Инфоурок ИЗО, МХК КонспектыБейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары "Графика өнерінің түрлері"

Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары "Графика өнерінің түрлері"

Скачать материал

 

Пән: Бейнелеу            6-сынып   

Тақырып: Графика өнері

Мақсаты: Оқушылар графика өнерінің бір орында тұрмай, адам қоғамының

                 дамуымен қатар өркендеп, гүлденіп, жаңа түрлері пайда болып,

                 дамып келе жатқанын біліп шығады.

 

Мазмұнға байланысты міндеттер:

1.     Графика өнерінің түрлері туралы біледі.

2.     Графика өнер түрлерінің ерекшеліктері және бір-бірінен айырмашылықтары туралы оқып біледі.

3.     Графика түрлерінің орындалу әдістері туралы біледі.

 

СТО-ға байланысты:

1.      «Еркін жүру», «Концептуалдық кесте», жұппен, топпен жұмыс жасау арқылы іс-әрекеттерді ұйымдастырады, жұмыстарын қорғай алады.

2.      Графиканың қарапайым түрі мен жаңа түрлерін салыстырып, анализ жасай алады.

 

Қажетті материалдар: 6-сыныпқа арналған бейнелеу оқулығы, жұмыс дәптері, сурет альбомы, фломастерлер, графит қарындашы, түрлі-түсті қарындаштар, тушь, графика шығармалары,

Жұмыс барысы: Амандасу. Ұйымдастыру: екі топқа бөліп отырғызу. 2-кі конвертті ұсыну. Біреуінде – бояулар, екіншісінде – қылқаламдар. Таңдауларына байланысты 1-ші топ «бояулар», 2-ші топ «қылқаламдар» тобы  деп аталады.

Қызығушылықты ояту: Өткенді еске түсіру мақсатында «Бейнелеу өнерінің түрлері бар?» сұрағын қою. Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс жасап сұраққа жауап береді. Спикер сайлап, жауаптарын жалпы топқа шығарады.

Мағынаны ашу: тақырыпқа байланысты мәтін таратып, жеке оқуға 5-7 минут уақыт беру. «Еркін жүру» стратегиясын қолдану. Оқушыларға жұмыс тәртібін түсіндіру:  1,2-ге саналады, 1-ші нөмірдегілер сыртқы шеңбер ал 2-ші нөмірдегілер ішкі шеңбер құрады. Мұғалім белгі берген кезде ішкі шеңбердегі оқушылар сағат тілімен, сыртқы шеңбердегі оқушылар кері қарай айналып жүреді. Екінші белгі берілгенде тоқтап, қарама-қарсы тұрған оқушымен жұп құрап, тақырыпта берілген мәселені талқылайсыңдар. Осы әрекетті 3-4 рет қайталайсыңдар. Сосын үй тобына қайтып келіп, мәселені ортаға салып, плакатқа түсіресіңдер. (Бұл жерде: графика өнерінің түрлерін, олардың айырмашылықтарын, ерекшеліктерін және бұларды не ортақтастырады екенін жазасыңдар). Спикер сайлап, жалпы топқа шығып қорғайсыңдар.

Сұрақ: Плакаттағы сызба-суретке қарап қандай қорытындыға келуге болады?

Ой толғаныс: «Концептуалдық кесте» стратегиясын қолдану. Әр оқушы жұмыс дәптеріне кестені сызып, тақырып мәселесін қорытындылай отырып толтырады.  Ортаға - шағын топқа салады. /5мин/.

Мұғалім тақтадағы кестенің 1-ші және 3-ші бағандарын «бояулар» тобының айтуымен толтырады. 2-ші және 4-ші бағандарын «қылқаламдар тобының айтуымен толтырады.

Қателері болса түзету.

Концептуалдық кесте

р/с

Графика өнерінің түрлері

Қандай материал негіз болады?

Орындау әдісі

Қажетті құрал-жабдықтар және бояу түрлері

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

4

 

 

 

 

5

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма беру: Оқулықтан 42-53 беттерді оқу және 45 бетте берілген жаттығу суреттерін альбомға қарындашпен немесе гель қаламұшымен салу.

 

 

Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша материал

 

Графика –грек сөзі «жазамын», «сурет саламын» деген мағынаны білдіреді, қазақша – сызба өнері деп аталады.

Сызба өнері – бейнелеу өнерінің ішіндегі ең көне және жан-жақты дамыған түрі. Алғашқы адам қолына шыбық алып жерді сызғанда сол кезде сызба өнері басталды деуге болады.

Графикаға: гравюралар, кітап иллюстрациялары, газет суреттері, карикатуралар, плакаттар, түрлі жарнамалар мен маркалар, литографиялар; түрлі-түсті қарындашпен, гель пастасымен, көмірмен, графит қарындашымен салынған суреттер жатады.

Графиканың түрлері:

-         ксилография (ағашқа,  жасалған гравюра);

-         офорт (металға жасалған гравюра);

-         литография (тасқа жасалған гравюра);

-         линогравюра (линолеумге жасалған гравюра);

-         кітап графикасы (қағазға жасалады);

-         компьютерлік графика (компьютермен қағазға басып шығарылады)

Құрал-жабдықтар және бояу құралдары: ойып алуға арналған штихель деп аталатын қашаулар, қайшы, құрғақ инелер, компьютер, өңдеуге арналған азот қышқылы, лак, бояу жағуға арналған біліктер (валик);

 ағашпен қапталынған қатты және жұмсақ графит қарындаштары, түрлі-түсті қарындаштар, гель пастасы, соус, акварель, гуашь, пастель, үнтақталған полиграфия бояулары, қара көмір.

Негіз болатын материалдар: ағаш,  метал, тас, линолеум, қағаз, картон.

Гравирлеу француздың  grawer – «қию», «тырнау» деген сөзінен шыққан.

 Графиканың қарапайым әдістері:

а)графит қарындашымен, гель пастасымен, көмірмен, және түрлі-түсті қарындаштармен салынған суреттер;

б)беті жылтыр ақ қағазды қара тушьпен бояйды. Ол кепкен соң  инемен қырып отырып қажетті суретті салады.

 

Ағашқа жасалған гравюра ксилогафия деп аталады. Ағашты штихель деп аталатын кескіштермен ойып кесіді. Гравирлеу процесі ұстамдылық пен төзімділікті талап етеді. Мұнда асығыс жұмыс істеуге болмайды. Гравюраның бұл түрін жұмсақ ағашқа, мәселен ақ қайынға немесе картонға жасауға болады. Ксилография шығармасы көп тиражға арналмаған бір данада ғана орындалады.

Офорт француз тілінен аударғанда «ащы су», демек азот қышқылы, яғни офорт тақтайшасын өңдеу дегенді білдіреді. Офорт жұмысының негізіне металл және азот қышқылы бір-біріне қосылып, әсер ету процесі жатады. Бұйымға түсірілген ою-өрнектер жазықтық бетіне терең батырылып қашау арқылы түсіріледі. Лак қолданылады.

Литография  арнаулы әк тасқа салынады. Ол үшін әуелі тастың беті тазаланып, тегістеледі. Сосын оған қою жұғатын литография қарындашымен не тушьпен сурет салады. Сурет сүртіліп кетпес үшін арнайы ерітіндімен шайып өңдейді.

Линогравюра – линолеум пайдалану арқылы орындалған гравюра түрі. Мұнда ең алдымен линолеум жуып тазартылып, сүртіп құрғатылады. Сосын оның үстені қажетті сурет шығармасы салынады. Сурет дайын болған соң оның қарамен боялатын жеріне тимейді, ал ақпен боялатын жерінің бір қабатын штихель деп аталатын қашаумен қырып (ойып) алып тастайды. Сурет линолеумде ойылып шыққаннан кейін бетіне типография бояуы жағылады, одан кейін үстіне қағаз төсеп, линография тақтасына апарып тезге салып өткізеді (яғни бастырады). Бұл гравюра түрінің ерекшелігі – суретші бір ғана линолеуммен өзіне қанша сурет керек болса, сонша суретті тезден  өткізіп шығара алады. Яғни линогравюраны көп тиражға арналған  деп айтуға болады.

Кітап графикасымен айналысатын суретші-графиктер кітаптің көлемін, сыртқы пішінін, ішкі безендіру жұмыстарын оның мазмұнына байланысты көркемдейді. Мазмұны, суреттерінің эскизі (нобайы) дайын болған соң кітапті баспа полиграфиясында басып шығарады. Бұл жұмысқа қағаздар, түрлі-түсті боялар қолданылады. Кітап графикасы көп тиражға арналған.

Компьютерлік графика - қазіргі заманның, техниканың даму жетістігінің бір көрсеткіші. Компьютедің көмегімен қажетті сызбаларды, жазуларды, кестелерді, суреттерді басып шығаруға болады. Компьютердің қағазды басып шығаруға арналған құрылғысы – принтер деп аталады. Ол ұнтақталған полиграфия бояуымен жабдықталған. Графиканың бұл түріде көп тиражға арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары "Графика өнерінің түрлері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 948 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.11.2015 3549
    • DOCX 53 кбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Солтан Гүлжазира Қабдылкарімқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17278
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Изобразительное искусство: теория и методика преподавания в сфере дошкольного образования

Педагог по изобразительной деятельности

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Изучение русской живописи второй половины XIX века на уроках МХК в свете ФГОС ООО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 272 человека

Курс повышения квалификации

Современные методы арт-терапии: базовые техники

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 298 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 446 человек

Мини-курс

Методы и подходы проведения трекинга и менторства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе