Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

2.1 Мемлекеттің ынтасымен құрылған ұйымдар — кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамытудың қайнар көзі

Қазақстан Республикасындағы жекеменшік кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік саясат жоғары қосылған бағамен жаңа жоғары технологиялық өндірісті құруға тұспалданған шағын кәсіпкерлікті дамыту жолымен орта класты құруға бағытталған.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан республикасының индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясын іске асыру кезеңдерінің бірі ретінде тапсырмасын шешу қарастырылуда.
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы жеке кәсіпкерлік қызметтің дамуын және жұмыс істеуінің ойдағыдай құрылуын қамтамасыз ететін ұйымдар жиынтығын береді. Қазақстан Республикасында ондай ұйымдарға мыналарды жатқызуға болады.
— мемлекеттік және мемлекеттің ынтасы бойынша құрылған ұйымдар;
— мемлекеттік емес ұйымдар;
— халықаралық және шетел ұйымдары;
— коммерциялық ұйымдар.
Кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету ұйымдардың барлығында өздерінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Кәсіпкерлерге байланысты шешім қабылдау кезінде біреулері коммерциялық мақсаттарды алға тартса, екіншілерінің басшылықтарында өз мүдделерін қанағаттандыратын адамдар болуы мүмкін.
Жеке кәсіпкерлікті дамытуға жауапты және саясатты іске асырушы жоғары мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі (ИСМ). Министрлік орталық атқарушы органға жатады және Үкімет және Президентке есеп береді. Мемлекетік органдар өкілеттігін бөлу кестесі 1-суретте көрсетілген.
Ұйымдастырушылық ИСМ құрылымына кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында нормативті-құқықты реттеуді құратын мемлекеттік саясатты іске асырушы кәсіпкерлікті дамыту департаменті кіреді. Негізгі құжаттарда көрсетілгендей Департамент қызметін реттеуші негізгі мақсаттар мыналар:
— кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласында мемлекеттік саясатты құрастыру;
— кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндік жасау;
— инвестицияны тарту бойынша шараларды құрастыру;
— Департамент міндетіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын бақылау. Көрсетілген қызметтерден басқа Департамент бизнестің дамуына кедергі жасайтын төрелердің заңға қарсы істері жайлы кәсіпкерлердің шағым және өтініштерін қарастыруға міндетті.
Республикадағы кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік құрылымының келесі сатысы Астана және Алматы, қалалары және облыс әкімдері мен аппараттары. Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік саясатты іске асыру үшін әкімшілік жанында Кәсіпкерлік және өндіріс Департаменті (Басшылық) құрылған. Оның құрамына Кәсіпкерлік бөлімдері кіреді (2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы Қаулысымен барлық жергілікті мемлекеттік басқару органдарының үлгілі құрылымдары енгізілді.)./5;6-б./
Кәсіпкерлік және өндірістің облыстық Департаменті (сонымен қатар қалалық Алматы және Астана қ.) өз өкілеттігі шегінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыруға құқылы.
Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың соңғы бауы болып аймақтық атқарушы органдары табылады. Республика аудандары мен облыстардың әкімшілік аппараттарымен ұсынылған, олардың құрамына Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі немесе Экономика және қаржы бөлімі кіреді. Аймақтық атқарушы органдарына мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша шешімдерді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жоспарларды іске асыру міндеттелген.
Осыған байланысты, мемлекеттік атқарушы органдары кәсіпкерлік және мемлекет арасындағы қарым-қатынсаты түзетін негізгі тізбек болып саналады.
Президент жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі, кәсіпкерлер істері бойынша комиссиялардан және қауымдастықтар мен кәсіпкерлерден Президентке, парламентке, үкіметке түскен ақпараттарды және нақты ұсыныстарды жетілдіру үшін құрылған. Сонымен қатар олардың міндетіне, шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді жою жатады.
Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және құру мақсатынан басқа мемлекет кәсіпкерлікке, затты – техникалық, ақпаратты – сараптамалық, қаржылық жағынан қамтамасыз ету қызметтерін жүзеге асыруда. Қолдаудың барлық түрлері жергілікті және аймақтық атқарушы деңгейде қабылданатын түрлі бағдарламалар көмегімен атқарушы органдар арқылы жүзеге асады.
Жоғарыда көрсетілген қызметтерді атқарушы ұйымдарға төмендегі мемлекеттік компаниялар жатады.
— «Технология трансферті және инжиниринг орталығы» АҚ (Орталықтың негізгі мақсаты жаңа технологияларды тасымалдау мақсатымен Қазақстандағы экономиканың нақты салалық секторындағы бәсекелестікті көтеру, сонымен қатар, республикадағы инновациялық қызметті жандандыру).
— «Маркетингті-сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ Үкіметке мемлекеттік саясатты құру саласында ақпаратты-сараптамалық, сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту бойынша қолдау көрсетеді
— «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ — шағын және орта бизнеске несие беру бойынша қаржы қолдауын жүзеге асырады;
— «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ — жоспарларды қаржыландыру және кәсіпкерлік ынтаға инвестиция тарту арқылы қаржылай көмек береді;
— «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ – алдыңғы қатардағы, қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып құралдар мен өнімді зерделей өндіруші кәсіпорынның жарғылық капиталына инвестициялау жолымен қаржылық қолдау көрсету;
— «Қазақстанның даму Банкі» АҚ – қаржылық қолдау;
— Технопарктер, бизнес-инкубаторлар, өндірістік аймақ – құралды-техникалық қаржыландыру енді құрылып жатқан кәсіпкерлікке қолдау жасау.
Бұл ұйымдар мемлекетпен не үшін, қандай мақсаттарға құрылғанын және жұмыс жасау барысында қандай нәтижелерге қол жеткізгенін қарастырайық.
«Технологиялар трансферті және инжиниринг орталығы»АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы № 775 «2003-2005 жылға Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын іске асыру бойынша шұғыл шаралар туралы» қаулысын орындау үшін құрылған.
Орталықтың негізгі қызметі:
— инжиниринг қызметтерді көрсету;
— алдағы шетел технологиялырының және басқа да инновациялық өнімдердің және олардың Қазақстанда енгізу трансферті;
— технологияны трансферттеу кезінде заңды және ақпараттық, кеңестік қызметтерді көрсету;
— технологияның сыртқы және ішкі маркетингі және әлемдік тенденцияны сараптау.
Орталық Қазақстан экономикасының құрылымын сараптау арқылы инновациялық жоспарларды іздестіруге қатысуға бел буды. Бүгінде олар ұлттық және аймақтық технопарк жүйелерін құруды жүзеге асыруда. «Виртулды технопарк» концепциясы құрылған.
Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды құру жоспарында Қазақстан бойынша таратылған дамыту институттарының барлығын біріктіру ойын жетілдіруде, оның бір жартысы Алматыда болса екінші жартысы Астанада. Бюрократиялық шығындарды барынша кеміту және оған қол жеткізу мақсатында қоғамдық салалық бірлестіктер мен халықаралық дамыту ұйымдарының, дамыту институттарын бір мекемеде «Инновациялық дамыту ұлттық орталығында» орнату жобасы қаралуда.
Қазіргі таңда орталықта өнімдердің жаңа түрлері бойынша оптикалы – талшықты кабелдер және композиторлы – трубаларды, лазерлі компакт дискілерді DVD, DVD-R, CD, CD-R, үлкен және шағын дүкендер үшін электронды таразылар мен кассалық аппараттарды өндіруді ұйымдастыру бойынша келісімдер жүргізілуде./6;4-б./
Орталықтың екінші қызметі – бұл инжиниринг, ол инновациялық ойды іздестіру және жіктеу, зерделеуді қажет ететін және жоғары технологиялық өндірістерді құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, инновациялық жоспарларды іске асыру бойынша қаржы көздерін іздестіру.
Республика мемлекеттік басыңқылығының дамуына сәйкес жоспарлар мынадай белгілерге сәйкес келуі қажет — жаңа технологияларды енгізу, технологиялық шектің жоғарғы дәрежесі, экспорттық тұспал, сапаның хылақаралық стандарттары және экологиялығы.
«Маркетингті – сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ — 2003 жылы мамырда ұлттық экономикада бәсекелестікті жоғарылату және диверсификация процессін сараптамалық қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
Орталықтың негізгі қызметі:
— отандық және халықаралық рынокқа және экономика секторы мен салаларына, негізгі бет алысты анықтау үшін әртүрлі өндірістерге, Қазақстанның әлемдік экономикадағы бәсекелестік артықшылықтарын анықтау үшін сараптама жасау;
— инвестициялық жобаларға олардың басыңқы бәсекелестікке мүмкіндігі бар затына сараптама жүргізу, табыстылығы және артықшылығы;
— Қазақстан Республикасындағы экономикалық байланыстық пен іскер ортаға сараптама жасау.
Орталық маркетинг және менеджмент саласында зерттеулер жүргізеді, консалтингті және ақпаратты-кеңестік қызметтерді көрсетеді, маркетинг және менеджмент саласында методологиялық және ақпаратты – анықтамалық құралдарды шығарады, бағдарламалық өнімдерді құру, экономика өрісі және саласы бойынша ақпараттарды және өнімді тарату.
Қазіргі таңда Орталық тек қана ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша жобалармен жұмыс жасауда. Орталықтың Web-сайты арқылы зертеулер барысында жинақталған экономиканың өрісі және саласы бойынша ақпараттарды тарату.
2004 жылы Орталық, 23 зерттеулік жобаларды жүзеге асырды, оның ішінде:
— Қазақстандағы ақпаратты технологиялырдың даму мүмкіндіктеріне маркетингті сараптама жүргізу.
— Қазақстан Республикасындағы химиялық өндірісті дамытудың басыңқы бағыты мен жағдайына сараптама;
— Қазақстан Республикасындағы машинақұрылысы дамуының басыңқы бағыты мен жағдайына сараптама;
— Қазақстан Республикасындағы тағам өнімі дамуының бағытын және басыңқылығын зерттеу.
— Қазақстан Республикасындағы құрылыс құралдарын дамыту басыңқылығына және жағдайына сараптама.
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі №665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулысына сәйкес құрылған. Оның мақсаты шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған, мемлекеттің қаржыны тиімді қолдануын көтеруге және Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субьектілерінің экономикалық өсуін және құрылуын ынталандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қордың негізгі міндеттері бекітілді.
— шағын кәсіпкерлікке қаржылық көмек көрсету мемлекеттік бағдарламасын құруға және іске асыруға қатысу;
— шағын кәсіпкерлік субьектілерін бағытты несиелеу;
— екінші деңгейлі банктерден несие алу үшін субьектілер пайдасына кепілдеме беру.
Қордың негізгі қызметі, несиелер және лизинг түрін берумен байланысты. Қор Қазақстан Республикасының Үкіметі бөлген республикалық бюджет қаражатының және жеке қаражаты есебінен несиеленеді.
Қор Қазақстанның барлық қалаларында бар сонымен қатар Астана қ. Қордың қарыз беру қоржыны 205 жылғы 1 қаңтарына 15,4 млрд теңгені құрады. Ол жеке қордың және республика бюджетінің және Дамыту және Қайта орнату Еуропалық Банк қарызы және Азия Даму Банкінің қаражатынан жинақталған.
Қазіргі таңда қор мына бағдарламалар бойынша қаражаттарды жүзеге асырады.
— Ауылшаруашылық саласына (56 млн. АҚШ доллары) Азиялық Даму Банкінің Бағдарламалық қарызы (АДБ);
— Даму және Қайта орнату Еуропалық Банктің несиелік лимиті арқылы Қазақстандағы шағын бизнес бағдарламасын дамыту. (77,5 млн. АҚШ доллары);
— Республика бюджеті есебінен шағын кәсіпкерлік субьектілерін қолдау бағдарламасы (300 млн. теңге);
— Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы.
Қормен жүзеге асырылатын Бағдарламалар несиелеудің тікелей несиелеу түрін ұсынады, факторинг, қаржылы лизинг, несиеге кепілдеме беру, ОШК жүзеге асыратын жобаларға қаржылық көмек көрсету.
Қор өз қызметін бастағаннан бері 577 жобаны 6,3 млрд.теңгеге қаржыландырылды..
«Ұлттық Инновациялық Қор» АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық инновациялық қор» «Акционерлік қоғамды құру туралы» 2003 жылғы 30 мамырдағы № 502 қаулысымен құрылды. Оның мақсаты ҚР нақты зерттеуді қажет ететін өндірістер мен жоғарғытехнологиялық даму, инновациялық актив өсіміне қолғабыс жасау.
Инновациялық қордың міндеті:
— инвестицияларды тарту және инновациялық жобаларды қаражаттандыру;
— маркетингті зерттеулерді жүргізу;
— қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаражаттандыру және тәжірибелі – конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
— сыртқы рынокқа отандық иновациалық өнімдерді жылжыту;
— инновациялық жобалар бойынша мәліметтер банкін құру, тиімді жоспарлардың барлығы туралы жеке инвесторларды ақпараттандыру;
— технопарктерді, бизнес-инкубаторларды және басқа да инновациялық инфрақұрылым элементтерін құруға қатысу./5; 20-б./
Қор қызметінің негізгі бағыты болып саналады:
— ҚР аймағында еншілес қорларды құруға инвестицияларды тарту және инвестициялау;
— инновациялық жоспарларды жүзеге асырушы компанияларды инвестициялау;
— ұлттық инновациялық инфрақрылымының элементтерін құруды инвестициялау. (технопарктерді, технологиялық бизнес-инкубаторларды).
Инвестициялаудың негізгі түрі заңды тұлғалар жарғылық капиталын ұлғайту және құру кезінде, қатынастың акциясы/үлесін алу жолымен жарғылық капиталына бақылаусыз қатысу
2004 жылы қорға 219 жоба түсіп, оның 5 жобасы еншілес қорды құруға, 71 инновациялық жобаны құруға, 141 жоба ҒЗТКЖ құруға, 2 жоба инфрақұрылым элементтерін құру үшін жұмсалады.
Қор әкімшілік және кәсіпорындармен тұрақты түрде байланыста. Аймақтағы қызметтер бойынша Астана қ. Алматы қ. Алматы, Батыс-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Атырау облыстарында аймақтық шаралар өткізіліді. Алматы қ. Оңтүстік-Қазақстан, Ақмола, Шығыс-Қазақстан облыстары әкімшіліктерімен, (Орал қ.) «Аймақтық инвестициялық орталық» АҚ, (Ақтөбе қ.)«Инновациялық енгізуші орталық» ЖШС қарым-қатынас туралы Меморандумға қол қойылды.
Қор заңды және жеке тұлғалардың қатысуымен әртүрлі шараларды өткізіп тұрады. Оның мақсаты тиімді ынталарды жүзеге асыру және оларды анықтауға бағытталған.
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ — өз қызметін 2003 жылы шілдеде Елбасы, экономиканың шикізат саласында емес жеке сактор ынталарына қаржылық көмек көрсету, болашағы бар кәсіпорындардың жоспарларына инвестицияларды тарту және жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық Стратегиясын іске асыру бойынша қатысу мақсатында «Қазақстанның инвестициялық қоры» Заңына қол қойғаннан кейін бастады.
Қорға жүктелген негізгі міндеттер:
— жаңа және заманның талабына сай технологияларды қолдана отырып құралдар мен шикізатты терең өңдеумен айналысатын кәсіпорынның жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыру;
— ҚР корпоративті бағалы қағаздар рыногын дамуына жағдай жасау;
— шетелдік және отандық кәсіпорындар арасындағы өндірістік кооперацияға қатысу;
— қазақстандық кәсіпорындардың шетелдегі инвестициялық активтерін көтеруге қатысу.
Қор 49% — ға дейін акцияны алып жобаларда тікелей инвестор ретінде шығады. Қор инвестор ретінде жобаны іске асыру барысында болуы мүмкін тәуекелді де табысты да бірге бөліседі.
Жоба іске асыру сатысынан өткеннен соң және өндіру және сату бірқалыпты деңгейіне жеткеннен кейін Қор өз үлесін стратегиялық әріптестеріне немесе басқа акционерлерге сату арқылы жобадан шығады.
Қаржыландырудың тиімді бағыттары.
— құрылыс материалдарын өндіру;
— химиялық және мұнайхимиялық өнеркәсібі бұйымдарын өндіру;
— өндірісті өңдеуші аграрлы саланы дамыту;
— жоғары сапалы көкөніс өнімдерін өндіру;
— Қазақстандағы өндірітің жалға алуын дамыту және құру;
— жоғары қосылған баға өнімдерін дакмыту және құру, сонымен қатар басқа да салаларды.
Қазіргі таңда Қор 70млн АҚШ долларын 20 жуық жобаны қаржыландырды.
2006 жылы Қор 1,1 млрд. АҚШ долларынан (145 млрд. теңге) астам 22 жобаны қаржыландыруға кірісуде. Олардың ішінде керамикалық плиткаларды жасау, мұнайгаздық құралдарды, спортты-аңшылық және суық қару оқтарын, құрылыс қыштарын, базальтты талшықтарды, шыныпластикалық трубаларды, көкөніс зауотын жаңаландыру, бидай жинайтын комбайындарды шығарушы ОК құру және т.б бойынша жобалар бар
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ – ел экономикасына инвестицияларды тартуға қолдау жасау және өңдеуші өнеркәсібіне және өндірістік инфрақұрылымның дамуына, мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жоғарылату және жетілдіру мақсатында «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 531 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2001 жылы 25 сәуірде құрылды.
Экономикалық қызметтің Жалпы классификаторларына (ЭҚЖК) сәйкес Даму Банкі несиелеу үшін инвестицияның негізгі салалық басыңқылығы болып мыналар саналады (ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу; тігін және жүн өндірісі; аяқ киім терісін және тері өнімдерін, теріні өндіру; ағаштан өндірілетін бұйымдарды өндіру және ағашты өңдеу; баспа ісін санамағанда целлюлозды-қағазды өнеркәсіп; химиялық өнеркәсіп; пластмассы және резіңке өнімдерін өндіру; дайын затты өнімдерді өндіру; машина және құралдарды өндіру; электрқұралдарын, электрлі және оптикалық құралдарды өндіру; көлік құралдарын және құралдарды өндіру; газ және суды, электрэнергиясын тарату және өндіру; көлік және байланыс).
Инвестициялық жобаларды несиелеу кезінде, әлемдік рынокқа шығу жоспарымен жасалынған жобаларға және бағасы жоғары қосылған технологиялық байланысты өндірістердің жолағын құратын жобаларға басыңықылық береді.
Даму Банкі өзінің несиелік қызметінде несиелеудің төменгі түрлерін қолданады::
орташұғыл және ұзақшұғылды несиелеу, сонымен қатар инвестициялық жобаларды қаржыландыру;
қоса қаржыландыруды қосқанда, несиелеу және қазақстандық тауарлардың сыртқы рынокта жылжуын қамтамасыз ететін экспортты операциялар.
Даму Банкі инвестициялық жобаларды және экспортты операцияларды таңдаған кездегі басты ережесі:
— инвестициялық жобалардың салалық басыңқылықтарға сай келуі;
— жобаның өзін-өзі ақтауы және тиімділігі;
— жобаны іске асыру барысында құрылатын өнімнің өтуін қамтамасыз ету және шикізат қорының жеткілікті болуы.
— жоба шешімдерінің технологиялық және техникалық тұрғыдан негізделуі;
— экологиялық талаптарды сақтау;
— жоба құжатының толық және сапалы болуы;
— институтционалды тұрғыда жетілдірілгендігі, мамандандырылған менеджменттің боуы;
несиелеуді қамтамасыз ететіндгінің дәлелі;
— қарыз алушыға қойылатын талаптардың барлығын орындау (несиені төлеу мүмкіндігі, төлей алатындығы, қаржылық тұрақтылық және т.б.).
Ұйымдардың, шағын кәсіпкерлік субьектілерін несиелеу бойынша қоятын талаптары жайлы толық ақпаратты мемлекеттің қолдауымен құрылған «Шағын кәсіпкерлікке қаржылы-несиелік қолдау көрсету» методологиялық құралынан ала аласыз.
Қазіргі таңда Қазақстанда, жоғарыда айтылған даму институттарынана басқа құру және дамыту бойынша технопарктер, бизнес-инкубаторлар және өндірістік аймақтар кең қолданысқа ие болды.
Кәсіпкерлікті дамыту институттарымен қоса шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2005-2007 жж бағдарламасына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік саласында заңнаманы жетілдіру керек. Кәсіпкерліктің өзі нормативтік актілерге өзгертулер енгізіп, заңнаманың максималды мөлдірлігін тілейтіні бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып отыр. Сонымен бірге бүгінгі таңда кәсіпкерлік Үкімет Регламентіне өзгертулер енгізіп, мемлекеттік органдарды заңдар мониторингін қадағалауын, сол мониторинг бойынша жоғары инстанцияға меморгандардың периодты есептілігін жүзеге асыруын талап етеді, әрбір нормативтік актіні, заңды нақты құзіретті органға бекітілуі керек (ол өз кезегінде заңдық актілердің сәйкестігін, оның қызметін тоқтату мерзімін айқындауы тиіс).
Мемлекеттің кәсіпкерлікті артық әрі тиімсіз реттеуінің алдын алу мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікке қатысты нормативтік актілер проектісін жасауда сол актінің әсерін детальді түрде болжау қажет. Қабылданатын нормативтік актінің нәтижелілігін қамтамасыз ететін нақты механизмін, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік салдары мен кәсіпкер шығыны,пайдасына қаржылық әсерін талдау қажет.
Экономиканы дебюрократизациялау және әкімшілік кедергілерді жою шаралары бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъекілерінің қызметін реттеуді минимизациялау мен максималды қолайлы режим тудыру қажет. Сол үшін әкімшілік айыппұлдар, заң бұзғаны үшін айыппұл көлемі төмендетілетін болады. Мемлекеттік монополия өкілеттігі анықталып, лицензия туралы жаңа заң шығады, оның шегінде лицензиялық тәртіптің қолжетімділігі мен мөлдірлігін қамтамасыз етуге қол жеткізіледі. Сертификация, стандартизация, аккредитация аясында да халықаралық нормамен сәйкестендіріліп, ДСҰ заңнамасы негізінде жүзеге асырылады. Аталған шаралардың нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерліктің аясы кеңіп қана қоймайды, сонымен қатар олардың көлеңкелі экономикаға өтуіне кедергі болады./7/

2.2 Мемлекеттік емес ұйымдар кәсіпкерлік және билік арасындағы қарым-қатынс құралы ретінде

Қазақстандағы нарықтық реформаларды өткізудің басынан бастап шағын кәсіпкерлік экономиканың бөлек бір саласы ретінде өз бетінше өркендей бастады. Өз құқығын және мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін айта отырып заңды мәртебесін алды. Бұған қарамастан шағын кәсіпкерлік қоғамның экономикалық және әлеуметтік саласына едәуір әсер етпейтінін мойындау қажет.
Атқарушы және заңды билік өкілдері, барлық дәреженің саясаткерлері экономиканың дамуы үшін шағын кәсіпкерліктің маңызды екенін мойындауда. Оны барлық тарапынан қолдап, қолғабыс жасау үшін барынша бағыттарын өзгертуде. Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша заңдар қабылданып, бағдарламалар бекітілуде. Дегенмен, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін шағын кәсіпкерлік маңызды рөл атқаратынын билік органдары мойындағанымен басында пайда болған мәселелер бүгінгі күнге дейін соңына дейін шешілмеген.
Бұл мәселелер мынадай:
— әкімшілік кедергілер;
— кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамытудағы кемшіліктер;
— қаржылық-несиелеуді қамтамасыз етудің жетілмегендігі;
— ақпараттың жетіспеушілігі;
— кәсіпкерлердегі білімнің төмендігі.
Бұл мәселерді шешу үшін, мемлекеттік құрылымдардың қолдауынан басқа экономикалық, әкімшілік саясатына әсер ету мақсатында мемлекеттік емес ұйымдарды да құру қажет. Ары қарай бұл бірлестіктердің шағын және орта бизнестің даму процессіндегі рөлін анықтаймыз. Бизнес және билік арасындағы қарым-қатынс құралы ретінде қолдану және құрудың қажеттілігін айту.
Мемлекеттік емес ұйымдар (МЕҰ) – бұл заңға қайшы емес жалпы мүдделерге қол жеткізу үшін еркін негізде Қазақстан азаматтарымен құрылған коммерциялық емес ұйым. Азаматтық қоғамды құру мәселелері бойынша, әлеуметтік проблемаларды шешу барысында мемлекет және азаматтар арасындағы делдал қызметті атқара отырып МЕҰ қоғамдық қатынастарды реттеуші механизмдердің бірі деуге болады.

Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар қоғамдық бірлестік, қорлар немесе заңды тұлғалар бірлестігі, қауымдастық (одақ) үлгісі ретінде де құрылуы мүмкін.
Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың өз еркімен біргелесіп құру нәтижесіндегі ұйым. Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың мүдделерін және саяси, экономаикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын қорғау және іске асыру мақсатында құрылады.
Қорлар болып, жеке мүліктерін өз еркімен енгізу негізінде заңды тұлғалар және азаматтармен құрылған мемлекеттік емес ұйымдар мойындалады.
Коммерциялық ұйымдар олардың кәсіпкерлік қызметін координациялау мақсатында, жалпы мүліктік және басқа да мүдделерді қорғау және ұсыну өзара келісім-шарт арқылы, сонымен қатар біргелесіп коммерциялық емес ұйымдармен қауымдастық (одақ) үлгіде бірлестіктер құруларына болады.
Барлық кәсіпкерлік қауымдастықтардың қызметтері функциялардың бірқалыпты теруін енгізеді:
— мемлекеттік саясат мәселелері бойынша мүшелердің коллективті позициясының көрінуі, олардың корпоративті шешімдеріне тиісті мемлекеттік шешімдерді орындауға қатысу;
— өз мүшелері арасындағы іскерлік қатынастарды ұйымдастыру, дөңгелек үстел және семинарларды ұймдастыру;
— кәсіпкерлік қызметті өз секторында немесе өзінің жергілікті аймағында координациялау;
— сыртқы экономикалық қатынастарды түзуге қауымдастық мүшелеріне қызметтер мен көмектерді ұсыну;
— ақпараттық қолдау.
Қауымдастыққа кіру үшін әдетте кіріс жарнасын төлеп, басқарушы атына өтініш жазған жеткілікті. Кейде бірлестіктің басқа мүшелері мінездемелерін талар ету мүмкін.
Төменде Қазақстанда жұмыс жасайтын кейбір бизнес-қауымдастықтар туралы қысқа мінездемелер және тізімдер көрсетілген. Қауымдастықтар туралы толыққанды мәліметтер олармен байланысу ақпараттарымен қосымшада көрсетілген.
«Атамекен» Қазақстанның жұмыс берушілері және кәсіпкерлерінің жалпыұлттық одағы» ЗТҚ Оны құру туралы шешім Қазақстанның кәсіпкерлері Конгрессін өткізу барысында қабылданған болатын.
Қайта құрылған бірлестіктің басты мақсаты болып бекітілген:
— отандық бизнес мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік билік органдарымен қарым-қатынасты жүзеге асыру және мемлекеттің әлеуметті-экономикалық бағдарламаларын іске асыру және координациялау, оны құруға қатысу;
— отандық бизнесті құруға және әлеуеті төмен халықты қолдауға бағытталған мемлекеттің әлеуметтк бағдарламаларын орындауға қатысу, ұлттың денсаулығын нығайту, білімді және мемлекеттік тілдің рөлін дамыту және республикадағы конфессияаралық және ұлтаралық қатынастарды нығайту;
— әртүрлі деңгейдегі атқарушы және заңды билік органдарына нормативті құжаттарды жетілдіру бойынша ұсыныстар мен өңдеулерді іске асыру;
— кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша халықаралық және қазақастандық мемлекеттік емес ұйымдармен қарым-қатынстарды дамыту және бекіту.
Қазіргі таңда одақтың құрамына мыңдаған қазақстанның экономикалық секторында жұмыс жасайтын кәсіпорындарды біріктіретін 34 басты салалық қауымдастықтар кіреді. Олардың ішіне мұнайгазды саласы ұйымдарының қауымдастығы, кен қазу және кен – металургиялық кәсіпорындар, сүт және сіт өнімдерін өндіретін кәсіпорындар, шылым өндірушілер және кәсіпорындар, IT-компаниялар, сауда-өнеркәсіптік палаталарының одағы, фермерлер, құс өсіруші және инжиниринг компаниялар кірген.
«Атамакен» Одағының филиалы республиканың барлық аймақтарында құрылған. Қазіргі таңда Одақ өкілеттіктерін аудан және қала орталықтарында құру жүзеге асырылуда.
«Қазақстан кәсіпкерлеріның форумы» ЗТБ заңды тұлғалар ынтасымен құрылып еркіндік, мүшелер құқықтарының теңдігі, өздері басқаруға мүмкіндіктердің болуы, заңдылық, қызмет есептілігі және жариялылығы негізінде жұмыс жасайды.
Форумды құру мақсаты – кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайларды жасау және экономикалық реформаның жылжуына қатысатын кәсіпкерлер ұйымы және қорлардың, қоғамдық бірлестіктердің, қауымдастықтардың, салалық және аймақтық одақтарды бірлестіру.
Форумның қызметі форум мүшелерінің мүдделерін және құқығын қорғау; кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы жобаларды және іске асыруға, координациялауға, өңдеуге көмек; ғылыми-методологиялық және баспа ісі бойынша ақпаратты-кеңестік жұмыстарды ұйымдастыру болып табфлады.
Бұл республикадағы танымал, үлкен, белсенді жұмыс жасайтын қоғамдық бірлестіктердің бірі. Бірлестіктің қызметі салмақты саяси беделге, экономиканың барлық салаларының кәсіпкерлерін, қоғамдық ұйымдардың, мемлекет, министрлік және ведомствалардың басшыларымен үлкен көлемдегі кездесулер мен форумдарды өткізу барысында ие болды. Кәсіпкерлердің алғашқы форумы 1992 жылы маусымда «Қазақстанның жастар одағы» атауымен өтті. 2003 жылға он шақты форум өткізілді. 1998 жылы «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» ұйымдастырушылық құрылымды құруға бел буды. (ҚКФ) қоғамдық бірлестік үлгісінен соң, қоғамдық бірлестіктен заңды тұлғалар бірлестігіне ауыстырылды.
Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы құрамына кіретін кәсіпорындардың саны – 120.484, қазіргі таңда «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» ұйымының Қазақстанның әр бір аймағында облыстық филиалдары құрылған.
«Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палата Одағы» ЗТБ
2000 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палата Одағы тіркелді. Оның мүшелері 10 аймақтық палата болды. Қазақстанның сауда-өнеркәсіптік Одағының Жарғысында шағын кәсіпкерлікті қолдау басты міндеттердің бірі ретінде белгіленген. Мекен-жайлық, статистикалық, көрмелер бойынша, рынок жөнінде мәліметтер мен ақпаратты берумен айналысады.
Тез арада істің мән жайы анықталып «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңдары бойынша қателер жіберілгендігі дәлелденді. Қостанай қ. прокуратурасының жүргізген тексерулері барысында Қостанай қ. ҚР АШМ аймақтық басқарма заңсыздықтарды жою бойынша өзгерістер енгізу бойынша жұмыстарды жүргізді.
Бұл прокуратура органы мен кәсіпкерлер бірлестіктерінің біргелескен сәтті істерінің бірі. Ол бірлестіктер беделінің қаншалықты жоғарылағанының дәлелі.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің көптеген бірлестіктері, мемлекеттік органдармен кәсіпкерлердің мүдделерін қарастыратын атқарушы билік жанындағы сараптамалық кеңестердің, комиссиялардың, әртүрлі комитетермен жұмыс жасау қарым-қатынастың түрлерін игерді.
Айта кетерлік жайт, мемқұрылымдармен сұхбатты жүргізу нәтижелері өз жемісін беруде. Кәсіпкерлердің жолданымдарына назар аударулардың жоғарылауы және қатынастардағы бюрократиялық шектеулердің кемігендігін көруге болады.
Нақты жетілген нәтижелер туралы айту әлі ерте, алда әлі жұмыс көп. Дегенмен, алға жылжушылық көрінуде, ертеңгі күнге деген сенім нығайуда.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстан Республикасындағы жекеменшік кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік саясат жоғары қосылған бағамен жаңа жоғары технологиялық өндірісті құруға тұспалданған шағын кәсіпкерлікті дамыту жолымен орта класты құруға бағытталған.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан республикасының индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясын іске асыру кезеңдерінің бірі ретінде тапсырмасын шешу қарастырылуда.
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы жеке кәсіпкерлік қызметтің дамуын және жұмыс істеуінің ойдағыдай құрылуын қамтамасыз ететін ұйымдар жиынтығын береді. Қазақстан Республикасында ондай ұйымдарға мыналарды жатқызуға болады.
— мемлекеттік және мемлекеттің ынтасы бойынша құрылған ұйымдар;
— мемлекеттік емес ұйымдар;
— халықаралық және шетел ұйымдары;
— коммерциялық ұйымдар.
Кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету ұйымдардың барлығында өздерінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Кәсіпкерлерге байланысты шешім қабылдау кезінде біреулері коммерциялық мақсаттарды алға тартса, екіншілерінің басшылықтарында өз мүдделерін қанағаттандыратын адамдар болуы мүмкін.
Жеке кәсіпкерлікті дамытуға жауапты және саясатты іске асырушы жоғары мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі (ИСМ). Министрлік орталық атқарушы органға жатады және Үкімет және Президентке есеп береді. Мемлекетік органдар өкілеттігін бөлу кестесі 1-суретте көрсетілген.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 534 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.02.2018 3198
    • DOCX 29.9 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтпенбетова Гулжахан Жумабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 92693
    • Всего материалов: 23

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 22 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 500 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 335 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продуктовый успех: стратегии и инструменты для создания, улучшения и продвижения продуктов на рынке

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе