Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазақ тілі пәнінен бақылау жұмыстар жиынтығы

Қазақ тілі пәнінен бақылау жұмыстар жиынтығы

Скачать материал

Шақат орта жалпы білім беру мектебі.

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәнінен

бақылау жұмыстар папкасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пән мұғалімі: Искакова А.А

 

 

 

 

 

2017-2018 оқу жылы.

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәнінен

бақылау жұмыстар жинағы

10 «А» сынып

 

                                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастапқы бақылау жұмысы

 

 

Диктант

Мағжан ақын

 

         Мағжан- алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін»үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсың. Ол табиғатты суреттей ме, әйелді жаза  ма, тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма- бәрінде де ақынның ойлағаны, сезгені жүрегінің қайғыруы, жанының күйзелуі, көңілінің кірбіңі көрініп тұрады.

         Ақын жырларында табиғат пен адамның жан дүниесі бірге өріліп, бірге астасып жатады. Әлем құбылысы санамен, көңілімен үндесіп, сұлу, сырлы, тіпті, кейде ақыл-ойға сыймайтын фантастикалық суреттер көз алдыңа келеді. Сөз көбіне ойдың білінер-білінбес сыртқы қауызы ғана сияқты көрінеді де, ақынның құдіретті шабытымен кестеленген түпкі мағына сурет болып санаңа еніп, сезіміңді қалай билеп алғанын білмей де қаласың.

(136 сөз)

 

Грамматикалық тапсырма:

1. Морфологиялық талдау: жүрегінен, туғызады.

3.Синтаксистік талдау. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аралық бақылау жұмысы.

 

Диктант   

 «Тал шыбық пен бәйтерек»

 

      Мен толықсыған тал шыбықты да жаратамын, зәулім биік бәйтеректі де жақсы көремін. Тал шыбықты жақсы көргенде, оның балауса-балғын нәзіктігі үшін ғана емес, ертең ол шыбық та өсіп, толысып кемеліне келіп, бәйтерек болуын үміт етіп ұнататын сияқтымын. Ал бәйтерек... Оның орны бөлек қой! Бәйтерек заңғар биік ұлылықтың, дархан жанды жомарттың символындай. Оның тереңге бойлаған тамырлары, желкектей өскен жапырағы өзіне ғана емес, көпке қызмет етеді, көпке сая болады. Сондықтан  да бәйтерек – өскен жерінің көркі, көптің сүйкімдісі, көптің мақтанышы. Бала өзінің ақылшы әкесін, ана өзінің сүйген жарын, егер оны шын мағынасында сүйеніш, қамал тұтса, «бәйтерегім» деп мақтан етуі осыдан болса керек.

     Иә, бәйтеректің орны бөлек қой. Бірақ шыбықтың бәрі бәйтерек бола бере ме? Толықсыған тал шыбықтан жайқала өскен кесек тұлғалы бәйтерек өсіру үшін құдіретті  қол керек...

     Соңғы жылдары ауылда үй ауласына ағаш егу, көшеге ағаш отырғызумен әуестенушілер көбейіп кетті. Біреу үй төңірегіне отырғызайын деп ағш көшетін іздесе:

-         Серіктен сұра! –дейді ауыл адамдары. Ағаш еге білу керек, еккен соң оны бағып күте білу керек, уағында бұтау керек, телу керек, суару, тыңайтқыштар беру қажет.

-          Үйренгің келе ме, Серікке бар, -дейді ауыл адамдары.

(С.Байжанов, 150 сөз.)

Грамматикалық тапсырма:

1Фонетикалық талдау. «Бәйтерегім»

2.Морфологиялық талдау: тұлғалы, отырғызумен

3.Синтаксистік талдау.  

  Соңғы жылдары ауылда үй ауласына ағаш егу, көшеге ағаш отырғызумен әуестенушілер көбейіп кетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диктант   

Домбыра.

    Қазақ халқының ең кең тараған аспабы- домбыра. Оның шығу тегі ғасырлар терңіне кетеді. Ежелгі Хоррезм қаласынеың археологиялық қазба жұмыстары кезінде шертпелі аспапта ойнайтын музыканттардың күйдірілген саздан жасалған мүсіндері табылған. Ғалымдардың пайымдауынша, Хоррезмдік мұндай қос ішекті аспапта 2000 жылы бұрын қолданысқа енген. Олар көшпелі сақтардың музыкалық аспаптарының бірі болған.

    Домбыра – көне аспаптардың бірі. Екі немесе үш ішекті, мойны ұзын, шертіп ойналатын аспап құрылымының мүлтіксіз жетілгені соншалық, біздің ғасырға еш өзгеріссіз, баз-баяғы қалпында жетті. Қазақ музыкасында домбыра күйлері әлденеше жүздеп саналады. Домбыра екі түрге бөлінеді: батыстық және шығыстық.

       Қазақстанның батыс аймақтарында кездесетін домбыраның мойны ұзын, жіңішке және сопақ , ал шығыс аймақтарында кездесетін домбыраның мойны қысқа, жалпақ және жайпақ болып келеді. Бұл Қазақстанның батыс аймақтарында төкпе күйдің, ал шығыс аймақтарында шертпе күйдің орындалу табиғатына байланысты.

Төкпе күйдің өкілдеріне: Құрманғазы, Дәулеткерей ,Қазанғап, Абыл , Есір, Есбай, Дина, Сейтек, ал шерпе күйдің өкілдеріне : Байжігіт, Тәттәмбет, Тоқа, Дайрабай, Сүгір, Раздық және тағы басқалар жатады.

(170 сөз)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылдық бақылау жұмысы

 

Диктант

Ағайындар

           Құнанбай аға сұлтан  болды да, өзгелерінің қатарынан озғындап кетті. Онда әкімдік бар. Сыртқа да, ұлыққа да жақындық бедел бар. Сөзге жүйрік мінезбенен іске де алғыр. Осының бәрі өз ортасын  бойымен басып жыға беруге себеп болатын. Бірақ, Құнанбайдың мықты жері тобықты іші болса,әлсіз жері де осы тобықтының ішінде. «Құс қанатымен ұшып,құйрығымен қонады». Сол қанаты мен құйрығы-ел ішінде өзі тұстас ру басылар. Осы Байсал, Бөжейлер.                                      

   Осылар соңғы бір жыл бойында бұрынғыдай ашық-жарқын емес. Іштей Құнанбаймен аңдысып қалған сияқты. Оны Құнанбай біледі.

       Бөжей-қалың жігітектің адамы. Бұрын орталарынан Кеңгірбайдай теріс азу, мықты биі шыққан ел. Бертінде ұрыншақ, қолшыл болып және барымташы,  жортуылшы жігіті көп шықты. Шетінен сөзуар жігітек. Байсал да сондай мол ру көтібақтың тұрғысы. Бұл, әсіресе, мал көбейтіп, жерді мол қамтуға тырысатын,көптігіне сеніп, анау-мынаудан онша ағайынды елдер ішінде ең азы-бөкеншінің кісісі. Мал, дүниеге шағыны да осылар. Бөкеншінің кірмелеу туысы-борсақ. Жаңағы бұлар сөз қылған Қодар-сол борсақ болатын.

(149 сөз)

 

Грамматикалық тапсырма:

1.Фонетикалық талдау.  Сияқты.

2. Туынды сөздерді теріп, жасалу жолын жаз.

3. Синтаксистік талдау. Құнанбай аға сұлтан  болды да, өзгелерінің қатарынан озғындап кетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәнінен

бақылау жұмыстар жинағы

9 «А» сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастапқы бақылау жұмысы

Диктант

Print0049

 

(130 сөз)

Тапсырма:

1. Фонетикалық талдау: Көмбеге

2.  Морфологиялық т.у: айдаушының, құйрық-жалын.

3. Соңғы сөйлемге синтаксистік талдау жасау

  Мәтінді тағы да бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгілерін қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аралық бақылау жұмысы

Диктант

Тоғжан аулында

              Сүйіндіктің аппақ үлкен үйі жылы екен, іші толы тірелген жүк, буулы тең менен сандықтар. Оның ар жағы екі босағаға шейін текемет,алаша, тұс киізбен қоршалыпты.

              Саптама мен тиін ішікті әлі тастамаған Абай бұл үйде тоңазитын емес. Биылғы көктемде алғашқы рет киіз үйге қонғалы отырғаны осы. Мұнда бір жеңіл салқындық, кең тыныс бар. Көктемдегі киіз үй Абайға әрқашан таңсық болатын.

           Үлкен үйдің ортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам бар. Сүйіндік бәйбішесімен және екі баласы-Әділбек, Асылбекпен- бәрі де қонақтармен бірге болды. Бұл үйге, әсіресе, өзгеше көктем нұрын енгізген бір жан бар. Ол Сүйіндіктің қызы  -Тоғжан. Абай келгеннен бері, Тоғжан үлкен ағасы Асылбектің отауынан осы үйге  бірнеше рет келіп кетті. Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері- баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. Толықша келген, аппақ жүзді,қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай болдып қиылып тұр.

          (152 сөз)

Грамматикалық тапсырма:

1.Синтаксистік талдау

Оның ар жағы екі босағаға шейін текемет,алаша, тұс киізбен қоршалыпты.

2. Морфалогиялық талдау.   көлеңкелеу, қонақтармен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диктант

Ұрпақ тәрбиесі

        Ең бір саналы тіршілік санатындағы адамның ұрпақ жаюы-сұлулық пен арпалысқа,қым-қуыт күреске, жақсылық пен жамандыққа толы сыр. Әрбір ұлт пен ұлыстың,халық пен елдің әр қилы кезеңдерде ұрпақ қалдырудағы талғамдарында ала-құлалық болғанымен,бәріне ортақ бір түпқазық-ертеңіне деген асқан жауапкершілікке  тоғысады. Өйткені, перзент-жеке адамның ғана емес,ұлыс пен ұлттың ертеңі, келер тарихқа барар аманат. Ұрпақ-саналы өмірдің ең басты кепілдігі.

        Атам қазақтың ұрпаққа  деген көзқарасы да жан шырылына толы. Олай болары-ғасырлар бойы табиғатпен тайталас өрбіген,не қилы заманалар ауыздықпен су ішкен дала тіршілігі ұрпаққа  деген қатаң жауапкершілікті қалыптастырады. Толассыз арпалыс үстіндегі тіршілік  бауырмалдықты,әрбір ру мен аталықтың,әр шаңырақтың шайқалмай нық тұруын талап етті. Олар шаңырақтың басты мүддесі-ұл тілеген. Ұл- берісі өз үйінің отын өшірмесе,әрісі елге қамқор, жалпақ жұртқа пана. Қазаққа ер бала-ұрпақ, демек, өз өмірінің жалғасы,қала берді,қарт ата-ананың сүйеніші.

        Дүниеге қыздың келуі-отбасына енген жаңа нәзіктік пен әсемдік деген сөз. Ағалары, тіпті, ата-анасының өздеріне дейін жаратылысында сезімтал қыз балаға ұнамай қалудан сескенеді, бойларын бұрынғыдан да түзей түсіп, жүріс-тұрыс, іс-қылықтарының бәріне де жаңалық енгізеді,қызға қамқор болады.

 

                                                                              (166 сөз.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылдық бақылау жұмысы

Диктант

Мағжан ақын

 

      Мағжан- алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін»үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі., оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсың. Ол табиғатты суреттей ме, әйелді жаза  ма, тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма- бәрінде де ақынның ойлағаны, сезгені жүрегінің қайғыруы, жанының күйзелуі, көңілінің кірбіңі көрініп тұрады.

    Ақын жырларында табиғат пен адамның жан дүниесі бірге өріліп, бірге астасып жатады. Әлем құбылысы санамен, көңілімен үндесіп, сұлу, сырлы, тіпті, кейде ақыл-ойға сыймайтын фантастикалық суреттер көз алдыңа келеді. Сөз көбіне ойдың білінер-білінбес сыртқы қауызы ғана сияқты көрінеді де, ақынның құдіретті шабытымен кестеленген түпкі мағына сурет болып санаңа еніп, сезіміңді қалай билеп алғанын білмей де қаласың.

(136 сөз)

 

 

 

 

Грамматикалық тапсырма:

1. Морфологиялық талдау: жүрегінен, туғызады.

2. Синтаксистік талдау. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады.

3. Стиль түрлері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәнінен

бақылау жұмыстар жинағы

6 «А» сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастапқы бақылау жұмысы

 

Диктант

Жақсы кітап — жан азығы.

Жақсы кітап - жан азығы. Кітапты сүйіп дәріптемеген адам жақсы бола алмайды. Кітапқа ең жақын досым, ақылшым деп қарау керек. Кітапты жазушы — халқы үшін, жастармен балалар үшін жазады. Егер окымаса, жазудың да, еңбектенудің де қажеті жоқ.

"Біздің заманда кино, теледидар, театр, радио да бар, кітап оқуға уақыт жестпейді", — деген қате пікірлер де кездеседі. Ол дұрыс емес. Әрқайсысының өзінің орны бар. Кино да, теледидар да кітаптай бола алмайды, сырласа алмайды. Оқушы жас күнінен бастап оқуға құнығуы керек. Әйтпеген күнде кітап оқу қиын болады. Аспай-саспай, әуел кітаптың ырғағына түсіп, жаттығып, оқиға ішіне кіре оқымаса, ауыр тиеді. Әр кітаптың өзінің ырғағы сол ырғақты тауып оқу құнығудан туады. (З.Шашкш, 93 сөз).

 

Грамматикалық тапсырма:

1.Фонетикалық талдау. І Кітап. ІІ Жақсы

2.Лексикалық талдау.

Жас, Жақын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диктант

Ана мейірімі

 

     Ана! Бұл сөз жер бетіндегі әр елде бар. Ол – көркем, сүйкімді де ұлы сөз. Бесікте жатқан бала соны айтып былдырлайды. Оны жасөспірім мен қартайған шал да, қайталап айтады. Байлығы шалқыған үйден де, кедейдің лашығынан да осы сөз құдіретті естіледі.
     Даңққа бөленген әртіс әр уақытта анасын жадында сақтайды,  ақын өлеңдері мен әндерінде жырлайды, суретші оның бейнесін мәңгі қалдырады. Мүсінші оны тастан қашайды.
     Ана баласын мейлі ол әйгілі немесе елеусіз болсын, мейлі ол білімсіз немесе білімді болсын – бәрібір сүйеді. Ол оны құрсағында өсіреді, оған өмір береді, өз өмірін де соған арнаған. Ол баласымен бірге күледі, сонымен бірге күреске шығады – бәрінде де, барлық істе де ол сонымен бірге. Ана махаббаты қандай ғажап еді!    

(110 сөз).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау жұмысы

 

Диктант

 

Туған ел

 

           Туған жерсіз, туған елсіз адамның күні жоқ. Алыс кетсең, өз үйіңнің мұржасына дейін сағынасың. Туған жерің түсіңе енеді.

            Туған ел мағынасы тереңде жатыр. Балғын балалық шақ. Күлдір-күлдір кісінесіп, айнала шапқылаған құлыншақ. Сәуірде бүршік атқан балауса көк шөп. Өзен үстінде ұшқан шағала. Айдын шалқар көл. Күннің қызыл шапағына бөленген үйлер. Ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі. Әженің тамылжыта төккен тамаша ертегілері. Туғандарыңның мейірбанды күлкілері. Осының бәрі- туған ел!

                                                                                            (66 сөз) 

 

Грамматикалық тапсырма:

1. Фонетикалық талдау:    І. Сәуірде             

 

2. Лексикалық талдау.

 Туған жерің түсіңе енеді.

 Әженің тамылжыта төккен тамаша ертегілері.

 

3.«Құлыншақ» сөзінен мағыналы сөздер шығару.

 

4. Мәтінен туынды сөздерді тауып, жасалу жолын айқында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диктант

 

Жылқы- малдың патшасы

 

      Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен жылқының адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын. Мереке-қуанышта, қайғы-қасіретте, басқа түскен не ауыр күндерде бұл түлік адамның жан серігі, айырылмас досы болған...

    Жылқы төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Жылқы баласы сүйкімді, әрі жүйрік болып келеді. Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғар деп аталады.

    Жылқы қасиетті жануар. Қазақтар жылқын ұрып соғу былай тұрсын, киесі атады деп, желіден, жылқышы ұстайтан құрықтан, бақанның үстінен аттап өтпеген.

 

(100 сөз)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аралық бақылау жұмысы

 

Диктант

 

Қорқыт ата

 

           Қорқыт ата-аңызға айналған ақын, жырау, сәуегей адам. Ол ІХ ғасырда Сыр өзені аңғарындағы Жент қаласында дүниеге келген. Қорқыт байтақ даланы кезе жүріп, көне түркі тілінде жыр жырлады. Көне түркі тайпалары халық даналығын жырлаған Қорқытты жоғары құрметтеді. Қорқыт қоршаған әлемнің сұлулығы мен қарапайымдылығын, адамзат махаббатын сүйсіне жырлады. Аңыздарда: «Қорқыт 195 жыл өмір сүрді» десе де, ол 120 жылдан астам уақыт өмір сүрген. Бізге жеткен аңыздардан оның жаңа саз аспабы- қобыз жасап шығарғанын және ол аспапқа арнап күй шығарғанын білеміз.

               Қорқыттың орасан зор мұрасынан қалған 12 күйі қазақ музыкасының классикалық күйіне айналды.

            Сыр жағасына жақын жердегі Қорқыт моласы қасиетті орын болып саналады.

(97 сөз)

 

Тапсырма:

1.Фонетикалық талдау:  Қорқыт

2.Мәтіндегі сан есімдерді мағыналық түріне қарай ажырат

3.Морфологиялық талдау:  Махаббат,   классикалық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау жұмысы

Диктант

 

Өшпес мұра

 

         Күй- қазақ халқының ертеден келе жатқан аспаптық музыкасы. Халық күйшілері Қорқыт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Махамбет, Тәтімбет халқымызға өшпес күй мұрасын қалдырды. Күй- адамның көңілін, өмірін, оның қуанышы мен мұңын, табиғат көріністерін суреттейді. Күй- домбыра, қобыз, мүйіз сырнай, асатаяқ, сыбызғыда немесе оркестрмен орындалады.

            Күйді тыңдағанда, оның нәзік дыбыстарына, әуеніне жете көңіл бөлу керек. Күй адамның табиғатқа, еліне, жеріне, халқына, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейді.Барлық халықты бейбітшілікке, адамгершілікке, ынтымақ-бірлікке үндейді.

            Біздің елімізде дүние жүзіне әйгілі Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптары оркестрі бар.

(81 сөз)

 

 

 

Грамматикалық тапсырма:

1.Фонетикалық талдау: Табиғатқа

2.Морфологиялық талдау:  Күй,    әйгілі,  барлық

3.Мәтіннен есімдіктерді теріп жазып түрін ажырат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диктант

 

Тұсау кесер

 

    Әдетте, сәби аяғын тәй-тәй басып жүре бастағанда тұсауын кеседі. Ата-әжелеріміз бұл ырымға қатты көңіл бөлген. Өйткені, баланың болашақтағы жолы, аяқ алысы жақсы, нық болуы, дәл осы тұсау кесуге байланысты деп сенген. Сәбидің тұсауын кесу үшін әркім өз мүмкіндігіне қарай жол-жоралғы жасайды. Тума-туыстарын, көрші-көлемдерін шақырып дастархан жаяды, тіпті мұндай қуанышты оқиғаға той да жасайды. Тұсауы кесілетін сәбидің аяғы қара-ала жіппен байланады. Жіптің ақ немесе қара болуы, баланың келешек өмір жолында қара күштер мен ақ ниеттер кездесуі мүмкін деген жорамал еді. Содан соң ата-анасының өтініш жасаған адамы сәбиге өз тілегін айтып, батасын беріп, әлгі жіпті қияды. Мұнда да баламыз сүрініп-қабынбайтын, жинақы, ұқыпты болсын деген тілек жатыр.

(109 сөз)

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диктант

 

Бұлғын

 

         Алтай орманының ішінде неше алуан қымбат аңдар өседі. Аң терісінің төресі бұлғын екен ғой баяғыдан. Оның жүні тып-тығыз және жібектей жұмсақ болатын көрінеді. Жылтырлығы сондай, егер алақаныңмен сипап қалсаң, әншейінде қоңырқай көрінетін түсі құбылып, құлпыра кеп жөнеледі екен. Ол тек кедр ағашының астынан із қазады. Бұлғын арқасын осы балуан ағаштың темірдей тамырларына тіреп қойып, өз ұясында шіреніп жатады. Ол інінен екі мезгіл-таңертең күн шығарда, одан соң күн батарда ғана шығады. Бұл кестесін ол бұлжытпай орындайды.

            Іннен шыға сала ол жан-жағына қарайды. Аяғын бір басып, екі басып, тың тыңдайды.

            Бұлғынды аңшы аулайды, ал бұлғын ақ тышқан мен тиінді аңдиды. Солардың қолына түскенін қорек етіп, тез ұясына қайтуға асығады. Міне, бұлғын деген осындай аң.

                                                                                               Ә.Нұршайықов

                                                                                                     (116 сөз)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау жұмысы

Диктант

Бәйге

 

          Бйге- қазіргі кезде өте жақсы дамыған, әлемге әйгілі ойынның бірі. Бәйге ойынының бірнеше түрі бар. Олар: тай жарыс, құнан жарыс, топ бәйге, аламан бәйге.Топ бәйгеге- 3-4 жасар және одан да үлкен кез келген жылқы қатысады.  Аламан - ұзын қашықтыққа жүргізілетін жарыс.

            Бәйге ойыны кез келген жазық жерлерде өткізіле береді. Шабындоздардың санына шек қойылмайды.

            Ойынды жүргізу үшін арақашықтық  белгіленеді. Бәйгешілер бір сызықтың бойына қатарға тұрады. Берілген белгіден кейін олар келесі көмбеге қарай шаба жөнеледі. Көмбеге алғаш шауып келген шабандоз жеңімпаз атанып, ол адамға сыйлық  беріледі.

Сол жерден аттар кері қарай жарыса шауып келетін межені «Қарауылтөбе» деп атаған.

 

 

Грамматикалық тапсырма:

1.Лексикалық талдау:әйгілі, аттар

2.Морфологиялық талдау:  Сыйлық,    кері қарай,  барлық

3.Мәтіннен есмше, көсемше жұрнақтары бар сөздерді теріп жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диктант

 

Ата көрген оқ жонар

 

              Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, малсақ, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі - бесаспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға ,отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни, қолөнер шеберлігіне баулыған. Әкелері мен аталары  ұлдарға мал жаюдан бастап шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан.

          Қонақ күту, үлкенге иіліп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып, күй шерткізу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш,  жұмбақ үйрету немесе теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету-тәрбиенің басты шарты болып есептелген.

106  сөз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диктант

 

Ұлы достық

           

      Ағыбай мен Төреқұлды табыстырған тағдырдың өзі-жатқан бір тарих. Сонау отызыншы жылдардың басында бұлар үй-ішімен қырғыз асып барып,күнгей бетте бір жыл қыстап қайтуға тура келген.Төреқұлдың әкесі Ералыны мұның әкесі Жұмахан бұрын да сырттай біледі екен. Қиыншылық кезде қара тартыпбарып, соларды паналаған. «Ашаршылықта жегенқұйқаның дәмі аузыңнан кетпес» деп, қырғыз ағайындардың сондағы істеген жақсылығы естен,сірә, кетер ме ? Ералының бұларға бір бөлмені босатып беріп, аздаған азық-түлігін бала-шағасының аузынан жырғандай етіп,топты жанды бір қыс асырап шыққанын қалай ғана ұмытарсың ?! Жұмахан оны қашан дүниеден өткенше ұмытқан жоқ, бірақ көзінің тірісінде Ералының сол қарымтасын қайтаруға үлгермей, өлерінің алдында Ағыбайға аманат етіп,табыстап кетті. Әкелер арасындағы байланысты кейін балалар жалғастырған.

(107 сөз)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылдық бақылау жұмысы

Диктант

Балалық шақ

 

          Менің туған отбасым – кәдімгі отбасыларының бірі. Әкем кедей шаруадан шыққан.Әкемнің аздаған білімі болатын. Қолы өнерлі еді. Сондықтан ол ағаш ұстасы, шешем сауыншы болды. Тұрмыс жақсарып, жұрт дәулетті тұрды. Біздің үйіміз ауылдың шетінде тұратын. Кішкене бақшамызда алма, шие, алша, қарақат өсетін. Үй сыртындағы алаңда балалар асыр салып ойнайтын. Өзімнің үш жасар кезім әлі есімде. Апам май мейрамы күні мектепке ала барды. Мен орындыққа шығып тұрып, тақпақ айттым. Оқушылар мені мақтап қол шапалақтады.Содан былай мен мектепке баруды арман еттім.

(79 сөз)

 

Грамматикалық тапсырма:

1.Фонетикалық талдау.

Шығып

2.Лексикалық талдау.

 Дәулетті, қол

3.Морфологиялық талдау.

Тұратынмын, Өзімнің, дәулетті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі пәнінен бақылау жұмыстар жиынтығы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 600 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.03.2018 9610
    • DOCX 152 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Искакова Айман Айтмухановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Искакова Айман Айтмухановна
    Искакова Айман Айтмухановна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25022
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 500 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 335 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 86 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек