Инфоурок Другое Другие методич. материалыАуырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

Скачать материал

       

Сабақтың тақырыбы: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде...»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын,өмір сүру үшін денсаулықтың қажеттілігін түсіндіу.

Дамытушылық: Салауаттану-адам жанының да,тәнінің де тазаруы,сондықтан салауатты өмір салтын үйрету.

Тәрбиелік: Жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер, сөзжұмбақ.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Мұғалім: «Бірінші байлық - денсаулық» - дейміз. Денсаулық –  рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі  шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған.
Балалар мен жастардың денсаулығына қауіп тууда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез – құлық. Мамандардың айтуынша «денсаулықтың мықты болуы адамның ерік – жігеріне байланысты, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды». Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі – адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. 
Халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуы тиіс. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды. Салауатты өмір салтына дене шынықтыру, спорт, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң таза ауада бір – екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7 – 8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс.
Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және аманат еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз. Адам денсаулығына
зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болған жөн.

 Оқушылар  тақтадан оқиды.

http://38.astana-bilim.kz/files/sites/1383501556051848/files/SYNYP%20sagattary/14.jpg


I.  “Денсаулықтың он құпиясы”:

(оқушылар түсті қағаздан гүл құрап тақтаға іледі.)
1. Таза тұрып,таза жүру.
2. Таза ауада дем алу,серуендеу.
3. Шынығу адамға күш әкеледі.
4. Дұрыс тамақтану.

5. Күлкі.
6. Дем алу.
7. Тұлғаны түзу ұстай білу.
8. Зиянды заттардан аулақ болу.
9.Сүйіспеншілік күші.
10. Таза қоршаған орта.

ІІІ. Сөзжұмбақ шешу:

1.Спорт ойындарында пайдаланылатын негізгі зат? (доп)

2.Өкпені құртатын улы зат? (темекі)

3. Тұмау кезінде ішетін ұнтақ дәрінің аты не? (аспирин)

4.Тазалыққа пайдаланылатын негізгі зат? (сабын)

5.Адам тыныс алу үшін не керек? (ауа)

6. Қандай адамдардың көңіл күйі болмайды? (ауру)

7. Жуынбай жүрген бала қандай бала?  (жалқау)

8. Жалқаудың досы? (ұйқы)

9. Қоршаған ортаны  қорғау үшін не керек? (тазалық)

 

 IV.    Көрініс: Байлық пен денсаулық

 Кім көп біледі? (оқушылар денсаулыққа байланысты мақал айтады)

1. Темекінің кермегі, еріккеннің ермегі.
2. Елемеген ауру жаман, ескірмеген дау жаман
3. Іздеп алған аурудың, емі табылмас.
4. Дәмі бардың, емі бар.
5. Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.
6. Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті.
7. Ауырып, жазылған жан олжа, жоғалып, табылған мал олжа.

 

V.   Ал енді балалар біз өзіміздің салауатты өмір салтына байланысты тақпақ, мақалдарымызды  ортаға салайық.

Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,
Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.         (Еңлік)

Ей, болашақ!
Саулығың өз қолыңда,

Жаламасын тәніңді у, санаңды мұң.       (Ерасыл)

Нашақорлық - жайылған індет, білем,
Жоймай оны жақсылық күнжоқ, білем . (Дина)

Жымысқы жау- арақ мынау. 
Аңқылдаған жалпылдаған. 
Аңқау жұртым қазағым. 
Сенгіштіктің көнбістіктің, 
Тарттың әдбен азабын.                            (Ажар)

  Салауаттылық-сергек те,

  Таза жүру өмірде.

  Адамзаттық келбетке

  Дақ түсірмеу тегінде.              (Толғанай)

 

Басты байлық-денсаулық,

Бабаң айтқан даналық.                 (Әли)

 

Денсаулық-ол шыныққан

Барлық денең мүшесі

Денсаулық-ол тыныққан

Жүйке-тамыр жүйесі.                   (Ринат)

 

Денсаулық-ол күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық-ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.                 (Руслан)

 

Сақта жолын сен тауып,

Осы шақтан балалық.

Болар барлық мүшең сау,

жүрсе жылдар бойында

Баяндалған осынау

Ережелер ойыңда.                 (Дінислам)

        



Денім сау болсын десең –тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында. 
2. Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады. 
3. Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп –тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар. 
(«Мың бір хадистен») 
 

Бәрі:
Ұланымыз туған еліміздің,
Нашақорлық жойылсын!- өктем үнім.
Салауатты өмірдің әнін тыңдап,
Арманымыз ұшып жүр көкте бүгін.

VI Қорытынды:  «Қолшатыр...» Барлық оқушылар бүгінгі өткен сабақты қорытындылап  қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі. 

 Денсаулық достары: таза ауа, көңілді жүру, дұрыс ұйқы, тазалық, шынығу, демалу, дұрыс тамақтану, спорт.
Денсаулық дұшпаны: күн тәртібін сақтамау, салақтық, дұрыс тамақтанбау, жалқаулық, зиянды әрекеттер.

Мұғалім: Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек.
Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» - деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан. 
Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен.



 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 126 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2016 7865
    • DOCX 288.3 кбайт
    • 65 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Юсупова Зухра Аскарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Юсупова Зухра Аскарбековна
    Юсупова Зухра Аскарбековна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28184
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой