Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Баяндама "Елін сүйген - Елбасы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Баяндама "Елін сүйген - Елбасы"

библиотека
материалов

hello_html_648175e3.gif

Елін сүйген – Елбасы


«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында Жан теріңмен еңбек ет. »

Н.Ә.Назарбаев

Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи  таңдау күні барлық  қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  төңірегіне  топтасу күні. Тәуелсіздік пен бостандықтың  игі мұраттарынан баянды етіп,өркениетті елдерге тән қадамдар жасауда, ел алдындағы саясаткерлік,қайраткерлік, азаматтық және перзенттік парызын адал орындап, әлемдік беделге ие болған. Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенттің ел тәуелсіздігін нығайтудағы, халықаралық аренада мемлекет беделін көтерудегі еңбегіне ризашылық білдірген хаттар, төрткүл дүниеде журналистер қауымы жарыса жақсылап жазып, әділ бағаларын беруде. Қазақтың бағын жандырушы, алаш балаларының маңдайына біткен   «алтын жұлдыз» іспеттес.

Кешегі бала, бүгінгі Президент, Елбасы қасиеттері… Бұл «есті патшаның бойында алты әулиенің қасиеті болады» дегенге солды Шығыс аңыздарында Елбасы Алматы облысында, Қаскелең ауданы Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжан атты карапайым шаруалардың отбасында дуниеге келген.

...«Мына Алакелдінің жотасына бір  қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққан соң ауыл жаққа қарасам, менің класым да, мектебім де, мектебімдегі балалар да, осы Шамалған ауылының бәрі төмен жақтан көрінді. Соны арқалап шығарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім»-деп көрген түсін Нұрсұлтан анасы Әлжанға жорытпақ ниетте, сонда ақ жақсылықты, кемеңгер ана жүрегі бірдемені сезді ме, баласына: «Сұлтан, балам сенің ел алдында беделің биік, өрең  кең, құрметті адам болады екенсің»-деп батасын беріпті. Сол бата періштелердің құлағына шалынып, батамен ер көгереді.

Бесіктегі баланың бек боларын кім білген,

Қарындағы баланың хан боларын кім білген!!

Елбасының балалық шағынан бозбалалық шағына дейін Шамалған ауылында өсті. Сол кезеңдегі көптеген қиындықтарды басынан өткерді. Кедейліктің, сол заманғы қиындықтың ащы дәмін татты. Жер аударылып келген шешен, орыс, украин, халықтарымен бір нанды бөлісіп жеп, тату-тәтті өмір сүрді. Бұл қасиет қазіргі таңда, жүз отыздан аса ұлтты ел болуымыз, балалық шағының бір парағы іспетті.

Білімге құштарлығы сол балалық сәби кезінде-ақ қалыптасты.Өте еңбекқор, мінезі де өте жақсы, биязы, мейірімді, көмекке зәрулерге әрдайым қасынан табыла кетеді екен. Мектеп қабырғасында жүргенде кітап оқуға қашан  болмасын, уақыт табатын көрінеді.

Елбасы мектепті күміс медальға бітірген Ең алғаш «еңбек жолын қарапайым металлург болып бастаған жігіт қалай Елбасы болды?» — десе, өзіне тән табандылығы, шыншылдығы, еңбекқорлығының арқасы. Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер  атқарды, партком хатшысы, Қазақстан КП Орталық комитетінің  хатшысы болды. 1984 жылдан 1989 жылға дейін Қазақ КСР министрлер Кеңесінің төрағасы. Ал,1989-1991 жылдары Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы, 1990ж сәуірінен Қазақстан Республикасының Президенті. 1991жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлауы нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.

Әрбір елдің, халықтың бір дәуірлерде қайта түлеуіне, жаңғыру кезеңіне себепкер тарихи ұлы тұлғалар болады. Сайланған күннен бастап, бүгінгі күнге дейінгі дамудың өркениеттің жолына түскен халқымыз ел өміріндегі бар жақсылықты, әр саладағы сәтті қадамдарда, Елбасы есімімен тікелей байланыстырып келеміз. Бұл-шындық. Қазақ елін халықаралық аренада елу елдің қатарына еңгізіп, дамыған елдермен иық текетіресе алатындай дәрежеге жетті. Елбасының жиырма үш жыл ішінде еңбектерін ауыз толтырып мақтана аламыз. Біріншіден, Қазақстан  Республикасының астанасын Алматыдан Астанаға көшіруінің астарында нағыз саясаткерлік шеберін көрсетті. Сондықтан, қазақтарды біріктіру мақсатын көздегені анық байқалады. Бір күнде Астананы көшіру деген, әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Сонда Елбасының табандылығы мен көрегенділігіне таңдай қаққаннан басқа шара жоқ. Екіншіден, қазақ қандастарымыз кейбір себептермен шет елдерге көшіп кетті. Сол  қазақтарды өз Отанына шақырды. Үшіншіден, Қазақстанда экономикада өзгеріс енгізіп, демократиялы ел болдық. Төртіншіден, Қазақстан даму стратегиясына «Қазақстан 2050» жарық көрді. Бұл бағыт Қазақстанның білімі, мәдениеті, ғылым, спорт, саясат, әлеумет, экономиканы, қай жағынан болмасын дамыту көзделіп, басты жолға қойылды.

Ең ескерер жәйт, ол Қазақ жерінің астын талқандаған Семей полигонын жабу және 130-дан астам ұлт пен ұлыстың бір аспан астында өмір сүруді жөн санады, Халық Ассамблеясын құру, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына, Тәуелсіз Мемлекеттер одағына кіру, ең бастысы «EXPO-2017» көрмесінің  Қазақстанда өтуіне ықпал еткен бір ғана Елбасымыздың сындарлы саясаты екенін білемін. Сөзі мен ісінде алшақтық жоқ саясаткер Елбасы арқасында дамушы ел ретінде алдына қойған миссияларын абыроймен орындап келеді. Ол кісі бейбітшілікті сүйетін тұлға, өз сөзінде «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол-бірлік »дегенді ұстанады. Жалпы, Елбасымыз Ұлт Көшбасшысы – қазақ ұлтына және мемлекетімізге байланысты қандай мәселені болсын, соңына дейін шешуге талпынатын табанды саясаткер. Бір қоғамнан келесі қоғамға ауысар, осындай өтпелі кезеңде маңдайына Назарбаевтай  нар тұлға көшбасшы бұйырғанын Қазақстан халқы мақтан тұту керек. Нұрсұлтан Назарбаев –мемлекетімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманының аса дарынды тұлғасы. Аумалы−төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Н.Ә.Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолға ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуі тиіс.

Қорыта айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев – ғасыр тұлғасы, елінің жанын ұғатын, халқын замана көшімен аман алып келе жатқан қамқоршы. Мемлекетіміздің жоғарғы лауазым президенттік қызмет – елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы, мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Айналасына нұрын төккен, жылу шашқан Нұрсұлтан Назарбаевтай тұлғалардың қоғамдағы алар орны ерекше. Елбасының  бергенінен  әлі де берері мол екеніне кәміл сенеміз. Елбасыға тілерім көк туымызды биіктерде желбірету жолындағы еңбегіңіз жана берсін!









































































































   











Шығыс Қазақстан облысы,Семей қаласы 
№ 34 жалпы орта білім беретін мектеп 
10 "В" сынып жетекшісі Масақбаева Сайра Сабырхановна 


Тәрбие сағаттың тақырыбы: 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы 
Т
әрбие сағаттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы білімдерін одан әрі толықтыру. Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату. Болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту.


Т
әрбие сағат тақырыбы: 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні 
Т
әрбие сағат мақсаты: Оқушыларға тұңғыш президент туралы мәлімет беру; 
Н.
Ә. Назарбаевқа арналған мұражайға сырттай саяхат жасау; президентті құрметтеуге, оны үлгі тұтуға тәрбиелеу. 

Ι. Ұйым. кезеңі. 
Та
қырып, мақсат. Сабақтың барысы 1 - ші желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. 
Мереке биыл алғаш рет тойланады. Парламент 1991 жылдың 1 - ші желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Өмірбаяны 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының (Қаскелелең), Шамалған ауылында дүниеге келген. Нұрсұлтан әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұңғышы. 1958 жылы Днепродзержинск (Украина) техникалық училищесіне түсіп, 1960 жылы май айында Нұрсұлтан Днепродзержинскіден Теміртауға екінші дәрежелі горновой қара металлургия өндірісінің білікті маманы деген атақпен оралады. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын бітірді. 1969 – 1976 жылдары Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1977 – 79 жылдары Қарағанды қалалық партия комитетінің хатшысы, 2 - хатшысы, 1979 – 84 жылдары Қазақстан КП ОК хатшысы, 1984 – 89 жылдары Қазақстан Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1989 – 91 ж. Қазақстан КП ОК - нің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан – сәуір) болды. Қазақстанның қайта құрылуы Мемлекет басшысының алғашқы маңызды заң актілерінің бірі – 1991 жылдың 10 желтоқсанда қол қойылған «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының аталуын өзгерту туралы» заң. Бұл заң бойынша Қазақ КСР - і бұдан былай Қазақстан Республикасы деп аталатын болды. 1991 ж. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңға қол қойып, 1991 жылдың 1 желтоқсанында жалпыхалықтық сайлау өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланысымен 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойып, жаңа тәуелсіз мемлекеттің егемендігін жариялады. 1997 ж. 20 қазанда Н. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды (қ. Астана). 
«Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» көптомдық кітапта жас мемлекеттің өміріндегі ұлы өзгерістерді, ұлтты қайта өрлетудегі Елбасының ұланғайыр еңбегін, дүниежүзілік қауымдастықтың осыны қалай мойындап отырғанын дәлелдейтін құжаттарға, дерекнамаларға негізделген. ΙΙ. Өлең оқу «Аман жүрші, атамыз»
ΙΙΙ. Қорытынды.









Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

 

Сабақтың тақырыбы": Елін сүйген, елі сүйген Елбасы"
Сыныбы: 9а
Сабақтың мақсаты:
1 - желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету.
Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, шар, буклет, нақыл сөздер

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды екі қатарға тұрғызу
2. Екі жүргізуші ортаға шығады

Мұғалім: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар
Қайырлы күн құрметті қонақтар!
1 - Желтоқсан Тұңғыш Президентіне арналған «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Қ. Р. Мемлекеттік Гимн орындалады
1 оқушы:
Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген
Лебізіңнен ол арманы өрілген
Сенің арқаң - Қазақстан көркейіп
Достық әні шарықтады төрімнен
2 оқушы:
Серпігенде бодандықтың тұманын,
Жетті әлемге ұраным мен жыр - әнім
Өзің болдың көшбасшысы елімнің
Өзің болдың биік ұшқан қыраным
Сахнаға 4 оқушы шығып өлең шумақтарын оқиды
3- оқушы:
Атыңнан айналайын, Егемен ел!
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын Нұр ата,
Ғасырдың тойы болшы келе берер
4 - оқушы:
Болашағы Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы
Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан
Халқымыздың таңдап алған таңдауы
5 - оқушы:
Асқақ болып еліміздің жалауы
Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы
Еңбек, достық, бейбітшілік береке
Қазақстан Республикасының қалауы
6 - оқушы:
Еліміздің тыныштығын ойлайтын
Халқым менің елбасыны қолдайтын
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған
Жасай берсін Назарбаев Нұрсұлтан

7 оқушы:
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік
Эльдар: Қазір слайдқа назар аударайық

1– оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.
Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
2- оқушы:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаға барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

Қорытынды:

Қорыта айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев – ғасыр тұлғасы, елінің жанын ұғатын, халқын замана көшімен аман алып келе жатқан қамқоршы. Айналасына нұрын төккен, жылу шашқан Нұрсұлтан Назарбаевтай тұлғалардың қоғамдағы алар орны ерекше. Елбасының  бергенінен  әлі де берері мол екеніне кәміл сенемін.Елбасыға тілерім көк туымызды биіктерде желбірету жолындағы еңбегіңіз жана берсін!



























Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада сегіз жүзден астам адам тұрады. Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол «киелі орын», «босаға» деген мағыналарға ие.

Есіл өзенінің сол жағалауында мыңдаған жылдар бүрын дүниеге келген Қыпшақ сүлтанының әскери ставкасының Қазақстанның жаңа елордасы Астана тарихында өзіндік орны бар. Бозоқ қаласының үйіндісін ашып, оны зерттеу жүмыстарының арқасында қаланың тарихы ілгеріде жатқаны белгілі болды. Бүл өлкеде бүрыннан-ақ адамдар мекен еткен. Палеонтологтар, археологтар сар далада жортуылдаған көшпенділер қорғаны жайлы, сонау оныншы ғасырлардағы Бозоқ секілді қалашықгың қайталанбас қолөнері мен мәдениеті жайлы археологиялық қазбаларды сөйлеткісі келеді. Ол — уақыттың еншісі, ал, біз бүгінге жеткен ең ескі ғимараттар арқылы, Ақмола уездік қалашығының әскери және құрылыстық нығаюы кезеңі жайлы айтамыз. Сол кезеңдегі тарихи жағдайлар Ресей империясының отарындағы алыс мекендерін бақылайтын осындай эскери қамалдарды салғанынан хабар береді. Бір кездері Қараөткел арқылы, аққан Есілдің суы сарқырап жататын. ¥зақ жол жүріп келе жатқан керуен өзеннің жағасына тоқтап, тынысгап алатын еді. Ал кесененің күнмен шағылысқан, ақ күмбезі жолаушыларға ақ сапар тілеп түрғандай. Міне, осындай, ежелгі Сарыарқаның төсінде қала бой көтерді. Астана - ЕлордаБасында қала емес, жай ғана қорған сияқты болатын. Бүлтөңірекке қоныстанған қазақтар жылдың қай мезгілі болсада Қараөткелдің тайыздау жерімен жылқы, түйе малын пайдаланып, жаз жайлауға ал қысқа қыстауға көшіп-қонып жүретін. Өзеннің осы түстағы өзен арнасын жабатын қаратүсті құмнан Қараөткел пайда болған. Ал одан Нүра өзеніне қарай он сегіз шақырым жфді, Ақмола деп атап кетті. Ал күмбезі алыстан көз тартатын кесене Есілдің жағалауында түр. Ол жерде бір кездері өзінің даналығы мен эділдігімен бүкіл сахара танымал болған Нияз би жерленген. Оның экесі Тілеулі батыр қазақ-жоңғар үлт-азаттық соғыс тарихында өзіндік орны бар адам. Аты, аңызға айналған қолбасшы, сардарлар Есет пен Жэнібектің үзеңгілесі болған ол, Аңырақай, Қалмаққырған мен Қарақүмда 1710-1729 жылдары болған жоңғар соғысында қыпшақтың 92 руының эскерін басқарған. Сонымен қатар, лайықты үлды тэрбиелей білді. Кейінірек, Нияз би Абылай ханның беделді кеңесшілерінің бірі болды. Ал күмбезі киіз үйдің шаңырағына үқсайтын, ақ кірпіштен түрғызылған кесене осы өңірдің атына айналды.
1998 жылдың алтыншы мамырында Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы бойынша, Ақмола атауы Астана болып өзг^эді. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Қазақстанға медаль жэне «Әлем қаласы» жоғары атағы берілді. Бүгінде Астана — саяси, экономикалық жэне элеуметтік-мэдени мэселелер бойынша түрлі кездесулер өтетін Еуразия кеңістігінің орталығы болып саналады. Жас Қазақстанның тарихы да бай. Қала 130 жыл бойы, Ақмола аталып келді. Одан кейін, Целинофад, Акмола атанды, енді, Астана қаласы. Он тоғызыншы ғасырдың соңында, Ақмолада 25 адамдық стационар істейтін, ал 1964 жылы Целиноградта 350 дэрігер болды. Бүгінде елордада тамаша медициналық кластер жүмыс істейді. XXI ғасырға ерекше қарқынмен кірген Астананы орталық азиялық феномен деп бекер айтпайды.

Астана - Қазақстанның елордасы













Астана - Қазақстанның елордасы 29 Шілде 2013 Астана - Қазақстан Республикасының елордасы, мемлекеттік бірліктің символы Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 700 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны 2012 жылғы 1 маусымда 750 мыңнан астам адам болды. Қала үш ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады. Астана Қазақстанның орталығынан солтүстікке қарай құрғақ далалық өлкеде, құрғақ бозды-бетегелі дала аймағында орналасқан. Қала аумағы аласа терраса – жайылма жер бедері түрінде келеді.  Есіл өзені елорданың басты су көзі саналады. Ауа райы күрт континентальды – қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгілі ыстық және бірқалыпты қуаң. Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды.   Ел астанасын ауыстыру Астананың экономикалық дамуына қуатты серпін берді. Қала экономикасының даму қарқынының жоғарылығы инвесторларды көп тартуға әсер етті. Астаналық мәртебеге ие болған сәттен бері салынған инвестиция мөлшері іс жүзінде – 30 есе, ал өңірлік жалпы өнім 90 есе өсті. Қаланың өңірлік жалпы өнімінің үлесі республика көлемінде 8,5 пайызға тең.   Кітапты жүктеу: Астана: Вехи созидания столицы Қала экономикасының негізі – сауда, өнеркәсіп өндірісі, көлік, байланыс және құрылыс салалары. Шаһардың өнеркәсіп өндірісі негізінен құрылыс заттарын, азық-түлік өнімдерін шығару мен машина жасау ісі төңірегіне шоғырландырылған. Астананы ауыстырған уақыттан бері өнеркәсіп өндірісінің мөлшері 11 есе артты. Қала Қазақстандағы ірі бизнес орталығының біріне айналды. Кәсіпкерлік мәдениеті қарыштап дамып келеді – Астанада 50 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейді, олар қаланың 170 мыңдай тұрғынын қамтып отыр. Астаналық тұрғындардың орташа номинальды айлық жалақысы 140 мың теңге шамасында.  Елорда құрылыс ауқымы жөнінен елде көш бастап тұр. Астана мәртебесін алғалы бері қалада 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды.  Астана құрылысына жүздеген құрылыс компаниялары қатысты.  Жергілікті фирмалармен қатар жаңа елорданы түрік, итальян, француз, швейцария компаниялары тұрғызды. Астананың сәулеткерлік тұжырымдамасын жасау барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың елордада ерекше еуропалық стиль қалыптастыру идеясы негізге алынды. Астаналық бас жоспардың авторы белгілі жапон сәулеткері Кисе Курокава болды. Астана – заманауи сәулеткерліктің, қазіргі архитектураның мүмкіндіктері толық көрініс тапқан қала. Кең байтақ қазақ даласының нақ ортасында ғаламат ғимараттары бар қайталанбас әсем шаһар бой көтерді. Қала құрылысында ең озық технологиялар мен XXI ғасырдың қала салу өнерінің инновациялық әдістері қолданылуда. Қазақстанның қазіргі елордасына Батыс пен Шығыстың мәдени дәстүрлерін жарасымды тоғыстырған сәулеткерлік стиль тән. Әлемнің әйгілі сәулеткерлері мұнда өздерінің үздік жобаларын іске асырды. «Бәйтерек» кешені жаңа елорданың басты символына, оның өзіндік бойтұмарына айналды. Өзге де бірегей сәулеткерлік ғимараттар қатарында белгілі британдық архитектор Норман Фостердің жобасы бойынша пирамида үлгісінде салынған «Бейбітшілік және келісім» сарайын, әлемдегі ең биік шатыр үлгісіндегі ғимарат – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығын, теңізден алыс орналасқан океанариум –  «Думан» орталығын, «Қазақстан» орталық концерт залын, «Триумф Астана» және «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешендерін, «ҚазМұнайГаз» және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компанияларының кеңселік ғимараттарын атауға болады. Спорттық нысандар арасында 30 мың көрерменге арналған «Астана-Арена» жабық стадионын, 2011 жылы әлемде үздік деп танылған, 10 мың орынға арналған «Сарыарқа» бірегей велотрегін атап өту қажет. Тағы бір маңызды спорттық кешен – ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін «Алау» мұз айдыны. Кітапты жүктеу: Достопримечательности Астаны Астана бүгінде айрықша сәулетімен ғана ерекшеленіп қоймай, сондай-ақ бау-бақшалы қалаға айналып келеді. Елорданың «жасыл белдеуі» кеңеюде, қала орасан далалық өңір орталығының жасыл алқабына – экологиялық таза мегаполис үлгісіне айналды. Астананың миссиясы – еуразиялық кеңістіктегі мәдени және зияткерлік орталыққа айналу және Қазақстанның орнықты дамуының басты қозғаушы күшінің рөлін атқару. Астана – республиканың ірі саяси-әкімшілік, іскерлік және мәдени орталығы. Елдің барлық орталық билік органдары, дипломатиялық өкілдіктер, отандық және шетел кәсіпорындарының басты кеңселері,  жетекші университеттер, ең үлкен заманауи медициналық клиникалар мен маңызды мәдениет мекемелері осында орналасқан. Елорданы әлемнің жиырмадан астам қаласымен достық және бауырластық қатынастар байланыстырады. Астана 1999 жылы шілдеде ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» деген сыйлығына ие болды. 2000 жылдан бері Қазақстанның бас қаласы Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі болып саналады. Бүгінде Астана халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Соңғы жылдар ішінде Қазақстанның елордасы бірнеше рет барша әлемдік қоғамдастықтың басты назарында болды. Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, Астана экономикалық форумы және өзге де маңызды халықаралық оқиғалар тұрақты түрде өтіп келеді. 2010 жылы желтоқсанда Астанада ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері болып өтті. 2011 жылдың басында республиканың елордасы VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. Қазіргі уақытта Астана «Expo-2017» халықаралық көрмесін өткізуге арналған конкурсқа қатысуда және оны өткізуге басты үміткерлердің бірі. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болды және жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды. Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған өзінің бағдарламалық сөзінде жаңа елордалық қаланың даму философиясын өте анық және бейнелі түрде айқындап берді: «Осында ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады. Бүгінде Астанада, Қазақстанның барлық өңіріндегі сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық – Астананы және жаңа Қазақстанды құрудың негізі, міне, осылар». 

Источник: http://e-history.kz/kz/publications/view/15
© e-history.kzБілесің бе, Елорданың тарихын?

Жарияланды 29-06-2013, 19:21 Категориясы: Бастауыш сынып 

Сабақтың тақырыбы: Білесің бе, Елорданың тарихын?
Сабақтың мақсаты: Демалушыларды Қазақстан республикасының астаналарының тарихымен
таныстыру, жаңа астананың көрікті жерлері туралы білімдерін кеңейту.
Астананың мемлекетіміздің биік мәртебесі, жоғары дәрежесі, елдік пен тұтастықтың, бірліктің тұтқасы екендігін таныту; Демалушыларды отанды қорғап, Астанамызды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Әр топтың шығарған газеттері, слайд.
- Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі біздің «Білесің бе, Елорданың тарихын?» танымдық ойын сайысына қош келдіңіздер!
- Алтыншы маусым қандай күн?
Дұрыс айтасыңдар, балалар! Қазақстанның тарихи даму барысында астана қызметін атқарған қалалар:
1920 - 1924жылдары Орынбор қаласы
1924 - 1929жылдары Қызылорда (Ақмешіт) қаласы
1929 - 1997 жылдары Алматы қаласы
1997 жылдан бастап Астана

Қазақ АССР - і атанып бөлінді. 1920 - 1925 жылдары Орынбор қаласы астана болды. 1925 жылы әкімшілік орталық Орынбордан Ақмешітке көшірілді. Ақтың бояуы ұнамаған большевиктер Ақмешітті Қызылорда деп өзгертті. 1929 жылдан 1997 жылға дейін Республика астанасы Алматы болды. Үш ғасыр бойы бодандықта болған жұртымыз Алматыда өз тәуелсіздігін алды. Ата Заңын қабылдап, мемлекеттік рәміздерді белгіледі. 1994 жылы Республика Парламенті Қазақстан астанасын Ақмолаға көшіру туралы ұйғарым жасап, одан кейін Республика Президентінің "Қазақстан Республикасының астанасы туралы" Жарғысы шықты. Осы құжаттарға сәйкес 1997 жылдың 10 - ші желтоқсанында Қазақстанның астанасы Ақмолаға көшірілді. Жаңа астананы дүние жүзіне таныстыру рәсімі 1998 жылдың 10 маусымында болды.

Қазіргі уақытта Астана қаласы - Қазақстанның саяси және мәдени орталығы. Бұл қаланың тарихы көне замандардан басталатынын К. Ақышев бастаған Қазақстан ғалымдары дәлелдеді. Бұл тарихи ескерткіш Бозоқты көлінің шығыс жағалауын алып жатыр. Ескерткіштің жалпы көлемі және қоршаған ауыл шаруашылық аумағы - 30 гектар.

Бұл күнде осы қалашықтың орнына жақын жерден еліміздің астанасы - Астана қаласы бой көтерді. Астана қаласына сән беріп тұрған көптеген көрікті ғимараттар бар. Айта кететін болсақ, Бәйтерек, Нұр астана мешіті, спорт алаңы т. б. Нұр - Астана мешіті (ағылш. Nur - Astana Mosque), Астана қаласында орналасқан мешіт. «Нұр Астана» мешіті 2005 жылдың 2 наурызында ашылды. Мешіт Астана қаласындағы Есіл районында орналасқан. Мешіттің іргетасы 2002 жылы қаланған болатын. Бәйтерек (монументі) Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан - символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.

«Хан Шатыр» - Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын - сауық және сауда - саттық орталығы (Астананың жаңа символы) 2010 жылы 6 - шілдеде Астана күніне орай ашылған. Хан Шатыр, әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры болып, және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады.

Ақ Орда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.
Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатыр сүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20 — 40 см. болатын итальян мәрмарынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1 - қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м.

«Отан Ана» кешені. Жоңғар шапқыншылығы мен Ұлы Отан Соғысы кезінде ерлікпен қаза тапқан жандардың құрметіне салынған. Ұзындығы 24 метрді құрайтын мемориал ортасында граниттен тұрғызылған таста алтын шара ұстаған әйел бейнеленген. Қолындағы шара тыныштық пен гүлденудің белгісі. Барельефтің оң жағында кеңес әскерлері, ал сол жағында жоңғар шапқыншылығында қаһармандық танытқан қазақ батырлары бейнеленген. Төменгі жақта мәңгілік алау орналасқан.

- Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық. Сайыскерлердің білімін таразылап, өздеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
(Әділ қазылар алқасымен таныстыру) Ендеше, балалар бүгін біз осы Астана туралы білетінімізді ортаға салып сайысуға келіп тұрмыз. Әр топтан үш оқушы шығады.
Сайыс кезеңдерімен таныстыру.
1. Сайыскерлер өздерін таныстыру.
2. Кім көп біледі? Сұрақтарға жауап беру
3. Бұл қай ғимарат?
4. Қылқалам. Берілген тақырыпқа шығарма жазу
5. Мәнерлеп оқу
6. Қабырға газетін қорғау.
7. Ұйқасын тап.
- Әр сайыстың ортасында әуен тыңдалып, сол әуенді табамыз. Қай топ тапса, сол топ қосымша 2 ұпайға иеленеді.
- Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін.
Өнеріне ду қол соғып қостайық.

1. Әр топ өздерін таныстыру.
2. Кім көп біледі? бөлімі. Берілген сұрақтарға әр топ қол көтеріп жауап беру.
1. Қазақстан тарихында неше астана болды? (төрт)
2. Орынбордан астана қай қалаға ауысты? (Қызылорда
3. Қазақстанның алғашқы астанасы қай қала? (Орынбор)
4. Астана Алматыдан қай қалаға көшірілді? (Астана)
5. Астана қаласының бұрынғы атауы? (Ақмола)
6. Ақмоланы Астана деп атауға жарлық қай жылы шықты. (1998. 6. 05.)
7. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

Ән тыңдау: Көк тудың желбірегені. ( қосымша 2ұпай)
3. Бұл қай ғимарат?
1. Хан шатыры –
Сұрақ: Бұл қандай ғимарат, қай қалада?
2. Бейбітшілік пен келісім сарайы
Сұрақ: Бұл қандай ғимарат, қай қалада?
Ән тыңдау: Атамекен. ( қосымша 2ұпай)
4. Қылқалам Берілген тақырыпқа шығарма жазу
Тақырыптар:
1. Астана елдің – жүрегі.
2. Тәуелсіздік түндігі – Астана
3. Астана - жаңа қала
4. Киелі менің Елордам.
Ән тыңдау: Десантшылар ( 2ұпай)
5. Тамаша өлең таңдайға татып балдай, Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай! Жан - дүниең жарқырап сала берер, Ағарып келе жатқан атып таңдай - деп ақын жырлағандай, келесі кезегіміз мәнерлеп оқу сайысы. Әр топтан бір оқушы шығып өздері жаттаған өлеңдерін мәнерлеп, жатқа айту.
Ән тыңдау: Сәлем саған туған ел ( қосымша 2ұпай)
6. Қабырға газетін қорғау.
7. Ұйқасын тап.
Балдырған тобы: Жайнай бер, жаңа Астанам,
Ертегідей ғажап бас қалам.
Шағала: Мынау менің Астанам,
15 - ке толған жас қалам.
Жасқыран: Астанам – асқарымдай көрінесің,
Өлең боп көкірегімнен өрілесің,
Достық: Астана - ару қала, аппақ қала,
Көрінген көкжиектен асқақ дара,
Әділқазылар алқасына сөз кезегін беріп, жеңімпаз топты анықтау.

Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен:
- «Астана - бұл менің төл перзентім. Әр адам, тегінде өз қаласын сүйетін шығар. Ал біз - астаналықтар өзіміздің жас қаламызды үш есе артық сүйеміз, өйткені оның құрылысын тақыр жерден бастадық. Мұндағы әрбір жаңа ғимарат біздің жүрегімізден шыққан, өйткені олар туған сәтінен бастап біздің көз алдымызда…

- Ал, балалар, астана туралы көптеген өлеңдер оқып, ойларыңды ортаға салдыңдар, көп рахмет. Астанамыздың мерейі үнемі асқақтай берсін! Елімізді қорғап, қастерлеу, әрқайсымыздың міндетіміз, парызымыз екенін ұмытпайық!

Картинки по запросу фоты астаны



Картинки по запросу фоты астаны02http://ikaz.kz/wp-content/uploads/2015/11/1jeltoksan100.jpg




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров882
Номер материала ДВ-308159
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх