Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / "Қазақ хандығының 550 жылдығы"

"Қазақ хандығының 550 жылдығы"


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақстанның қалалары.

(3-сынып)

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Қазақстанның қалалары туралы мәлімет беру, берілген мәтінді дұрыс оқуға, түсінуге дағдыландыру, модуль бойынша алған білімдерін кеңейту. Өз ойларын еркін айта білуге үйрету.

Ә) дамытушылық: Жаңа тақырып бойынша байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын молайту.

Б) тәрбиелік: Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Түрі: саяхат сабағы.

Әдіс: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, сөзжұмбақ шешу

Типі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: Дара мен Ботидің суреті, сөзжұмбақтар, суреттер, картаның сызбасы, үлестірме парақшалар.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Оқушылардың қызығушылығын ояту.

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз өткен сабақтардан өзгеше өтеді. Біз саяхатшы Дара және оның досы Ботимен Қазақстан қалаларына саяхат жасаймыз.

  • Саяхатқа пойызбен шығамыз. Пойызға отыру үшін үй тапсырмасын тексерейік. 7-тапсырманы тексереміз.

Жаңа сөздерді қаншалықты жаттағандарыңды тексеру үшін Ботидің жұлдызшаларындағы сұрақтарға жауап берейік.

  • Рахмет, жарайсыңдар! Үй тапсырмасын да, жаңа сөздерді де жақсы орындап келіпсіңдер. Пойызға отыруға рұқсат. Ал енді пойызға Дарамен бірге отырайық, пойызбен бірге қимылдаймыз. Алға!

  • Мынау, балалар, саяхат бағыты. Шиелі ауданынан шығып, Шымкент, Тараз, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Елордамыз Астана қаласына дейін жетуіміз керек. Дара Астана қаласын көргісі келеді екен.

  • Әр қаланың бізге тапсырмасы бар екен.

Тапсырмаларға дұрыс жауап берген әрбір оқушыға жұлдызшалар беріліп отырады. Дараға көмек беру үшін тапсырмаларды бірге орындайық.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сөздік: облыс- область;

ата(глагол)-назови.



1-бағыт бойынша Шымкент қаласына бару керек. Шымкент қаласына бару үшін мына тапсырманы орындаймыз.

1-тапсырма. Қазақстанның қалаларын дәптерге жаз. Әр қаланы әр оқушы тақтаға шығып жазып, Қазақстанның картасын (мозайка) жасап шығарып, әр қаланың байлығы туралы қысқаша айтып кету керек.



2- бағыт. Жамбыл қаласы.

2-тапсырма. Оқы, біл, аудар.

Тақырып бойынша берілген мәтін бойынша жұмыс жасау. Әр оқушыға көмек беру. Жаңа сөздермен жұмыс ұйымдастыру.



3-бағыт. Алматы қаласы.

3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер. Тапсырманы айтылым әрекетімен бастап, жазылым әрекетімен аяқтау.



4-бағыт. Қызылорда қаласы.

4-тапсырма. «Кел, ойнайық! Кел, ойлайық!».

5-бағыт.Қарағанды қаласы.

5-тапсырма. «Ойлан, тап!». Толықтырып, қалалардың атын ата.

(Белый)+тау (Красный)+орда (Черный)+ ғанды

(Белый)+төбе (Яблоко)+ты



6-бағыт. Астана қаласы.

6-тапсырма. Сөзжұмбақты ойланып шеш.

«Қалалар» сөзжұмбағы







  • Міне, біз Қазақстанның елордасы Астана қаласына келіп жеттік.

  • Дарамен бірге тапсырмаларды дұрыс орындау барысында Астана қаласына да келдік.

  • Балалар, сендер Астана туралы не білесіңдер?

  • Кім Астана туралы өлең біледі?

  • Кім Астанада болды?

  • Сонымен саяхатымыз сендерге ұнады ма?

  • Несімен ұнады?

  • Осы саяхат барысында кім қанша жұлдызша жинады? Соны есептейік.

Бағалау.

Үй тапсырмасы.

«Менің сүікті қалам»тақырыбына қысқаша мәтін құрап келу.





















Қазақ хандығына 550 жыл

10-сынып

(Би)

1-жүргізуші:

  • Армысыздар, құрметті қонақтар мен ұстаздар!

Бүгінгі қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған кешімізге қош келдіңіздер! 550 жылдық мерекесі құтты болсын!

2-жүргізуші:

-Гляну в прошлое-там горячо от пожара.

Верю: завтра настанут прекрасные дни,

Ибо в страсти и муках эпоха рожала,

И надежды ее материнским сродни.

Добрый день, уважаемые гости, учасники конкурса!

Сегодня в нашей школе знаменательный день. Мы рады приветствовать вас на конкурсе, посвященном юбилейной дате 550-летию образования казахского ханства!

1-жүргізуші:

  • Тұратұғын болашақтың үні кеп,

Тартылар күй, айтылар жыры көп.

Ерекше бір еркіндейік, бауырлар,

Бар қазақтың қайта туған күні деп.

Әнге толсын барлық қала, ауылдар,

«Отаным» деп әрбір жүрек дамылдар.

Қазақ хандығының 550 жылдығын ардақтау

Бәріміздің борышымыз, бауырлар!



Мерекені ашу рәсімі мектебіміздің директоры Калтаева Жанат Тешебайқызына беріледі.

2-жүргізуші:

-Позвольте представить вам наше уважаемое жюри.

1-жүргізуші:

  • «Өткенді танымай, болашаққа бағдар жасай алмайсың» демекші, қазақ хандығының құрылуына не себеп болды, соған көз жүгіртіп өтсек.

( «Сұлтандар кеңесі», Керей мен Жәнібектің Әбілхайырдан кетуі туралы көрініс)

1-жүргізуші:

  • Құрметті сайыскерлер, көріністеріңізді қазақ хандығының хронологиялық кестесі бойынша көрсетесіздер. Іске сәт.

  1. Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының құрылуына негіз болған Керей мен Жәнібекке арналған көрініспен 1-ші тобымызды сахнаға шақырамыз.

  2. Мұхаммед Хайдар Дулати- Қазақ хандығының тарихын алғаш зерттеуші.

Қазақ хандығының құрылуы туралы алғашқы деректерді М.Х.Дулати еңбектерінен білеміз.

Сахнаға М.Х.Дулатиге арналған көрініспен келген 2-ші тобымызды шақырамыз.

  1. Қасым ханның қасқа жолы.

Хан өтпес әділдікте Қасым ханнан

Атадан арналғандай озып туған.

Аталып «Қасым ханның қасқа жолы»

Мұра боп кейінгіге содан қалған,- демекші кезекті 3-ші топқа береміз.

  1. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығының күшеюі. Қазақ хандығын қалпына келтіру бағытында батыл қадамдар жасаған және қазақтардың мақтан тұтар айтулы тұлғасына айналған Ақназар ханға арналған сахналық көріністі 4-ші топқа дайындапты.

  2. Салқам Жәңгір. Қазақ тарихында жарқын істерімен қалып, есімі қазақ халқы үшін отансүйгіштік пен жанқиярлықтың, батырлық пен ерліктің символына айналған Салқам Жәнгірдің Орбұлақ шайқасындағы ерлігі мен тапқырлығы жайлы көріністі 5-ші топқа сомдайды.

  3. Жалаңтөс Баһадүр, жоңғарға қарсы көмегі. Қазақ елінің ертеңі үшін толарсақтан саз кешіп, кеуделерін оқ пен найзаға төсеген небір айтулы тұлғалар болған. Осындай ұлы бабаларымыздың бірі Сейітқұлұлы Жалаңтөс батырға арналған көрініспен 6-топты сахнаға шақырылады.

  4. Тәуке хан билігі, билер кеңесі.

Атылып Тәуке хан боп ел биледі,

Айырмай жарлы, бай деп тең биледі.

Артық қайрат, тапқыр ой болғандықтан,

Ешкім деп айта алған жоқ кем биледі.

1680-1715 жылдары хан болған Әз-Тәуке көрген саясаткер, ақылды дипломат, құдіретті хан болды.

Тәуке хан мен билер кеңесі туралы көрініспен 7-ші топты шақырамыз.

  1. Аблай хан мен Бұхар жырау

Күңіреніп ойлағанда Алаш жайын,

Жанымды орай берсе ұлы уайым,

Кеудемде күннің нұры толғандай боп

Жарылмаймын алты алаштың Аблайын.

Аблай хан мен Бұқар жырау көрінісін дайындаған 8-ші топты сахнаға шақырамыз.

  1. Қазақтың соңғы ханы Кенесары. Мемлекет қайреткері, әскери қолбасшысы, қазақ халқының 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Кенесары хан туралы көрініспен 9-топты сахна ортасына шақырылады.

  2. Батырлар ерлігінен.

Ел жауын зерттеп, өрт боп, тынбай зжортқан,

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас.

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан,

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.

Батырлар ерлігіне арналған көрініспен 10-шы тобымызды сахнаға шақырамыз.

  1. Жыршылар халық мұңын жырлаушы.

Заманының өздері куә болған елеулі уқиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан жыраулар өмірінен 11-ші тобымызды көрініс көрсетеді.

1-жүргізуші:

  • Тәуелсіздік ! тәу етем, һақ тағалам,

Сенің биік төбеңнен бақ тараған.

Тіл мен көзден сақтасын бір өзіңді

Өткен-кеткен саған бір жалт қараған.

Сенде қаны, бабамның, ағалардың,

Сені сом алтынға мен бағалармын.

Баға жетпес қадірің, қасиетің,

Мекені Қазақ елі даналардың.

(Ән. «Көк тудың желбірегені»)

1-жүргізуші:

Ту тігілді бар халқымның бағына,

Жас өрендер, желбіретіп нық ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата-баба рухына.

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағатты, өнегесі, еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Өскелең ұрпақ болар елдің ертеңі!

Сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.



1-жүргізуші:

Бүгінгі қазақ хандығының 550 жылдығына арналған игілікті іс-шара өз мәресіне жатті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!















Біз қазақша сөйлейміз.

(мектепшілік іс-шара)

Мақсаты: өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру. Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге шақыру.

Көрнекілігі: слаид, интерактивті тақтаны қолдану, музыка, кабинетті қанатты сөздермен безендіру.

Құрметті ұстаздар! Тілдер мерекесіне орай өзге ұлт ұстаздарымен өткізіліп отырған «Біз қазақша сөйлейміз» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!

  1. Армысыңдар, мектебімнің ұстаздары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін осы кеш ашылады

Сіздер үшін ұстаздарымыз өз өнерін ортаға салады.

Ұстаздар өнерін қазақ тілінде таныстырады.

  1. «Тіл білгірі» бүгін басталады

Білгірлерді, жұртшылық, қарсы алайық!

Көшбасшысы тілдердің- қазақ тілі,

Тағы басқа тілдермен достасайық.



Тілден асқан асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ,

Тілден асқан теңіз жоқ – дегендей қазақ тілінде мәнерлеп өлең оқуға дайындалып келген ұстаздарымызға сөз берейік.



  1. Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй,- деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті әнге берейік.

Ш.Қалдаяқов. «Арыс жағасында»



  1. «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы-ой»

Интерактивті тақтада көрсетілген суреттердің атауын тез ойлап, жазып шығу.



  1. «Мақал-сөздің мәйегі»- дегендей берілген мақалдардың баламасын тауып орнына қою.

  2. Әр ұстаз өзіне берілген қазақша іс қағаздарын оқып, аударып, қазақша қалай аталатынын табу. (өтініш, сенімхат, хаттама, мінездеме, хабарландыру,т.б)

  3. Көңіл-күйің қалай? / Смайлик арқылы сабақтан соңғы көңіл-күйлерін білдіру/



Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-

Мемлекеттік тілді білгені жөн болар.



Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!

Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!- деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.





























Етістіктің сөйлемдегі қызметі.

(8-сынып)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Етістіктің сөйлемдегі қызметі бойынша білім беру. Сөйлем мүшелеріне талдауға үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды жаттығулар орындату арқалы алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлауын дамыту.

Түрі: Дәстүрлі.

Типі: Аралас сабақ.

Әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, интерактивті.

Көрнекілігі: слайдтар, үлестірмелі қима қағаздар, оқулық, тақта,бор.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) сәлемдесу, түгендеу.

Ә) сабаққа назар аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: І,ІІ,ІІІ қатарға есімшелі, көсемшелі, тұйық етістікті мақал-мәтелдер жазып келу. Етістіктен өткенді қайталау.

Бекіту сұрақтары:

  1. Етістік дегеніміз не? Оның неше шағы бар?

  2. Осы шақтың түрлері, мысал ойлаңыз. Қалып етістіктерін атаңыз.

  3. Өткен шақтың түрлерін атаңыз.

  4. Есімше мен көсемшенің жұрнақтарын атаңыз.

  5. Етістіктің райларын атаңыз.

  6. Тұйық етістікке бірнеше мысал ойлаңыз.





ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Жақсы,балалар, етістік жайында жалпы біліміміздің қаншалықты екенін көрсете білдік.

Бүгінгі жаңа сабағымыз етістікпен тікелей байланысты. Жаңа сабағымыздың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі. Дәптерімізді ашып, бүгінгі күн мен сабақтың тақырыбын жазып қояйық. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді еске түсіре отырып, сұрақтарын қайталап өтейік.

(Ауызша тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің сұрақтары еске түсіріледі.)

Мұғалім: Жақсы, рахмет. Ал енді тақтадағы сөйлемдерге назар аудара отырып етістіктердің атқарып тұрған синтаксистік қызметін тауып көрелік. (ауызша)

Мен биыл мектепті бітіремін. (баяндауыш)

Оқу-білім бұлағы. (бастауыш)

Білгенге-маржан, білмеске- арзан.(толықтауыш)

Ол күлімсіреп қарады. (пысықтауыш)

Оқудың шегі жоқ.(анықтауыш)

Оқушылар тапсырмаларды ауызша орындайды.

Түсінбегендерін сұрай отырып, өз түсініктері бойынша ереже қорытқызамын. Оқушы жауабын тыңдағаннан кейін, толық түсінік беріледі. Етістік шақ, рай тұлғаларында жіктеліп келетін баяндауыш қызметінде болады.

Сөйлем соңында келген тұйық етістік жатыс септігінде немесе басқа тұлғаларда тұрып та баяндауыш қызметін атқарады.

Көсемше тұлғасында келіп, қимылдың амалын білдіріп, сөйлемде пысықтауыштың қызметін атқарады.

Тұйық етістік септеліп, кейбір шылаулармен тіркесіп келіп, сөйлемде пысықтауыштың қызметін атқарады.

Етістік есімше, тұйық етістік тұлғаларында атау септігінде келіп,сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.

Етістік есімше тұлғасында немесе ілік септігіндегі тұйық етістік зат есімдермен тіркесіп келіп, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады.

Етістік есімше немесе тұйық етістік тұлғаларында атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып, сөйлемде толықтауыш қызметін атқарады.



Оқулықпен жұмыс.

Жаңа сабақты түсінгенімізді байқау үшін, пысықтауға оқулықтағы 216-жаттығуға назар аударыңыздар.



Тапсырма. Мәтіннен етістіктерді тауып алып, сұрақтар қою арқылы сөйлемдегі қызметін анықтау.



Тақтамен жұмыс.

217-жаттығу (Етістіктің шақтарын, райларын ажырату.), 218-жаттығу (Етістіктерді тауып, тұлғасына қарай ажырату, сөйлемдегі қызметін анықтау).

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

«Етістік» сөз жұмбағын шешу.

Есімше

Бастауыш

Ілік

Пысықтауыш

Толықтауыш

Есім

Көсемше

  1. ған,-ген,-қан,-кен жұрнақтары арқылы жасалатын етістік.

  2. Оқу – инемен құдық қазғандай. Тұйық етістіктің қызметі қандай?

  3. Анықтауыш қай септіктің сұрақтарына жауап береді?

  4. Мен жақсы оқу үшін жүрмін. Тұйық етістіктің қызметі?

  5. Кітап оқудан жалықпа. Тұйық етістіктің сөйлемдегі қызметі?

  6. Есімшенің атқаратын екі қызметінің бірі.

  7. Жіктелмейтін жұрнақтары бар етістіктің ерекше түрі?



V. Үйге тапсырма: Тұйық етістікке сөйлем құрап келу. 215-жаттығуды көшіріп келу, мәтіннен етістіктерді табу.

Сыныпта 131-беттегі пысықтауға арналған сұрақтармен ауызша жұмыс жасау, етістіктің сөйлемдегі қызметіне 5 сұрақтан тұратын тест құрап келу, 215-жаттығуды орындау.

VІ. Оқушыларды бағалау.


Автор
Дата добавления 08.06.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров102
Номер материала ДБ-114443
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх