Инфоурок Начальные классы Рабочие программыДара және күрделі етістіктер

Дара және күрделі етістіктер

Скачать материал

Қазақстандағы 1986 жылғы  желтоқсан оқиғасы.

Сабақтың мақсаты:Қазақстан тарихында желтоқсан оқиғасының алатын орнын ашып көрсету арқылы оқушылардың жауакершілік,белсенділік,ізденгіштік,зерттеушілік қабілетін дамыту.

Күтілетін нәтиже:

-топтасып жұмыс істейді

-қозғалыстың себеп-салдарын ашады

 -ой қорытады,жинақтайды

-идея тудырады

-салыстыра саралайды

-өзін-өзі бағалайды

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың формасы:топпен жұмыс,жеке жұмыс.

Сабақта қолданылатын ресурстар:үлестірмелі қима-қағаздар,плакат,маркер,бағалау парағы,слаидтар,бейнефильм,интерактивті тақта.

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдастыру  кезеңі:

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Сыныпты топқа бөлу.(суреттер арқылы)

1.Сәлемдесіп,кезекші арқылы сынып оқушыларын түгелдеу.

2. «Мозаика» әдісі бойынша суреттер арқылы сыныпты 3 топқа бөлу.

3.Бағалау парағы және бағалау критерийлерімен оқушыларды таныстыру.

 «Бағалау критерийлері»:

1.      «9-10» - «5»

2.       «7-8» - «4»

3.       «5-6» - «3»

4.       «0-4» - «2»

І.Үй тапсырмасын сұрау:

1.Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы.

2.Қиындықтан шығу үшін не істелді?

3.КОКП ОК-нің сәуір пленумы және қайта құру.

 

 

 

 


ғғ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ІІ.Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру:

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға суреттер таратылып беріледі.Оқушылар суреттерге қарай отырып ойларын постерге түсіріп,әр топ жеке-жеке қорғайды.

 

ІІ.Жаңа сабақ:Мағынаны ашу.

Интерактивті тақтадан  «Желтоқсан ызғары» бейнекөрінісі  көрсетіледі.Оқушылар не көргендерін,көрініс не туралы екенін және алдыңғы тапсырмадағы суреттердің бейнекөрініспен қандай байланысы бар екенінін ортаға салады

 

ІІІ.Топпен жұмыс: «Ойлан,жұптас,талқыла» әдісі.

Топтағы әр оқушыға оқулықтан мәтіндер таратылып беріледі.Мәтінді оқып шығып,топ болып талқылайды,топтың бір мүшесі интерактивті тақтаға  жазады.

 

 

 

 


Надпись: Тарихи маңызыНадпись: Сипаты Надпись: Себебі ә

 

Надпись: 1.Халық шаруашылығының тоқырауы.
2.Қазақ тілінің жағдайы.
3.Семей полигонындағы жарылыстар.
4.КОКП –ң Ү пленумы Д.А.Қонаевтың орнынан босауы,Г.В.Колбиннің билік басына келуі



Надпись: - «Қазақ  ұлтшылдығы» айдарын таққан                 М Соломонцев болды.
-1990 жылдың 21 мамырында КОКП ОК «Қазақ ұлтшылдығы» айдарынан бас тартты.
- «Қазақстандағы 1986 жылы 17-18-гі оқиғаларға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау туралы»  қаулыға Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 12 желтоқсанда қол  қойды./Алматы қ./
Надпись: -Қозғалысты басу үшін «Метель-1986» атты оперативті жоспар.
-3200 адам
-11 өрт сөндіруші.
-15 БТР қатыстырылды.
1.Ұлттың өзін-өзі тану сенімінің оянуы.
2.Одақтас республикалардың егемендігіне сипаттама берді.
3.Социалистік құрылыстың күйреуі.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ІҮ.Сабақты бекітіу:

Мұғалімнің іс –әрекеті:

1.Академиалық дау дамай.

Топтарға сұрақтар :

1.Жастарымыздың «Желтоқсан оқиғасына» оқиғасына қатысуы дұрыс.

2.Бұл қақтығысты бейбіт жолмен шешуге болар еді.

3.Қоғамдық пікір

Сұрақтар  таратылып беріледі.Топ мүшелері пікірталас тудыра отырып,өз ойларын ортаға салады.

 

Ү.Ой толғау: Кейіпкерге хат.(автор орындығы)

 Топтағы оқушылар  «Желтоқсан жұлдыздарына» және осы оқиғаға қатысты тұлғаларға арнап хат жазады.Әр топтан 1-2 оқушы шығып өздері жазған хаттарын оқиды.

 

ҮІ.Бағалау:

 

ҮІІ.Сабақты қорытындылау:

1.1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына сенің көзқарасың қандай?

2.Осы көтеріліске сендер қатысар ма едіңдер?

3.Болашақ Қазақстанды қалай елестетесің?

4.Тәуелсіз еліміздің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуына сенің қосар үлесің қандай?

 

ҮІІІ.Үйге тапсырма:

 «Желтоқсан-тәуелсіздік бастауы» эссе жазып келу.

 

 

 

 

 

Нурпайзова Айнур Кенесбаевна                   Сыдық Абланов атындағы  орта мектебінің тарих пәні мұғалімі   Байзақ  ауылы,Байзақ ауданы,Жамбыл облысы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дара және күрделі етістіктер"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Дебаттың тақырыбы: «Мектепте оқу формасын сақтауға міндетті /емес »

 

Дебаттың мақсаты:Адамның білімін қисынын, сөйлеу шеберлігін, өзекті мәселе төңірегінде әр түрлі көзқарастарды талқылай отырып, өз ойларын ашық жеткізе білуге,  шешендік өнерлерін дамыту  болып табылады.

 

Міндеті: Бұл өткен мен қазіргіні біртұтас етіп қабылдауды қалыптастыру, тарихи фактілерге тұлғалық көзқарасты және оларға тән қарама-қайшылықтарды түсінуді орнықтыру, сонымен қатар оқиғаларға құбылыстарға және процестерге интерпретация жасауда талдаушылықты үйрету, ғылыми дүниетанымды қалыптастыру.

 

  • әлеуметтік тұрғыдан белсенді тұлғалар тәрбиелеу
  • жастарды сынай ойлауға баулу
  • өз бетімен білім алуға талпындыру
  • жаңа әлеуметтік-психологиялық қабілеттердің қалыптасуына ықпал ету

 

І. Саяси формат бойынша өтеді.

Саяси форматта нақты проблема (мәселе) бар, және үкімет тобы оны шешу керек. Оны шешу үшін үкімет тобы механизм енгізеді.

Үкімет тобының премьер-министрінің жұмысы барлық механизмнің презентациясын жасау. Презентация келесі нәрселерден тұру керек:

Сәлемдесу, қарарды (тақырып) айту;

Өз сөздеріңіз барлық қауымға түсінікті болу үшін қолданатын терминдік сөздерге анықтама енгізіп кетесіз, бұл диффиниция немесе кілттік сөз деп аталады. Мысал: инфляция – ақшаның құнсыздануы т.б. Кілттік сөздерге көп уақыт жіберіп керек жоқ, қарапайым сөздерге анықтама керек жоқ.

Келесі айтатын нәрсе қарардың өзектілігі. Яғни, неге біз бұл тақырыпты қарастыруымыз керек, міне соны айтуыңыз керек.

Келесі маңызды нәрсе бұл Status Quo немесе қалыптасқан жағдай деп аталады. Бұл жерде көбіне статистикалық мәлімет енгізіледі. Мысалы, қарар банктер туралы болса, онда: ҚР бір мемлекеттік және 12 жекеменшік банктер бар. олар 10 млн. халыққа қызмет көрсетеді. Осы қалыптасқан жағдайды 2 минуттан кем емес уақыт жұмсау керек және проблема осы қалыптасқан жағдайдан шығу керек.

Мысалы: ҚР азаматтары көбінесе жекеменшік банктерге барады, ал олардың банкрот болып қалу қаупі бар.

Содан кейін осы проблеманың шығу себептері туындайды және оларды айтып кету керек, олар бірнеше болу мүмкін, бастысы сіздің механизмізден кейін осы себептер проблемамен қоса жойылу керек.

Себептерін айтып болғаннан кейін үкіметтің басты жұмысы Шешу жолдары басталады.

Шешу жолдарында басты 4 сұраққа жауап беру керек: Кім?Қашан?Қалай?Қанша?

Ең соңында нәтиже айту өте маңызды, нәтижені айтпаған топтың жеңілу мүмкіндігі мол.

Міне, жоғарыда айтылғандардың барлығын премьер-министр 5 минутта айтып үлгеру керек. Уақыттың қайта қалып қалуы үлкен минусты білдіреді. Осы жерде айтып кету керек әрбір спикер өзіне сөзін айяқтау үшін жарты минут уақыт ала алады. Бұл негізгі уақыттан бөлек.

Осыдан кейін оппозиция тобының көшбасшысы шығып, 4 минут бойы қарыслық сөзін сөйлейді.

Ол өз сөзінде (әрине, амандасу және өзін таныстыру) қарарды айтып кету керек. Ең бастысы – оппозиция тобы кейсті еңгізу міндетті емес екенін білу керек. Ол тек үкіметтің кейсін құлатумен болады. Ал кейбір жағдайларда Үкімет тіптен кейс еңгізбесе, немесе өте әлсіз кейс ұсынса, оппозицияның қарсылық келтірер сөзі болмаған жағдайда ғана өз кейсін ұсыну мүмкіндігі бар.

 Әдетте үкіметпен келісе салудың арты нашар. Төреші “бұлар дайын емес шығар” деп жеңіліс бере салуы мүмкін немесе ол жақсы ойын көруге келді, ал сіз барлығымен келіссеңіз – бұл дұрыс емес және жеңілгеннің белгісі.

Сонымен оппозиция неден бастайды? Қарарды айтқаннан кейін кілттік сөзден, яғни диффинциядан бастау тәуір болады. Диффиницияға мұқият болу керек, А4 форматты қағазға жазып, қасына өз диффиницияңызды бірден жазып үлгеру керек, шық одан қарау оңай болады және қағазға үңіліп тұрмайсыз төрешінің алдында (бұл жайт төрешілрерге және отырған парламентарийлерге ұнамайды). Алайда кейбір келтірілген кілттік сөздер дауласуға жатпайды, яғни олар дұрыс келтірілген, бұларды мойындау керек, “біз келісеміз” деп айтып кету керек. мысалы: жастар – бұл 14-29 жастар аралығындағы ҚР азаматтары (бұл заңда осылай жазылған, сондықтан қарсы шығып керек жоқ). Ары қарай барлық кейстің жақтары бойынша тоқталып, қарсылық келтіріп кету керек, бірақ осында да барлығына бірдей келтіре беріп керек емес, нақты түсініп алу қажет.

Саяси форматта басты орында Шешу жолдары орын алады. Сондықтан ең басты қақтығыс нүктелері шешу жолдарында болу керек. Бұнда барлық Кім? Қашан? Қалай? Қанша? деген барлық сұрақтарға арсы шығу міндетті емес, алайда пікір-сайысшылар әдетпен барлығына тиісе береді. Және маңыздысы – ол нәтиже! Нәтижеге міндетті түрде қарсылық келтіру керек, оны жасамасаңыз, төреші сізге жеңіліс қоюға құқылы. Осының барлығы 8 минутта жасалатын жұмыс, сондықтан қағазға не айдалаға қарай бермей арасында тайм киперге қараған да абзал.

Келесі сөз сөйлеу кезегі – үкімет тобының мүшесінде, оның уақыты 4минут. Ол жаңа ғана қарсылық келтіріп кеткен оппозиция тобының көшбасшының сөздеріне қарсылық келтіріп, өз кейстерін қалпына келітіріп, ары қарай жалғастыра, дамыта алады.

Осыдан кейін 4минут бойы оппозиция мүшесі сөз сөйлейді. Ол тек үкімет тобының екінші спикерінің сөзіне қарсылық келтіреді.

Міне, ойынның негізгі бөлімі аяқталды, оны сіздерге төреші айтады, ал сіздер тұрып кетпей оны тыңдап отырасыздар. Келесі келген адамдар, яғни парламентарий сөз сөйлейді, әрбіреуіне 1 минуттан уақыт беріледі. Оған сіз еш қарсылық білдіре алмайсыз, ол өзінің жеке ойын айтады. Кейін сараптама кезінде сіздер “мана парламентарий осылай айтты” деп оның сөздерін қолдана алмайсыз, бұл ережеге қайшы.

Осыдан кейін ойынның сараптама бөлімі басталады, сараптамаға бірінші болып оппозиция көшбасшысы шығады, оның уақыты 4 минут. Ол тек ойынды сараптайды, ешқандай жаңа аргумент енгіуге болмайды.

Содан соң үкімет тобының премьер-министрі сөз сөйлейді, оның уақыты 5 минут. Ол алғашқы уақытын ребатлға алуға құқылы, яғни оппозицияның 2 спикерінің сөзіне ребатл жасайды. Кейін сараптамаға көшеді.

Қарсылықтар:

3 негізгі түрі бар:

1. Жаңа аргумент – сараптамада жаңа аргумент енгізілсе, қарсылас топ төрешіге осы туралы тұрып айту керек, айтпаса, төреше бұл туралы жаза алмайды.

2. Уақыт лимиті – төреші уақыт аяқталғаны туралы белгі берсе, ал спикер ары қарай сөйлей берсе, қарсылас топ қарсы шығу керек, тек қана сонда қарсылық саналады.

3. Жеке басқа қолсұғушылық – спикерлердің біреуі сіздің жеке басыңызға тиіссе, онда тұрып қарсылық білдіресіз. Мысалы: сіз естіген жоқсыз – бұл қарсылық ретінде қабылдамайды; Сіздің құлағыңыз естімейді – бұл қарсылық қабылданады.

 

Алғашқы және соңғы минуттарда  сұрақтар қойылмайды. Сараптамада тіптен сұрақтар қойылмайды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 782 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.03.2015 856
    • DOCX 80.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурпайзова Айнур Кенесбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурпайзова Айнур Кенесбаевна
    Нурпайзова Айнур Кенесбаевна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 93181
    • Всего материалов: 56

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 235 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 168 человек

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 525 человек

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 132 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 532 человека

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека