Инфоурок Другое Другие методич. материалыӘдеби кеш "Абай-дана,Абай-дара қазақта"

Әдеби кеш "Абай-дана,Абай-дара қазақта"

Скачать материал

 

 

                                                                     Ақсай  негізгі  мектебі

 

                       «Бекітемін»                                                                           «Келісемін»

               мектеп  директоры  :-------------------                                  тәрбие ісінің орынбасары:---------------

                Б.М.Истлеуова                                                                  Г.С. Касимова

 

                                                https://ds03.infourok.ru/uploads/ex/075f/000264d6-f396b4aa/640/img0.jpg

                                        «Абай  дана, Абай –дара қазақта!»

 

3-4 сыныптардағы әдеби-музыкалық композиция

                                                                       Мұғалімі :Бикеева Д.Т.

                                                                     

 

 

                                                                        2016-2017оқу жылы

 

 

Сабақтың мақсаты:

1.      Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәлімет беру;

2.      Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту;

3.      Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының асыл мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу,сөз өнеріне, саз өнеріне деген сүйіспеншілікті ояту;

Сабақтың түрі: әдеби-музыкалық композиция

Сабақтың әдіс-тәсілдері: тіл дамыту,техникалық құралдар көмегіне сүйену.

Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, интерактивті тақта, нақыл сөздер, ақынның портреті, кітап көрмесі.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, музыка

Сабақтың барысы: Сәкен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі орындалады, әуенмен ортаға 2 жүргізуші шығады.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Бүгін ұлы Абай шығармашылығын сүйетін, Абай рухына тағзым етіп, Абайды өзіне ұстаз тұтатын қауым . Иә, әр халықтың ұлағатты даналығы, өнегелі өнері болатыны анық. Олай болса Абай атамыздың рухына арналған кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Егер сіз жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе:

1-2-жүргізуші бірге : Абайды оқыңыз!

1-жүргізуші: Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстарын, қатпар – қатпар сырларын білгіңіз келсе:

1-2-жүргізуші бірге : Абайды оқыңыз!

2-жүргізуші: Тіршіліктің мәңгілік сауалдарына жауап іздеп, ғаламның 18 мың құпиясын білгіңіз келсе:

Үнтаспа Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?

Мұғалім : Ұлы ағартушы , ақын, сазгер Абай өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті. Ендеше, ұлы ақын  Абай  Құнанбаевтың туып - өскен жері, білім алған жерлері туралы не айта аласыздар?

1-оқушы: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамыз күні Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен

2-оқушы:Ауыл молдасынан  арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет-Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе  араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская школада» орысша оқиды.

3-оқушы: Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр  балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған. Әкесі Құнанбай аға сұлтан, болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған.

4-оқушы: Болашақ ақын жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз- әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын.

Абай алғаш өлеңдерін досы Көкпай ақынның атымен жариялап жүрген, 1886 жылдан ғана бастап өз атынан шығара бастаған. Абайдың ғылымға, өлең жазуға белсене кірісуі 40 жасынан.

5-оқушы: А.Құнанбаев  келешек білімде, оқуда деп ұғынған ақындардың бірі. Жастарды оқытуға бар күш - жігерін салған болатын. Абай шығармаларында ғылым, білім тақырыбы кеңінен қозғалады.

Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдеріне кезек берелік. //

"Қыс" Аьжанов Даурен

"Жазғытұры" Жумагулов Рустам

"Жаз" Сармағамбетова Дана

"Күз" Бисеналиев Ринат

6-оқушы: Абай- данышпан ақын.Абай орыс классиктерінің өлеңдерін қазақ тіліне аударып, халқының игілігіне айналдырды.Абай – ұлттық әдебиетте, оның ішінде қазақ поэзиясында көркем аударманы тұңғыш енгізгендердің бірі.

Ақынның әдеби мұрасы ішінде аударма үлгілерінің де өзіндік орны мен салмағы бар.Сан тілмен келтірсек: аудармаға арналған өмірінің 15 жылында Абай үлкен- кішілі 50-ден астам шығарманы орыс тілінен қазақшаға аударыпты. Ол А.С.Пушкиннің « Евгений Онегин» атты әйгілі шығармасынан 7 үзінді, М.Ю.Лермонтовтан 30-ға таяу өлең, И.А.Крыловтан 12 мысал және басқа да авторлардан 7 өлең шамасында аударған.

 Озық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен. Бұл да Абайдың даналығы.

Сахналау

Автор :Жумагулов Рустам

Құмырсқа :Аьжанов Даурен

Шегіртке:Сармағамбетова Дана


И. А. Крыловтан)
Шырылдауық шегіртке 
Ыршып жүріп ән салған. 
Көгалды қуып гөлайттап, 
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жаздыгүнгі жапырақтың 
Бірінде тамақ, бірінде үй, 
Жапырақ кетті, жаз кетті, 
Күз болған соң кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ, 
Өкінгеннен не пайда? 
Суыққа тоңған, қарны ашқан 
Ойын қайда, ән қайда?
Оныменен тұрмады, 
Қар көрінді, қыс болды. 
Сауықшыл сорлы бүкшиді, 
Тым-ақ қиын іс болды.
Секіру қайда, сүрініп, 
Қабағын қайғы жабады. 
Саламда жатып дән жиған 
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп жығылды, 
Аяғына бас ұра:
= Қарағым, жылыт, тамақ бер, 
Жаз шыққанша асыра!
Мұның, жаным, сөз емес, 
Жаз өтерін білмеп пе ең? 
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?
Мен өзіңдей шаруашыл, 
Жұмсақ илеу үйлі ме? 
Көгалды қуып, ән салып, 
Өлеңнен қолым тиді ме?
Қайтсін, қолы тимепті, 
Өлеңші, әнші есіл ер! 
Ала жаздай ән салсаң, 
Селкілде де, билей бер!

2



«Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй»

 деген ақын «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным», «Татьянаның әні», «Айттым сәлем Қаламқас» сияқты әндер шығарып музыка өнерінің дамуына да үлкен үлес қосты. Ендеше Абай танымындағы ән мен күйге кезек берсек.

"Желсіз түнде жарық ай"

Орындайтын :Сармағамбетова Дана

Абай ме Әбіш  (ел аузынан)   САХНАЛАУ

 Наушабай:  Бисеналиев Р

Абай:Ринатұлы С.

Әбіш:Жумагулов Р.

 

Абай мен Әбіш

·                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

      Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол:

-  Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? - деп сұрапты.Абай сәл ойланып отырыпты да:

- Менің Әбдірахман деген балам бар еді. Оны тоғыз жасында Семейдегі орыс мектебіне оқуға бердім. Оны бітірген соң, Петербурға жібердім. Қыс оқып, жаз демалысқа үйге келді. Сұрастырып байқасам, оқуы жақсы көрінеді. Баламның алымдылығын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып:

- Қалқам Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма? - деп сұраған едім. Ол іркілместен:

-  Ақ зат асыл ғой, - деді.

-  Неге, қара зат асыл емес пе? - дедім мен. Әбіш бетіме қарап күлді де:

-  Қараны қалай асыл дейсіз? - деді. Мен:

-  Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен кереді емес пе, - дедім,- Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. Қараның асылдығына осы дәлел. Екіншіден, қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне жазған қара сиядан

өнер-білім алады. Үшіншіден, жас шақта адамның сақал-шашы қара болады. Осыған байланысты жас күнде адамда ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда шаш-сақал ағарады. Ал, адамда ақыл, білім, қайрат та азаяды. сондықтан ақтан қараны асыл ма деп ойлаймын, - дедім.

Сонда Әбіш:

-  Оның бәрін қалай білдіңіз? - деді.

-  Ақылмен білдім, - дедім мен.

-  Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе!

Екіншіден, ақыл - нұр, жарық зат. О да аққа ұқсамай ма? - деді.

Мен баламның тауып айтқан сөзіне риза болып, маңдайынан иіскедім.

2-жүргізуші: Абай-ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі. 
Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. 
(Үнтаспадан қара сөздер тыңдау)

1-жүргізуші: Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары

2-жүргізуші: Абай – дара, Абай – кемел, озат та,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
Бар жазғаны даналық боп саналған,
Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта,-

http://uskz.org/_ld/16/64704963.jpg                                     https://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=2a842521626774a6e2ab1b30f2ef51c2&n=33&h=215&w=287

 

 

 

 

 

                                     

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдеби кеш "Абай-дана,Абай-дара қазақта""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 661 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.06.2017 2721
    • DOCX 796.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бикеева Дина Тыныштыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бикеева Дина Тыныштыковна
    Бикеева Дина Тыныштыковна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 52513
    • Всего материалов: 32

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой