Инфоурок Другое СтатьиБИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Скачать материал

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

 

Қазіргі таңда білім саласындағы басты талаптардың бірі білімді, сауатты шәкірт тәрбиелеу болып табылады. Бүгінгі күнде оқу процессі бұрынғыдан өзгешелеу. Өйткені техника, ақпараттық құралдар дамып келе жатыр. Оқушылар барлық мәліметті интернеттен алуға қызығады, қолына кітап алғысы, ізденгісі келмейді. Мұғалімнің алдындағы басты мәселе қайтсем де, оқушыны сабаққа қызықтыра аламын деген сұрақ аясында болуы керек. Интербелсенді әдістерді қолдану білім алушы мен білім берушінің арақатынасын мықтай түседі. Ол үшін мұғалім ізденімпаз, талапшыл, тапқыр болуы керек. Мұғалім бағыттаушы, ал шәкірт орындаушы болуы қажет. Дегенмен білім алушының өзі де ықылас пен ынта танытуы керек. Ұстаз қаншалықты керемет болса да, оқуға ынтасы мен қызығушылығы жоқ шәкіртті үйрете алмайды.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы – күрделі ойлау әдісі, ол ақпаратты алудан басталып шешім қабылдаумен аяқталады. Бұл өз тұғырнамадаңды жасау жолында ой-пікірлерді кіріктіру және оларды шығармашылықпен түйсіну.

Сабақ 3 кезеңнен тұрады: қызығушылықты ояту – түйсіну немесе мағынаны ажырату – ой-толғаныс. Осы кезеңдер оқушыларға оқудың мақсатын өздері анықтауға және ақпаратты белсенді іздеу мен өздері нені білгені (үйренгені) жөнінде ойтолғаныс жасауларын береді.

Биология сабақтарында осы үш кезеңдерде интербелсенді әдістерді қолдану, сабақ құрылымын тиімді құруға және сабақ сапасын арттыруға көмектеседі. Оның келесідей түрлері бар. Оларды кез келген сабақта қолдануға болмайды. Себебі әр сабақтың өз мазсұны мен күрделілік деңгейлер болады. сондықтан, мен бұл әдістерді белгілі бір категорияларға бөліп қарастыру қажет деп ойлаймын. Олар мыналар:

Мәтін мазмұнымен танысуда: «Кластер»«Категориялы топтастыру»«Болжамды оқу»«Инсерт»«Тірек жазба»

Мәтінді талдау кезінде:«Топтық жоба қорғау»«Жуан-жіңішке сұрақтар»«Аквариум»

Мәтінді қорытуда:«Фишбоун»«Егер, онда, өйткені»«Эссе»«Қар үйіндісі», т.б.

Енді осы интербелсенді әдістерді сипаттап, оның артықшылықтарына назар аударайық.

Уақыт шеңбері әдісінің мақсаты: идеялар, тәжірибелер және ойлармен бөлісу. Өз-өзіңді және басқаларды түсіну алға бастыру. Топ сұрақтарын құрастыру.

Ұйымдастыру:

Барлығы орындықта немесе еденде шеңбер құрып отырады. Сөйлеуші ғана ұстайтын зат бар (мысалы, доп).

Жаттығудың сипаттамасы

Мұғалім оқушылар сияқты орындықта немесе еденде отырады. Бұл мына ерекше сынып тапсырмасында мұғалімнің директор емес, делдал екенін білдіреді. Мұғалім уақыт шеңберіндегі құрылымдық ережелерінің сақталуына, әр оқушының эмоциясын қорғауға және лайықты тапсырмаларды дайындауға жауапты. Егер оқушылар ережелерді үнемі бұза берсе, мұғалім тапсырманы аяқтауға дайын болуы керек.

Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже – талқылауға барлығы түгелдей қатысулары керек. Бұл бірініші болып өткізілуге тиісті тапсырмалардың бірі. Негізгі үш ережені талқылау керек:

Тек біреу ғана сөйлеу керек – әңгіме тақырыбы ережелердің сақталуына мүмкіндік туғызуы керек;

Егер сіз бір тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөзіңізді» басқаға бере аласыз;

Ешқандай қатты ескерту болмауы керек.

Бұл әдісті проблемалық тақырыптарды шешудегі оқушылардың нақты ойлары мен ұсыныстарын қарастыруда қолдануға болады. Мысалы, экологиялық проблемалар тарауын қорытындылау барысында.

ТВ шоу әдісінің мақсаты көптеген сөйлеу мен тыңдау,көптеген оқушылар (және мұғалімдер!) үшін жеңіл, көру және тыңдау, салыстыру нүктелерінің болуы.

Ұйымдастыру:

Сіз қандай шоу көрсеткіңіз келетініне байланысты.

 Жаттығудың сипаттамасы:

Мұғалім жүргізуші оқушылармен , түрлі кейіпкерлермен сөйлескендей тақырыпты талқылайды. Аудитория сұрақтар қояды, талқылауға қатысады, құрдастар бағалайды және т.б. Бұл Ньюзнайт, Опра, Паркинсон, Монтель және т.б. стилінде болуы мүмкін. Панель отбасылық және т.б. күйіндегі шоу. Мысалға, оқушыларды топқа бөліп, олар өзара жүргізуші және сұхбат берушілер кейіпкерлеріне бөлінеді. Берілген тақырып мазмұнынмен танысқан соң, жүргізуші сұхбат беруші кейіпкерлерге сұрақ дайындаса, сұхбат берушілер оған жауап беруге дайындалады. Осылайша, тақырып мазмұнымен барлық оқушылар танысады .

«Айналмалы бекеттер» әдісінің мақсаты басқа біреулердің идеяларын құру, тақырыпты ашу немесе сұраққа жауап іздеу, белсенді және енжар оқушыларды анықтау.

Ұйымдастыру:

Қағаз және қалам бар бөлмеде бекеттер сериясы (немесе топқа түрлі түсті карандаштарды таратып – кім белгі салғанын қадағалау керек).

Жаттығудың сипаттамасы:

Әр шағын топты бекетте орналастырып , арандататын сұрақты талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға жазуға 10 минут беріңіз.Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып, алдағы топтың жұмысын жалғастырады. Ауысу әр10 минут сайын болып тұрады, әр топ барлық позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға дейін жалғаса береді. Мысалға, моногибридті будандастыру тақырыбында түрлі тапсырмалар жиынтығын беріп, 3 топқа тапсырмалар бекетін ұйымдастыруға болады.

“Ыстық орындық” әдісі берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық. Мысалы, өткен тақырыпқа шолу немесе қайталау мақсатында оқушыларға сыныптастары немесе мұғалім сұрақтар қояды. Ыстық орындықтағы оқушы оларға жауап беру арқылы өзіне тиісті ұпай жинайды, ал мұғалім оқушының тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтай алады.

«Автор орындығы” әдісі оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.

«Миға шабуыл» стратегиясы тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы, экологиялық проблемаларды болдырмау үшін қандай шаралар қолдану керек немесе ұзақ өмір сүру үшін қандай қағидаларды ұстану қажет деген мазмұнда оқушылар идеяларын білуге болады.

“3 таяқша” әдісі берілген тақырыпқа байланысты :1 сұрақ;1 жауап;1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.

«Он сұрақ!» әдісінде мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады. Қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ия, не жоқ деп беріледі.

«Лездеме!» әдісі. Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар. Шарты:

Конверттен бір сөзді бір рет алу,

Сөздің өзін атамай түсіндіру;

Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді!

«9 – ромб» әдісі. Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады. Яғни екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады. Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.

«Биологиялық домино» әдісі. Топта жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуіңіз қажет. Тақырыпқа байланысты сөйлемдердің сөздерін қиылып беріледі. Оқуышлардың мақсаты сол қиындылардан сөйлем құрастыру. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты команда сыйлық алады!

Қар кесегі (Қар үйіндісі). Қар кесегі берілген оқушылар қолындағы қар кесегін келесі оқушыға ұсына отырып қара сөз мазмұнын айтуды бір сөйлеммен бастады, екінші оқушы алғашқыны қайталап, өзі бір сөйлеммен жалғады. Осылайша қайталанып, мазмұны қар кесектерінің үйіндісі арқылы құралды.

«Егер –онда – өйткені». Мұндағы мақсат –оқушыларды мәтіндегі негізгі ойды өз пікірімен сабақтастыра алуына, ой қорытуына жағдай жасау. Мысалға, «Егер ақбөкендер популяциясы тіршілік ететін ортаны барынша қорғауға алып, заңсыз броканьерлерге қатаң жаза қолданатын болсақ, онда ақбөкендердің табиғи ортада таралау аумағын көбейтіп, популяция санын арттыра аламыз. Өйткені, олардың экологиялық маңызды топтарды құрауға қатысатын сиреп кеткен жануарлардың бірі.

«Оқытудың нұсқауы» стратиегиясы мағынаны ажырату кезеңінде қолданады. Бұл стратегия сыныпта мұғалім жоқ болса да білім алуына көмектеседі. Ол үшін мұғалім алдын ала дайындаған тезистері бар парақтағы тақырыпты басынан аяғына дейін меңгеруін нұсқайды. Тақырыпты жұпта бір – біріне оқиды, топта талқылайды. Стратегияның құндылығының артуы мұғалімнің терең ойлы нұсқауларына байланысты болады.

«Фишбоун» әдісі. «Фишбоун» әдісімен жұмыстануда оқушылар берілген балық қаңқасына бас сүйегіне проблеманы , оның туындау себептерін жоғарғы дене сүйектеріне, оны шешу жолдарын төменгі бөлігіне, ал қорытындыны құйрық жүзбе қанаттарына жазады. Негізгі проблема мен қорытындыны оқушылар топта бірлесіп анықтады.

«Синквейн» әдісі. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады. Синквейн жазу ережесі:

1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде)

2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде)

3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс – әрекет жазылады (етістік, көсемше)

4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі

5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады.

“Еркін жазу” әдісі да қызығушылықты ояту кезеңінде қолданылады. Бұл стратегия бойынша 5 минуттың ішінде оқушылар тоқтамай үйге берілген тапсырма бойынша ойларына келген пікірлерін жазады. Жұптар бір-біріне оқиды. Тыңдаушылар сұрақ қояды [3].

«Ирек» әдісі. Оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Мұғалім алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастайды. Бүкіл сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ сынып оқушыларға, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат – әр оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында .

«Пікір алысу» стратегиясы. Оқушылар бір қорытындыға келетін мәселеге байланысты пікір таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді. Белгілі тақырыпты алып, әлеуметтік өмірмен байланыстыру, өз көзқарасын дамыту, өзгені құрметтеуге үйретеді.

Жоғарыда берілген интербелсенді әдістердің сабақ мазмұнын жақсы игеруге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Алайда әрбір сабақтың сәтті шығуы сол сабақта алынатын кері байланыстардың мазмұнына да байланысты. Кері байланысты алудағы негізгі мақсат оқушылардың сабақ барысында қандай қиындықтармен кездескенін білу, сабақта түсініксіз болған жерлерін анықтау. Кері байланыс арқылы мұғалім өзінің сабағының оқушыллардың көзқарасы бойынша қаншалықты сәтті шыққанын және келесі сабақта қандай тұстарды ескеру қажеттігін анықтай алады. Енді биология сабақтарында сәтті қолданылаған кері байланыстарға тоқтала кетейік.

«Алма ағашы» әдісі. Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.

«Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі. Мысалы сатының:

1 – баспалдағы Мен………….. БІЛЕМІН

2 – баспалдағы Мен……………… ТҮСІНЕМІН,

3 – баспалдағы Мен…………. ЖАСАЙ АЛАМЫН

«Таңдау» әдісі бойынша сабаққа қатысты бес сипаттама беріледі:

Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.

Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені_____________ үйренгенім аз болды.

Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.

Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым

Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.

Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.

Жоғарыда келтірілген интербелсенді әдістер мен сабақта алынатын кері байланыстардың биология сабақтарының сапасын арттыруда сөзсіз көмекші болатынын сабақ барысында қолдану кезінде аңғардым. Әрбір сабақ мазмұнына қарай белгілі бір интербелсенді әдісті қолданып, оқушы тақырыпты қаншалықты түсінгенін кері байланыстарды алу арқылы біліп отырдым. Сонымен, оқушылардың сабақ мазмұнын игергені, мұғалімнің қаншалықты сабақ құрылымыны тиімді ұйымдастыра алу шеберлігіне байланысты деген қорытындыға келдім.

 

 

                         «Семей көп салалы колледж» мекемесінің

биология пәні оқытушысы

Танбаева Н.С.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 019 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.11.2020 633
    • DOCX 30.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Танбаева Назгуль Сабыровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Танбаева Назгуль Сабыровна
    Танбаева Назгуль Сабыровна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 38201
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 490 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 329 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Каналы сбыта, продвижение и стимулирование продаж

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе