Инфоурок Другое Научные работыАшық сабақ "Қазақстанның болашағы - жастар қолында" сабақ жоспары

Ашық сабақ "Қазақстанның болашағы - жастар қолында" сабақ жоспары

Скачать материал

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Қорғанбаева Гүлнұр Жанғазықызы

Күні: 26.01.2017

10  орыс сынып

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның болашағы жастардың қолында.

«Болашақ» бағдарламасының степендиялары

Сілтеме

Слайдтар, мәтіндер, интерактивті тақта, видео, қиынды қағаздар

Сабақтың мақсаты

Қазақстан мемлекеті туралы алған білімін тиянақтау,мәтінмен таныстыру,жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.Оқушылардың танымдық ықыласын молайту,қызығушылығын,белсенділігін арттыру.Оқиғаға сыни көзқараспен қарап,өз пікірін еркін жеткізу дағдыларын дамыту.

 

Оқушыларды Отанын сүюге тәрбиелеу,бойларына «Елім» деген патриоттық сезім ұялату

Міндеттері:Мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіреді; сабақта алған білімдерін  қолдана алады; ақпарат көздерімен жұмыс істеу қызығушылығы артады; тілдері дамиды;

Күтілетін нәтиже:Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені, қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне үйренеді. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды, сөздік қорлары молаяды.

Сабақтың түрі: ашық сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Сегіз белсенді оқу тәсілдерінің бірі – жұптық жұмыс.  СТО, АҚТ, топтық, жеке , жұптық жұмыс, диалогтік оқыту және оқу, көшбасшылық және басқару, бағалау, түсіндіру, талдау, жинақтау, іздендіру.

Пәнаралық байланыс:Тарих

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

1.Амандасу                                                               

2.Кезекшімен сұхбат

 

3.Психологиялық дайындық.

М: Сәлеметсіңдер ме, балалар! барлығымыз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық! Енді бір – біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуын сезінейік! «Менің есімім» ойынын ойнап жіберейік.Бұл ойындағы негізгі мақсат оқушы өзін таныстырады, есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын жақсы сөздерді қосып,тілектерін,оқушылар бір- біріне жылы лебіздер айтады.

 

 Жақсы ,балалар,  орындарына жайғасып отырыңдар. Балалар, бүгін сыныпта кім кезекші?

Кезекшімен сұхбат

Кезекші сұрақтарға жауап беріп, өз міндетін атқарады.

 

 

Қайталау кезеңі

Үйге қандай тапсырма берілді? Астанадағы ірі оқу орындарын атап шығыңдар.

Шағын топқа бөлу. Қызығушылықты ояту

Топқа бөлу.Оқушылар, қазір жазылған сөздер арқылы топқа бөлінеміз. Үстелдеріңде «Болашақ» бағдарламасының тарихы, «Болашақ» бағдарламасының нәтижесі деген екі-екіден төрт қиынды қағаздан сөздер  жатыр. Сол сөздер  бойынша екі топ қалыптасады. Ал кәнеки ,топтың атауын атап , мағынасын айтып шығыңдар.
Бағалау парағын тарату.
Балалар, сабақтың әрбір кезеңінде топ басшысы топ мүшелерін жалпы бағалап отырады.  Сендер сабаққа белсенді қатысуға тырысыңдар.

  

Сабақтың мақсатымен таныстырамын.

 

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді және тақырыпты жазыңдар.

 

 

Жұптық  жұмыс

«Болашақ» бағдарламасы туралы не білеміз және өздеріміздің таңдап алған тақырыптарымыз бойынша шағын  әр топ өз араларында өзара ақылдаса отырып, алдымыздағы кітапқа көз жүгірте отырып,А4  қағазының бетіне өз білгендерімізді түсіреміз,жазамыз. 7 мин

Енді бір-бірімізбен ауысып,   өз тақырыптарыңды келесі жұптарыңа түсіндіріңдер.

 5 мин

Тақтаға  назар аударады «Болашақ» бағдарламасының тарихы мен нәтижелері  бейнеролигін көреді.   

Мағынаны тану

Топтық жұмыс:Топта «Болашақ» бағдарламасының тарихы мен нәтижелері туралы барлық мәліметтерді талқылап, кластер құрастырасыңдар және  тақтаға шығып қорғайсыңдар. 10 мин

 Тарихы

1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 

қаулысымен «Болашақ» халықаралық 

стипендиясы тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген.

Нәтижесі

Ø Соңғы жылдарда (2004 — 2010 жылдар) «Болашақ» стипендиаттарымен қатар түлектерінің де саны жылдан жылға артуы байқалуда.

Ø 2008 жылдан бастап ғылыми және педагогикалық қызметкерлерге  ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берілген, сондай-ақ ауыл жастары, мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми және педагогикалық қызметкерлер үшін академиялық бағдарламаларда оқу үшін квоталар енгізілген.

Ø 2011 жылдан бастап мамандарды даярлау стипендиат, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және жұмыс беруші арасында үш жақты шарт жасаумен кадрларды іріктеу және даярлаудың бағдарламалы-мақсаттық әдісі шеңберінде жүзеге асырылуда.

Ø 2012 жылдан бастап меншіктің кез келген нысанындағы ұйымдардың ғылыми, педагог, медицина және инженерлік-техникалық қызметкерлерге кәсіптік тағылымдамадан 1 айдан 12 айға дейін өту мүмкіндігі берілді.

 Үш шапалақ. Смайликпен бағалау

Сергіту сәті.

Тақтадан бейнеролик көрсетемін.

 

Деңгейлік тапсырмалар

Ал  , балалар, мәтіннің мазмұнын түсіндік ,  енді  тапсырмаларды орындап шығайық.

4-тапсырма

Жұптық жұмыс. «Өз жұбыңды тап» ойыны.
Ойынның шарты: берілген тапсырмадан өз жұбыңмен диалог құрау.

 

Бағалау Енді оқушыларды бағалап жіберейін. Өте жақсы, белсене  қатысты.

  

Бекіту

 Тапсырма  «Жалған және шындық » әдісін қолдану. Мәтін мазмұнынан дұрыс жауабын «шын» немесе «жалған» сөздерін таңдай отырып, дәлелдеңіз. 3 мин

СӨЙЛЕМДЕР

ШЫН

ЖАЛҒАН

1

Біз, осы заманғы білім беру жүйесін белсенді

түрде дамытып, білікті мамандар даярлап шығаруымыз қажет.

2

Бізге Қазақстанды алға бастайтын, бүгінгі заман талабына сай білімді азаматтар қажет емес.

3

Шетелде оқитын Қазақстандық студенттеріміздің білім алуын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселесіне ерекше назар аудармауымыз қажет.

4

Мемлекетіміз тарапынан қолдау көрсеткен жағдайда ғана, жастарымыз тұрақты, әрі өмірдегі орны мен бағытын нақты анықтай алмайды.

5

Бұл «Болашақ» түлектерінің қызмет сатысындағы жетістіктері мен кәсіби шеберлілігін арттыруды қамтамасыз етті.

6

Жоғарғы арнаулы білім мен бакалавриат дәрежесінде білім алғысы келетін үміткерлер үшін шәкіртақы бөлінбеді.

7

2005 жылғы байқау қорытындысы бойынша, үміткерлердің жалпы саны 6698 адамды құрамайды.

8

Сонымен қатар, бізге әлемнің ең беделді оқу орындарын бітіріп, елдің тілін жетік меңгерген, халқымен еркін байланыс құра білетін түлектер керек емес.

9

Бұл бағдарламаны құрудың негізгі мақсаты - дарынды жастардың сапалы білім алуын қамтамасыз етіп, шетелде алған білімдерін елдің жарқын болашағы үшін жұмсауына мүмкіндік туғызу.

1 0

Олар еліміздің дамуы үшін жаңа технология жүйесін әкелмейді.



 

 

 

 

Рефлексия.

Қорытынды. Слайд

Сабағымды  «Болашақ» бағдарламасының (степендианты) түлегі Мақсат Ысқақовтың мына бір сөзімен  қорытындылағым келеді.  Қане, видеороликке көз жүгіртсек.
       Сабақтың қорытындысын шығару. Оқушылар, бүгін біз сабақта қандай тақырып өттік? «Болашақ» бағдарламасы дегенді қалай түсінесіңдер? 2 мин
Үйге тапсырма: .«Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» тақырыбына ақпарат жазу. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Никельтау орта мектебі

 

 

 

 

Ашық сабақ

Қазақстанның болашағы – жастардың қолында

«Болашақ» бағдарламасының степендиялары

 

 

 

Сыныбы: 10 орыс

 

 

Орындаған: Қорғанбаева Г.Ж.

 

 

 

 

2016-2017 жж.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Қазақстанның болашағы - жастар қолында" сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 075 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2017 11146
    • DOCX 244 кбайт
    • 138 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қорғанбаева Гүлнұр Жанғазықызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13625
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой