Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Балалар біздің болашағымыз" концертная программа

"Балалар біздің болашағымыз" концертная программа

Скачать материал

«Балалар - біздің болашағымыз 

Жүргізуші:   Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын, ойшылдары мен зиялыларын толғанысқа,  ізденіске түсіргені күмән туғызбайды. Шығыстың ғұлама ғалымы Әл - Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін, - десе, Болашақ ұрпақ жайында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жолдауында:             « Қазіргі заманда кез - келген мемлекеттің тыныс тіршілігін қалыпты ұстап тұрудың аса маңызды шарты - адамдардың өздері, олардың ерік - жігері, қажыры, білімі болып табылады. Ата - аналар өз балаларын өмірге даярлауға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Олар қазіргі балалар елдің болашағын анықтайтын ХХl ғасырдың ересек адамдары екенін түсінуі қажет»- деп көрсетті. Қай қоғамның болсын көтерген мәселесі – бала жанына ізгілік дәнін егу. Бала - өмірдің жалғасы, мәні мен сәні. Халық - баланы көңілдің гүлі,  көздің нұры деп ұққан.

Жүргізуші:  Бала - еліміздің ертеңі, тірегі мен тілегі. Олай болса,  Құрметті   қонақтар, «Балалар – біздің болашағымыз!» атты салтанатты кешімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші:  Балалар – біздің болашақ,

                      Сүйсінеміз – сүйеміз.

                      Бұл болашақ тамашақ – ақ!

                      Болашаққа иеміз.

                      Көтеріп жас сәбиді,

                     «Күлші, ботам, күл!»– дейміз.

                      Көңіл дария шалқиды,

                      Балалармен гүлдейміз-  деп ,  мектебіміздің жезтаңдай әншісі, «Жұлдызай»  республикалық фестивалінде екі рет 3-ші орын,  «Ән бізді біріктірді» республикалық  фестивалінде 2-ші орын, «Жүрек жылуы» республикалық байқауында бас жүлде иегері , «Бозторғай», «Біз  жұлдыз болып жанамыз»  облыстық байқауларына қатысып 1-ші орын жеңімпазы және де өнер мен білімді қатар алып жүрген  талантты  оқушы Хабибулла Дүрдананың  орындауында «Туған жер» әнін  қабыл  алыңыздар.

 

Жүргізуші: Алға кетіп барамыз

                   Болашақты құшақтап.

                   Жыламайды баламыз

                   Көзден жасы бұршақтап

                   Жыламайды баламыз,

                   Жылатпаймыз еш уақыт

                   Бәрі бізде, қараңыз:

                   Өмір, өлең, күш, бақыт!        

–дей келе мектебіміздің оқушылары Дүйсенбеков Бекзатхан, Рыскелдіқызы Айдана, Абдуалиев Ержан, Жүсіпназар Ақханым жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:         Алтын оты үміттің

                            Көзіміздің қарасы,

                             Балапаны бүркіттің,

                            Біздің елдің баласы...

                            Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

                            Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

                            Балалар  өлең айтса, ән шырқаса,

                            Қандай жүрек қалады қанат қақпай – деп ортаға мектебіміздің өнерлі оқушылары Мақсұт Лаурамен Серікбай Ләйланың орындауында ақын Рахат Наурызбаеваның сөзіне жазылған Ләйлә Сүйімбаеваның әні «Жақсы көрем»  әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:         Өнер десе өрілген
                            Биіктерден көрінген
                            Бишілерді шақырсақ
                            «Мың бұралған» биімен  деп ортада мектебіміздің  кішкентай ғана биші қыздарын « Оюлар » биімен  қарсы алыңыздар.

 

 

Жүргізуші:         Өнердің біз өшірмейміз май шамын.

                            Әнші де бар жезтаңдай, биші де бар,

                            Әнші Бибінұр бұлбұлдайын сайрасын деп ортада Серікбай Бибінұрдың орындауында «Балалық шаққа саяхат» әнімен қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:         Домбыралы, кернейлі,

                             Өнерпаздар алға шық.

                             Мерекеміз мерейлі,

                              Кетсін күйге жалғасып – дей отырып, 6 «А» сыныбының оқушысы Мусаев Бекзаттың орындауында Құрманғазының «Алатау» күйімен қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:         Ән мен күйің бұзылмас мақамынан,

                            Артық пейіл табылмас Отанымнан.

                            Олжалап орын алу мақсатым бар,

                            Алдыңғы елу елдің қатарынан- дей келе мектепшілік іс-шараларға белсене қатысушы 5 «А»  сыныбының өнерлі оқушысы

Сайлау Нұртөренің орындауында халық әні  «Алға Қазақстан!» әнін қабыл алыңыздар. 

Жүргізуші:         Құрметті қонақтар, біздің мектебіміздегі оқушылардың барлығы да өнерлі, талантты, білімді. Бүгін сіздер оқушылардың өнерлерінің бір бөлігін ғана тамашаладыңыздар. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет!

 

Хоровод: «Әрқашан күн сөнбесін!»

 

 

 

 

 

 

 

№5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету)

мектеп-интернаты

 

 

http://interestingthings.net/data/561cb536f1d5e.jpg

 

 

«Балалар – біздің болашағымыз

 

Орындаған: тәлімгер М.А.Нәлібаева

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Балалар біздің болашағымыз" концертная программа"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 104 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.05.2016 930
    • DOCX 108 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Налибаева Макпал Аманжоловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Налибаева Макпал Аманжоловна
    Налибаева Макпал Аманжоловна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5726
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой