Инфоурок Другое СтатьиБІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖҮЙЕЛІ ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА САПАЛЫ БІЛІММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ" мақала

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖҮЙЕЛІ ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА САПАЛЫ БІЛІММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ" мақала

Скачать материал

 

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖҮЙЕЛІ ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА САПАЛЫ БІЛІММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

 

Нурканова Мариям Дюсенқызы

Әулиекөл ауданы   №28 Құсмұрын орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«Болашақта  еңбек етіп өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр»

                                                                                                                     Н.Ә.Назарбаев.

Білім беру саласында қол жеткізілген білімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігі белгілі. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай , оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.

 Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін дамыту , алған білімдерін  сыныптан тыс жерде , кез келген жағдайда тиімді жағдайда пайдалана білуін қамтамасыз етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырыбы бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп , кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай , пікір –көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырып құрылады да , бала өз бетімен сапалы білім игеруге дағдыланады.

 Осы  мақсатты жүзеге асыруда мұғалімнің ұстанымы оқушыға ерекше ықпал етеді.Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлейтін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек.

  Өз іс-тәжірибемде коммуникативтік дағдысы  қалыптасқан оқушы екінші адаммен, сыныптасымен белгілі бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұға, түсіне білетініне көз жеткізіп жүрмін. Сонымен қатар мектептегі барлық негізгі пәндер бойынша шығармашылық  жұмыстар әр сабақта беріліп отырған жөн. Сол себепті жиырма бес жыл тәжірибемде, қаншама жұмыстар істелді, сабақтарда оқушының деңгейіне байланысты  қаншама  әр түрлі әдіс -тәсілдер пайдаландым. Мысалы:

 «Образға ену» әдісі

Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-жермін (Қаламмын, гүлмін, ) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу.

1 оқушының әңгімесі: Мен-Табиғатпын..Айналам толған жасыл  әлем. Мен әлемдегі барша жанға тіршілік  сыйлаймын. Әңгіме құрастыра отырып жазу  арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамиды

«Бір минуттағы ой»

Мұғалім сабақтың тақырыбын айтады, не бір сөз айтады. Оқушылар осы сөзді естігенде ойларына не түсті, соны 1 минут ішінде жазады. Сосын сол сөзді не үшін жазды түсіндіреді. Егер оқушылар сөздерінің ішінде ерекше сөздер болса, сол сөзді не үшін жазды, бұл тақырыпқа (не айтылған сөзге қандай қатысы бар) соны айтып беруі керек.

«Галерея» әдісі оқушылардың ұжымда бірін - бірі сыйлау арқылы басқалардың ой ұшқырлығын байқауға,  өз ойын қосып отыруға мүмкіндік береді.  Сондай ақ, - қатысымдық дағдыға сай диалог барысында басқа адамның сөзін ести және тыңдай білуін, диалогке /сұхбатқа қатысуға дайын болуын, әркімнің өз көзқарасы мен пікірі болатынын түсінуін, өз пікірін айқын да дұрыс және толық жеткізе білуін қалыптастырады  Сауат ашу пәнінде оқушылардың қызыға орындайтын әдістердің бірі.

«Диалог-ертегі» әдісі. Шарты: мұғалім не оқушы шығарып, кез келген бір әңгіме - ертегіні  бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бірден сөйлеммен ары қарай жалғастырады. Мысалы, мұғалім былай бастайды: «Ертеде бір байдың еркетотай ұлы болыпты...» 1 – оқушы: «Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп адасып кетіпті...» десе, 2 – оқушы одан ары қарай жалғастырады: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті»... – міне осылай ертегі жалғаса береді, ең соңғы оқушы ертегіні жалғаса береді, ең соңғы оқушы ертегіні ұтқыр шешіммен аяқтауы тиіс. Және кімде-кім ертегі ішіне қызғылықты оқиға кірістіре алса, соның еңбегі жоғары бағаланады.

 «Қиялымдағы мәтіндер» әдісі

Бұл әдісте әр оқушыларға түрлі суреттері бар  төрт текше беріледі. Оқушылар текшелерді тастау арқылы өздеріне түскен суреттерге байланысты әңгіме құрастырады.

Мен өзімнің сабақтарымда оқушыларға шығармашылық жұмыстарды көбірек беремін және сол арқылы сабаққа деген қызығушылық, ынталарын арттырамын. «Сұрақты ұстап ал », «Он сұрақ», «Болжау» , « Шеңбердегі диалог» сияқты тиімді тәсілдерді жиі пайдаланамын. Олар өз кезегінде оқушының сөздік қорын молайтып, ойланып жауап беруге мүмкіндік береді ,сөзжұмбақ құрастыру т.б. үздіксіз, тиянақты жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып отырғанда ғана мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Сонымен қатар оқушылардың бірін- бірі бағалауы сенімділіктерін арттыруға септігін тигізеді.  Сабақ үдерісінде оқушылардың  топта, жұпта жұмыс істеуі - өз  ойларын негіздей отырып,  дәлелмен нақтылауға үйретеді.

Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау.

Г.Галилей: «Адамды бірнәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен жөн» - дегендей әр мұғалім осы бағытта жұмыс істегенде ғана, ойлау мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан, құзырлы тұлға қалыптастыра алады деп ойлаймын.

 Демек терең білім , кәсіби алғырлық , жоғары біліктілік ұлттық мүддеге қызмет етпесе , ел алдындағы парыз ұғымына сүйенбесе , рухани құндылықтарға негізделмесе , жасампаз күшке айнала алмайды. Сондықтан сапалы білім бере отырып , бәсекеге қабілетті тұлғаны жетілдіруде баланың даралық дарындылығы мен талантын ескерген жөн.  Оған  М.Дулатовтың «Тумысында қанша зерек болса да-ғылымсыз , тәрбиесіз кемеліне жетпейді» деген сөзі дәлел. Ж.Аймауытовтың «Педагогика» еңбегінде «Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға көңіл бөлсе , соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады.Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер жиі ескерту қажет» деген.  Ал қазақтың «Дала жұлдызы» атанған Ыбырай Алтынсариннің «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі» деген сөзі бәсекеге қабілетті тұлғаға сапалы білім беруде мектептегі барлық істің ұйтқысы ұстаздардың еңбегімен ақталары сөзсіз.

  Ендеше, сөзімді «Біле бер қанша білсең тағы тіле, Жетерсің  мақсатыңа біле-біле»   деген Жүсіп Баласағұнидің  сөзімен қорытындылай келе , білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бәсекеге қабілетті мектептің көрсеткіші –білім сапасы деп білемін.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖҮЙЕЛІ ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА САПАЛЫ БІЛІММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ" мақала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр»

Н.Ә.Назарбаев.

Білім беру саласында қол жеткізілген білімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігі белгілі. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай , оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.

Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін дамыту , алған білімдерін сыныптан тыс жерде , кез келген жағдайда тиімді жағдайда пайдалана білуін қамтамасыз етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырыбы бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп , кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай , пікір –көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырып құрылады да , бала өз бетімен сапалы білім игеруге дағдыланады.

Осы мақсатты жүзеге асыруда мұғалімнің ұстанымы оқушыға ерекше ықпал етеді.Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлейтін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек.

Өз іс-тәжірибемде коммуникативтік дағдысы қалыптасқан оқушы екінші адаммен, сыныптасымен белгілі бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұға, түсіне білетініне көз жеткізіп жүрмін. Сонымен қатар мектептегі барлық негізгі пәндер бойынша шығармашылық жұмыстар әр сабақта беріліп отырған жөн. Сол себепті жиырма бес жыл тәжірибемде, қаншама жұмыстар істелді, сабақтарда оқушының деңгейіне байланысты қаншама әр түрлі әдіс -тәсілдер пайдаландым. Мысалы:

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 553 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.04.2018 842
    • DOCX 98 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурканова Мариям Дюсеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурканова Мариям Дюсеновна
    Нурканова Мариям Дюсеновна
    • На сайте: 6 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18647
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 500 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 335 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Профориентация детей и подростков

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Психология личностного развития: от понимания себя к творчеству

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе