты. Оған көкте 108 минут болса да, белгіленген тәртіп бойынша тоғыз түрлі тамақ – борщ, котлет қосылған картоп, түрлі шырындар берілген. Технологтар мен конструкторлар ғарыш кемесінде сақталатын тамақтардың көп орын алмауына, оларды сақтау кезінде бұзылмауына және оның өте дәмді болуына бастары қатыпты. Ерлерге күнделікті 3200 килокалория, әйел ғарышкерлерге 2800 килокалория тамақ беріліп отырыпты.

Ғарышқа алғашқы іс-сапарлар ұзақ мерзімді қамтымағандықтан, тамақ мәзірі гомогенді сұйық және қою түрінде түбікшеде беріліп келген. Бертін келе ұшу мерзімінің ұзартылуына байланысты арнайы консервіленген тамақтар ойластырылған.

ХХ ғасырдың 70-жылдары үй жағдайында дайындалған сублимерленген азық-түліктер беріле бастаған. Азық-түліктер – 70 градустық суықтықта сақталып, +70 градустық ыстықта жылытылып берілетін болған.

Жанел: Өте қызықты. Рахмет Берікжан.

Айару: Біз мақтанышпен айтатын ғарыш саласында да жетістіктеріміз өте көп.

Космонавт – ғарышқер ғарышта ұшуды жүзегеасырушы адам, Косманавт сөзі грек тілінен аударғанда теңізде жүзуші деген мағына береді.

Юрий Гагарин – тұңғыш ғарышкер. Ол 1961жылы 12 сәуірде тұңғыш рет ғарышқа ұшырылғын Кеңес Одағының азаматы.

Юрий Гагариннің ұшуы жаңа ғарыш дәуірінің, ғарыш тарихының жаңа даму сатысының басы болды. Адам баласы тартылыс заңын жеңді.

Ол Восток кемесімен Жер шарын 1 сағат 48 минутта айналып өтті. 

Қазақтың қос қаһарман ұлы Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың ғарышқа ұшқандығы және адамзат тарихындағы алғашқы ғарышкер. Гагаринге қойылған ескерткіште қазақ ақыны Олжас Сүлейменовтің өлеңінің бір жолы жазылып тұрғандығы. Тарих осылай жасалады екен. Ал біздің кеудеміздегі аңсар - Ғарыш дәуіріндегі қазақ халқының орнының айшықталуы және оны өз пайдамызға жарата алатын күн туды.

Тоқтар Әубәкіров 1946 ж. маусымның 27-інде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, «1-інші май» ұжымшарында дүниеге келген, қазақ. Жоғары білімді.

Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, авиация генерал-майоры.

1965-69 жж. — Армавир Әуе қорғанысы ұшқыштарының жоғары әскери оқу орнында оқыды, ұшқыш- инженер.

1969 ж. КСРО Әскери әуе күштерінде.

1976 ж. Авиация өнеркәсібі министрлігінің сынаушы ұшқыш мектебі, сынаушы ұшқыш.

1988 ж. Кеңес одағында алғаш рет әуеде ұшаққа екі мәрте жанармай құйдыру арқылы солтүстік ендікке қонбай ұшуды ерлікпен жүзеге асырды. Реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.

1991 ж 2 қазанда

Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.

1991 ж 2 қазанда

Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінеде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.

1992 ж. сәуірінен — Қазақстан Республикасы қорғаныс мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің ғарыш игеру жөнінде көмекшісі. Парламентке сайланудың алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры, Алматы қаласы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.

Жанель:

Талғат Мұсабаев  1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған. 1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер.

1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер.

1975—84 жж. — әуе кәсіпорндарында саяси-тәрбие қызметінде.

1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген.

1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп, азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған.

1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарған.

1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануыда. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған.

2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған.

2001—05 жж. Ресей ғарыш мекемесінде.

2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры.

2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры.

2007 ж. сәуірдің 11-інден — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.

Жанель: Ғарыш саласында Совет қыздары ел мақтанышына айналды.

Айболат: Дұрыс айтасың Жанель:

Валентина Терешкова “Әлем тарихында алғаш рет ғарыш кеңістігіне әйел адам көтерілді”. Осылайша, дүние жүзіне 1963 жылы маусымның 16-сында Мәскеу радиосы Валентина Терешкова ғарышқа көтерілген алғашқы әйел адам екенін хабарлады. Ол “Восток-6” ғарыш кемесімен орбитаға 48 рет көтеріліп, ғарышта барлығы үш күндей болған.
Бұл шындығында ғарыш жетістігі болды. 1937 жылдың 6-шы наурызында Ресейдің Ярославл облысында дүниеге келген Терешкова мектептен кейін мақта-мата фабрикасында жұмыс істеген. Көкке көтерілудің алғашқы дәмін жергілікті парашют клубына қосылған кезде сезінген Терешкованың ұшақтан секіру ермегіне айналып, одан кейін Совет Одағының ғарыш бағдарламасына қатысты. 

Светлана Евгеньевна Савицкая - дүниежүзіндегі тұңғыш рет ашық космосқа шыққан әйел, екінші әйел-ғарышкер және Кеңес Одағының екі мәрте Батыры. 1948 жылы 8 тамызда Мәскеу қаласында дүниеге келген. Ресей Федерациясының Коммунистік Партиясынан Мемлекеттік Думаның Депутаты, Думаның қорғаныс комитетінің төрағасының орынбасары. Спортқа еңбегі сіңген шебер (1970), ғарышкер-ұшқыш.

Жанель: Ғарышкерлерімізді ,олардың батылдығы мен ерен еңбегін мақтан тұтамыз. Келесі кезекті 9 «Ә» сынып зерттеушілер тобының мәліметтеріне берейік.

3.Ғарышты зерттеу: 9 «Ә»

А) Фуко маятнигі-Жердің айналу фактісінің дәлелі.

Он сегізінші жылдары француз ғалымы Леон Фуко (1819 — 1868)

маятник арқылы Жердің өз осінің айналасында айналатындығын  көрсеткен  тәжірибесін жасады.

Фуко маятнигі — Жердің тәуліктік айналу фактісін дәлелдеу үшін қолданылатын құрал.

Фуко маятнигінің жоғарғы ұшы маятниктің кез келген тік жазықтықта тербелуіне мүмкіндік беретіндей сымға немесе жіпке ілінген  салмақты жүк болып табылады. Егер Фуко маятнигін бастапқы жылдамдықсыз тік қалыптан ауытқытып   жіберсе, онда маятниктің жүгіне әсер ететін ауырлық күші мен жіптің керілу күші барлық  уақытта маятниктің тербелу жазықтығында жатады. Жерде тұрған және онымен бірге айналған бақылаушы Фуко маятнигінің тербеліс жазықтығы жер бетіне қатысты Жердің айналу бағытына қарама-қарсы жаққа қарай жайлап бұрылғандығын көреді. Жердің тәуліктік айналу фактісі осымен расталады.

Ең алғашқа тәжірибесін француз физигі және астрономы Жан Фуко  өз үйінің погребінде түнгі сағат екіде 8 қаңтар 1851 жылы жасады. Ол маятник жібінің ұзындығы екі метрлік болат жіңішке сым, ал оған 5 кг жүк ілінген болатын.  Бірнеше күн өткеннен кейін Париж обсерваториясында 11 м ұзындықтағы маятникпен тәжірибесін қайталап жасады. Бұл жағдайда маятник тербеліс жазықтығы жер бетіне қатысты Жердің айналу бағытына қарама-қарсы жаққа қарай жайлап бұрылғандығы  анық байқалды.

Содан кейін Фуконың тәжірибесі туралы көп айтыла бастады. Француз басшысы принц  Луи-Наполеон  Фуко тәжірибесін биіктігі 83 м  Париж Пантеон соборында  жасап халыққа көрсетуге рұқсат береді. Бұл тәжірибе тұңғыш рет 1851 ж. француз ғалымы Жан Бернар Леон Фуко  Париждегі Пантеон күмбезіне ілінген биіктігі 67 метрлік  жіңішке болат сымға массасы 28 кг темір шар ілінген маятникпен жасады.  Сол маятниктің қозғалысы кезінде айналу периоды 16,4 сек болғанда, Жердің өз осін айналу бағытына қарама-қарсы жаққа қарай 110 –қа  жайлап бұрылды. Маятниктің бұлай бұрылуы Жердің өз осінен айналуы әсер ететіндіктен.

Айналу жылдамдығы тербеліс жазықтығы жібінің ұзындығына байланысты, тербеліс  периоды жіп ұзындығына байланысты болғандықтан,  жіп ұзын болуы маятниктің бұрылу бұрышының үлкен болуына әкеледі.

Яғни неғұрлым жіп ұзын болса, маятниктің бұрылу бұрышы да көп болады.

Ең танымал болғаны Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Исаакиев соборында биіктігі 98 м болатын Фуко маятнигі орнатылғандығы.  Фуко маятнигімен тәжірибе 6 наурызда 1931 жылы жасалды.  Диаметрі 1 мм болат жіңішке сымға 60 кг бронза шар ілінген. 1 сағат ішінде Жердің айналу бағытына қарама-қарсы жаққа қарай жайлап бұрылуы 130 болды.

Ә) Ғарыштағы инерция-«Неліктен Ай Жерге құлап түспейді?»

Айналамыздағының бәрі қозғалыста. Қозғалыс- материяның ажырамас қасиеті.

Күнделікті  біз белгілі бір бағытта қозғалған дене өзінің қозғалыс жылдамдығын сол бағытта сақтауға тырысатынын байқаймыз. Ондай денені тоқтату үшін не оның жылдамдығын қзгерту үшін оған басқа дене әрекет етуі керек. Сондай-ақ қандай да бір  тыныштықта тұрған нәрсенің өздігінен қозғалысқа келмейтінін күнделікті бақылаулардан білеміз.

Мысалы, жерде жатқан доп оны аяқпен тепкеннен кейін ғана қозғалысқа келеді; хоккей шайбасы оны таяқпен ұрғаннан кейін барып мұз үстімен сырғанайды; әткеншек қолмен тербеген кезде қозғалысқа келеді.

Осы мысалдардың өзі-ақ кез келген дене егер оған басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеттері бірін-бірі теңгеріп тұрса, онда дене тыныштығын сақтайды немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалысын сақтайды, бұл құбылыс инерция деп аталады.

Латынша іnertia (инерция) — қозғалыста емес, әрекетсіздік деген мағына береді.

Мынадай тәжірибе жасайық:

Металл шарик көлбеу жазықтықтан сырғанап түсіп, түзу сызықты қозғалысын жалғастырады. Егер осы шарик жолына магнитті жақындатсақ, онда магниттің тарту күші шариктің  түзу сызықты траекториясын өзгертеді. Міне, Айдың инерция бойынша кетіп қалмай Жерді айналып қозғалуы.

Ал космоста инерция қалай орындалады?

Бір уақыт ойланып көрейік, дененің инерциялық қасиеті жойылсын деп. Онда Ай Жерге құлап түседі, планеталар Күнге құлап түседі, денелер тек басқа дененің әсерімен ғана қозғалатын еді, әсер болмаса тыныштықта қалатын еді.

Шынымен Ай неліктен Жерге құлап түспейді?

Егер Ай тыныштықта болса Жерге құлап түсетін еді, бірақ Ай қозғалыста.

Ал егер Ай қозғалыста болса, ол инерция бойынша бастапқы жылдамдығын сақтаған қалпында сол бағытта кетіп қалатын еді. Бірақ Ай Жерді айналып қозғалады. Осы сұрақ бойынша ойланып көрдіңдер ме?

Келесі тәжірибе:

Жіпке байланған денені айналдырып қозғалысқа келтірейік, ол денеге центрден тепкіш күш әсер етеді де дене алысқа ұшып кетуге тырысады, сонымен бірге үдеудің бағыты центрге бағытталғандықтан центрге тартқыш күште әсер етеді. Екі күш шамалары теңестірілгеннен кейін дене шеңбер бойымен қозғалысқа түседі. Мұндай жағдай аттракциондағы карусельдердің қозғалысынан, кір жуатын машина барабанының қозғалысынан көрінеді.

Міне осы екі мысалдан шығатын қорытынды бойынша айналып қозғалатын денеге екі түрлі күш әсер етеді.

Ал Айға әсер ететін күштер:

1.      Ценртрге тартқыш күш- бұл Жердің Айды тарту күші;

2.      Центрден тепкіш күш- бұл Айдың Жерді және Күннің Айды тарту күштері;

Осы күштердің әсері теңестірілудің нәтижесінде Ай инерция бойынша өз қозғалысын Жер айналасында жалғастырып отыр.

Б) Реактивті қозғалыс ғарышқа жол салды.   

Реактивті қозғалыс - Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлінген кездегі қозғалысы. Осындай қозғалыста дене өзін алға жылжыту үшін импульс алады. Реактивті қозғалыстың қарапайым мысалы ретінде, үрлеп одан кейін еркін қоя берілген ауа шарының қозғалысын қарастыруға болады. Үрленген шардың ішіндегі қысым сыртқа атмосфералық қысымнан едәуір артық болатыны белгілі, ал бос қоя берілген шардың ішіндегі біраз ауаның төменгі саңылау арқылы сыртқа шығуы шардың жоғары қарай көтерілуін тудырады. Ол біраз уақыт бөлме ішінде әрлі-берлі ұшатын болады. Шар ішінен шығатын ауа оны қарама – қарсы бағытта қозғалуға мәжбүр етеді. Реактивтік қозғалыс принцепі бойынша: сегізаяқ, кальмар, теңізқұрт, медуза сияқты теңіз жәндіктері қозғалады. Бүгінгі күні реактивті қозғалыс принцепін пайдалану адамның бір кездегі арманы және қиялы болған тылсым Әлеммен тілдесе бастауына әкелді.Реактивті қозғалыс принцепі сағатына бірнеше мыңдаған километр жылдамдықпен қозғалатын ұшақтарды, Жердің жасанды серіктерін, планетаралық саяхат жасайтын ғарыш зымырандарын жасауға мүмкіндік туғызды. Адам баласының ғарыш кеңістігіне шығуы үшін асқан кемеңгершілік, аса ыждағатты есеп, өте күрделі техника және асқан ерлікті  қажет етті.

В) Зымыранның құрылысы мен жұмыс істеу принципі.

Ракета, зымыран  — өз массасын біртіндеп бөліп шығару нәтижесінде пайда болатын реактивті күш әсерінен қозғалатын ұшу аппараты. “Ракета” термині Еуропада 15 — 16 ғ-ларда пайда болды.

Ракетаның ұшуын қамтамасыз ететін тарту күші қоршаған орта әсеріне тәуелді болмағандықтан, ол ғарышқа ұшуға арналған бірден-бір аппарат болып табылады.  Ракета бір сатылы және көпсатылы Ракета түрлеріне бөлінеді. Көпсатылы зымыран деп аталатын себебі, онда  бір немесе бірнеше қозғалтқыштар біріктіріліп орналастырылған.

Ракета құрылысы пайдалы жүк орналасқан бөлігі — тұмсықтан, басқару жүйелері орналасқан аспаптық бөліктен, отын және қозғалтқыш орналасқан бөліктерден  тұрады.

Ракета қозғалтқышы —  реактивтік қозғалтқыш.  Ракета қозғалтқышы сұйық отынмен, қатты отынмен, аралас отынмен, т.б. отындармен жұмыс істейтін қозғалтқыштарға бөлінеді.  Ракета қозғалтқышының бәріне ортақ мынадай бөліктер: жану камерасы және реактивті сопло болады.

Қозғалтқыштың тарту күші отынның жану заңдылығына тәуелді өзгереді. Жану камерасы салқындатылмайтындықтан сопло отқа төзімді материалдардан жасалынады.

Қазіргі кезде космонавтикада қолданылатын негізгі қозғалтқыш — сұйық отын жағатын Ракета қозғалтқышы.  Мұндай Ракета қозғалтқышын пайдалану идеясын 1903 ж. К.Э. Циолковский ұсынды.Сұйық отын жағатын Ракета қозғалтқышы соплолы жану камерасынан, турбиналы сорғы агрегатынан, газ не бу генераторынан, реттеу жүйелерінен, от алдыру, т.б. қосымша агрегаттардан құралады

Денелер бір-бірінен серпіліп тебілген кезде, немесе қоршаған ортаға өз массасының бөлігін біртіндеп бөліп шығару нәтижесінде дене өзін алға жылжыту үшін импульс алады. Ракетаның ұшуын қамтамасыз ететін тарту күші қоршаған орта әсеріне тәуелді болмағандықтан ол тұйық жүйе болады. Ал тұйық жүйеде импульстің сақталу заңы орындалады.

Ракета тыныштықта тұрғанда оның импульсі нөлге тең

 = 0

Ракетаның бірінші қозғалтқышы жұмыс істегенде импульстің сақталу заңы бойынша

 + m u = 0        ракета жылдамдығы           * u

Ракетаның екінші қозғалтқышы жұмыс істегенде импульстің сақталу заңы бойынша

 + m u = 0       ракета жылдамдығы          * u ;    

     ;          

 

Ракетаның үшінші қозғалтқышы жұмыс істегенде импульстің сақталу заңы бойынша

 + m u = 0      ракета жылдамдығы          * u;  

     ;         

 

Ракетаның соңғы жылдамдығы     

 

Бұдан шығатын нәтиже, ракета жылдамдығы   әр қозғалтқыш іске қосылған сайын бірте –бірте  өседі де, ашық космосқа қозғалу жылдамдығына жетеді. Керек емес қозғалтқыштарды бөліп тастап ашық космоста, инерция бойынша,  алған жылдамдығын сақтаған қалпында қозғалысын жалғастырады. Мысалы, 200 км қашықтықта ракета жылдамдығы 8 км/с болу керек, бұл жылдамдыққа көп сатылы қозғалтқыш арқылы жетеді.

Айару: Біз бүгін физика және астрономи пәні бойынша көптеген қызықты мәліметтермен таныс болдық.

Жанел: Адамзат ғарышты бағындырды. Бүгінде техника мен ғарыш даму үстінде. Осы тұста Айару ?  ғарыш техникасы және зымыран ұшыру  біздің экологиямызға әсер етпейді ме? Қазақстанда ғарыштық пролемалар бар ма?

Айару: «Қазақстанның ғарыштық проблемалары  бар ма ?» деген сұрағыңа мен жауап беру үшін ортаға  сыныптасым Айболатты шақырғым келіп отыр.

Айболат:

4. Қазақстанның ғарыштық проблемалары 6 «А»

Ғарыш кеңістігін ластанудан сақтаудың алдын алу жолдары

Ғарыш кеңістігін ластанудан сақтау үшін жер маңындағы кеңістікте жасанды объектілер мөлшерінің құқылық негіздерін реттеуін қадағалайтын бағдарлама қажет.

Бұл бағдарламаның техникалық бөлімі үш бөлімнен тұруы керек. Бірінші бөлімде ғарыш кеңістігінің ластануының қазіргі жағдайы мен болашақ та ғарыш қалдықтарының ғарыш аппараттарымен соқтығысу қауіптілігін бағалауға болжам жасау туралы жұмыстардан тұруы керек.

Қазiр зымыран двигательдерiне гептилден басқа небiр улы құрамды заттар, криогендi отындар   қолданылады. Яғни ерекше технологиялық әрекетпен бiздiң өзiмiзге, өмiрiмiзге қажеттi оттегi газдары мен ауа кеңiс­тi­гiмiз   тоналып, ғарышқа сiңiп қайта­рымсыз жоғалады. Табиғат-Ананың әр аймаққа өлшеп берген ауасы, суы, желi бар. Әрi осы космодромның теңiз бен мұхит жағалауында емес құрылықта орналасуы күн өткен сайын оттегiнiң ауадағы қалыпты мөлшерiн азайтуда. Тiптi сәуiр мен қазан арасында бұл аумақта оттегi қалмайды. Оттегiнiң ауа құрамындағы   аз ғана ауыт­қушылығы тыныс алуға ғана емес, адам ағзасындағы зат алмасу проце­сiне де керi әсерiн тигiзiп, қан аздық, ақ қан түйiршiктерiнiң көбеюi, қатерлi iсiк, терi аурулары мен көптеген медицинаның шамасы келмейтiн дерттi көбейттi. Бұған мутацияға ұшыраған жан-жануарлар   әлемi мен өсiмдiктер дүниесiн қосыңыз.

Ауа мен бұлттардың табиғи ағымы әлдеқашан бұзылған. Ғарыш кемелерi ұшқаннан кейiнгi апталап басылмайтын күштi желдi, көктемде жемiс ағаштары гүлдеп тұрған шақта аяқ астынан шалатын үсiктi, дауылдар мен бұр­­шақты нөсерлердi болжап бiлу мүм­кiн емес.

Ғарышқа ұшыру сәтсіз болған кезде оның экологияға жеткізер зияны өте көп болады.      

Жанел: Бүгінгі  ғылыми-танымдық сағатымызды  қорытындылауға Жұлдызға сөз кезегін береміз.

Қорытынды:

–Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ғарыш саласына үлкен назар аударып келеді. Біздің жеріміз аса үлкен. Оны көктен бақылау, экологиялық түйткілдерді анықтау, ауа райын болжау, ауыл шаруашылығына қажетті ақпараттарды көктен зерттеу деген сияқты толып жатқан жұмысты қазір ғарыш арқылы шешуге болады. Ғарыш ғылымның, инновацияның, заманауи технологияның дамуына үлкен үлес қосады. Орны ерек. Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл салаға ерекше көңіл бөлуде. Тағы бір көңілге жұбаныш, қуаныш ұялататын нәрсе, Орта Азия бойынша үш ғарышкер де – қазақстандық. Қазақ халқының өр ұлдары. Олармен біз мақтануымыз керек. Тек олармен шектеліп қалмасымыз хақ. Әлі талай қаракөз ұлдарымыз бен қыздарымыз көкке самғап, қазақтың атын шығарары хақ. Бір белгілі дүние, көп ұзамай Қазақстан аса ірі ғарыштық елдердің біріне айналары анық. Оған Елбасы айрықша мән беріп отыр. Бұл салада жасалып жатқан жұмыстармен мақтана алуымыз қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғарыш әлеміне саяхат. Ғылыми -танымдық сағат"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 937 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Учебно-тематическое планирование темы "Решение задач по теме "Использование энергии атомных ядер"
  • Учебник: «Физика», Перышкин А.В., Гутник Е.М.
  • Тема: Глава 4. Строение атома и атомного ядра.Использование энергии атомных ядер
  • 21.05.2018
  • 378
  • 0
«Физика», Перышкин А.В., Гутник Е.М.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.05.2018 4572
    • DOCX 39.8 кбайт
    • 72 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Манасбаева Гүлсім Сансызбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 43825
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания физики в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 209 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 003 человека

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов физики в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 660 человек

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Интегративные технологии в коррекции учебно-поведенческих нарушений

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе