Инфоурок Другое КонспектыБасқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы. Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экон

Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы. Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экон

Скачать материал

        Қаржыны басқаруды ұйымдастыру

 Қаржыны басқару ұғымы

 

Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.

Қаржыны басқару- бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіружәне дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет  (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы.Сөйтіп, қаржыны басқару бұл тиісті қаржы саясаттына жетудің саясаты-қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі.

Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікті, бюджет профицитінде, мемлекеттің борышын азаюында, ұлттыі волютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуіне көрсететін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады.

Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

Басқарудағы демократизм;

Қаржы мәселелеріне спяси тәсілдеме (көзқарасы);

Басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі (ұштасуы);

Басқарудың ғылымилығы;

Орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік;

Басқарудағы жауапкершілік;

Шаруашылық шешімдердлің сабақтастығы.

Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырыта білген жөн: біріншіден, мемлекеттік қаржыны, онын нысандарын экономика мен әлуметтік сфераны басқарудын тетігі,и тұтастығы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық өндірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың обьектісі болып табылады: қаржы қатнастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.

Қаржыны басқаруға ғылыми көзқарас қаржы қатнастарының әрбір сферасында, оларлдың әрбір буынында оны басқаруға көп жоспарлы сипат жүйелі көзқарасты айқындайды. Заңды заңдарда, қаржылық болжамдар мен жоспарларда, қаулыларда және басқаларда рәсңмделетін қаржылық сипаттағы басқару шешімдерін әзірлеген кезде экономикалық және заңи заңдардын талаптарын, өткен шаруашылық кезеңнін қортылындарының ғана емес, сонымен бірге келешекті экономикалық талдаудың нәтижелерін, экономикалық-математикалық әдістермен қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесін, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістердің ұтымды үйдесуін ескерген жөн. Қаржыны ғылыми басқару іс қимылға жаға қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу немесе ескілерінің күшңн жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақытылы жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақытылы экономиклық ақпарат,  ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және ағымдағы қаржылық жоспарлау талап етіледі.

Қаржы қатнастарының әрбір сферасы мен әрбір буынында басқару субьектңлерң қаржы мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын пайдаланады.

Қаржылық ақпараттың ,ылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, сондай ақ бүкіл қаржы процесін оперативті басқару үшін де зор мағызы бар. Ақпаратты алудығһң ақиқаттығы мен уақыттылығы негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделеді.

Жоспарлау (болжау)қаржыны басқарудыңжүйесінде мағызды орын алады. Бұл – жоспарлы  тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мөлшерін және оның көздерін анықтау; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б

Ұйымдастыру – басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелігін, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігімен тәртіптілігін білдіреді.

Қаржылық реттеу – бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқудың барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі резервтік қорлары, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған қаржылпр есебінен қызметкердің барлық түрлеріде арақатынас пен үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.

Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау процесінде де, сонымен бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асырылады. Бақылау ресурстарын пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлы  көрсеткіштермен салыстыруға, қаржы ресурстарын өсудің резервтерін айқындауға, шаруашылықты неғұрлым тиімді жүргізудің жоспарын белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқарудың обьектілерімен субьектілері бөлінеді. Обьектілері ретінде қаржы қатнастарының сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын ұйымдық құрлымдар субьектілер болып табылады. 

Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрлымдардың жиынтығы қаржы ақпараты деп аталады.

Кәсіпорындарда және ұлттық шаруашылық саласында қаржыны басқаруды кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қаржы бөлімдері мен службалары, сондай-ақ сақталып отырған министрліктер мен ведомстволардың қаржы бөлімдері мен басқармалары жүзеге асырып отырады.

Нарықтық экономиканың қалыптасып, жамуы жағдайындағы қаржыны басқару қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді,бүгінде нашар пайдаланып жүрген әдістерді іске асыруды, басқару функцияларының-реттеудің, қаржы рыногын қалыптастыру  әдңстерінің бір элементі ретіндегі қаржы ресурстарын есебін тауып пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда нарықтық экономикаға көшкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен бірге әлеуметтік жағынан бағдарланған нарықтық экономика жағдайында көп жылдар бойы өмір сүріп отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.

Өткен кезде оңтайлы тәжірибесіне келеңсіз қарау қаржының дамуына, оны басқаруға қайшы келді: бюджнтке төленетін төлемдердің салық нысандары жеткіліксіз пайдаланылады; бюджеттен төленетін субвенциялардан (мақсатты жәрдем қаржыдан) бас тарту болды жыне т.б.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің қаржысын басқарудың қолданылып журген жүйесінің айтарлықтай кемшіліктері бар. Олардың бастыларына мыналарды жатқызуға болады.

Біріңшіден, өкіметтік операцияларды қамтудың толық еместігі.

Қазіргі кезде өкіметтік операцияладың едәуір бөлігі,биліктің аймақтық және жергілікі органдарының барлық операциялары Қаржы министрлігі тарапынан болатын тиімді бақылаудан тыс қалып қояды. Ең алдымен бұл толып жатқан бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын, шетелдік субсидиялар мен нәтижелерді пайдалану жөніндегі операцияарға, шетел валютасындағы бюджет операцияларына, сондай-ақ мезгіл откен сыртқы берешекке қызмет ету жөніндегі операцияларға қатысты.

Екіншіден, түсімдерді увқытылы алуға жеткілікті бақылау жасау.

Қаржы министірлігі, Экономика  және бюджеттік жоспарлау министірлігі бұл проблемаларды ойдағыдай шеше алатыны,  мемлекеттік басқару деңгейлері арасында салықтық түсімдерді, шығыстарды түзету жүйесіндегі икемділікті бөлуге бақылауды жолға қояры сөссіз.

Үшіншіден, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру жүйесінің кемшіліктері.

Бұрынгы КСРО-да  мемлекеттік бюджеттің тапшылыгын қаржыландырудың дәстүрлі көзі ұзақ жылдар бойы Мемлекеттік банктің пайысыз кредиттері, сондай-ақ  Жинақ банктеріндегі халықтың салымдары болып келеді.

Мемлекеттік бюджет тапшылығы жабудығ баламалы қаржы көзі ретінде пайдалануға болатын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бүгінге дейін кеңінен тарамай отыр. Мұның экономикалық дағдарыстар мен инфляция жағдайында заңды екенін мойындауға тура келеді.

 Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысын бақылау.

Бұл буынның қаржысын басқаруды министірліктердің, ведомстволардың, концерндердің, ассоциациалардың, қоғамдардың, серіктестердің Қаржы депортаминті (басқармалар)мен бқлімдері, шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы бөлімдері мен қаржы службалары жүзеге асырылады.

Қоғамдық ұйымдардың қаржысы осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен топтары басқарады.

Министірліктермен басқа жоғарғы органдардың қаржы басқармаларының аппараты  жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың жиынтық балансын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, ведомстваға қарасты кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.

Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайында басқару қаржы менеджіменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйысдардың кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық  процестерді басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджіментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп таратуға, ұтымды етіп жұмсауға, бағалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру. 

Қаржы менеджіменті – адамдардың немесе  ұжымдардын қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын  иақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігімен сапасын ынталандыру процесінде көрінеді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері(службалары) кредит және есеп айырысу операцияларының (акциялардың,вексельдердің) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстарымен оңтайландыруды жүзеге асырады.

Шаруашылық серіктестіктерінде қаржыны басқаруда басқа функциялармен қатар, жоғарға органдар-олардың қатысушыларының жалпы жиналысы, акционерлік қоғамдарда-акционерлердің жалпы жиналысы үйлестіріп отырады. Атқарушы орган-басқарма өзінің лауазымды адамдарының, соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі лауазымды адамдардың құрамына мыналарды қосады: қаржы жөніндегі вице-президентті тиісті бөлімшесіне-қаржым бөліміне, топқа,секторға жетекшілік етеді немесе оның бағынышындағы жеке қызметкерлер-шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржылық қызметінің бағыттары жөніндегі  қаржы менеджерлері жұмыс істейді.

Қаржы бөлімінің құрылымы әдетте болжамды-талдамалық,есеп-қисап, шағым, оперативтік-қаржылық жұмыстың бағыттарына негізделеді.

Қаржы-өтім бөлімдері бюджетпен,банктермен,жоғарғы ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі, кассалық сияқты топтарға бөлінеді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы службаларының маңызды міндеттері мыналар болып табылады:

табысты немесе пайданы өсірудің жолдарын іздестіру және рентабелділікті арттыру;

өндіріс, күрделі қаржылар, жаңа техниканы ендіру және басқа жоспарлы шығындар жөніндегі тапсырмаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;

Шаруашылық жүргізуші субьектісінің

қаржысын басқару

Шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржы бөлімі

Жоспарлау-экономикалық бюросы

Банк және кассалық операциялар

бюросы

Есеп

айырысу бюросы

Т О П Т А Р

Қаржылық-кредиттік жоспарлау

Оперативтік

жоспарлау

Экономикалық талдау

Сатып арушылармен есеп айырысу бюросы

Жеткізушілермен есеп айырысу

Кінәратталап тобы

Мемлекеттік бюджет, банктер, жеткізушілер, жоғарғы ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау;

Есеп айрысуды  ұйымдастыру;

Өндірістік копитал мен күрделі жұмыстарды тиімді пайдалануға жәрдемжесу;

Қаржы оперативті басқаруға банк мекемелері қатысады. Екінші деңгей банктері кәсіпорындар мен ұйымдарға есеп айрысу кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ақшаға деген уақытша қажеттіліетерді несиелендіреді.

Тан басшыларының, акционерлік компаниялар мүшелерінің ғана емес, сондай ақ басшының әкімшіл-әміршіл әдістері жағдайында болмашы рөл атқарған қаржы службаларының да рөлі ерекшк арта түсті. Кәсіпорындарды дамытудың қаржы көздерін, қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді инвиститциялаудың бағыттарын іздестіру, бағалы қағаздар мен операциялар жасау және қаржы менеджіментінің басқа мәселелерін нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындардың қаржы службаларының негізгі мәселелері болып отыр.

 

 Мемлекеттік қаржысын басқару.

 Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықталады, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымы белгілеуде көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдары – Президент аппараты, Парламент, Үкімент, Қаржы министірлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Президентіне көп жаңдайда Президент аппараты арқылы қаржыны басқаруға үлкен өкілеттік берілген:

·                    Республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды;

·                    Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның құрамын айқындайды; 

·                    Қазаұстан Республикасының аумагында төтенше мемлекеттік бюджет енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды;

·                    Мемлекеттегі жағдаймен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан жыл сайынғы жолжауда алдағы алдағы жылға арналған қазақстан Республикасының қаржы кредит және бюджет саясатының негізгі бағыттарын айқындайды;

·                    Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрылады және ол туралы қағиданы бекітеді; Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін артыру жөнінде шешімдер қабылдайды. Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есептер бекітеді;

·                    Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналңһған республикалық қаржы жоспарын бекітеді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді  жүзеге асырады.
       Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін елдің ең жоғарғы өкілі органы Парламентке жүктелген. Палатплпрдың бірлескен отырысында Парламент Үкмет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, республикалық бюджетті , сондай ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, бекітеді, салықтармен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды , мемлекеттік қарыздармен республиканың экономикалық және өзгеде көмек көрсетуі туралы мәселелерді  шешеді.

       Парламенттің құзырында қаржы проблемаларын шешу заңнамалық актілерді — Қазақстан Республикасының заңдары мен Парламент қаулыларын талқылауға және кейін дауыс беруге енгізу жөніндегі заңнамалық бастама құқыңда жүзеге асырылады. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар шығарады, негізгі қағидаттар мен нормаларды белгілейді, олар: салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге, республикалық бюджетке, білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға, елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметіне, айналадағы ортаны қорғауға, меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға қатысты.

Парламенттің жұмыс органдары тұрақты негізде жұмыс істейтін сенат пен мәжілістің тұрақты комитеттері — Экономика, қаржы, бюджет комитеттері болып табылады. Комитеттерде заңнамалық актілер оларды Парламенттің палаталарында дауысқа салуға енгізгенге дейін анықталады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі — Министрлер Кабинеті Республика Президенті белгілейтін тәртіппен Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді. Мұндай есепті Үкімет Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне де табыс етеді, қарыз алуды жүзеге асырады, Ұлттық қорға активтерді есептеу, Ұлттық қорды пайдалану тәртібін айқындайды, төменгі бюджеттерден жоғарғы бюджетке бюджеттік алынымның және жоғарғы бюджеттен төменгі бюджеттерге бюджеттік субвенцияларды аудару тәртібі мен кезеңділігін айқындайды, Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенттің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Экономика мен әлеуметтік саланы басқару жүйесін түбірлі қайта құрудан туындап отырған жаңа мәселелерді шешуге байланысты және Қазақстан экономикасының дамудың нарықтық жолына өтуіне орай қаржыны басқару саласында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қайта құрылған Қаржы министрлігі және оның жер-жерлердегі органдарының рөлі шұғыл артып отыр. Қаржы министрлігімен оған қосылған Мемлекеттік кіріс министрлігінің бюджетті жоспарлау және мемлекеттің кірісін жоспарлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне берілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі №962 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі туралы қағидаға сәйкес Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мемлекеттік бюджеттің атқарылуы және атқарылуын бақылау, мемлекеттік меншікті басқару, есепке алу және пайдалануын бақылау, банкроттық рәсімдерінің және дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп жүйесін және қаржылық есептеме аудитін реттеу саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: республикалық бюджеттің атқарылуын және жергілікті бюджеттердің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін және бюджетке түсетін өзге де түсімдерді, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын, шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдер бөлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылуын қамтамасыз ету;

республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік есеп, есептеме және аудит жөнінде әдіснамалық басшылық жасау;

өзқұзыры шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау;

мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру;

мемлекеттік салық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

банкроттық рәсімін жүргізуге (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз борышкерді таратуға мемлекеттік бақылау және оған заңнамамен жүктелген өзге де міндеттер.

Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:

тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді әзірлеуге қатысу;

бюджетке түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік бюд­жетке кірістердің түсуі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын нақтылауға қатысу;

өзқұзыры шегінде мемлекеттің қаржысын және мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысу;

мемлекет қаржысы, фискалдық саясат және мемлекеттік меншік  саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау және қорытындылау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

ұтымды үкіметтік және мемлекет кепілдігімен қарыз алуды, сондай-ақ мемлекеттік борышты басқаруды қамтамасыз ету;

мемлекеттік меншікті пайдалану мониторингі жүйесін жетілдіру;

заңнамада белгіленген тәртіппен шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдердің бөлігін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына аудару;

өз құзыры шегінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің, бухгалтерлік есеп пен аудиттің, қаржылық бақылаудың және мемлекеттік меншікті басқарудың жобаларын әзірлеу және дайындау (немесе қабылдау);

өз құзыры шегінде қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық салық келісімдері мәселелерінде уәкілетті органның функциялары;

жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың салық сараптамасы, сондай-ақ келісімшарттық талаптардың орындалу барысына тексеру жүргізу;

мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебін, сондай-ақ өз құзыры шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептемені жүргізу және іске асыру тәртібін әзірлеу;

жергілікті бюджеттердің шоттарын, мемлекеттік мекемелердің шоттарын жүргізу және шоттар бойынша аударымдық операцияларды жүзеге асыру;

республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекіту және оларға өзгерістер енгізу;

республикалық бюджеттен шығыстарды қаржыландыру және республикалық бюджетте көзделген соманың шегінде кредит беру;

Ұлттық қордың қалыптасуы және атқарылуы жөніндегі қызмет туралы ақпаратты қамти отырып, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептерді, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы барысы туралы айлық, тоқсандық және жылдық ақпаратты жасау, сондай-ақ мемлекет қаржысы бойынша статистикалық есептерді жасау;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шығыстар сметасының дұрыс жасалуын және бекітілуін, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатының, үкіметтік қарыздар, мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес қарыздар қаражатының және кейіннен үкіметтік қарыз алуға байланысты гранттардың және мемлекеттік меншіктегі өзге де мүліктердің мақсатты пайдалануын бақылау;

республикалық бюджеттің атқарылуын, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау және талдау;

бухгалтерлік есеп пен аудит саласында, оның ішінде өз құзыры шегінде аудиторлық қызметті лицензиялау саласында уәкілетті органның функцияларын анықтау;

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі қазынашылық комитетінің тиісті шоттары арқылы мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияларын жүргізу және есепке алу, заңнаманы сақтау жөніндегі тексерістерді ұйымдастыру.

мемлекет кепілдігімен тартылған мемлекеттік емес қарыздардың және жергілікті атқарушы органдар қарыздарының шарттарына қаржылық сараптама жүргізу;

үкіметтік қарыздардың қаржылық шарттарын анықтау, жергілікті атқарушы органдардың қарыздарды тартуын келісу;

Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін өкілеттіктерге сәйкес келіссөздер жүргізу, үкіметтік қарыздардың шарттарына қол қою, Үкіметтің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару, Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік емес қарыздары бойынша үкіметтік кепілдіктер беру;

үкіметтік қарыздарды алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік емес қарыздарының мемлекеттік кепілдері бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

республикалық бюджетте көзделген және Үкімет шешімдеріне сәйкес инвестициялық жобаларға, мемлекеттік бағдарламаларға және өзге де іс-шараларға кредит беру;

үкіметтік сыртқы қарыздар туралы келісімдерді бекітуге қажетті құжаттарды дайындауға қатысу;

түпкілікті қарыз алушылар мен екінші деңгей банктерінің үкіметтік қарыздардың қаражатын және Үкіметтің бірлесіп қаржыландыру үлесін республикалық бюджетке қайтару туралы ішкі кредиттік келісімдердің жобаларын дайындау;

уәкілетті банк-агенттермен бірлесіп республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты өндіріп алу жөнінде түпкілікті қарыз алушылармен жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

төлемдердің бюджетке түсуін көздейтін заңнаманың сақталуын, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылау;

мемлекеттің кірістері бойынша мемлекеттік есептемені жинаудың нысандары мен тәсілдерін жетілдіру;

Ұлттық банкпен келісім бойынша конкурстық негізде үкіметтік қарыздарға, мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес қарыздарға және кейіннен үкіметтік қарыз алуға байланысты гранттарға қызмет көрсету үшін екінші деңгей банктерін, бастапқы дилерлерді, лид-менеджерлерді және мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жөніндегі басқа да әріптестерді іріктеу;

заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында лотерея ұйымдастыруға және өткізуге байланысты қызметті және өзінің құзырына жатқызылған өзге де қызмет түрлерін лицензиялау;

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу жөнінде жұмысты ұйымдастыру; j

өзқұзырышетінде салықтық құқық бұзушылыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;

банкроттық рәсімдердің жүргізілуін (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттік бақылау, сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз борышкерді тарату және оған заңнамамен жүктелген өзге де функциялар.

Қаржыны басқару жөніндегі сан алуан функцияларға байланысты Қаржы министрлігіне үлкен құқықтар берілген.

Министрліктің негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:

мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;

өзқұзырының шегінде барлық мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік - құқықтық актілерді шығаруға;

Министрліктің қарауындағы комитеттер мен мемлекеттік ұйымдардың бұйрықтарын, өзге де кесімдерін тоқтатуға немесе тоқтата тұруға;

акционерлік қоғамдардағы мемлекеттік үлеске және республикалық басқа да мүлікке иелік етуге, пайдалануға, сондай-ақ заңнамалық актілермен және Үкімет белгілеген жағдайларда билік етуге;

өзқұзырындағы мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыруға;

бірыңғай қазынашылық шоттағы және Қазынашылық комитетінің корреспонденттік шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды Үкімет белгілеген тәртіппен тиімді орналастыру жолымен басқаруды жүзеге асыруға;

бюджеттік заңнамада көзделген жағдайларда бюджет қаражаттарын қайтарып алуға, қаржыландыруды тоқтата тұруға;

қымбат бағалы металдар мен асыл тастарды басқаруды, есебін және сақтауды ұйымдастыруды жүргізуге;

ұлттық және шетелдік валютада банктік операциялардың жекелеген түрлерін және өзіне заңдармен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқықтарыбар.

Қаржы министрлігінің орталық аппараттарында белгілі міндеттер мен функцияларды атқаратын бірқатар арнаулы бөлімшелер бар, басқарудың мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруі, аппараттар функцияларының дамуы, жұмысты жетілдірудің қажеттілігі ескеріле отырып бұл бөлімшелердің құрамы мен құрылымы үнемі өзгеріп отырады.

Қазіргі кезде Қаржы министрлігінің орталық аппараттарында бірқатар департаменттер мен басқармалар маңызды орын алады:

Мемлекеттік бюджетті атқару департаменті;

Фискалдық саясат пен болжам департаменті;

Макроэкономика және қаржы статистикасы департаменті;

Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті;

Кірістерді талдау департаменті;

Кірістер мен келісімшарттар департаменті;

Электронды мониторинг департаменті;

Жұмыстарды ұйымдастыру және қаржылық қамтамасыз ету департаменті;

Құжат айналымы және кадр жұмыстары департаменті;

Акциздерді реттеу департаменті;

Заң қызметі департаменті;

Ақпараттық технологиялар департаменті;

Мониторинг және трансферттік баға белгілеу департаменті;

Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті;

Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті;

Мемлекеттік қарыз алу департаменті;

Қазыналық саясат және жобалар департаменті;

Мемлекеттік борыш және кредит беру департаменті;

Халықаралық қаржы қатынастары департаменті;

Халықаралық салық салу департаменті және т.б.

Департаменттер өз кезегінде нақтылы функциялық міндеттерді орындайтын басқармалардан, ал олар бөлімдерден тұрады.

Министрліктің мынадай ведомствалары бар: Қазынашылық комитеті, Кедендік бақылау комитеті, Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті, Салық комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет.

Қазынашылық комитетінің ұйымдық құрылымы Қаржы министрлігі құрамындағы Қазынашылықтың орталық аппаратынан және оған бағыныштағы аймақтық бөлімшелерден тұрады.

Қазынашылық органдары мынадай міндеттер мен функцияларды орындайды:

республикалық бюджетті ұйымдастыру, оның кассалық атқарылуын жүзеге асыру, жергілікті бюджеттерге есеп-қисаптық-кассалық қызмет көрсету және мемлекеттік бюджеттің орындалуын бақылау;

касса бірлігі қағидатын негіздей отырып, қазынашылықтың шоттарындағы ақша қаражаттарын басқару;

республикалық және жергілікті бюджеттер арасында өзара есеп айырысуды енгізу;

республикалық және жергілікті бюджеттер арасында салықтарды және басқа міндетті төлемдерді бөлуді қамтамасыз ету және оларды түрлі деңгейлердің бюджеттеріне есептеу;

мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияларын басқару және есепке алу, оларды жүргізген кезде заңнамалықтың сақталуы жөнінде тексерулер ұйымдастыру;

мемлекет қаржысының мән-жайы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;

республикалық бюджеттің қолма-қол ақшасының ағынын болжау;

мемлекеттік сыртқы қарыздарды және мемлекеттің кепілдігі бар мемлекеттік емес ішкі қарыздарды өтеу және қызмет көрсету кезінде ақша аударуды жүзеге асыру;

бухгалтерлік есеп пен бюджет жүйесіндегі есептемені және қазынашылық органдары жүйесіндегі ішкі аудитті дамыту және жетілдіру;

қазынашылықтыңқұзырына жататын мәселелер бойынша есептік операцияларды жүргізудің тәртібі туралы әдістемелік және нұсқаулық құжаттарды әзірлеу.

Қазынашылық қызметкерлерінің мемлекеттің қаражаттарын  пайдаланатын мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік билік пен басқару органдарының, мемлекеттік банктердің қаржы­бухгалтерлік службаларын тексеруге құқы бар. Олардың лауазымды адамдардан қаржы заңнамасын бұзуды жоюды талап етуге құқы бар. Қазынашылық службаларына қазынашылық төлем операцияларының орындалуын тоқтата тұруға, бюджет ақшасын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған жағдайда оны қайтарып алуға және жұмсауға тиым салуға, ақшаны бюджетке өндіріп алуға (қайтарып алуға) құқық берілген, сонымен бірге қазынашылық бюджет қаражаттарын үнемді жұмсауға мүмкіндік туғызуы тиіс.

Қаржылық бақылау комитеті бақылау саласындағы ұйымдық-әдіснамалық және талдамалық жұмыстарды жүзеге асырады. Оның органдары мемлекеттік кәсіпорындарға ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының және көрсетілетін қызметтер сферасының ұйымдарына, әлеуметтік сфера мен халықты қорғаудың мемлекеттік ұйымдары мен мекемелеріне, басқару органдарына, қорғаныс кәсіпорындары мен ұйымдарына және құқық тәртібін қорғауға тексеріс жүргізеді. Олар сонымен қатар кредит және валюта ресурстарын пайдалануды, бағалы қағаздар бойынша заңнамалардың орындалуын бақылайды.

Мемлекеттің кірістерін жұмылдыру жөніндегі аса маңызды функцияларды Салық комитеті орындайды.

Салық комитеті органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі негізгі міндеттер жүктеледі.

Қаржы министрлігі жүйесінде ең көбі жергілікті қаржы органдарының аппараты, ол облыстық, қалалық, аудандық қаржы басқармалары мен бөлімдерін, салық комитеттерін қамтиды. Олар басқару жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, яғни жергілікті бюджеттердің атқарылуымен, ішкішаруашылық резервтерді анықтаумен және шаруашылық кешенінің және әлеуметтік-мәдени сфераның барлық буындарында ресурстарды үнемдеуді іздестірумен айналысады, шаруашылық органдарды қаржыландыруды жүзеге асырады және олардың қаржы қызметін бақылап отырады. Қаржы және салық органдары жергілікті әкімшіліктің бағынышында болады.

Жергілікті қаржы органдарының міндеттеріне мемлекеттік қаржы тәртібін сақтауды бақылау кіреді. Осы мақсатпен олар шаруашылық органдары мен мекемелері жасаған жоспарлар мен сметалардың дұрыстығы мен объективтігін тексереді, жергілікті әкімшіліктер бөлімшелерінің бухгалтерлік есептері мен баланстарын қарайды.

Салық заңнамасына сәйкес салық органдарына облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері жатады.

Салық органдары тиісті жоғарғы салық службасы органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.

Мемлекеттің қаржысын басқаруға өзінің функцияларының өзгешілігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілі бір түрде қатысады. Ұлттық банк ақша-кредит саясатын жүргізгенде, ақша айналысын реттегенде, қаржы ресурстарын басқарғанда қаржы қатынастарына тікелей де, сонымен бірге жанама түрде де ықпал жасайды; ол Қаржы министрлігімен бірлесіп мемлекеттік валюта-қаржы қатынастарына, экономиканың қажеттіліктерін қаржыландыруға арналған сырттан қарыз алуға қатысады. Сондықтан Ұлттық банктің басқарушылық ықпалының тиімділігі мемлекеттің бірыңғай қаржы-кредит саясатын жүргізген субъектілер қаржысының жай-күйінде көрініп, білінеді.

Қаржыны басқаруға Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі де қатысады. Олар стратегиялық жоспарлау, бюджеттік жоспарлау, мемлекеттің кірістерін жоспарлау мен бақылау, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен және үйлестірумен бірге бұл органдар республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдайды; Қаржы министрлігімен, Ұлттық банкпен бірлесіп, мемлекеттік бюджет жобасының негізгі көрсеткіштерін белгілейді; Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара іс-әрекеттерінің механизмдерін әзірлейді және реттеуге қатысады; Қаржы министрлігімен және Ұлттық банкпен бірлесе отырып мемлекеттің сыртқы берешегін талдап, оның лимитін белгілейді және т.б.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде мына  департаменттерді бөліп көрсетуге болады: Салық саясаты және болжамдар департаменті; Бюджет процесінің әдіснамасы және функциялық талдау департаменті; Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті; Мемлекеттік қарыз алуды және кредит беруді жоспарлау департаменті; Аймақтық саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті; Халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары департаменті; Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаменті; Экономикалық саясат және индикативтік жоспарлау департаменті, Мемлекеттік ақпарат, қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік шығыстарын жоспарлау департаменті; Әлеуметтік сфера шығыстарын жоспарлау департаменті және басқалары.

Елімізде Республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылаумен байланысты мәселелермен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айналысады, ол Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Есеп комитетінің құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен, соңдай-ақ осы комитет туралы  Қағидада айқындалған.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы. Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экон"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 430 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.03.2018 1388
    • DOCX 44.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Скендирова Нургул Дуйсенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30659
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 496 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 331 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 15 регионов