Инфоурок Иностранные языки Научные работыҚазақ тілінің бүгіні мен болашағы туралы

Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы туралы

Скачать материал

Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы туралы 

Біздің Отанымыз – байтақ та, бай, сәулетті егеменді ел. Елімізде қаншама ұлт өкілдері тұрады. Әр ұлт өкілдерінің өз ана тілі бар. Тіл – халықтың басты қасиетті байлығы. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен еніп, бойға тарайды. Біз өз тілімізді мақтаныш етіп, алақанымызға аялап ұстағанымыз абзал.

Егер мәселенің шындығына келсек, қазіргідей әлемдік бәсеке жағдайында барлық жағынан алғанда күшті ұлттар ғана өз мүддесі үшін күресе алады. Күшті ұлт болу үшін күшті мәдениет жасау қажет, ал өзінің толыққанды мемлекеттік тілі жоқ ел ешқашан өзгенің тілімен күшті мәдениет жасай алмайды. Өйткені ұлттық мәдениет тірегі біреу ғана, ол – тіл

Мемлекеттік тіл ел тұтастығының да ең басты кепілі. Ол еліміздің халқын біріктіретін, ортақ іске жұмылдыратын, елге деген перзенттік ықыласты қалыптастыратын бірден-бір құрал. Бір тілде сөйлемеген халық біріге де алмайды, өздерін бір шаңырақтың мүшесімін деп сезіне де алмайды. Себебі, бір-бірінің тілін түсінбеген халықтың бір-бірінің ой-ниеттерін, мақсат- мүдделерін түсінуі де қиын. Егер ұлтты ұлт ретінде ұйытатын тіл десек түрлі халықтарды өзара топтастыратын да олар сөйлесетін, бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын тілдің ортақтығы.

Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы туралы жарық көрген мақалалар қатарында «бұл тіл от басы, ошақ қасында ғана пайдалануға жарайтын тіл, оны дамытамын деп әуреленудің қажеті жоқ »деген ащы пікірлер айтылған мақалалар да болды. Көптеген қазақ тілді басылымдар кезінде оларға қарсы да шықты. Дегенмен, ойланып қарасақ, осындай қатқыл пікірлер айтудың астарында не сыр жатыр деген күмән де қылаң береді. Бәлкім қазақ тілінің мүшкіл халге түсуіне себепкер өзіміз шығармыз Олай дейтініміз, әзірге тілді дамыту тұрғысында қолға алынып, атқарылған істерден гөрі қызыл сөздің басым екендігін ешкім де жоққа шығара алмайды. Өзін ұлттың патриоты, тілдің жанашыры ретінде көрсеткісі келген кез келген адам «бәріміз де қазақ тілінде сөйлеуіміз керек» деп мінберден айқайлайды да, мінберден түскеннен кейін өз шаруасын күйттеп жайына кетеді. Мұндай көзқараспен тілді дамыту әрине, өте қиын. Ондаған жылдар бойы дауыс көтергенімізбен әлі күнге дейін нақты нәтиже шықпай жатуының бір себебі де сірә, осында болса керек

Қандай да болмасын тілді үйреніп-білу адамның бала кезінен қалыптасады. Олай болса жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісінің, яғни балабақша мен мектептің тіл үйретуде алатын орны орасан зор. Өзін тіл жанашырымын деп санайтын кез келген адам да әңгімені дәл осы мәселеден бастауы керек. Ол үшін бірінші кезекте оқулықтар сапасын жақсартып, одан кейін қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер біліктілігіне көңіл бөлу қажет

Қазақ тілі – халқымыздың ана тілі. Адам баласы дүниеге келіп, есі кіре бастағаннан-ақ адамдық қасиеттерді қалыптастыратын әдептілікті, ізгілік пен ізеттілікке толы халықтың нұрлы, асыл сөздерін, тілдің жан тербетер әсер күшін ана тілінде ұғып үйренеді. Қазақ тілі – қазақ халқы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім тілі, оқу-ағарту тілі, түрлі іс қағаздарының тілі. Қазақ тілі – өте бай көркем тілдердің бірі. Қазақ тілін оқып, дұрыс игеру –тіл мәдениетін меңгерудің жолы. Тіл мәдениеті тіл ұстартудың бір түрі. Қазақтың Қазақстаннан басқа жерде Отаны жоқ. Қазақ тілі Қазақстанда дамымаса қайда дамиды. Қазақ тілі Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа туысқан республикаларда, сондай-ақ шетелдерде тұратын қазақтардың да ана тілі.

 «Тәрбие басы – тіл» деп Махмуд Қашқари бекер айтпаса керек. Кез келген қазақ топырағынан өсіп өнген әрбір азаматтың перзенттік парызы тілге деген құрметтен басталуы керек. Тілді білу, меңгеру отбасынан, балабақша мен мектептен бастау алуы қажет. Тілмен бірге дұрыс тәрбие берілуі тиіс. Әл Фараби бабамыз сонау заманда-ақ «Балаға бірінші тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – келешек оның өміріне опат әкеледі» деп айтып кеткен екен.

Мемлекеттік тіл – ұлттық болмысымыз бен руханиятымыздың, тәуелсіздігіміздің басты тірегі. Әрине, мемлекеттік тілді өркендету мәселесі бірінші кезекте ұлттық патриотизммен тығыз байланысты болуы керек. Өйткені, ұлт пен тіл егіз ұғым. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамда ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы – сөздік қор, әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға қалып отыратын баға жетпес мұра.

«Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры», деп Б.Момышұлы бекер айтпаған. Қазақ тілі халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жататынын бәріміз білеміз. Түркі тілдерінің ішінде қазақ тіліне ең жақындары ноғай, қарақалпақ, татар, башқұрт, қарашай-балқар тілдері. Қазақ тілі – өркендеген мәдениеттің тілі, ғылыми тіл, ресми іс қағаздарының тілі. Сондықтан, мемлекеттік тілді өміршең тілге айналдыруымыз керек. Кез келген елдің даму деңгейі әлемдік жаңа технологияларды қолдану деңгейімен өлшенетіні белгілі. Көптеген елдерде компьютерлік бағдарламалар өз ана тілінде қамтылған. Жапонияда жапон тілі болса, Қытайда қытай тілі, т. с. с.

Қазіргі кезде жұмысымыздың көпшілігі компьютермен атқарылады. Сондықтан, қазақ тілінде компьютерлік бағдарламалар көбейтілсе. Бұл жағдай да қазақ тілі жанашырларын ойландырып жүрген мәселе.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ел халқына арнаған биылғы Жолдауында тіл мәселесіне байланысты былай деді: «Көп тілді және көп конфессиялы қоғамдағы бейбітшілік пен келісім – бұл сіздер мен біздің еңбегіміз, қазақстандықтардың өзіміз өмір сүріп, елімізді жақсылықтарға бастап бара жатқан туған жерге атауын берген мемлекеттік қазақ тілін құрметпен және лайықты оқып -үйрене бастағандығын атап өтудің өзі қуанышты.

Бүгін мемлекеттік тілді еркін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі басым көпшілікті құрайды. Бұл тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі.

Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады. Ол үшін біз бәрін де жасап жатырмыз. Біз сол сияқты орыс тілін және өзге де қазақстандық этностар тілін дамытатын боламыз. Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындардың саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін.

Қорыта айтқанда қазақ тілі – Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа туысқан республикаларда, сондай-ақ шетелдерде (Ресей, Қытай, Ауғанстан, Моңғолия т. б. елдерінде) тұратын қазақтардың да ана тілі. Сонымен бірге Қазақстанда туып - өскен кейбір халық өкілдері ішінде қазақ тілін ана тілім деп есептейтіндер де бар.

2014-2015 жалдар аралығында қазақ тілін меңгеріп жұрген басқа үлт өкілдері статистика бойынша:

 

Қазақ тілін толық меңгерген -50 пайызы 
Оның меңгені  -30 паыйз
мүлдем білмейді -20 пайыз 

Өз ұлтын, өз тілін сүймеген, өз ұлтын қадірлемеген адам басқаны да қадірлеп жарытпайды. Бүгінгі таңда басқа тілде сөйлеп, жетік біліп тұрып, өз ана тілімізді білмесек, ұлт ретінде бар екенімізді білдіртпесек, онда мемлекетіміздің болашағы күмән туғызатын мәселеге айналуы мүмкін. Өзге ұлттар арасында да бізді ұлт ретінде санайтындар азаяды. Орыс, ағылшын тілін біл, бірақ ана тіліміз олардан биік, жоғары тұруы тиіс. Тіл мәселесін шешетін уақыт болды. Оның кілті өз қолымызда. Әркім өзінен бастасын. Мысалы үйде әжелер өз немерелерімен өз ана тілінде сөйлессін. Әрине, бұл қарапайым мысал. Бірақ, бәрі кішкентайдан басталмай ма.

Мемлекеттік тілді оқытудың түрлі тәсілдерін пайдаланып мұғалімдер шығармашылық қызметпен де айналысады. Тіл жанашырларын айтқанда мұғалімдерді айтпай кете алмайсың. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңы білім берудің ұлттық моделін дамыту бағытындағы мақсаттарды көздейді. Осы тұрғыдан білім беруді жаңашаландырып, оның жаңа жүйесін жасап, дәстүрлі жүйеден ерекше болуын қамтамасыз ету – басты парыз.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан – жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдары қарастырылуда. Өзге ұлт аудиториясында қазақ тілін оқытудың басты мақсаттары – оқушылардың ақыл-ой қабілетінің даму деңгейін өсіру, дұрыс сөйлеу, білім деңгейін тереңдету және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру. Сондықтан да қазақ тілін компьютерлендірудің оқушылардың оқуға деген қызығушылығына ықпалы болады. Компьютермен оқыту оқушылардың өз бетімен іздену жұмысының өте тиімді түрі. Мемлекеттік тілді компьютермен оқыту оқу жұмысының жоғары дәрежелі болуына жағдай жасайды., оқушының қазақ тілі пәні бойынша біліктілігі мен белсенділігін арттырады.

Тіл үйренушілерге не айтса да, бұлжытпай орындайтын «отыр» десе, отырып, «тұр» десе тұратын, сабаққа кешіксе кінәлі болатын, өзінен төмен деңгейдегі «үйренуші» ғана деп қарау дұрыс емес. Оқытушы оларды өзімен тең тұлға деп қабылдауы қажет. Сабақ үстінде тіл үйренушіге қатысы да, қажеті де аз, олар өмірде қолданбайтын ақпараттардан гөрі олардың әрқайсысының жеке өмірі және қызметімен тығыз байланысты мәселелерді талқыласа, ол тіл үйренушілердің қызығушылықтарын арттырады. Компьютермен жұмыс істеу өте қызықты.

Қазақ тілін оқытумен байланысты сабақтардағы диафильмдерді, оқу кинофильмдерін, сондай-ақ сабақтағы фотоқұжаттарды сканер арқылы шешуге болады. Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді бүгінгі дамыған техника тіліне айналдыру ең көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Болашақ мамандарды даярлау барысында оқытудың жаңа технологиясын барынша меңгертуге көп көңіл бөлу қажет. Жаңа технологияны пайдаланудың нәтижесі жоқ емес.

Қорыта келе тіл – қоғам өмірін ұйымдастырушы басты күш болуымен бірге, әлеуметтік және экономикалық өрлеу мен дамудың, халық пен қоғам өміріндегі өзгерістер мен жаңалықтардың айнасы.

Тағы бір ойландыратын мәселе жастардың мәдениетті сөйлеуі. Мәдениетті сөйлеп, бір-бірімен қарым-қатынас жасау үшін бірден-бір көмек – кітап оқу. Ол үшін баланы балабақшадан бастап кітапты ұстап, құрметтеуге үйрету керек.Осы жерде орыс мектебінде оқитын, қазақ тілін білмейтін, білгісі келмейтін қазақ жастарымен қалай жұмыс істеу керек соны да айта кеткен жөн.

Ондайларды ешқандай күштеудің қажеті жоқ. Тек үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу керек. Алдымен ата-анасымен сөйлесіп, түсіндіріп, ата-анасы баласымен сөйлесетіндей жағдай жасау керек. Сонда ғана бір нәтиже шығуы мүмкін. Отбасында баланы туған күнінен бастап өз ана тілінде неге тәрбиелемеске?

Менің ойымша бұл қателерді болдырмау үшін,иең алдымен білікті мамандар қажет. Қандай болмасын аударманы жарыққа шықпас бұрын, маманға аудартып, оны белгілі бір құзырлы органға бекіттіріп барып шығаратындай тәртіп орнатылуы керек. Аударманы кім көрінгенге тапсыруға болмайды. Ғаламтордағы қазақша ақпараттардың сапалы болуы да осылай, білікті мамандар арқылы шешілуі керек. Тіл жанашырлары осы істердің жүзеге асуына атсалысса ана тіліміздің өрге басарына еш күмән жоқ..

Неге қазақ тіл біздің мемлекетімізде аз дамиды?

Статистика бойынша:

-         Орталық.  Адамдар өз аралығында қазақ тілінде сөйлемейді.

-         Қазақ мектіп бітірген жастар орысша оку мекемелерге түседі.

-         Мұғалімдердің қазақ тілі оқыту әдістемелері дамыған емес.

-         Қазақ оқулықтарда қателер бар.

-         Жұмыс орындарында қолданатын әдістемелер орысша немесе басқа тілінде жазылады.

-         Қазақ халқының саны 50 пайызын құрайды. Ал басқа ұлттар көп.

-         ........

Тілді меңгері үшін не істеу керек?

Ø Менің ойымша қазақ ережелерді меңгеріп, лексикалықтарын молайтып, негізі тілге көбірек назар аудыру, тілінде көп сөйтеуге тырысу.

Ø Немесе:  Ең маңызды бұл адамның қалауы. Қазігі заманына  3 тіл білу талабына сай болу,  өз  қол жеткен мақсаттарына қуану үйрену.

Ø Қоғамдық жерлерде қазақ тілін көбірек қолдану керек, мысалы көлікте аялдамаларды тек қазақ тілінде хабарласа, көшелер екі тілде емес, қазақ тілінде жазылса адамның көзі, құлағы орысшаға алаңдамай қазақ тілін қабылдайтын еді.

Ø  Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, "мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы"деген болатын. Ана тілі – алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз.

Ø Біз – келешек еліміздің айбыны,

Ø Біздің қолда тіл мен ұлттың байлығы!

Ø Тіл  – тиексіз болашақтың тірегі,

Ø Бізге аманат Тәуелсіздік тұғыры!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы туралы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Семейный психолог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 040 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.06.2016 18844
    • DOCX 20.6 кбайт
    • 45 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мулькибаева Рысты Бейсенбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 27623
    • Всего материалов: 22

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Французский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель французского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 161 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика билингвального обучения иностранным языкам

Учитель иностранного языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 69 человек

Курс профессиональной переподготовки

Китайский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель китайского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 16 регионов

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек