Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақтың ұлттық шешендік өнері

Қазақтың ұлттық шешендік өнері

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық шешендік өнері

Мақсаты: Отты да нақышты, шебер де, шешен айтылған сөздерді әр оқушы түсіну, қазақ халқының шешендік өнерін 3 кезеңін түсіндіру.

1) Сөзді дұрыс қолдану, қазақ халқының атақты шешендерді туралы білу, олардың халық арасында кең тараған шешендік сөздерін тыңдау, мазмұнын талдау.

2) Шешен адамдардың өмірін үлгі тұту, шешендік сөздерін түсініп оқып, өміріне сабақ ету, адамгершілік, шыншылдық, туған елді, жерді сүюге тәрбиелеу.

3) Дербес шығармашылық жұмыстар, өзіндік ізденіс, оқу, танып білу, жазған жұмыстарын айыра білуге үйрену, сөз саптау, ой еркіндігі, оқушы шеберлігін шыңдауға баулу.



Құрал-жабдықтар: __________________________________________________

Сабақтың типі:

1.Аралас

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру

ІV. Жаңа сабақтың мақсатын қою.

V. Жаңа сабақты меңгерту

VІ. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру

VІІ. Оқушылардың білімдерін бекіту.


VІІІ. Үйге тапсырма беру



Әдіс-тәсілдер: лекция, сұрақ-жауап


Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру: оқушыларды түгендеу, зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Риторика қандай мағына береді?

  2. Шешендік өнерді қай елде жоғары бағалаған және шешендіктің отаны деп қай елді айтады?

  3. (б.э.э.д.384-322) «Риторика» атты еңбекті жазған адам?

  4. (б.э.д. 35-100) «Шешендік тәлім» атты екі кітаптан тұратын еңбектің авторы кім?

  5. Сөз мәдениеті неше сатыдан тұрады?

  6. Шешендік сөз дегеніміз не және шешендік сөз қандай талаптарға жауап беруі тиіс?

  7. Қазіргі кезде шешендік сөз қажет па?

  8. Бұрынғы би-шешендердің сөздері мен қазіргі шешендердің сөздерін жақындастыратын факторлар

  9. Шешендік дегеніміз не?

ІІІ. Балалар, Өткірдің жүзі, кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан

Білмеске арзан

Надандар баһра ала алмас.

Толғауы тоқсан қызыл тіл

Сөйлеймін десең, өзің біл –

деген өлең жолдары қай ақындікі? Бұл өлең жолдары не туралы деп ойлайсыңдар? (сөз өнері, шешендік туралы)

ІV. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақтың ұлттық шешендік өнері».

Бүгінгі сабақта қазақтың шешендік өнерінің үш кезеңін және тарихта, тарихи аңыздарда есімдері, сөздері сақталған шешендердің сөздерімен танысатын боламыз.

V. Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыз сөз қадірін, сөз құдіретін түсіне білген.

Сөзден тәтті нәрсе жоқ

Сөзден ащы нәрсе жоқ

Сөзіңді тіліңе билетпе

Ақылыңа билет.

Сөзіңді ақылсызға қор етпе

Ақылдыға айт.

Кімге, қай кезде, қай жерде

Қалай сөйлейтініңді біл, -

деген екен Бөлтірік шешен бабамыз.

Ежелгі грек, рим елдерінде ерте замандарда-ақ шешендік өнерге үлкен мән берген.

Ол елдерде «шешендік өнерді» риторика деп атағанын білеміз. Оны жеке пән ретінде оқытқан. «Риторика» ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. «Риторика» пәнінен сабақ беретін адамды «ритор» деп атаған екен.

Ал бізге жеткекн деректерге сүйенсек, қазақтың шешендік өнерінің атасы – Жиренше шешен деп атауға болады. (ХІV-ХVғ). Әз Жәнібек хан мен Асан қайғының тұстасы ретінде айтылады.

Қазақ шешендік өнерін үш кезеңге бөліп қарауға болады:

  1. ХІ-ХІІІ ғ – Майқы, Аяз би

  2. ХІV-ХVІ ғ – Асан қайғы, Жиренше

  3. ХVІІІ ғ – Төле, Қазыбек, Әйтеке билер.

Олай болса, осы кезеңдерге тоқталып өтейік.

І. Қазақтың шешендік өнерін тарихта, тарихи аңыздарда есімдері, сөздері сақталған Майқы би мен Аяз биден бастаймыз. Абай мен Мәшһүр Жүсіп растаған «Түгел сөздің түбі бір, - түп атасы Майқы би» дейтін сөздерден оны қазақ шешендерінің басы деуге болады.

- Ендеше қазақ шешендік өнерінің бастауы болған, Алаша ханның тұсында өмір сүрген Майқы би айтыпты дейтін, ел есінде сақталған нақыл сөздерін тыңдап көрелік.

Майқы бидің нақыл сөздері

ІІ. Қазақ шешендік өнерінің екінші кезеңі.Асан қайғы мен Жиренше шешен есімдерімен байланысты. Жиреншенің Әз Жәнібектің сұрақтарына ұтымды жауаптары және Қарашаш сұлумен әзілдеген тапқырлық сөздері – нағыз шешендік сөздердің үлгілері.

  • Келесі кезекте Әз Жәнібек ханның заманына, Жиренше шешеннің аулына саяхат жасайық.

ІІІ. Қазақ шешендік өнерінің үшінші даму кезеңі – үш жүздің басын қосып бірегей хандық құрған Қасым, Тәуке, Қазыбек, Әйтеке билер заманына саяхат жасайық.

Қазыбектің қалмаққа елші болып баруы.

Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.

Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз-әңгімелерінен, өлең-жыр дастандардан ұшыратамыз.

Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (ХІХғ) зерттеп жинаған болатын. Ол: «Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады.Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласың» - деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған. Сондай-ақ қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялаған Ы.Алтынсарин, зерттеушілер М.Әуезов, Байтұрсынов.

VІ. Шешендерше сөйлеймін.

  1. Не қымбат? Алтын ұяң – Отан қымбат.

  2. Тату болса, ағайын жақын .......

  3. Ашу деген ағын су .....

VІІ. 1. Қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңі туралы айтыңыз

2.Қазақ шешендік өнерінің екінші кезеңі туралы айтыңыз

3.Қазақ шешендік өнерінің үшінші кезеңі туралы айтыңыз

4. Қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялаған кімдер?


VІІІ. Үйге тапсырма. «Шешендік сөз – шындық» атты ойтолғау жазып келу.







Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 15.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров370
Номер материала ДВ-157964
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх