Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Тесты / Ашық сабақ на казахском языке на тему "аналар
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Ашық сабақ на казахском языке на тему "аналар

библиотека
материалов

hello_html_m65927531.gifhello_html_m28e9ec72.gifhello_html_m7158bb15.gif

«Манашы орта мектебі »ММ









/ Мектепшілік семинар/



Тақырыбы: «Ток күші.Амперметр»

Өткізген:физика пәні мұғалімі Ногаева С









2014 – 2015 оқу жылы






қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жүргізген мұғалімнің

аты-жөні

Ногаева Светлана

Избергеновна

8 сынып

Бейнеу ауданы

Манашы орта мектебі

Сабақтың атауы

§ 36 Ток күші.Амперметр

Сілтеме

Физика 8 сынып, слайдтар, сабақ жоспары электрондық оқулық

Жалпы мақсаты

Ток күшнің күнделікті өмірде маңызы зор екенін түсіндіру. Ғылым мен техникаға қосатын үлесін білу.

Күтілетін

нәтижелері

Физикалық құбылыстардың күнделікті өмірмен байланысты екенін түсінеді және қолдану жолдарын біліп,қауіпсіздік ережесін сақтау керек екенін түсінеді.

Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері

Топпен жұмыс, диалогтық оқыту, Блум таксмономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы,ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі

Амперметр,өткізгіш сымдар,кілт,батериялар,проектор, слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, ресурстар тапсырмалар

Тапсырмалар

І тапсырма 10мин

Мәтінмен жұмыс:

І-топқа

Ток күші деп нені айтады?Қоғамдағы ролі?

ІІ-топқа:

Ток күшінің бірлігіне нені қабылдайды?Ғалымның өмір баяны?

ІІІ-топқа:

Ток күшін қандай құралмен өлшейді?Ток көзіне амперметрді,кілтті,қыздыру шамын қосыңыз,не байқадың?Себебін түсіндір.

ІУ-топқа:

Ток күшін техникада қолданлуы? Ток күшін қалай есептеуге болады?

ІІ тапсырма

Есептер шығару.

І-топ:

Электр ошағының ток күші 1 А Оның сымының көлденең қимасы арқылы 10 мин. ішінде қандай электр заряды өтеді?

ІІ-топ

Электр шамының тізбегіндегі ток күші 0,3 А Шам спералының көлденең қимасы арқылы 5 мин ішінде неше электр заряды өтеді.
ІІІ-топ

Мөлшері 100 мА,3кА,2000мА болатын ток күшін амперметрмен өрнектеу


ІУ-топ:

Жарықтандыру шамының көлденең қимасы арқылы 1 мин ішінде 24 Кл электр заряды өтеді.Ток күшін тап.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеу

Психологиялық дайындық.
Оқушылармен шеңберге тұрып шаттық шеңберін өткізу.

Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап”

1.Электр тогы дегеніміз не?

2.Электр тогының әсері ?

3.Қандай құрылғыларды ток көздері деп атайды?

Топқа бөліну:

Білу : «Түрткі салу»

Сырт еткіздім түймені,

Жарқ еткіздім бөлмені,

Шоқтан қолым күймеді.

(Электр шамы)

Жаңа тақырыпты өздері игеруге көмектесу.

Кезекші оқушы сабақта кім жоқ екенін айтады.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады.

Оқушылар әр топтан жауап береді.

І- топ “қуат”
ІІ- топ “механика”
ІІІ-топ “электр”
ІУ-топ “жұмыс”



Барлығы сыныппен жауап беріп отырады.

ТҮСІНУ Диалогтық оқыту

Әр оқушыға тапсырмалар беріліп, оқушылар осыған сәйкес тапсырмаларды орындайды және әркім өз жауаптарымен алмасып бір-бірімен пікірлеседі.

Әр оқушы өзіне берілген тақырыпты игеруге арналған тапсырмаға ұқсас тапсырмаларын орындайды .Оқушылар бағалайды.Марапаттайды.

ТАЛДАУ- Сыни ойлауын дамыту

Мәтінді берілген тапсырмалар бойынша постермен қорғау.

Балалар тақтаға қарап назар аударып отырады.

Бұл мәтінді тақтаға оқушылар кезектесіп постермен қорғайды.

Оқушылар жұпта мәтінді толықтыру жұмысын жүргізеді. Сосын әр топ алмасып бір-бірін тексеріп, бағалайды.

ҚОЛДАНУ

Мәтінді постер арқылы қорғау.Тәжірибе жасау.Есептер шығару.

Есептерін тақтаға, дәптерге орындайды.

ЖИНАҚТАУ

Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету

Жұптарға тапсырма.



Оқушылары кезектесіп сұрақтар қояды


Бекіту «Не білеміз?Не білгім келеді? Не білдік?»

Сәйкестікті анықтау:

hello_html_mdd9a2f0.gif F=mg



А=FS


E=mgһ




Оқушылар толтырады.

Кері байланыс .Жаңа сабақтан алған әсерін стикерге жазып,постерге жапсыру.

Бағалау Бүгінгі сабақта нені меңгергенімізді «Кім алғыр?» ойыны арқылы тексереміз.

Сөйлемді жалғастырыңдар:

-бүгінгі сабақта үйренгенім...

-бүгінгі сабақта ұнағаны...

-бүгінгі сабақта қайталадық...

-бүгінгі сабақта өзіме қойған бағам...

-бүгінгі сабақ ... өтті.

Оқушылар сендер өздерінді өздерін бағалайсыңдар.

Мұғалім:Бәріміз жақсы жұмыс жасадық.Рахмет балалар!



Жұптағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды

Үйге тапсырма :Кернеу.Вольтметр.Реферат жазу.



Оқушыларға стикерлер таратамын.

Оқушылар өздеріне сай стикерді таңдап дайын плакатқа жапсырады.







Бағалау парағы


Оқушының аты – жөні

Үй тапсырмасын

тексеру


Постер қорғауы


Белсенділігі


Қорытынды

баға



3 2 1

3 2 1

3 2 1

3 2 1

1






2






3






4






5






6















Бағалау парағы


Оқушының аты – жөні

Үй тапсырмасын

тексеру


Постер қорғауы


Белсенділігі


Қорытынды

баға



3 2 1

3 2 1

3 2 1

3 2 1

1






2






3






4






5






6

















Ақындар шықсын айтысқа...

Айтысып тер төкпесе,қазақ, қазақ болама.

Механика мен Электр мырзаларын ортаға шақырамыз.


Механика: Ассалаумағалейкум, электрім,

Немене болып кеткен сенің түрің

Төленбей дер кезінде еңбек ақың,

Бейшара халге түсті – ау, әрбір күнің.


Электр: Механикам аман ба?

Тап болған мына заманға,

Өзіңе ешкім көз салмай,

Көңілің сенің алаң ба?


Механика: Неменеге алаңдайын бала батыр

Өзендер арнасында ағып жатыр.

Қадірімді сен менің білмей кетсең,

Сөзсіз – ау болатыны заман ақыр.


Электр: Қорқытпағын сен мені,

Заман ақыр сөзімен.

Энергия халық алуда,

Электрдің көзінен.


Механика: Ол жағын дұрыс айттың бала батыр,

Электрмен жарықтанып дала жатыр.

Кей -кезде ашуланып долданумен,

Шығарасың тіпті от сатыр – сатыр.


Электр: Физикадан басқалар,

Өзіңменен теңбе еді?

Салыстырып өзгемен

Мойындағын сен мені.

Мақсатымыз емес ғой,

Механикамен электрдің

Бірін – бірін женгені.


Механика: Электр-ау ,электр.

Ғалымдар ойлап табуда

Электр алу жолдарын,

Дауласуды тоқтатып,

Бір тоқтамға келейік,

Болашаққа біздерде,

Үлесімізді қосалық


І -топ:

Электр ошағының ток күші 1 А.Оның сымының көлденең қимасы арқылы10 мин. ішінде қандай электр заряды өтеді?



ІІ-топ

Электр шамының тізбегіндегі ток күші 0,3А шам спералының көлденең қимасы арқылы 5 мин ішінде қанша электр заряды өтеді?



ІІІ-топ

Мөлшері 100 мА,3кА,2000мА болатын ток күшін амперметрмен өрнектеу


ІУ-топ:

Жарықтандыру шамының көлденең

қимасы арқылы 1 мин ішінде 24 Кл

электр заряды өтеді.Ток күшін тап.


І-топқа

Ток күші деп нені айтады? Қоғамдағы ролі?



ІІ-топқа:

Ток күшінің бірлігіне нені қабылдайды?Ғалымның өмірбаяны?



ІІІ-топқа:

Ток күшін қандай құралмен өлшейді?Ток көзіне амперметрді, кілтті,қыздыру шамын қосыңыз, не байқадың?Себебін түсіндір.



ІУ-топқа:

Ток күшін техникада қолданылуы?

Күнделікті үйімізде пайдаланған токты қалай есептеуге болады?




«Манашы орта мектебі»ММ





Аудандық «Үздік сынып жетекшісі-2015» байқауында өткізген:



Тақырыбы: «Жеңіс күні-Ұлы күн!»



Өткізген:

Манашы орта мектебінің

физика пәні мұғалімі: Ногаева С
















2014-2015






«Манашы орта мектебі»ММ







Аудандық «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі- білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты»атты педагогикалық оқуларда өткізген:



Тақырыбы: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»модулін сабақ барысында тиімді пайдалану




Өткізген:

Манашы орта мектебінің

физика пәні мұғалімі:Ногаева С








2014 жыл қараша




16.01.2015жыл 7 «А,Ә» сыныптары


Сабақтың тақырыбы: Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар,

газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға күштің әрекет тіреу ауданына тәуелді болатыны,

қысым, қысымның бірліктері мен Паскаль заңы туралы түсінік

беру

Сабақтың міндеттері: Қысым, қысымның қатты денелер, сұйықтар, газдар арқылы

берілуі Паскаль заңы туралы толық мағлұмат беру.

Күтілетін нәтиже:: Ойын технологиясы арқылы оқушылардың пәнге деген

қызығушылығын арттыру, есептер шығарту арқылы

ойлау қабілеті дамиды..

Сабақтың әдісі:сұрақ –жауап, ой-қозғау, демонстрациялық тәжірибе көрсету,АКТ

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, жетондар, слайд.

Құрал жабдықтар: проектор, динамометр, ағаш білеуше, Паскаль шары, құмы бар ыдыс, жіңішке төрт аяғы бар үстелше.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық ахуал орнату

  2. Оқушыларды топқа бөлу: І-топ Салмақ ІІ-топ Күш ІІІ-топ Масса

  3. Үй тапсырмасын тексеру: «Кім жылдам?» ойыны арқылы өткен тарау

материалдарын қайталау сұрақтары беріледі. Қай топ оқушылары жылдам,

әрі дұрыс жауап берсе, сол топқа 1 жетон беріледі.

1. Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?

2. Күш немен сипатталады?

3. Гук заңын айт.

4. «Деформация» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

5. Күштің өлшем бірлігі?

6. Пластикалық деформацияға мысал келтір.

7. Дененің салмағы дегеніміз не?

8. Қандай күшті үйкеліс күші деп айтамыз?

9. Үйкелістің неше түрі бар?

І-тапсырма Мәтінмен жұмыс / постер арқылы қорғау/


І-топ Салмақ: Қысым дегеніміз не?Мысал.

ІІ-топ Күш Қысым ауданға тәуелді ме? Мысалмен түсіндір.

ІІІ- топ Масса Паскаль қағидасы?Өлшем біріліктері?


Тапсырманы орындауға 5 мин беріледі / жәй әуен/


І-топ Салмақ: Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды.

Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:

р - қысым,

Ғ - бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші;

S - күш түсетін беттің ауданы.


ХБЖ - да қысым Паскальмен өлшенеді..

Біз күнделікті тұрмыста пышақ, қайшы, ине сияқты алуан түрлі құралдарды пайдаланамыз. Алайда олардың әсері осы күш түскен беттің ауданына тәуелді болатынын байқай бермейміз.

Мысалы, матаны ұшы доғал инеге қарағанда, үшкір инемен тесу оңай; өткір пышаққа қарағанда өтпейтін пышақпен кесу қиын, сол себепті құралдардың кесетін жерінің ауданын кішірейтіп, өткірлеу үшін әр уақытта да олардың жүзін мұқият қайрауға тырысады.Мынадай тәжірибені қарастырайық. Жіңішке төрт аяғы бар үстелшені төңкеріп, ыдыстағы құмның үстіне қояды да, оны массасы 5 кг кір таспен бастырады. Бұл жағдайда үстел құмға батпайды.Ал, үстелшенің бетін жоғары қаратып, үстіне сондай кір тас қойғанда, оның аяғы құмға батып кетеді.

C:\Users\админ\Desktop\сабағымдағы сур\P1010478.JPGC:\Users\админ\Desktop\сабағымдағы сур\P1010448.JPG

ІІІ-топ Күш Бізге берілген тапсырмада,қысым ауданға тәуелді ме деген сұраққа жауап берер болсақ,әрине тәуелді.Оған мынадай мысал айтуға болады.Адамның қармен жүруі қиын, өйткені ол қадам басқан сайын қарға омбылайды. Ал аяғына шаңғы байлаған адам қар үстімен жеңіл жүре алады. Мұның себебі не? Шаңғымен де, шаңғысыз да адам қарды өзінің салмағына тең бірдей күшпен басады. Бірақ ол күштің бұл екі жағдайдағы әрекеті бірдей емес. Өйткені шаңғы бетінің ауданы адамның табанының ауданынан жиырма еседей үлкен. Сондықтан ол шаңғымен тұрғанда қар бетінің әрбір шаршы сантиметр ауданын шыңғысыз тұрғандағыдан гөрі жиырма еседей аз күшпен басады. Алақаныңды жоғары қаратып, сол қолыңды үстелге қой. Кітапты алақаныңа қырымен қойып, оны оң қолыңмен төмен қысып бас.

Сол қолың қысымның артуын сезе ме? Енді кітапты алақанға емес, үстелге қой. Бір қолыңмен кітапты үстінен ақырын бас, екінші қолыңды кітаптың қырына тигізіп ұстап тұр. Осы кезде қол қосымша қысымды сезе ме?

Міне, осы тәжірибені жасай отырып, кітаптың өзіне түсірілген қысымды бір бағытта ғана тарататынына көз жеткізуге болады.

C:\Users\админ\Desktop\сабағымдағы сур\P1010477.JPG

ІІ-топ Масса:Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың барлық қасиеттері олардың құрылысына байланысты болады. Сондықтан біз ең әуелі оларды құрайтын молекулалардың қалай орналасқанын, қалай қозғалатынын және бірімен – бірі қалай әрекеттесетіні бізге белгілі.Ал енді сұйықтар мен газдарда қысымның берілуі басқаша болады. Сұйықтар мен газдар қысымды, қатты дене сияқты бір бағытта ғана емес, жан – жаққа бірдей таратады.

Паскаль шары деп аталатын құралмен тәжірибе жасап көрейік. Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылаулары бар шардан және поршеньді цилиндрден тұрады. Егер шарға су немесе түтін толтырып, поршеньді бассақ, шардың саңылауларынан су немесе түтін барлық бағытқа бірдей ұзындықта шапшып немесе будақтап шығатынын байқаймыз. Бұдан қысымның барлық бағытқа таралып қана қоймай, оның мәнінің де бірдей болатыны көрінеді. Бұл сұйықтар мен газдардың өзіне түсірілген қысымды барлық бағытқа бірдей жеткізетінінің дәлелі.

Көптеген бақылауларға сүйене отырып, француз ғалымы Блез Паскаль сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеді.

Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады.

Өлшем бірлігі француз ғалымының құрметіне қойылған:

гПа=100 Па=102 Па

кПа=1000 Па=103 Па

МПа=100000 Па=106 Па

Сергіту сәті

2- тапсырма Есептер шығару

«Күш» тобының есептері:

1

200см2 ауданға түсірілген күш 100Н – мен әсер ететін болса, қысым қандай болар еді?

«Салмақ» тобының есептері:

1

Бетке 45 кН күш түсіріп 2 кПа қысым алсақ, ауданы қандай болған?

«Масса» тобының есептері:

1

Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 78Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1, 95м, ал ені 6 см. Шаңғышының қар бетіне түсірген қысымын табыңдар.

3-тапсырма

Жалпы үш топқа тапсырма:

Шығармашылық жұмыс. Динамометр, сызғыш көмегімен ағаш білеушенің үстел бетіне әсер ететін қысымын анықтау

4.Кері байланыс:«Кім алғыр?» ойыны арқылы тексереміз.

5. Бағалау.Смайлик арқылы бағалау.Марапаттау.

6. Үйге тапсырма: §43, 44.




































Автор
Дата добавления 24.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Тесты
Просмотров96
Номер материала ДВ-550944
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх