Инфоурок Русский язык КонспектыҚазақ тілінен ашық сабақ "Аңшылар" (6 сынып)

Қазақ тілінен ашық сабақ "Аңшылар" (6 сынып)

Скачать материал

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Аңшылар

Сабақтың мақсаттары:

1.     Білімділік: «Аңшылар» тақырыбы бойынша оқушылардың білімін, өз ара сөйлесуін  қалыптастырып,аңшылардың атауларымен, аңшылықтың мақсатына қарай түрлерімен  таныстыру.

2.     Дамытушылық: Оқушылардың қазақша сөйлеу мәдениетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту.

3.     Тәрбиелік: Табиғаттты, жануарларды қорғап, қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, көрнекілік, әңгімелесу

Сабақтың көрнекіліктері: мультимедиялық кешен, суреттер

Сабақтың түрі: жаңа

Меңгерілетін сөздер: аңшы, аңшылық,кәсіптік,құсбегі, әуесқой,шек қойылады,ұрпақтан-ұрпаққа,өнім

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу, зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық тұрғыдан сабаққа дайындық, яғни, оқушылардың көңіл-күйін сабаққа икемдеу. «Сәлеметсіңдер ме,балалар, бір-біріңе қараңдаршы.Қандай әдемісіңдер! Ал,енді бір-бірімізге күлімдей, мейірімді көзбен қарайық.Сабақты бастамас бұрын алдарындағы  суреттердің бірін қазіргі көңіл күйлеріңе сәйкес таңдап алыңдар. Сабақтың соңындағы суреттерімен салыстырып қандай өзгерістер болғанын анықтаймыз»

(балалар өздеріне смайлдың бір суретін таңдап алады)

2.Өткенді пысықтау.

-Балалар, біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?

-Біз Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз.

-Қазақстанның табиғаты қандай?

-Қазақстанның табиғаты әсем, бай.

-Көкшетау өңірінде қандай көл бар?

-Көкшетау өңірінде Бурабай көлі бар.

-Оның суы , табиғаты қандай?

-Оның суы тұщы, мөлдір, табиғаты ерекше.

-Қазақстанда қандай жануарлар мен құстар мекендейді?

-Қазақстанда бұлан, ақ қоян, түлкі, қасқыр, аққу, көгершін, қоқиқаз және т.б. жануарлар мен құстар мекендейді.

-Аңдар қайда мекендейді? Олардың пайдасы қандай?

-Олар орманда, далада,қорықтарда мекендейді.

-Оларды ұстауға, өлтіруге бола ма?

-Жоқ, болмайды.(Балаларға видео көріністі көрсету)

-Балалар, көріністен не көрдік?

-Аңшыны. Бүркіт  түлкіні ұстады.

-Дұрыс, сонымен аңдарды тек қана аңшылар ұстай алады, сонда да аңшының аңдарды ұстауға рұқсаты болуы керек. Аңшылар қандай болады екен, білесіңдер ме? Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай екен?

ІІ.Сабақтың тақырыбын, мақсаттарын айту.

-Бүгін сабақта біз сендермен бірге аңшылардың атауларымен танысып, аңшылықтың қандай түрлері бар екенін білеміз.Жаңа сөздерді меңгеріп, тақырып бойынша әңгімелесеміз. Және де өткен сабақтарда  өткенді еске түсіріп қайталаймыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Аңшылар», дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді және тақырыпты жазып қойыңдар.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Мұғалімнің кіріспе сөзі (бейнесуреттер  көрсетіледі).

 

-Ал, балалар, аңшылар қандай болады екен білесіңдер ме? Келесі  бейнесуреттерге назар аударайық.

Аңшы — аң аулауды кәсіп еткен адам. Оны құсбегі, бапкер деп те атайды. Кейде аңға көңіл көтеру үшін де шығады. Ит жүгіртіп, құс салу серілік салтанат деп саналған. Қазақ ішіндегі аңшылар қолданған құралы, істеген амалына қарай былайша жіктеледі:

1.    Саятшы қыран бүркіт, ұшқыр тазы, түзу мылтық пайдаланады.

2.    Мерген — садақпен, мылтықпен аң атады.

3.    Қақпаншы — аңды қақпанмен аулайды.

4.    Моршы  түлкі, күзен секілді аңдардың ініне түтін салып, іннен шыға қашқанда ұстайды.

 

-Жаңа тақырыпты меңгеру үшін бізге жаңа сөздер керек. Ендеше бүгінгі сабағымыздың жаңа сөздерімен танысып алайық. Тақтада   жазылған сөздерге назар аударыңдар (мұғалім дауыстап оқып шығады, балалар қайталайды, кезектесіп қазақша-орысша сөздерді айтады, сөздермен сөз тіркес немесе сөйлемдер құрастырады).

Сөздікпен жұмыс.

Аңшы-охотник

Аңшылық-охота

Кәсіптік-профессиональный

Құсбегі –дрессировщик птиц

Әуесқой-любительский

Шек қойылады-устанавливаются ограничения

Ұрпақтан-ұрпаққа-из поколения в поколение

Өнім-продукция

 

Сөздерді дәптерге жазғызу.

Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді мәнерлеп түсініп оқу, сұрақтарға жауап беру арқылы түсінгендіктерін анықтау .

Аңшылық.

Аңшылық- жануарларды, аңдарды  аулау кәсібі. Аң аулау дәстүрлері  ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, аң аулау шаруашылығы дамыған.Аңшылықты жақсы меңгерген мамандарды аңшы, аңкөс, құсбегі, бүркітші, қағушы  дейді. Аңшылық мақсатына қарай кәсіптік, спорттық-әуесқойлық және ғылыми болып бөлінеді. Кәсіптік аңшылық – аңдар мен құстардан ет, тері,  мүйіз, т.б. өнімдерін алу. Спорттық-әуесқойлық аңшылық -аңдар мен құстарды белгілі тәртіппен аулап, табиғатта  дем  алу. Әуесқой аңшыға мемлекет тарапынан шек қойылады. Ғылыми аңшылық-   аңдар мен құстардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу, олардың сан мөлшерін көбейту.

 

(мұғалім мәтінмен оқушыларды таныстырып өтеді, оқушылар өздері бір рет оқып шығады, бір-екі оқушы мәтінді дауыстап оқиды).

 

-Енді, балалар, мәтінді пайдаланып сұрақтарға жауап берейік(оқушылар ауызша жауап береді).

1.Аңшылық қандай кәсіп?

2.Аңшылықты  жақсы  меңгерген  адамды  қалай атайды?

3.Аңшылықтың  мақсатына  қарай  түрлері қандай ?

4.Кәсіптік аңшылықтың мақсаты не?

5.Спорттық –әуесқойлық аңшылық дегеніміз не?

6.Ғылыми аңшылықтың мақсаты қандай?

ІҮ.Сабақты бекіту.

Тақтамен жұмыс.

Тапсырма.Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, септік жалғауларын анықтап белглеңдер.

Аңшылық -    ... аулау  кәсібі. Аң аулау дәстүрлері  ... жалғасып дамыған. Аңшылықты жақсы меңгерген адамды ... дейді.  ...  аңшылық- аңдар мен құстардан ет, тері,  мүйіз өнімдерін алу.  ... аңшыға  мемлекет  тарапынан  шек қойылады. . ... аңшылықтың  мақсаты   аңдар  мен  құстардың  сан  мөлшерін көбейту.

Керекті сөздер:ғылыми, жануарларын, кәсіби, ұпақтан-ұрпаққа, аңшы, әуесқой.

Аңшылық -    жануарларды аулау  кәсібі. Аң аулау дәстүрлері  ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып дамыған. Аңшылықты жақсы меңгерген адамды аңшы дейді.  Кәсіптік  аңшылық- аңдар мен құстардан ет, тері,  мүйіз өнімдерін алу.  Әуесқой аңшыға  мемлекет  тарапынан  шек қойылады. . Ғылыми аңшылықтың  мақсаты   аңдар  мен  құстардың  сан  мөлшерін көбейту.

 

Тапсырма. Аңшы сөзін септеу.

А.с. кім? аңшы

І.с. кімнің? аңшының

Б.с. кімге? аңшыға

Т.с. кімді? аңшыны

Ж.с.кімде? аңшыда

Ш.с.кімнен? аңшыдан

К.с. кіммен? аңшымен

-Қазір,балалар, кімге аңдар , кімге құстар, кімге үй жануарлары  көбірек ұнайтынын көрейік. Құстар ұнайтындар бірінші топ, аңдар ұнайтындар екінші топ, үй жануарлары ұнайтындар үшінші топ болады. Балалар, Қазақстанның сирек кездесетін жануарларын білесіңдер ме? (елік, бұғы, арқар т.б.) .Мына суреттерге қараңдар. Бұл суреттердегі аңдар  Қазақстанда сирек кездеседі, сондықтан  оларды  аулауға тыйым салынған.Оларды қорғау, аялау керек. Сол аңдар туралы сендер қазір мәтінді оқып , берілген тапсырманы орындайсыңдар( әр топқа белгілі бір тапсырма беріледі).

Топ мүшелері берілген тапсырмаларды орындайды.

1       топ.

Мәтінді оқып ,  суреттеп әңгімелеңдер.

  Елік- сүтқоректі жануар. Қазақстанда Сібір түр тармағы  кездеседі. Дене тұрқы 120 – 160 см, шоқтығына дейінгі биіктігі 75 – 100 см, салмағы 30 – 55 кг. Құйрығы өте қысқа. Ешкісі мүйізсіз, текесінің наурызмамырда толық жетіліп, қарашажелтоқсанда түсетін 3 – 5 ашалы мүйізі болады. Аяқтары жіңішке әрі ұзын. Елік ІлеБатыс және Орталық Тянь-Шаньда, Тарбағатайда  және  Оңтүстік Алтайда кездеседі. Жеміс-жидек  және өсімдіктермен  қоректенеді. Жазда жеке-жеке, ал басқа кезде топталып жүреді. Бір жарым жасында лақтайды.

( Уикипедия — ашық  энциклопедиясынан  алынған  мәлімет)

2       топ.

Мәтінді оқып,  суреттеп әңгімелеңдер.

Бұлан  бұғы тұқымдасына жататын ең ірі аң. Дене тұрқы 3 м-ге, салмағы 570 — 630 кг-ға дейін жетеді. Басы үлкен. Мүйізінің салмағы  20 кг-дай. Аяқтары ұзын, қалың қарда, батпақты жерде жүруге бейімделген. Бұлан Еуразияда кеңінен тараған. Тарихи деректер бойынша, Бұлан Қазақстанның орманды-даласында мекендейді. Қазіргі кезде Қазақстанның солтүстік орманды-далалы аймақтарында 3 — 3,5 мыңдай бұлан кездеседі. Бұлан қыста тал, көктерек, қайың, т.б. ағаштардың бұтағын, қабығын, қынаны, ал жазда көптеген шөптесін өсімдіктермен қоректенеді.  Сүті өте майлы, шипалы қасиеті бар. Еті, терісі пайдалы. ТМД елдерінде Бұланды атуға тыйым салынған, ол арнайы қорықтарда өсіріледі.

( Уикипедия — ашық  энциклопедиясынан  алынған  мәлімет)

    3 топ.

Мәтінді оқып,  суреттеп әңгімелеңдер.

Арқар - сүтқоректі жануар. Дене ұзындығы 110-120 см, шоқтығының биіктігі 65-125 см, салмағы 25230 кг. Аталықтарының мүйізі 67-190 см, түбірінің жуандығы 22-50 см салмағы 30 кг. Таралуы: Жерорта теңізі, орта  Азия. Кейде арқарды бірнеше түрге бөледі: Еуропалық муфлон, үстірт арқары . Саны азаюда. 7 түршесі  Қызыл кітапқа  енгізілген.Қазақстанның таулы жерлерін  мекендейді. Дене тұрқы 160-168 см, салмағы 200 кг-ға жетеді. Арқар табиғи жағдайда 12-14 жыл тіршілік етеді. Арқар - биік тауларда тіршілік етіп аязға өте төзімді жануар.  Арқар бағалы  аң болғандықтан, оны аулауға тыйым салынған.

( Уикипедия — ашық  энциклопедиясынан  алынған  мәлімет)

-Балалар,сендер сабақта көп жаңалық білдіңдер,енді қазір тақырыпты қалай түсінгендіктеріңді тест сұрақтарына жауап беру арқылы анықтаймыз. Тест  сұрақтарына жауаптарыңды  арнайы параққа белгілелеңдер.

Тест сұрақтары.

1.Аңшылық дегеніміз не?

А) жануарлардың суретін салу кәсібі

В)жабайы жануарларды фотоға түсіру кәсібі

С)жануарларды  іздеу кәсібі

Д) жануарларды  аулау кәсібі

2.Аңшылықтың мақсатына қарай  қандай түрлері бар?

А)ғылыми, әуесқой, спорттық-әуесқой,кәсіптік

В)спорттық, қысқы, ғылыми

С)әуесқой, спорттық-кәсіптік, ғылыми,

Д)кәсіптік, шаруашылық, спорттық-ғылыми

3.Аңшылық  мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

А)4

В)3

С)5

Д)2

4.«Әуесқой» аңшылық деген сөз тіркесінің аудармасын тап.

А)спортивная охота

В)научная охота

С)любительская охота

Д)научно-любительская охота

5.Қазақстанда қандай аңдар сирек кездеседі?

А)қасқыр, түлкі

В)ақ қоян,тиін

С)елік, бұғы

Д)қарсақ,қоян

6. Аңшымен сөзі қай септікте тұрғанын анықта.

А) көмектес септікте

В) ілік септікте

С) атау септікте

Д) табыс септікте

7.Аңшылықтың қай түріне шек қойылады?

А)ғылыми

В)спорттық-әуесқойлық

С)әуесқойлық

Д)шаруашылық

8.Аңшылықты жақсы меңгерген адамды қалай атайды?

А)аңшы

В)күйші

С)спортшы

Д)биші

9.Сөйлемнің ішінен септік жалғаулы сөзді  тап: Олар  таулы аймағында мекендейді.

А)таулы

В) аймағында

С) олар

Д)мекендейді

10.Аңдар мен құстардан ет, тері,  мүйіз, т.б. өнімдерін алатын аңшылықтың түрі қалай аталады?

А) спорттық-әуесқойлық

В) ғылыми

С) кәсіптік

Д) әуесқойлық

-Қазір, балалар,тест сұрақтарына берген жауаптарыңды көршілеріңе тексертіп алып, бағаларыңды бағалау параққа қойыңдар.

Жауаптар парағы.

Оқушының аты-жөні:

Сұрақ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

жауап

Д

А

В

С

С

А

С

А

В

С

тексеру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баға:

 

«5» -  9-10  ұпай

«4» - 7-8  ұпай

«3» -  4-6  ұпай

«2» -  2-3  ұпай

Ү.Бағалау.

Тест тапсырмаларында алған бағаларын айту. Сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларға  баға қою.

ҮІ.Сабақты қорытындылау

1.Балалар,бүгін сабақта сендер не туралы білдіңдер?

2.Аңшы деп кімді айтады?

3.Аңшылықтың қандай түрлері бар?

4.Сирек кездесетін аңдар қандай?

5.Оларды өлтіруге болады ма?

6.Оларды өлтіруге болмайды, оларды қорғау керек.

ҮІ.Үй тапсырмасын беру.

Оқулықтағы   - бет

ҮІІ.Рефлексия.

-Барлығың бүгінгі сабаққа  жақсы  қатыстыңдар. Жарайсыңдар!Енді балалар,сабақ аяқталғандағы көңіл-күйлерің қандай екенін суреттерден таңдап алып сабақ басындағы суреттермен салыстырып, мына тақтаға іліп қойыңдар.

ҮІІ.Қоштасу

-Сабақ аяқталды.Сау болыңдар!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен ашық сабақ "Аңшылар" (6 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Аңшылар

Сабақтың мақсаттары:

1.     Білімділік: «Аңшылар» тақырыбы бойынша оқушылардың білімін, өз ара сөйлесуін  қалыптастырып,аңшылардың атауларымен, аңшылықтың мақсатына қарай түрлерімен  таныстыру.

2.     Дамытушылық: Оқушылардың қазақша сөйлеу мәдениетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту.

3.     Тәрбиелік: Табиғаттты, жануарларды қорғап, қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, көрнекілік, әңгімелесу

Сабақтың көрнекіліктері: мультимедиялық кешен, суреттер

Сабақтың түрі: жаңа

 

Меңгерілетін сөздер: аңшы, аңшылық,кәсіптік,құсбегі, әуесқой,шек қойылады,ұрпақтан-ұрпаққа,өнім

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 217 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.01.2015 2642
    • DOCX 88.5 кбайт
    • 24 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Канапина Айнур Сабитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Канапина Айнур Сабитовна
    Канапина Айнур Сабитовна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 30
    • Всего просмотров: 51943
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 223 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 235 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 168 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель русского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 647 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 612 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы финансового рынка

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе