Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / "Даярлықпен қоштастым, мектебіммен достастым"

"Даярлықпен қоштастым, мектебіммен достастым"



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Абдраманова Бақытгул Жадырасыновна

Жабасақ орта мектебінің мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі



Даярлықпен қоштастым,

мектебіммен достастым!

Армысыздар құрметті ұстаздар,ардақты ата-аналар,бүлдіршіндер.Бүгінгі «Даярлықпен қоштастым,мектебіммен достастым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.Бүгін елдігіміз ескеріліп,егеменді ел болған,тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп,атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ.Кеше ғана алаңсыз ойыншықпен ойнап жүрген бүлдіршіндеріңіз,бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып дайындық тобын аяқтап,1 сыныпқа қадам басқалы тұр.Қадамдарыңыз құтты болсын жас бүлдіршіндер.Талаптарың таудай болып,қанаттарың талмай,биіктерге самғай беріңдер.

Айналайын,балалар

Алдарыңда мектеп-ана бар

Өздеріңнен өседі

Өнерлілер,даналар

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл ойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың!

Өтті қызық көп күндер

6 жасқа жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер.

Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер дайындық тобынан 9 ай ішіндеалған білімдерін ән-күймен, өлеңдермен жұмбақтармен өрнектеп ортаға салмақ.Біліміміздің артып,сөз байлығымыздың молайғанын,санамыздың өскенін көрсетейік балалар.

1-оқушы:Аяжан.

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Қош келдіңіз мейірбан ұстаздар

Даярлықпен қоштасу тойымызға.

2-оқушы:Ақнұр.

Өсті міне бойымыз

Өсті мінеойымыз

Жиналған бүгін бар қауым

Құтты болсын тойыңыз.

3-оқушы:Жансая.

Бізге тұнғыш тақпақты

Жалықпастан жаттатқан

Түсіріп топ сынына

Жақсылығымызды мақтатқан

Ол тәрбиеші мұғалім.

4-оқушы:Сымбат.

Алып келді жетелеп

Мына нұрлы сарайға

Білім құйған бұл мектеп

Білім берген талайға.

Ән:Сенің анаң алтын әнімен ортаға Е.Ақнұрды шақырамыз.

Балалар біреу есік қағып тұрма,бізге кім келді екен.Әліппе қош келдің әліппе?Сендер 1 сыныпта әліппе кітабын оқып,сауаттарыңды ашасыңдар одан әріптерді,оқуды,жазуды үйренесіңдер.

М:Балалар бүгін біз келген қонақтарға өзіміздің жыл бойы үйренгендерімізді,жинақтаған білімдерімізді көрсетейік.Балалар біз қандай кітаптар оқыдық.1 сауат ашу пәнінен сұрақтар беріледі.

Сауат ашу пәнінен

1.Дыбыстар нешеге бөлінеді және қандай?

2.Дауысты дыбыстар қалай айтылады және қандай текшемен белгіленеді?

3.Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады және қандай текшемен белгіленеді?

4.Дыбыс дегеніміз не,әріп дегеніміз не?

5.Әріптердің ішінен бір әріпті алып соған 5 сөз айту.

6.Мектеп,кітап сөздерді буынға бөліп,дыбыстық талдау жасап,сөйлем құрау.

7.Әріптерді екі үйге бөліп орналастыру.

Математика пәнінен

1.Қандай геометриялық пішіндерді білесің?

2.Санамақ айтып бер.

3.20 дейін тура және кері санау.

4.Сандардың көршісін табу.

5.Кім тез есептейді.

Тіл дамыту пәнінен

1.Қазақстан Республикасының призеденті кім?

2.Ел ордамыз қай қала?

3.Біздің облысымыз.

4.Біздің ауданымыз,ауылымыз.

5.Рәміздерді ата.

6.Үй жануарларына не жатады,олар қалай дыбыстайды?

Музыка пәнінен

1.Музыкада неше нота бар?

2.Қазақтың ұлттық аспабы?

Енді жұмбақ шешейік.Жұмбақтың шешуін тауып,оның орысшасын айту.

5-оқушы:Шұғыла.

Қызық күндер өткіздік

Даярлықтың тобында

Көп оқыдық,көп білдік

Ел мен Отан жайында

Мектепке енді барамыз

Мұңаймаңыз сағынып,

Қашықта болса арамыз

Топқа келіп тұрамыз.

Би:Үнді биімен Ақнұрды ортаға шақырамыз.

6-оқушы:Әлімжан.

А-дегенім ана ғой

Ана деген дана ғой

Б-дегенім бала ғой

Жұмсаса анаң бара ғой

7-оқушы:Кенжесұлу.

Салем гүлдей балғындар

Алғашқы тәлімді алдыңдар

Болыңдар ойлы,ақылды

Енді мектеп шақырды.

8-оқушы:Бақыт.

Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып даярлықпенен

Мектепке кетіп барамыз.

9-оқушы:Жанел.

Құшағыңда жарқылдап

Өтті сәби күндерім

Көп нәрсені үйрендім

Сен үйреттің сөйлеуді

Оқушы болам мен енді

Даярлығым қош енді.

Ән:Ақ қошақан.

10-оқушы:Жантілек.

Жасымыз жетті мектепке

Ересек біздер баламыз

Екіні қосып екіге

Әріпті жаза аламыз.

11-оқушы:Нұршат.

Жақсылыққа құмармыз

Жақсы адам боп шығамыз

Таза сәби жүрекпен

Айтамыз сізге мың алғыс.

12-оқушы:Жансая.

Әріптерді үйреткен

Жамандықтан жиренткен

Ұстаз біздің анамыз

Жарқыраймыз жанамыз.

13-оқушы:Ерасыл.

Мектепке енді барамыз

Біз оқушы боламыз

Жақсы оқып әрқашан

Кілең бестік аламыз.

14-оқушы:Әсел.

Аппақ бантик тағамын

Айтар талай бар әнім

Қолыма ұстап гүл шоғын

Мен мектепке барамын.

Ойын:Шарды жарып,ішінен тапсырмалар шығады,соны орындаймыз.Қане орындаймызба?

15-оқушы:Ақнұр.

Бізге тәртіп үйреткен

Ән салдырып билеткен

Таныстырып ең алғаш

Әріптермен суретпен

Ол біздің ұстазымыз.

16-оқушы:Жазира.

Біз бүлдіршін баламыз

Өсіп оймен санамыз

Өнерге жол саламыз

Біріншіге барамыз.

17-оқушы:Жансая.

Есептеуді үйрендік

Әріппен де таныстық

Біздерге мұны үйреткен

Мектеп алды даярлық.

Би:Әдемай Аяжан.

М: Айналайын гүлдерім

Айым менен күндерім

Маған қызық тілдерің

Естен кетпес үндерің

Сендердікі болашақ

Өтер болғын жастық шақ

Озат болып оқыңдар

Ойға білімді тоқыңдар.

Басынан доссың баламен

Бас кітап сенсің Әліппе

Оқысын сені балғындар

Танысқан әрбір сөзіңе

Алғашқы әліппе ұстазы

Тапсырдым балаларды өзіңізге деп келесі сөз кезегін 1 сыныпқа қабылдап алатын Асылбекова Назгүл апайға беріледі.Келесі құттықтау кезегі оқу ісінің меңгерушісі Игісінова Г. апайға беріледі.Ата-аналар арасынан Жеміскүл апайға беріледі.

Құретті ата-аналар,ұстаздар және балалар міне бүгін сендер бір жыл бойы мектеп алды даярлық тобында алған білімдеріңнің жемісін ортаға салдыңыздар.Біздің кешегі сәби бүлдіршіндеріміз оқушы қатарына еніп,сіздердің сенімдерінізден шығатын ұлдар мен қыздар,тәуелсіз еліміздің саналы да білімді азаматтары болады деп сенім білдіремін.Сіздерге сәт-сапар ақ жол тілеймін.Оқуда озат болып ата-аналарыңды қуантып,жүре берініздер.Бүгінгі «Даярлықпен қоштастым,мектебіммен достастым» атты ертенгілігімізді осымен аяқтаймыз.Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге

көп-көп рахмет. H:\img008.jpg



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров89
Номер материала ДВ-484274
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх