Инфоурок Другое КонспектыАшық сабақ "Қазақстанның қалалары" (3 сынып)

Ашық сабақ "Қазақстанның қалалары" (3 сынып)

Скачать материал

3-сыныпта өткізілетін ашық сабақ

Тақырыбы: «Қазақстанның қалалары»

Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік: оқушыларға Қазақстан қалаларын картадан көрсете отырып, сол қалаларда өндірілетін табиғи байлықтар жайында мағлұмат беріп, сол жайында әңгімелеп айтуды үйрету.

2.     Дамытушылық:тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, тілге деген қызығушылықтарын арттыру.

3.     Тәрбиелік: туған жерін, табиғатын аялау, сүйе білуге баулу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру, аудару, ой қорыту.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР картасы, интербелсенді тақта, үлестірме парақшалар, төл дыбыстар жазылған плакат.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану

 

Сабақтың барысы:

І. ҰЙЫМДАСТЫРУ.

1.     Амандасу

2.     Ауызекі сөйлесу

3.     Бір біріне сәттілік тілеу

                                            Басымызды сипаймыз, жақсы ойлау үшін

                                            Құлағымызды сипаймыз, жақсы есту үшін

                                            Көзімізді сипаймыз, жақсы көру үшін

                                            Алақанымызды сипаймыз, жақсы баға алу үшін.

4.     Фонетикалық тапсырма

- Бұл қай дыбыс?

 Жаңада бар, ескіде жоқ

 Танада бар, ешкіде жоқ. (А) 

-         А дыбысы қандай дыбыс?

-         Дауысты, жуан.

-         Балалар, мен қазір сіздерге сұрақтар қоямын, сіздер маған «А» дыбысынан басталатын сөздермен жауап беріңдер, келістік пе?

-         Сенің атың кім? (Айдар, Алмагүл)

-         Сенің фамилияң кім? (Алькенов, Асанов)

-         Сен қай көшеде тұрасың? (Абай, Ахметов)

-         Сен нешінші үйде тұрасың? (Алтыншы)

-         Тамаша, жарайсыңдар, балалар!              

5.     Балалар, картаға назар аударайықшы. Бұл Қазақстан Республикасының географиялық картасы. Маған осы картадан не көріп тұрғандарыңды айтыңдаршы. (қалалар, өзен, көл т.б.). Мен сіздерге 2 минут уақыт берейін, сіздер дәптерлеріңізге еліміздің «А» дыбысынан басталатын қала аттарын жазып шығыңдар. Содан бір бірімізді тексереміз, көмектесеміз.

 

 

 

ІІ. ЖАҢА САБАҚ.

1.     Жаңа сабақты жариялау, мақсат қою.

Балалар, сонымен қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не? Қандай мақсат қоямыз?

2.     Жаңа сөздермен жұмыс.

Жаңа сөздермен таныстыру, қайталау, аудару, сөз тіркесін құрастыру.

                 ірі крупный                      ірі құрылыс

                 бай – богатый                     бай мемлекет, бай тіл

                 мыс – медь                          мыс өндіреді

                 мырыш – цинк                    мырышқа бай

                 өндіріледі – добывают       пайдалы қазбалар өндіріледі

3.     Бүгін біз сіздермен Қазақстанның қалаларына саяхатқа шығамыз, танысамыз. Қазақстанды оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, орталық өңірлерге бөліп алайық. Біз сіздермен қандай облыста тұрамыз? Солтүстік Павлодар облысында. Ендеше, саяхатымызды Павлодар облысынан бастаймыз. Интерактивті тақтадан Павлодар қаласы көрсетіліп, мәлімет беріледі. Солтүстік Қазақстанға Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Қостанай қалаларын жатқызамыз.

4.     Келесі қай жаққа баратынымызды біліп алу үшін біз алдымен кітаппен жұмыс жасап алайық. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударайық. Балалар, мәтінді оқығанда не байқадыңдар? Қала аттарының бас әріппен жазылатынын байқадық, иә? Енді осыдан қандай анықтама шығады?

Кісі аттары, жер - су аттары әр уақытта бас әріптен басталып жазылады.

5.     Келесі баратын жағымыз Оңтүстік Қазақстан. Оңтүстік Қазақстан қалалары: Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Қызылорда.  Интерактивті тақтадан Алматы қаласы көрсетіліп, мәлімет беріледі. Алматы қаласы несімен әйгілі? «Медеу» мұз айдыны, апорт алмасымен. Оқулықтағы 2-жаттығуды орындайық. Қалалардың аттарын әліпби ретімен көшіріп жаз.

6.     СЕРГІТУ СӘТІ: Қолды белге қоямыз

                             Басты оңға бұрамыз, басты солға бұрамыз

                             Бір отырып, бір тұрып

                             Бір отырып, бір тұрып,

                             Біз демалып аламыз.

 

                             Тербеледі ағаштар,

                             Алдымнан жел еседі.

                             Кіп - кішкентай ағаштар

                             Үп - үлкен боп өседі.

7.     Балалар, енді қай жаққа барамыз? Батыс Қазақстан мен Шығыс Қазақстанға шолу жасайық. Батыс Қазақстанның қалалары: Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал. Батыс Қазақстан бізге мұнайымен белгілі. Шығыс Қазақстанның қалалары: Өскемен, Семей. Келесі Орталық Қазақстанға бару үшін бізді сіздермен тағы бір тапсырма күтіп тұр.

Үлестірме парақшалармен жұмыс (деңгейлік тапсырмалар):

 

 

 

І парақша.

Мәтіннен кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жаз.

Алатау - биік, әдемі тау. Алатауда «Медеу» спорт кешені бар. Оған оқушылар, студенттер, саяхатшылар барады. Демалыс күндері адамдар тауға шығады, демалады.

 

Спорт кешені - спортивный комплекс

Саяхатшылар - путешественники

Шығады – поднимаются

 

ІІ парақша

1. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айт.

                                                   Көкшетау

Көкшетаудың табиғаты тамаша. Көкшетауда көл көп. Көлдер - үлкен, әдемі. Көкшетауда көрікті таулар бар.

2. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастыр.

әдемі, үлкен, биік, көрікті, өнерлі.

 

ІІІ парақша.

Жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді екінші бағанға жаз.

                                                     Ақтөбе.

Ақтөбе әсем қала. Ақтөбеде зауыттар көп. Ақтөбеде институт, техникум, училище, мектептер бар. Драма театры, филармонияда өнер дамдары жұмыс істейді. Кинотеатрда балаларға арналған кинофильм көрсетіледі. Ақтөбеде халықтың тұрмысы жақсы.

 

ІҮ парақша.

Мәтінді түсініп оқып, аудар. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.

                                                    Алматы.

Алматы - өте үлкен қала. Алматыда университет, институт, лицей, гимназия, мектептер көп. Мұнда биік ғимараттар бар. Алматының көшелері кең. Көшеде автобус, трамвай, троллейбустар жүреді. Алматыда театрлар, кинотеатрлар, цирк бар.  

 

Ү парақша.

Өлеңді мәнерлеп оқы.

                                      Астана.

Астанам - жас қалам,

Мақтаныш бас қалам.

Көгіңде шырқалсын

Шаттықты асқақ ән!

 

Астанам - жас қалам,

Мақтаныш бас қалам.

Келешек бақ күнге

Жолшы бол бастаған..

Ардақты Астанам!

                              Ж.Батайұлы.

 

Сұрақтарға жауап бер.

1. Астана қандай қала?

2. Онда нелер бар?

3. Сен Астанада болдың ба?

4. Астана саған ұнады ма?

 

ҮІ парақша

Көп нүктенің орнына қажетті әріптерді қойып, өлеңді мәнерлеп оқы.

                               

 Туған жерім тамаша

 

О, ал...қай, туған жер!

Жақсы - ау ба...ша - бауларың!

Көзге ыстық көрінер

Сенің асқар таулар...ң.

 

Ту...ан жердің жырларын

Қызғалдақтай т...рейік,

Кең өлкенің қырларын

Ж...р, аралап келейік!

                               М.Әлімбаев.

7. Орталық Қазақстанға келдік. Қалалары: Қарағанды, Жезқазған, Астана. Астана қаласының суретін көрсету.

 

ІІІ САБАҚТЫ БЕКІТУ.

1. Кластер толтыру.

Овал: Қазақстанның қалалары

 

          2. Бір-бірлеріне сұрақтар қою.

               Қазақстанның қандай ірі қалаларын білесің?

               Астана қаласында қандай әдемі ғимараттар бар?

               Алматы қаласы саған ұнай ма?

 

 

ІҮ ҚОРЫТЫНДЫ.

     Тест.

1.     Қазақстанның бас қаласы.

А) Алматы                  Ә) Павлодар                     Б) Астана

     2.  Қарағанды, Екібастұзда не өндіреді?

          А) алтын                      Ә) көмір                            Б) мұнай

     3.  Оңтүстік Қазақстан қалаларын көрсет.

          А) Өскемен, Семей              Ә) Ақтөбе, Орал       Б) Шымкент, Алматы

     4.  Біз қай облыста тұрамыз?

           А) Павлодар                         Ә) Қостанай               Б) Ақсу

     5. Жер су аттары қалай жазылады?

           А) кішкентай әріппен          Ә) бас әріппен            Б) әр түрлі       

 

Ү Үйге тапсырма.

     1. жаңа сөздерді жаттау

     2. 4-жаттығу. Көп нүктенің орнына сөйлемдерді көшіріп жаз.

     3. ереже жаттау.

 

ҮІ Бағалау

     Бір - бірін бағалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Қазақстанның қалалары" (3 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 992 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.05.2016 5204
    • DOCX 55 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шайлденова Дана Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шайлденова Дана Сериковна
    Шайлденова Дана Сериковна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26769
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек