Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / «Қазақ хандығына 550 жыл» атты әдеби тәрбиелік кеш.

«Қазақ хандығына 550 жыл» атты әдеби тәрбиелік кеш.


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

«Қазақ хандығына 550 жыл» атты әдеби тәрбиелік кеш.

Мақсаты:

Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұнғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.

Керей мен Жәнібек ханның билік саясатына түсінік беру.

Тәрбиелік: Тұнғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегі бағалай білуге тәрбиелеу , өз елінің тарихына,адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Дамытушылық: Өз бетінше қорытынды жасуға, өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.

Кітапханашы: Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның үшымен қолына алып жаудан қорғаған.Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. Н.Ә.Назарбаев айтқандай

«Қазақ хандығының құрылуы-Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылады.Биылғы жыл-қалын қазақты бір жасатып тастады»

Бүгінгі «Қазақ хандығына -550 жыл» атты әдеби кешіміз осы ерекше датаның өз деңгейінде атап өтілуі біздің қосқан үлесіміз болып табылады.

1- жүргізуші: Армысыздар осы кештің қонақтары

Халқымның ашық болсын атар таңы

«Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл атты әдеби кешіміздің

Беделін көтерейік тарихтағы.

2-жүргізуші:Сәлем бердік кешіміздің көрермені

Қазақтың ол аныққой өнер кені

Тарихи кешімізге қош келдіңіз

Алдарыңда болашақтың өреңдері.

1-жүргізуші:Еуразиянң қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған,тарихы солармен тағдырлас қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбелі десеңізші.

Сіздердің назарларыңа»Қазақ елі» атты видео роллигін ұсынамыз.

2-жүргізуші : Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт береке қашпасын деп,

Еліміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Басымыздан сөз асырмаған елміз.

1-жүргізуші: Әр адамзаттың қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің ата- мекенін қалай білуімен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашанда отаншыл,ұлтжанды болмақ

Күй

2-жүргізуші: Қазақ жерінде саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайрдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.

1-жүргізуші : Ия сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды .Ол туралы тарихшыларымыз Махмұд бинУәли мен М.Х.Дулати айтқандарына құлақ түрсек

Махмұд бин Уәли:»Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен.шығып, отанынан кетіп қалғанды жөн көрді.Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Моғолстанға апаратын жолды таңдап алды.»

М.Х.Дулати:» Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі.Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек мен Керей одан Моғолстанға қашып кетті..Есенбұға оларды шын ықыласпен қарсы алып,Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы округін берді

Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді.Онда үлкен шатақтар басталды.Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті.Олар енді өзбек- қазатар деп аталатын болды.Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады.Бәрін де Алла біледі.»870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465-1466 жылдары.

Көрініс «Сұлтандар кеңесі»

(Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді) -Ассалаумағалейкум, ағалар.

-Уағалейкумассалам, төрлетіңіздер.

Ақсүйектер басшышы:-Бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз.Елді бейберекетсіздік басып алды.Хан-екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті.Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім.

Бөлінетін кез келмеді ме екен?

Жәнібек: -Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр.Өз алдымызға ел болатын күн келді

Керей:-Бар қазақты біріктіріретін уақыт келгенін халық та түсінеді, соңымыздан ереді деп сенемін

Жәнібек:-Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді.Моғол ханы Есенбұға туысымыз дулаттрадың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Бұдан Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде.Сонда жол тарсақ қайтеді.

Керей:-Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.

Сұлтандар:- Біз дайынбыз бастаңыздар көшті.Біз сіздермен біргеміз.

Жәнібек:Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзіңіз бата беріңіз.

Керей »Жолыңды Алла қолдасын,

Жаманшылқ болмасын.

Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,

Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.

Барған жерде құшақ жая қарсы алсын,

Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.

Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын,

Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын.

Көңілің шат,ат-көлігің арымай,

Отбасыңмен аман-есен табысқан.»

2-жүргізуші

1465-1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығынң ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта- үмітін жүзеге асырды.

1-жүргізуші: Екіншіден суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалын қазақтың мақтанышына айналды.Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кездеЖетісудың ағашының басы жемі екен» десе,екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы:»Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты,мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.

Қазақ биі.

2-жүргізуші: Халқымыздың тарихында ел үшін ұрпағының болашағы үшін алысып өткен хандар мен билер, батырлар, ойшылдар көп болған, ең бастысы олар от ауызды, орақ тілді, ақылы асып туған ерлер болып бізге таңылды.

«Қазақ мемлекетіне -550 жыл» Мұхит Жақсылықұлының өлең жолдары 8 сынып оқушылары жатқа оқиды.

Ұлы боп көк тәңірдің саналатын,

Орындап сол тәңірдің аманатын.

Мәңгілік ел болуды мұрат етіп,

Бумын құрған Түріктін қағанатын.

Жауларын айбарымен алжастырған,

Бумын ісін істемес жалғастырған.

Тоз-тоз болған халықтың басын қосып,

Ұлы Түрік қағанатын заңдастырған.

Армандап Түрік елін болсын деп,

Төрт түлігі әманда сай болсын деп.

Халқының киімі көк, қарын тоқ

Елі бейбіт, көңілі жай болсын деп.

Сол үшін ұзақ түндер ұйықтамаған,

Қара бастың қамын еш құнттамаған.

Батыр бабам Күлтегін,Тоныкөктер,

Жорықтарда тамшы су ұрттамаған.

Түрік жұрты осылай өсіп-өнген,

Ынтымаған жарасып жауды женген.

Билік-таққа таласқан аға-бауыр,

Ақыры Қағанатты екі бөлген.

Кезінде жарты әлемді билеп тұрған,

Бірлігіне басқалар құлдық ұрған.

Ыдырап Ұлы түрік қағанаты,

Ру-тайпа өзінше хандық құрған.

Айырылып айбынды түр келбетінде

Бөрі жеп бөлінгенді әр шетінен.

ЖойылдыШыңғыс ханның жорығында,

Қалалар Отырардай жер бетінде.

Түріктің бір бұтағы қазақ елі

Қайсар мінез өр еді, ғажап еді.

Жәнібек ,Керей хандар басын қосып,

Өмірге келген еді Қазақ елі.

Алтай мен Атыраудың арасында,

Жетісу, жеті өзеннің сағасында.

Бірігіп Ұлы, Орта,Кіші жүз болып,

Хандық құрды қазақ өз даласында

1-жүргізуші: Арманы жүзеге асып бабалардың,

Рухы асқақтады даналардың.

Есімі қайта қауышты ұрпағымен

Нақақтан шәйіт болған ағалардың

2-жүргізуші: Аманаты Абылайдың орындалды,

Әлемге қазақ елі мойындалды.

Тілі,діні, дәстүрі халқымыздың

Төрінен лайықты орын алды.

1-жүргізуші: Өркендеп алға басты Қазақстан,

Бақ құсы қайта қонды қолдан ұшқан.

Қуатты, берекелі, бейбіт елмен,

Санасатын болды енді міне дос пен дұшпан.

2-жүргізуші: Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы.

Бір мүдде, бір мақсат алдына қойғаны.

Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,

Тәуелсіз Мәңгілік ел болу арманы.

Ән «Жаса,Қазақстан!»


«Тарихым- азат елдің Ар-намысы!» өлеңін оқу.

Көз тіккен тарихыма жұмыр ғалам,

Ешкімге найза сүйеп ұрынбаған.

Тарихы өзгелерге өнегелі,

Керей мен Жәнібектей ғұмыр бабам.

Тарихым тірегімсің рухы бекем,

Өзіңмен өзгелерлі рухты етемін.

Ұлы Дала кемел елдің бастауы,

Қазақстан ырысың кең, құт мекенім.

Тарихтың көшінде еш қалмадың,

Аялаған адамзаттың арманын.

Жол бастайды болашаққа жасампаз,

Бастырып оң аяқпен нық қадамын.

550 жыл тарихым ғой ар үнім,

Жас ұрпаққа ұшқын берер жалыным.

Өткен күннен қалған із бар тарамды,

Жарқырайды жұлдызы боп бағының.

Ешкім де мін таға алмас елдігіме,

Дауласып жармаспайды белдігіме.

Бойымда ата тарих өріліп тұр,

Даламның тұнып тұрған теңдігіне.

Еліне оралатын тілегі шын,

Ей, қазақ- Отанымның түлегісің!

Қабанбай, Бөгенбай мен Махамбеттің

Қадірін тарихымның білемісің?

Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,

Тікілей әсер еткен құмырына.

Айналған бақ жұлдызы мызғымайтын,

Тәуелсіз мемлекттің тұғырына!

Болғанмен бұл өмірде айлаң күшті,

Ел үшін кім тындырар қайран істі?

Елінің асуы мен белестері,

Ол-дағы баршамызға байланысты!

Өркендеп өз қолына алған ісі,

Биікке қазағымның самға, құсы!

Халық боп қадір тұтып, қастерлеген,

Тарихым- Азат елдің Ар-намысы!

Қазақ хандығы құрылыуның тарихи оқиғалар тізбесін еске түсіріп, тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, оқушыларымызды отансүйгіштікке тәрбиелеп, болашаққа бағдар береді. Бұл мереке- еліміздің ең маңызды және беделді оқиғалардың бірі, жүрегі қазақпын деп соғатын әрбір азамат үшін үлкен мақтаныш және Қазақ елін ұлықтайтын ұлы мереке.


Кітапханашы: Г.М.Далиманова



Автор
Дата добавления 03.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров86
Номер материала ДВ-502321
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх