Инфоурок Другое Другие методич. материалыДиктант на тему "Күтпеген батылдық"

Диктант на тему "Күтпеген батылдық"

Скачать материал

Тоғызыншы сынып оқушыларына арналған диктант мәтіндері

 

                                                    Есеннің кірпісі

 

Есеннің үйі зәулім ағаштарға бөленген жап- жасыл бақшаның ішінде. Желдің желпуімен сыбдырлаған жапырақтары бірін- бірі қанатымен қағып ойнағандай әсер туғызады. Кішкентай да желдің лебі шықса, күншығыс жағы жарқылдап, көлеңке жақ бет көкшіл бояуға малынып тұрғандай көркімен таңдандырады. Жаратылыстың таңғажайып құбылыстары Есеннің нәзік қиялын қозғайтын сияқты. Бақтың ішінде болсын, көшеге шықсын, күнделікті көретіні- жапырағы жайқалған, миуасы төгілген әсемдік.Есеннің асыранды кірпісі бар. Ол қараңғы түнде жайнаған электр жарығына таңырқағандай, кішкене тұмсығын шығарып қарап тұрады да, қайтадан жиырылып қалады. Есеннің «Кірпім- кірпім»  деген даусы шыққанда жазылып, тұмсығын шығарып, төңірегін түрткілеп, азығын іздейді.Иесі оның азығын мұқият даярлап қойып, қозғалысын аңдиды. Биылғы қысқы іннен шыққанына кірпіге аз-ақ уақыт болды. Есен бастабында ұсақталған қант түйірлерімен дәніктірді.

Біраздан  кейін қант бермесе, өкпелегендей домаланып жатып алады да, тікенегін үрпитіп  қыңырлық көрсетеді. Тілегенін бере қойса, аяғымен домалатып, аузымен тістелеп қашып, жерге жасырып, неше түрлі әрекет істейді.Есен кейде оның қылығына қызғанып қарап отырып: «тұра, тұр, өкпелемейтін тәртіпке әлі-ақ үйретермін, сені!»- деп, өтірік қабағын шытқан болады.

 (155 сөз)

 

 

 

Күтпеген батылдық

 

       Есен мен Қаби екеуі кітап оқып отырған-ды. Кереуіттің астынан домаланып шыққан кірпі кішкене тұмсығын көтеріп, жан- жағына таңданғандай кейіпке түсті.Онысы қант дәметкен қылығы еді.Есендер елемей сыңай танытқанына ренжігендей болды да, кереуеттің астындағы бәтеңкенің ішіндегі байпақты іліп алып, іргеге қарай сүйрей жөнелді.Міне, ғажап! Кірпі байпаққа шырмала оралып, домалана қалды. Бұл Есеннің бұрын-соңды көрмеген де, күтпеген де ісі.Есен ұнтақтаған қантты маңайына шашырата шашып еді, кірпі тұмсығын қылтитып қантқа қарай ұмтылды.

    Бірде есен ысқырғандай ма, әлде ысылдағандай ма, белгісіз дыбысты естіп, төсектен басын көтерді.Көтерілген күннің шұғыласытерезе алдындағы гүлдің жапырақтарын түйреп өтіп, төңірекке себіліп тұр екен. Есеннің көзі аннадайда ұстасып жатқан кірпі мен жыланға түсті. Жыланның аузы ашылып, сумаңдай жан- жағына айбат шеккенін көргенде, оның денесі тітіркеніп кетті. Жылан жиырыла түсіп, кірпіге айыр тілін сумаңдатты. Бір- екі рет басын кірпінің денесіне таятып барып, қақшаң еткізді. Кірпі жыланның кірпігінен тістеп алыпты да, өшіге ысылдап, тікенегін барынша үрпитіп алып, бүлкілдете кеміріп жатыр.Біршама уақыт өткен соң, жылан басын көтеріп, аузын аңқита ашып, қайратынан айрылып сылқ түсті.

(156 сөз)

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Диктант на тему "Күтпеген батылдық""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 272 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2017 1854
    • DOCX 12.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Насретхан Лаура Насретханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Насретхан Лаура Насретханқызы
    Насретхан Лаура Насретханқызы
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 39319
    • Всего материалов: 22

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Религиозно-философские традиции Китая

Перейти к трансляции