Инфоурок Физическая культура СтатьиҚазақ күресімен шұғылданатын жасөспірім балуандардың дене сапаларын жетілдірудің ерекшеліктері

Қазақ күресімен шұғылданатын жасөспірім балуандардың дене сапаларын жетілдірудің ерекшеліктері

Скачать материал

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

№22 жалпы орта мектеп коммуналдық мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Қазақ күресімен шұғылданатын жасөспірім балуандардың дене сапаларын жетілдірудің ерекшеліктері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Денешынықтыру пәні мұғалімі:      Т.С.Есенгелді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түркістан-2017ж

КІРІСПЕ

2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы ұзақ мерзімдік маңызды приоритеттерінің бірі ретінде ел тұрғындарының салауатты өмір бейнесін айқындайды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына жолдауында: «...Салауатты өмір сүру бейнесіне ынталандыру біздердің әрбіріміз дене жаттығуларымен шұғылдануға, дұрыс тамақтануға, қоғамдық және жеке гигиена талаптарын сақтауға, сонымен бірге есірткі, темекі, алкоголді ішімдіктерден және т.б. жағымсыз әдеттерден аулақ болуға бағытталған. Ауруларды болдырмау және денсаулықты нығайту бойынша жеткілікті дәрежеде қажетті мүмкіндіктердің болмауы жағдайындағы біздің стратегиямыз еліміздің тұрғындарын салауатты өмір сүру бейнесіне және дұрыс тамақтануға, гигиена талаптарын орындауға бағытталған ақпараттық науқан кең қанат жаюы тиіс...»-, деп атап өткен болатын [1].

Дене мәдениеті – адамның дене сапаларын дамытуға және денсаулығын нығайтуға, сонымен бірге қоғамдық іс-тәжірибедегі қажеттіліктерге сәйкес пайдалануға бағытталған әлеуметтік қызмет саласының бірі, қоғамның және жалпы мәдениеттің бөлігі.

Спорттық күрес, оның ішінде қазақ күресі халықтық спорт түрлерінің ішіндегі ең ежелгі және сүйіктілерінің бірі, яғни ол жас жеткіншектердің жан-жақты дене дамуының маңызды құралы болып табылады.

Қазақ күресінің көптеген елдер арасына танымал болып, халықтардың қызығушылығының артуы кездейсоқтық емес, яғни ол жасөспірімдердің үйлесімді үндестікте дамуы және қолданбалы дайындығының тамаша құралы болып табылады.

Тіршіліктің өзегі – күрес. Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі өмір сүру үшін күреседі. Батырлар жырындағы Алпамыс, Қобыланды, Едіге, Қамбар, Ер Тарғын, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың қалың қолға қайыспай шабатын, әрі белдескеннің тізесін дірілдетіп, құтын қашырған алып күші жайлы сан мәрте оқыған аңызға бергісіз жыр жолдары бекерден-бекер дүниеге келген жоқ. Мысалы, б.д.д. 539 жылы парсы патшасы Кирдің Вавилонды жаулап алған жеңісіне арнап өткізген үлкен мерекесінде Сақ патшайымы Томирис – Тұмар ханымның жұбайы Сыр өңірінің түлегі. Тигрохоудтардың айбынды патшасы Кавадтың ұлы Рүстем парсы, грек, мидия балуандарының жауырынын жер иіскетіп жеңіске жетсе, сақ тұлпары бәйгеден бірінші келді. Сақтардың жауынгер қолбасысы Рүстем өзінің сайыпқыран үш мың сарбазымен парсы патшасы Кирдің жеңімпаздық даңқына қызығып, оның әскеріне қосылып, ең қиын қамалдардың қатерлі қақпаларын алуға жәрдемдеседі. Соңынан Кир патшаның Сақ даласына жорыққа аттанатынын білген соң, Рүстем қалған жауынгерлерімен Кавказ таулары арқылы қиын асулардан асып еліне оралып парсы патшасының пиғылы туралы хабар жеткізеді. Осы жорық кезінде Кир патшаның Тұмар (Томирис) патшайымның қолынан қаза тауып, әскерінің түгелге жуық қырылатыны жайлы тарихтан мәлім. Рүстемнің б.д.д. 539ж Вавилонда өткен мерекедегі  күрестен жеңісі, сақ тұлпарының бәйгеден бірінші келуі алғашқы халықаралық спорттық байланыс болуы мүмкін [2]. Қара қыпшақ Қобыландының онекінші ұрпағы Қажымұқан атамыз еркін және грек-рим күресінен әлемнің бірнеше дүркін жеңімпазы болған.

Қазақ күресі туралы әңгіме болған жерде Балуаншолақ (Нұрмағанбет) міндетті түрде айтылады. Суырып салма ақын, компазитор, әнші, сал-сері, жауырыны жерге тимеген балуан, аттың құлағында ойнаған сайыскер, атамыз орасан күш иесі, батыр болған [3]. Балуаншолақтың мына өлеңі оған дәлел:

Өз атым әкем қойған Нұрмағанбет,

Халқымнан көріп жүрмін қадір құрмет.

Бас қосқан оязнайдың съезінде,

Көтердім кірдің тасын елу бір пұт, – дейді

Елу бір пұт дегеніміз – 816 килограмм! Осы салмақты 2000 жылы 22 наурызда Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде өткізілген «Түйе» балуандардың Республикалық чемпионатында белтемірге жинақтап, көтерген адамға автокөлік сыйға қойылды. Қойылған салмақты (816кг) бірде-бір балуан орнынан қозғалта алмады. Осы жүлде әлі өз иесін күтуде.

Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабында Дондағұл есімді сұрапыл күштің иесі туралы айтады. «Кітапта Дондағұл Семейдегі бір көпестің (І-гидьдляны ноғай көпесі Шерияздан Мусин) биіктігі 6 метрлік үйді қоршаған әулісінен бір месте шайды асыра лақтырыпты» деген [4]. Сондағы Дондағұлдың прототипі Боранқұл екенін Семейлік ғалым Қайым Мұхамедқанов М.Әуезовтың өз ауызынан естіпті. Месте – орыстың «место» деген сөзінен шыққан. Былғары бума ішінде 253 кесек тақта (тас) шай салынады, буманың салмағы 100 кг. Не деген алапат күш иесі болған десеңізші!

Күресті сала-салаға бөліп, кәсіби деңгейде бүкіл дүние жүзі болып мәселе етіп көтеріп жатқан қазіргі заманның өзінде талай мықты күш иелерінің көзден таса қалып жатқаны күмән тудырмайды. Әбілсейіт Айханов, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Мәлік Нәдірбеков, ағайынды жаңарқалық Байшолақовтар және т.б. алғашқы белдесулерін қазақ күресінен бастаған атақты қандастарымыздың саны жиырмадан асады [5].

Қазақ күресінің айырмаланатын ерекшелігі сайыстық сипат. Жарыс жеңімпаздары сый-құрметке бөленеді, халқымыздың мақтанышына айналады.

Қазақ халқының тарихы бай, бірақ Кеңестер одағы кезеңінде бұрмаланып ел тарихына  көп қиянат жасалды. Соның зардабынан көп дүние қағазға түспей, ізі көмескіленді. Дегенмен, халқымыздың жадынан кемеңгер тұлғалардың есімдерін өшіріп жіберу мүмкін емес еді. Патшалық Ресей, Кеңестер одағы саясатшылары қаншалықты құйтырқы әрекеттер жасағанмен қазақ халқының батырлық тарихы өскелең ұрпақ өкілдеріне толық қанды жетті.

Туған елі мен жері үшін басын бәйгеге тіккен батырларымыздың найзагерлігі, мергендігі, қылыштасудағы әмбебап шеберлігі, ат құлағында ойнаған шабандоздығы, алмағайып сәттегі тапқырлығы және туған жерге, еліне деген сүйіспеншілік, отансүйгіштік сезімі басқа бірде-бір ұлттың пешенесіне жазылмаған ерекше құбылыс. Мұндай қасиетті өнер атадан балаға мұра болып, ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз жетілген түрінде ұштастырылып біздерге жетті. Бұл тұтас бір халықтың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан жекпе-жек сайыс мектебі болып табылады.

Жекпе-жек сайыстардың ішінде балуандық өнердің орыны бөлек. Қазақтың тойлары мен атақты адамдарға берілген астары балуандар күресінсіз өтпеген. Қазақ күресі ондаған ғасырлар бойы әдіс-тәсілдері жетіліп, өзіндік ерекшелігі бар ұлттық күрестің алдыңғы қатарына қосылды. Орыстың самбо күресінің айла тәсілдерінің негізі «Қазақ күресінен», Грузиннің «Чидооба», Молдаванның «Трынта» ұлттық күрестерінен құралуы бұған дәлел. Қазақ күресі еліміздің небір мықты балуандарының тұсауын кесті [6].

Қазіргі кезде қазақ күресінің жеткен деңгейі – бірнеше елде тұрақты түрде дамып келе жатқан халықаралық спорт түрі болғандықтан, жүйелі түрде халықаралық жарыстар, континенттік және әлемдік жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу талап етіледі. Қазақ күресі бойынша әлем чемпионаттарында қатысқан командалардың саны тіптен көп. 2006 жылы Алматы қаласында өткен қазақ күресі бойынша біріншілікте әлемнің 42 спортшысы шайқасты. 2008 жылдың қарашасында Орскіде (Ресей) қазақтың ұлттық күресі бойынша ІІ әлем біріншілігі болып өтті, оған әлемнің 20 елінен ең мықты палуандар қатысты. 2010 жылдың қазанында Астана қаласында қазақ күресінен ІІІ әлем біріншілігі өтті, оған әлемнің 40-тан астам елдің ең мықты палуандары қатысты [7].

Біздің егеменді еліміздегі дене тәрбиесінің мақсаты дені сау, жаны таза, еңбек етуге, өз отанын қорғауға рухы биік, ерік-жігері шыңдалған, өскелең өмір жолдарының күтілмеген қиындықтарына төзімді, жаңа заманның белсенді жас ұрпағының бейнесін қалыптастыру болып табылады. Осыған орай қазіргі таңда елімізде бұқаралық спортты, оның ішінде қазақтың болмысына тән, жанымен, қанымен органикалық тұтас жаратылған қазақ күресінің көсегесін көгерту өскелең өмір талабына айналып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Жасөспірім балуандардың жылдамдық-күш даярлығын жетілдіру әдістемесінің бағыттылығын жарыстық әрекеттердің ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. Әрбір салмақ дәрежесіндегі балуандар үшін барынша келешегі бар шабуылдау әдістік-тәсілдік әрекетін қолдану тиімді және олар үшін сәйкес келетін жылдамдық-күш дайындығының бағдарламасын анықтайды. Жылдамдық-күш дайындығы бағыттылығының тиімді әсері бар әдістемелік құралдарын іріктеп, дайындау кезінде балуандардың кез-келгенінің шабуылдаушы және қорғаныс, жеке қорғаныс әрекеттерін есепке алу қажет, өйткені, олар, соның көмегімен белгілі дәрежедегі спорттық нәтижелерге жетеді.

Балуандардың әрқайсысы үшін сыртқы көрініс орындалу бойынша олардың ең басты сүйікті әдістеріне ұқсас келетін жаттығуларды немесе жаттығулар кешенін іріктеу ұсынылады. Осыған байланысты әрбір балуанның жылдамдық-күш дайындығы бойынша тәсілдерді пайдалану кезінде көп мөлшерде іске қосылатын әрекетке ықпал ететін бұлшық ет топтары үшін жаттықтыру бағдарламасын арнайы өңдеп дайындау керек.

Қазақ күресімен шұғылданатын жасөспірім балуандардың жылдамдық-күш сапаларының деңгейін арттыру кезінде тиімді жаттықтыру құралдарының тиімділігін жеке таңдауының әртүрлі бейнеде болуына талаптану ұсынылады.

Жылдамдық-күш даярлығы құралдарын жұмылдырып қолдану кезіндегі әдіс-тәсілдер бойынша ұйымдастырылатын жұмыс төмендетілген қарқындылықта қайталау әдісімен өткізіледі. Тестілеу нәтижесінде алынған нәтижелерге сәйкес, бақылау топтарына қарағанда эксперимент тобындағы балуандардың (қазақ күресімен шұғылданатын) жылдамдық-күш дайындығы көрсеткіштерінің өсуі жоғары.

Жылдамдық-күш даярлығы дайындығының ең жақсы өсуі эксперименттік топта белтемірде 10 реттік тартылуды орындау уақыты бойынша айқындалды, яғни ол 19,38 % - ды құрады. Бақылау тобындағы жылдамдық-күш даярлығында 3х10м ерсілі-қарсылы жүгіруді уақытқа орындау бойынша анықталды және ол 4,4 % - ды құрады.

Эксперименттің басталуы мен аяқталуы бойынша жүргізілген бақылау сынақтарының нәтижелері жылдамдық-күш даярлығындағы өсу айырмалары статистикалық дәлелденді.

Менің ғылыми зерттеу жұмысым бойынша жүргізілген ғылыми зерттеуімнің нәтижесі бойынша жұмылдырылған (концентрированный) жылдамдық-күш дайындығының блоктарын қолдану жасөспірім балуандардың жылдамдық-күш даярлығы деңгейін барынша елеулі арттыруға мүмкіндік беретінін айқындады. Мұндай жүктемені спорттық шеберлік деңгейі 1-ші дәрежеден төмен емес және шұғылдану уақыты 4 жылдан кем емес балуандармен жүргізілетін оқу-жаттығу жүйесінде пайдалану қажет, өйткені олар қажетті нормадағы жүктеме көлемін алды және ағзалары жоғары қарқындылықтағы ұзақ уақыттық жүктемеге шыдауға қабілетті.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1              Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 2004-Б. 1-2.

2              Жандарбеков Б. «Томирис». «Жалын» баспасы 1989ж.

3              Оспанов С. Балуан шолақ «Жалын», Алматы 1998ж.

4              Қыдырбек Рысбекұлы. Қазақ балуандары. Алматы. Ер Дәулет. 1996ж.

5              Қарақов А., Ержанов С. Мектептерде қазақ күресі сабағын жүргізіп ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері // Дене тәрбиесінің жаршысы. – Алматы, 2007. №1-2. –Б.136-139.

6              Әлімханов Е. Қазақтың балуандық өнері. «Атамұра». 2008ж.

7              Дөңбаев Ә.Б Қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы: автореф. дисс...канд. пед наук: 13.00.04 / Алматы, 2010.

8              Рахымқұлов М. Қазақша күрес - «Қазақстан», Алматы, 1957ж.

9              Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары. «Қазақстан» Алматы, 1978ж.

10         Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. Практикум по теории и методике физического воспитания и спорта. «Академия». Москва 2006г.

11         Әбділлаев Ә.К., Оңалбек Ж.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. Түркістан 2004ж.

12         Әбділлаев Ә.К., Омаров Б.С. Жасөспірім балуандардың дене сапаларын жетілдіру амалдары / Халықаралық ғылыми журнал. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы №4 (28), 2010. Алматы. Б.102-105.

13         Иващенко В.В. Методика силовой подготовки юных самбистов. Краснодар 2000г.

14         Дуркин П.К. К проблеме воспитания личной физической культуры у школьников и студентов. 2000г.

15         Виноградов П.А. Физическая культура и здоровый образ жизн. Москва. Мысль, 1990г.

16         Каландаров В.Н. Влияние неспецифических упражнений на повышение эфективности обучения двигательным действиям процессе физического воспитания. текст: автореферат дис. канд. пед. наук. 1977г.

17         Мошанов А.В. Приобретение спортивный формы самбистами и дзюдоистами высших разрядов. Киров. 1966г.

18         Разумов А.Н. Техника и тактики самообороны. Внешториздат. 1991г.

19         Сиенков А.Г.Индивидуализация подготовки борцов дзюдо, самбо, вольной и классической борьбы Москва. 1995г.

20         Гандельман А.Б. Физиологические основы спортивной тренировки – Москва ФиС. 1970г.

21          Дедковский С.М. Скорость или выносливость? – Москва. ФиС 1973г.

22         Иващенко В.В. Методика силовой подготовки юных самбистов. Кроснодар. 2000г.

23         Филин В.П. Основы юношского спорта. Москва.ФиС. 1980г.

24         Фолин Н.А. Возрастные основы физического воспитания. Москва. ФиС. 1972г.

25         Шахмурадов Ю.А. Вольная борьба Москва. ФиС. 1997г.

26         Платонов В.Н. Подготовка юных спортсменов. Киев. 1988г.

27         Багдерин П.Г. Соревновательная деятельность в борьбе самбо. Пери 1999г.

28         Байко В.В. Целонаправленные развитие двигательных способностей человека. Москва. ФиС. 2000г.

29         Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. Москва., Педагогика. 1996г.

30         Еганав В.Г. Формирование двигательных навыков при выполнении технико-тактических действий в борьбе самбо. текс. диссертации канд. пед. наук. 1979г.

31         Верхошаноский Ю.В. Основы специальной физической подготовки спортсменов. Москва. ФиС. 1988г.

32         Григорьев С.А. Техническая подготовка юных борцов самбистов на основе совершенствование функции равновесия.

33         Қарақов А. Студенттердің дене тәрбиесінде спорттық күрестің ұлттық түрлерін паидалану: Пед. ғыл. канд. дисс.... автореф. - Алматы, 1996. - 22б.

34         Матвеев Л.П. Введение в теорию физической культуры. Москва. ФиС. 1985г.

35         Байдосов Қ.Р. Казахская национальная борьба. Алма-Ата: Мектеп. 1978г.

36         Болғанбаев М.Қ. Қазақтың ұлттық спорт түрлері. «Қайнар» Алматы. 1983ж.

37         Рудницкий В.И. Исследование способности борца к праявлению усилий взрывного характера и пути ее совершенствование: Автореферат. дисс... канд. пед. наук. – М., 1972г.

38         Мухитдинов Е., Байдосов Қ. Қазақша күрес - «Мектеп» Алматы 1985ж.  

39         Әбділлаев Ә.К., Мұхаметжанов Б.Қ. Дене мәдениеті Қентау 2008ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ күресімен шұғылданатын жасөспірім балуандардың дене сапаларын жетілдірудің ерекшеліктері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 948 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.02.2017 893
    • DOCX 87.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есенгелді Төлен Сұлтанұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есенгелді Төлен Сұлтанұлы
    Есенгелді Төлен Сұлтанұлы
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34547
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методическое обеспечение деятельности учреждений физкультурно-спортивной направленности

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс профессиональной переподготовки

Правовые и методические основы деятельности инструктора по волейболу

Инструктор по волейболу

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Психологическое сопровождение физической культуры, спорта и рекреационной деятельности

Психолог

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 68 человек

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов