Инфоурок Другое Другие методич. материалыДамыта оқыту технологиясы арқылы студенттердің ойлау қабілеттерін жетілдіру

Дамыта оқыту технологиясы арқылы студенттердің ойлау қабілеттерін жетілдіру

Скачать материал

                                                                                                                                        

Педагогика және психология

ПӘК  отырысына

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

 

Тақырыбы: Дамыта оқыту технологиясы арқылы студенттердің ойлау қабілеттерін жетілдіру

 

 

Нургазы Мадина Турсынгазыкызы

педагогика және психология пәндерінің оқытушысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей,  2018

Мақсаты: дамыта оқыту технологиясы арқылы студенттердің ойлау қабілеттерін жетілдіру жолдары туралы мәселелерді айқындау

Міндеттері:

·         дамыта оқыту арқылы оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруде технология маңызын анықтау;

·         дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдіру;

·         дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары:

 

1.      Дамыта оқыту технологиясын оқу процесінде  қолдану

2.      Дамыта оқыту технологиясы негізінде оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру

3.      Дамыта оқыту үрдісі арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Егеменді еліміздің еңсесін тік ұстап, ел мерейін үстем етіп, оны дамушы елдермен терезесі тең дәрежеде дамытатын бүгінгі студент  – ертеңгі маманға сенім артатындықтан, сапалы білімді, саналы маман тәрбиелеу ісі білім беру мекемесінің еншісінде.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық» деген пікірі айтылған. Бүгінгі білім ісінің мақсаты – тек білім, білік дағдыларын меңгеру ғана емес, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой-өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, қабілетті де талантты жаңа ғасыр ұрпақтарын тәрбиелеу.

«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жойылуы деген мағынаны береді.

Дамыта оқыту педагогикалық жұртшылықтың санасына сіңгенін және бүкіл білім беру жүйесіне әсерін тигізіп жатқанын білеміз.

Барлық істерімізді Л.С.Выготский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин ойларына негіздеу. Ойлауға үйрететін барлық пәндердің сабақтарын дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

-           Дамыта оқытуды ұйымдастыру білім алушыға ақыл-ой әрекетін меңгертуге жағдай жасау деп қарастыру керек.

-           Дамыта оқыту сабақтары ерекше ахуал, оқытушы мен білімалушы арасындағы ерекше қарым-қатынас.

Оқытушы бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы.

Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А.Дистервигтің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінің де негізі болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» - деген.

Ол үшін, алдын ала сабақ жүйелі түрде жоспарлану қажет.

Әрбір пән оқытушылары өз сабақтарында білім алушылардың ойын дамыту үшін іздену сұрақтарын бере отырып, ой қозғап сабақтағы өтілетін тақырыпты білімалушылармен бірге талдауды қажет деп ойлаймын.

Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Білімалушы  да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады.

Талдау – бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында оқытушы мен білімалушының көңіл-күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады.

Технология елді, ұлтты таңдамайды, ол барлық елге, педагогикалық жүйеге, әр түрлі пәнге ортақ, дегенмен әр елдің білім әлемінде өзіндік ізденісі, жолы болуы – заңды да, қажетті нәрсе.

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі жаңа технология негіздері болып табылады. Өскелең ұрпақ онымен бірге ақпарат құралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Дамыта оқу үрдісінде білімалушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға, ойлау қабілетін дамытуға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады. Дамыта оқытуда білімалушының ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады.

Дамыта оқыту технологиясы оқытушы мен білімалушы арасындағы қарым-қатынастың жаңа қағидаларына негізделеді.

-           Ынтымақтастық

-           Өзара сыйластық

-           Түсіністік

-           Әріптестік

Білімалушыға бала деп қарамау оның пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына үлкен әсер етеді.

Мысалы: Л.В.Занков жүйесіндегі сабақтардың нәтижелігінің басты көрсеткіштері болып:

         Ойлай, пайымдай, нақтылай, жүйелей, дәлелдей білу болып табылады.

Егер білім алушылар осы айтылған ой операцияларын орындай алса, мұғалімнің нәтижелі еңбектенгені болып есептеледі.

2. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақта білімалушы қызметінің сипаты өзгереді:

         Білімалушылар бақылайды, салыстырады, жіктейді, топтайды, қорытынды жасайды, заңдылықтарды түсіндіреді.

         Білімалушылардың өздігінен ойлауын дамытуға бағытталған сұрақтар арқылы ұжымдық ізденістерін ұйымдастырады.

         Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптасады.

     Дамыта оқытуда білімалушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, білімалушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.[1]

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу білімалушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.

Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс - тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.[3]

3.Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл - ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, оқытушы мен білімалушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Оқытушы бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың ақыл - ойының көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.

1. Оқу мақсаттарының қойылуы.

2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл - үшеуі дамыта оқытудың Д.Б. Элконин - В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі құрылымдары.

Білімалушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Оқытушы  сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр білімалушы өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Дамыта оқыту жүйесінде білімалушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.

Біріншіден - дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған білімалушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Екіншіден - дамыта оқытуда білімалушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Үшіншіден - білімалушылардың жеке басын дамытатын басты құрал - ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері білімалушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

Төртіншіден - дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы білімалушы мен оқытушының арасындағы жаңаша қарым - қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді.

Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:

1. түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

2. білімалушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

3. олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;

4. білімалушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;

5. білімалушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;

6. білімалушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;

7. жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары

І. Әдістемелік іс - әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі

· Сабақтың мазмұны

· Оқу жағдайын ескеру

· Әдістемелік тәсілдерді қолдану

ІІ. Келесі сабақтың моделін жоспарлау

· Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу жолдары)

· Сабақтың әр кезеңіндегі білімалушының негізгі әрекет түрлерін анықтау

· білімалушы әрекетін ұйымдастыру әдіс - тәсілдерін таңдау.

ІІІ. Сабақты жүргізу.

· Әр сабақтағы баланың іс - әрекетін ұйымдастыру

· Білімалушымен жанама қарым - қатынас

· Жұмыс барысын бақылау жұмысы

IV. Рефлекция (Сабақтың қорытынды бағасы)

· Қойылған мақсатқа жету

· Тақырып бойынша өзгерістер енгізу

· Оқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер)

Дамыта оқыту білімалушылардың ізденгіштік - зерттеушілік іс - әрекетіне тән. Оған тән сипаттар:

- білімалушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек;

- іс - әрекеттің бастапқы кезеңі - білімалушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою;

Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы білімалушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.

Өз тәжірибем бойынша білім сапасын арттыру жолдарын қарастыратын болсам, сабақ беретін пәндерімде түрлі дидактикалық дамытпалы ойындар, шығармашылық тапсырмалар колдандым. Атап айтсам, «Суреттердің қатесін тап» «Адасқан сөздер» дидактикалық ойнында білімалушылар орны ауысқан сөздерден сөйлем құрайды. Сондай - ақ, креативті ойлау арқылы білімалушыларды шығармашылыққа үйретуде, тілдері мен ойларын дамытуда мына жұмыстарды алдым:

         1) бес жолды өлең, эссе;

2) РАФТ, INSERT;

6 )қосжазба күнделігі;

7) еркін жазу;

10)миға шабуыл, «Ақылдың алты ойлау қалпағы»  сияқты стратегиялардың берері көп болды.

Осы аталған стратегиялардың бірнешеуіне тоқталып өтсем:

1. INSERT. Ол бойынша білімалушыға оқу, тақырыппен танысу барысында:

«V» - «білемін»;

«-» - «білмеймін»;

«+» - «мен үшін жаңа ақпарат»;

          «?» - «мені таңқалдырады»  белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге

үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды еске сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс.

Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Студенттерге қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған), олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады.  Білім алушылар топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді, бағыттайды.

 

Баяндаманы қорыта отырып: Дамыта оқыту технологиясы мақсаты мен мағынасы: оқыта отырып, жеке тұлғаны оның қабілеттілігін дамыту. Барлық студенттің даму жолындағы жұмыстарды қамту.

Дамыта оқыту технологиясы жайында ойымызды тұжырымдайтын болсақ. ХХІ ғасырда оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда. Ең бастысы, дамыта оқытуды әрі мұғалім түсінуі, жүрегімен қабылдауы, сондай-ақ мұғалім білімалушыға дайын білімді берумен шектелмей, білім алушының өз бетімен ізденуге, үйретуге, іскерлікке, мүмкіншілікке бағыттауы керек. Сонда ғана жаңа ғасырда жаңаша ойлайтын, шығармашыл тұлғаны қалыптастырамыз.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.      2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017. – 340 б.

2.      Алшынбаева А., Құнантаева Қ. Бәсекеге қабілетті қоғамның негізгі – сапалы білім» // Бастауыш мектеп журналы, - №1, 2017 жыл. 3-5 беттер.

     3. Қозыбай А., Жексенбиева Н. Кәсіптік білім беру жүйесіндегі қазіргі оқыту технологиялары.Астана, 2015

     4. Әлімов Асхат. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы 2009. - 263 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дамыта оқыту технологиясы арқылы студенттердің ойлау қабілеттерін жетілдіру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Бизнер-тренер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 597 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Разработка материалов школьной конференции "Математика и вооруженная борьба"
  • Учебник: «Материаловедение. Отделочные работы. Учебник для студ. учреждений сред. проф. образования», В.А. Смирнов, Б.А.Ефимов, О.В.Кульков и др.
  • Тема: 3.2. Области применения
  • 28.10.2018
  • 1664
  • 7
«Материаловедение. Отделочные работы. Учебник для студ. учреждений сред. проф. образования», В.А. Смирнов, Б.А.Ефимов, О.В.Кульков и др.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.10.2018 1240
    • DOCX 67.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нургазы Мадина Турсынгазыкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нургазы Мадина Турсынгазыкызы
    Нургазы Мадина Турсынгазыкызы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 116584
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 48 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 287 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 851 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 332 человека

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Управление техническими ресурсами и экономикой предприятия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 50 человек