Инфоурок Биология Рабочие программыБиология "Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар" (7 сынып)

Биология "Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар" (7 сынып)

Скачать материал

Пән: Биология
Класс: 7 « Ә  Г  В  Д ».

Күні: 12.12.2013ж.
Сайыс сабақ: «
Жүзден  жүйрік, мыңнан  тұлпар»
Мақсаты: Оқушылардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып,
класс  белсенділерінің  арасынан  сегіз  қырлы  бір  сырлы  және  үздік  сыныпты  анықтау  мақсатында  ұйымдастырып  отырмыз, және де  бүкіл тіршілік атаулыны, қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға баулу және патриоттық тәрбие беру.
Барысы:
Армысыздар,  «Жүзден  жүйрік, мыңнан  тұлпар» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Көңілді тапқыштар, білімділер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Сайысымыздың шарты мынадай:

І тур: "Таныстыру"

ІІ тур: Сенесіз бе, сенбейсіз бе?

ІІІ тур: «Суреттерді  сөйлету"

ІV тур: "Капитардар сайысы"

V тур: "Өсімдіктер эстафетасы"

ҮІ тур:  Жұмбақ  сайысы

VІ тур: Қорытынды «Марапаттау"  кезеңі.

 

І – тур. Таныстыру
Сайысымыздың бірінші шарты таныстыруға кезек берсек. Әр  топ  өздерінің  топтарын  таныстырып, топ ұрандарын  жариялайды.

 

ІІ – тур: Сенесіз бе, сенбейсіз бе?

1 топ:

1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе саңырауқұлақты зерттейтін ғылымды микология деп атайды.

2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе сегізаяқты  сиқырлап  ұйықтатуға  болады.

3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе  целом – алғашқы  қуыс.

4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе жануар жасушасында пластидтер кездеседі.

5. Сенесіз бе, сенбейсіз бе  ең  ірі  мұхит – Үнді  мұхиты.

2 топ:

1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе тағамдарды бүлдіретін саңырауқұлақтарға мукорды жатқызады.

2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе айқұлақта  ауыз  бар.

3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе  жүзім  ұлуы  жүзімдікке  пайда  келтіреді.

4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе ағаштар 300-500 жыл жасайды.

5. Сенесіз бе, сенбейсіз бе  ең  кіші  материк - Аустралия

3 топ:

1.Сенесіз бе, сенбейсіз бе  гидрада  регенерация  күшті  дамыған.

2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе паразитті саңырауқұлақпен нан ашытуға болады.

3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе  жай жапырағы бар ағаштар кездеспейді.

4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе  шаянтәрізділер  желбезек  арқылы  тыныс  алады.

5. Сенесіз бе, сенбейсіз бе  ең  ірі  материк – Еуразия  материгі.

4 топ:

1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе  планула  латынша  жалпақ  дегенді  білдіреді.

2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе  сексеуілдің жапырақтары жетілмеген.

3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе  дүниедегі ең биік ағаш – Эвкалипт.

4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе  кальмар  паразитті  тіршілік  етеді.

5. Сенесіз бе, сенбейсіз бе  ең  кіші  мұхит – солтүстік  мұзды  мұхиты.

 

ІІІ тур: «Суреттерді  сөйлету".

Шарты: Әр  топқа  конвертке  салынған  суреттер беріледі, онда  ішкі, сыртқы  құрылысы, ас  қорытуы, жүйке  жүйесі, зәр  шығаруы  және  көбеюі  туралы  айтылуы  тиіс.

1 топ: Ақ  сұлама

2 топ: Шұбалшаң

3 топ: Тоспа  ұлуы

4 топ: Өзен  шаяны

 

ІV тур: "Капитардар сайысы"

Шарты: Әр  топ  капитандары  шығып  соларға  интеллектуалдық  жұмбақтар  жасырылады, соларға  жауап  беріп  көп балл  жинаған оқушы  «Үздік  капитан  команда»  атағын  алады.

1.Аңыз бойынша бұл  құстар періштелерді көргенде белгілі бір дыбыс шығарып, адамдарға белгі береді екен. Бұл қандай құс? «Қораз»

2.Бұл үй жануары Библияда (Інжілде)  аты аталмаған жалғыз жануар, бірақ  суретші Альбрехт Дюрер бұл үй жануарын Адам ата мен Хауа ананың аяқ жағында бейнелеген. Ресейде Мәскеу көпестері бұл жануарды семіртіп сайысқа қатыстырған. «Мысық»

3.Бұл гүлдер ішіндегі ханшайымы. Шығыс елдерінде киелі гүл деп саналған. Гүлінің майы алтынмен бағаланған.Ең  алғаш сәндік үшін өсіріле бастаған хош иісті гүл.Ежелгі римдіктер махаббат құдайы Афродитаға арнаған. «Раушан  гүлі».

4.Бұл құс Жаңа Зеландия символдарының бірі және дәл осылай аталатын өсімдік бар. Жемісін жеуге болады. «Киви».

V тур: "Өсімдіктер эстафетасы".

Шарты:  6 сыныпта  өткен тақырыптар  бойынша қайталау  мақсатында  әр  топқа  конвертке  жасырылған сұрақтар  беріледі.

1 топ: 1.Жапырақта  күннің  қатысымен  қандай  процес  жүреді?

2.Сабақтың  қызметі  қандай?

3.Жапырақтар  сабақта  қалай  орналасады?

2 топ: 1.Суреттегі  гүл  бөлімдерін  ата.

2.Кіндік  тамырдың  шашақ  тамырдан  айырмашылығы  қандай?

3.Суретте  көрсетілген  жүйкелену  түрлерін  ата

3 топ: 1.Мына  жемістер  қандай  топқа   топтастырылады?

2.Гүлдің  көбеюге  қатысатын  мүшелерін  ата

3.Шырынды  жемістердің  құрғақ  жемістерден  айырмашылығы  қандай?

4 топ: 1.Тозаңдану  дегеніміз  не  және  қандай  түрлерін  білесің?

2.Дара  жынысты  гүлдің  қос жынысты  гүлден  айырмашылығы  қандай?

3.Тұқымның  таралу  жолдарын  ата

 

ҮІ тур:  Жұмбақ  сайысы.

Шарты: Әр  топқа  конвертте  жасырылған  жұмбақтар  беріледі, солардың  жауабын  тезірек  табу  керек.

1 топ:

1.Тұщы су оның тұрағы,

Өзгеріп пішіні тұрады.

“Аяғының” саны көп,

Бірақ, жоқ оның құлағы

2.Левенгукке Алла сыйлап бір бақты,

Үлкейтетін құрал ойлап ол тапты.

Шынысы бар біреу ғана құрсаулы,

Бірнеше есе үлкейтеді ол затты.

3. Маса шағып, таратады адамға,

Адам қаны бүлінеді табанда.

Қозғалатын органоиды болмайды,

Ойланып көр не білесің ол жайлы?

4. Қалың қабық жасушаны қаптайды,

Сол арқылы тіршілігін сақтайды.

Желмен, сумен басқа жерге таралар,

Түпкілікті бір орнында жатпайды.

2 топ:

5. Көзшесімен жарықты ол сезеді,

Талшығымен судың ішін кезеді.

Ас қорыту вакуолі болмайды,

Тереңірек ойланып көр ол жайлы.

6. Тұщы суда мекен етіп тұрады,

Өзі жыртқыш, жемін аулар қырағы.

Табаны бар – бұл белгісі келесі,

Іші қуыс, қос қабатты денесі.

7. Жасушалар атпалы – өлтіреді өз жауын,

Бұдан басқа көп жасуша өз алдына бір қауым.

Неше түрлі жасушадан құралған,

Дәл тауып айт, сыртқы қабат атауын.

8. Тітіркену – тіршіліктің өзегі,

Сол арқылы бәріне де төзеді.

Денесіне тиіп кетсе бір нәрсе,

Бұл жасуша оны бірден сезеді.

3 топ:

9. Пішіні оның қолшатырға ұқсаған,

Еркін жүзу тән қасиет дәл соған.

Жиегінде бар көптеген шашағы,

Қуыстағы суын артқа шашады.

10. Ұқсайды ол бұтағы көп ағашқа,

Көрінеді көзге ерекше оғаш та.

Бірақ тағы ағаш емес жануар,

Ойлан-дағы шешуін сен тауып ал.

11. Бұл жасуша қорек ұстар құралы,

Сыртқы қабат оның-дағы тұрағы.

Жауы келсе жақын тартып жанына,

Жіпшесімен дәлдеп тұрып “ұрады”.

12. Қар емес –Қатты.

Мұз емес –Тәтті.

4 топ:

14. Түрі шар сияқты, түсі қан сияқты,

Дәмі бал сияқты ол не?

13. Жерде жатып желіндейді,

Күз түскенше желінбейді.

Үндеместен төлдеп жатыр,

Су беріңдер шөлдеп жатыр.

15. Алма дерсін, түріне қарап,

Жүгері дерсін ішіне қарап.

16. Жайқалады өріліп шашы жасыл,

Топыраққа көміліп басы жатыр.

VІ тур: Қорытынды «Марапаттау"  кезеңі.

         Әділ  қазылар  жоғары  балл  жинаған  топтарды  айтып, жарыс  қорытындысын  жариялайды.

 

 



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Биология "Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар" (7 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 593 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2017 783
    • DOCX 20.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кеулимжаева Гаухар Бектибайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1718
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 461 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 177 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 325 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 138 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 490 человек

Мини-курс

История классической музыки от античности до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические вызовы современного подростка: риски и профилактика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек