Сабақтың
тақырыбы: А.Байтұрсынұлының өлеңдерінің өзекті
ойы.
Мысалдарының тәрбиелік мәні.
Сабақтың
мақсаты:
Оқушылардың А.Байтұрсынұлы
туралы білімдерін толықтыру. Аудармаларына тоқталу,мысалдары туралы түсінік
беру.
Тапсырмалар арқылы
оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге баулу. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Жағымды мінездерге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі:
сұрақ жауап,мәнерлеп оқу,мазмұнын ашу.
Пәнаралық
байланыс:орыс әдебиеті.өзін өзі тану.
Сабақтың
барысы:
I.Ұйымдастыру
кезеңі:Оқушылармен амандасу,қатыстарын түгелдеу.Сынып бөлмесінің тазалығына
көңіл бөлу.
II.Үй тапсырмасын
тексеру: Өткен тақырып бойынша балаларға бірнеше сұрақтар қоямын.
а\А.Байтұрсынұлы
қай жерде дүниеге келді?
ә\ Оның қандай
шығармаларын бәлесіңдер?
б\ «Ақын
ініме»өлеңінің мазмұны?
III.
Жаңа сабақ:
А.Байтұрсынұлының
өлеңдерімен таныстыру,мазмұнын ашу.Оқушылар зейінін ақынның аудармаларына
аудару.Тақтаға тірек сызба сызып,сол арқылы түсіндіру.Оқулықтағы материалдармен
жұмыс жасау.
«Екі шыбын»мысал
өлеңін оқып,жұмыс дәптерге осы өлеңге лексикалық талдау жасау:
Мұрынын көкке
көтеру-
Біреудің
шылауында жүру-
Өз әддін өзі
білген адам-
Мысалда берілген
шыбын туралы өз ойларын білдіру.Мысалдың мысал жанрна жататынын кесте арқылы
дәлелдеу.
Шыбын қандай
жәндік?Ақын оны қалай сипттаған?
Тапсырманы жұмыс
дәптерге жазбаша орындайды .
IV.
Сабақты бекіту:Тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қою.
а\ мысалда қандай
мінезді адамдар сипатталады?
ә\Ақын өлеңдерінің
өзекті ойы не?
б\ өмірден қандай
мысалдар келтіруге болады?
V.
Қорытынды,бағалау: сұрақтарға атсалысып жауап беріп
отырған оқушылар білімі бағаланады.
VI.
Үй тапсырмасы:хрестоматия оқулығындағы ақын мысалдарын
оқып,өздеріне ұнағанын жаттап келу.
VII. Рефлексия кезеңі: Алған әсерлері туралы ой
бөлісу.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.