Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Достық біздің тірегіміз" концертная программа

"Достық біздің тірегіміз" концертная программа

Скачать материал

Тақырыбы: «Достық – біздің тірегіміз»

Мақсаты: Оқушылардың көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен ,

                   бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы танымдық ойларын

                   дамытып , өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Түзету: Ой – өрісін дамыту

Түрі:  

1-Жүргізуші: Қайырлы күн , ардақты ұстаздар мен оқушылар!

Қазақстан республикасын мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Достық – біздің тірегіміз» тақырыбындағы мерекелік жиынымызға қош келдіңіздер!

 

2-Жүргізуші: Сіздерді 1 – мамыр  Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!   « Бірлік бар жерде  - тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегіннен тегін айтылмаса керек. Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып , әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа  кенелсін.

Бірінші мамыр!

Достықтың ұлы мейрамы

Тоғысар сенде жандардың  ізгі ойлары

Татулық пенен бірлікке ынтымақ , адамзат,

Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

 

1-жүргізуші:  Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің , адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

 

2- жүргізуші: Бұл күні  ел азаматтары ұлт пен ұлыстың  өткен кезеңдегі тарихын  дәріптеп , әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған  қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

1-жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күні – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндеті.

 

2- жүргізуші: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау , оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың  борышы.

 

1-Жүргізуші:

Қазақ жері – қонақжай төрдің жері.

Қаза елі – қас сақтай ердің елі.

Толқынында тарихтың қуғын көрген,

Барша ұлтқа құт  мекен  болар, еді.

Зобаланда  көп шеккен қасіретті ,

Ұлт ұрпағы өнерлі , өсиетті.

Риза көңілменен елге деген,

Арнайды барша халқы ақ тілекті.

 

2-жүргізуші: Кең байтақ елімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Шакетова Гүлшат Хасенқызын көпшілікке деген  жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін  өзіңізді ортаға шақырамыз.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

 

Тақпақ:

Аяулым: Мамырдың бірі , достық күні

Ән салып , билеген халықтың үні.

Тұтасып , тойлаған ұлттар,

Керемет мереке , мамырдың бірі.

Әбудаут:Достық – шырағымыз,

Достық – ұранымыз.

Достық туымыз,

Достық әніміз.

Сағыныш:Дос болып түрлі халықтар,

Жасайтұғын ғасырмын.

Бақыт шымын әлемге

Ұмытылмас асылмын.

Алпысбай:Бейбітшілік ұраны ,

Жарқыраған алтын күн.

Ән қанатты қыраны

Еркіндігі халқымның.

Айлина:Достықты үлгі санаған,

Бір үйде біз тұрамыз.

Қалған ата – бабадан,

Бірлік асыл мұрамыз.

Ән: «Дос болайық бәріміз»

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130- дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде  тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып , елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

2-жүргізуші:

Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Олай болса бүгінгі бірлік күніне арналған салтанатты кешімізге қонаққа келген ұлттар мен таныс болайық.

1.Қазақ ұлты өкілдерін қошеметпен шақырайық

2. Орыс ұлты өкілдерін шақырамыз

3. Өзбек ұлты өкілдері сахна төріне шақырайық

4. Грузин ұлты өкілдерін шақырамыз

5. Татар ұлты өкілдері ортамызда

1-жүргізуші:

         Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш , жұрт аман.

Дегенмен, бақыт , әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді. Осы ұлттардың  достығының арқасында біз 1941-1945 жылдар аралығындағы  болған Ұлы Отан соғысында да жеңіске жеттік.

9- мамыр талай жылдар бойы бейбіт өміріміздің бастауы болған күн.

Тақпақ:

Байназар Ақназар:

Жеңіс күні !

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі.

Көктем , шуақ – тоғызыншы май күні

Айтшы,кәне , біздің жеңіс шеруі

Кездейсоқ па көктемге сай келуі

Біздің ұлы Жеңісіміз көктем боп,

Көңілдерге шұғыласын төккен көп.

Сонау жылы тоғызыншы май күні

Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Рыскелді Айдана:

Мақтанбаймын қалайша , марқаймаймын,

Уақыт бізге ғажап сыр айтар дәйім.

Барлығында сыйлапты адамзатқа

Ынтымақты, жеңісті дархан майым

Күш – қайраттың бойында тасқыны бар,

Мұқалмайтын төзімді достығы бар.

Талай тарих таңғалып куә болған,

Елімнің ерлік деген дәстүрі бар.

Бартырханұлы Қуандық:

Біздің халықбатыр халық ежелден,

Ерлігімен, елдігімен танылған.

Құртпақ болып бізге оғын кезенген

Кейбіреулер ақылынан жаңылған.

Әділеттің жолында біз күресіп,

Бүгінгідей ұлы күнге жеткенбіз.

Мерейіміз сондықтан да тұр өсіп,

Жеңіс туын көтереміз көкке біз.

 

Би: Катюша

2-жүргізуші:

Мен қазақпын , мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мың тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

1-жүргізуші:

Мен –қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім. Алғашқы кезекте  өзіміздің ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне кезек береміз.

Қара жорға биі . Бекзатхан «Жаным қазақ»

 

2-жүргізуші:

Мы дружной семьюй живем в Казахстане,

Татары, уйгуры и русские с нами.

Так пусть же крепнет во веки веков

Дружба народов всех  возрастов.

Следующее слова предоставляем представителям руского народа

 Калинка би

 

1-жүргізуші:

Қадірменді бір досымыз – өзбегім

Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім

Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің

Өз көзімдей күлімдейді көздерің – деп сахнаға өзбек ұлты өкілдерін шақырамыз!

Өзбек биі

 

1-жүргізуші:

Ағайын -туған –бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!

 Республикам менің ,

Республикам менің,

Айбатым!

Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!

Қуат бар сенде лапылдап от боп  жанатын,

Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!

Сахнамыздың төріне өз лебізі мен өнерін көрсетуге татар ұлты өкілдерін шақырамыз.

Татар әні

Татар биі

 

2-жүргізуші:

Тілегі бір,

Жүрегі бір,

Достар біз біргеміз.

Туыс барда құрыштан да,

Берік  біздің  іргеміз!

Жер –анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.

Қайталанып,жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде, - дей отырып грузин ұлтының өкілдерін шақырамыз.

Грузин биі

 

(биден кейін барлық ұлт өкілдері сахнаға шығады)

 

1 Жүргізуші:  Ынтымағы жарасқан берік күн,

                   Білдіреді болашақ ел ертеңін.

                   Татулық пен достығың арта берсін,

                   Құтты болсын бүгінгі мереке күн!

 

2 Жүргізуші: Қазақ жері достықтың гүлстаны,

                   Дархан өлкем, мерейлі ырыс бағы

                   Күрестерде еңбекте, мерекеде

                   Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

Оқушы:

Достығымыз жарасқан,

Ақпыз, қоңыр , сарымыз.

Қара жермен көк аспан,

Ортақ дала , тауымыз.

Ортақ жұтар ауамыз,

Ортақ жарық күніміз.

Достық – туған анамыз,

Жердің ұлы қызымыз.

 

Хормен оқушылар : Мықты болса іргеміз,

                                   Бәрімізде біргеміз,

                                   Ынтымақпен мереке

                                   Сонда құт пен береке.

Ән: «Достық!» Айман мен Элеонора

 

1-жүргізуші:  «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірақ, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен  Елбасымыз айтқандай , біз сияқты көпұлтты  мемлекеттің даму болашағының  бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

 

 

2-жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

 

1-жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!

 

2-жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!

 

1-жүргізуші: Қазақстан жасасын!

 

2-жүргізуші: 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын!

Ән: «Я, ты, он, она» орындайтын Хабибулла Дүрдана

 

1-жүргізуші:  Осымен, бүгінгі « Достық – біздің тірегіміз» атты мерекелік бағдарламамызды  аяқтаймыз!

 

1,2-жүргізуші:

Сау саламатта болыңыздар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Достық біздің тірегіміз" концертная программа"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 997 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.05.2016 1056
    • DOCX 27 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Налибаева Макпал Аманжоловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Налибаева Макпал Аманжоловна
    Налибаева Макпал Аманжоловна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5718
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой