Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Доклад на тему: "Применение ИКТ на уроках физики"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Физика

Доклад на тему: "Применение ИКТ на уроках физики"

библиотека
материалов

ФИЗИКА САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Шарбану Толыбайқызы Баекеева

Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің

физика пәні оқытушысы


Оhello_html_m9494ad1.jpgқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру - қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. [1]

Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез - құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада «Е-learning» электронды оқыту жүйесі бойынша білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен оқушыларды ең жақсы білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді. [2]

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.

Физика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру атты баяндамамда қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіндігі туралы баяндалады.

Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.

Физика сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану-дың тиімділігі:

  • оқушының өз бетімен жұмысы;

  • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

  • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

  • шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

  • экономикалық тиімділігі;

  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

  • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

  • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.

Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу – оқытушыға сабақта физикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстармен зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді.

Электрондық оқулықтың тиімділігі зор. Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипломдық жобаларға нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы.

Оқытушы үшін электрондық оқулық – бұл күнбе - күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.

Қазіргі таңда мен өз тәжірибемде оқушыларға физика сабағында электрондық оқулықты пайдаланып келемін. Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, заңдары мен анықтамалары, түсініктеме сөздігі мен қазақша – орысша сөздік, кестелер, ғалымдардың өмірбаяндары, жаттығулар мен есептер, бақылау жұмыстары қамтылған. Тараудағы оқу материалдары бойынша берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға физикалық құбылыстарды көрсете отырып, түсіндіруге ыңғайлы.

Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне қарай пайыздық көрсеткішпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.

Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу-әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар зерттеуге құштар, өзі белсенді жеке жұмыс істей алады. Оқытушының жұмысын жеңілдетіп, оқушыны жалқаулықтан құтқарады.

Электрондық оқулықтың бағалық - нәтижелік бөлігі тесттер арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы диаграмма түрінде өзінің білім деңгейін көре алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үрдісінде кеңінен енуі оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамыта отырып, электрондық оқулық көмегімен олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.

Оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын электрондық оқулықпен сабақтар жүргізудің негізгі міндеттері оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын игеру жүйесін жетілдіру, оқыту үрдісінде теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттері арқылы танымдық қабілеттерін белсендіру, танымдық қызығулары арқылы оқуға деген мотивациясын дамыту, оқу материалын игеруде және оқу іс-әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру, өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру, оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану, әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу. Осы міндеттер негізінде дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы дамуына жәрдемдесетін оқу тобында оқытушылар мен оқушылардың күш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы әрекеттестік ұстанымы мен жеке тұлғалық түсінісушілік негізінде іске асырылуы, шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты дамуына ынталандыруды көздеген әр түрлі әдіс-тәсілдерінің кең қолданылуы (диалог-сабақтар, есеп талдау, әр түрлі тәсілмен шығару, кері есеп құрастыру, есепті тексеру, пікірталас, іскерлік ойын сабақтары, т.б), балалардың эмоционалды-сезімділік және абстрактілі,қисынды ой құрастыруын дамытуға ықпал етілуі, танымдық қызығуын арттырып және білім алу нәтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп бағалау, өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өзіндік бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы сияқты ерекшеліктері де бар.

Электрондық оқулық пән оқытушылары үшін бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны сабақта қолдану оқытушының шығармашылықпен жұмыс жасауына, белсенділігін арттыруына мол мүмкіндік береді.

Білім беру ұйымдарының даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған бағдарламалық құрал.

Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру жәнеақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелер. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол - оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.

Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты - оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.

Пән оқытушылары білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамыту бағытында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындарының оқу - тәрбие үрдісін ақпараттандыру мен барлық пәндерге ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану және өз пәнін оқытудың сапасын арттыру жағдайында олардың ақпараттық құзырлылығы қалыптасқан тұлға болуы қажет.

Басқаша айтқанда, бұл кеңістікке ең алғаш еніп, оны жүйелі және кәсіби бағытта енуін қамтамасыз ететін мұғалім. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.

Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру.

 «Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» - деп Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқу - тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

  2. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

  3. Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл

  4. «Физика және астрономия» журналы №4, 2007 жыл

  5. «Физика» журналы №6, 2006 жыл
















АВТОР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ


Автордың аты – жөні

Баекеева Шарбану Толыбайқызы

Жұмыс орны, қызметі

Қазалы аграрлы – техникалық колледжі, әдіскер

Туған күні, айы, жылы

9 тамыз 1978 жыл

Қызметі (мамандығының толық шифры), осы қызметте қашаннан жұмыс істейді

Физика пәнінің мұғалімі, 2011 жылдың 1 қыркүйегінен әдіскер

Педагогикалық өтілі

14 жыл

Әдіскер ретінде жұмыс өтілі

4 жыл

Базалық білім (қай жылы, қай білім мекемесін бітірді)

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті, 2001 жыл

Атағы, ғылыми дәрежесі, марапаттаулары

  • «Жыл әдіскері» облыстық байқауы «Жаңашыл әдіскер» номинациясы бойынша Қызылорда облысының білім басқармасының Дипломы (2015)

  • Қызылорда облысының білім басқармасының құттықтауы (2014)

  • Қазалы ауданы әкімінің Алғыс Хаты (2013)

  • Қызылорда облысының білім басқармасының Құрмет грамотасы (2013)

  • Қазалы қаласы әкімінің Алғыс Хаты (2013)

  • Қызылорда облысының білім басқармасының І дәрежелі дипломы (2013)

  • Қазалы аграрлы – техникалық колледжі әкімшілігінің Алғыс Хаты (2013)

  • Қызылорда облысының білім басқармасының Алғыс Хаты (2013)

  • Қазалы ауданы әкімінің Алғыс хаты (2012)

  • Қазалы аудандық «Қазақ тілі» қоғамының Алғыс хаты (2012)

  • «Кәсіптік лицейлердің үздік әдістемілік қызметі» атты облыстық байқауда жүлделі І орын иеленгені үшін Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының (әдіскері Шарбану Баекеева) І дәрежелі дипломы (2011)

  • Қазалы ауданы әкімінің Құрмет Грамотасы (2011)

  • Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының Алғыс Хаты (2011)

  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті ректоратының Дипломы (2011)

  • Қызылорда облысы білім басқармасының Алғыс Хаты (2011)

  • Облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының Алғыс Хаты (2010)

  • 8 КЛ кәсіподақ ұйымының Құрмет Грамотасы (2010)

  • «Үздік пән кабинеті – 2009» байқауының І дәрежелі дипломы (2009)

  • Информатика пәні мұғалімдерінің облыстық «Алтын диск» байқауының «Әдіскер оқытушы» номинациясы бойынша дипломы (2008)

  • «Үздік оқытушы-2008» байқауының бас жүлдегері, мектеп әкімшілігінің Құрмет грамотасы (2008)

  • «Үздік топ жетекшісі-2007» байқауының І дәрежелі грамотасы (2007)

  • Аудандық «Ең үздік бейне сабақ – 2006» байқауының Құрмет грамотасы (2006)

  • Қазалы аудандық білім бөлімінің Алғыс Хаты (2006)

Басылымдар (басылым атауы, қайда басылды)

1. «Кәсіптік білім беру сапасының өзекті мәселелері және шешу жолдары» облыстық ғылыми – практикалық конференциясы/ Материалдар жинағы. – Қызылорда: Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты, 2009 ж – 164 б. «Кәсіптік лицейде ақпараттық технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру» /5 бет, 110-114 б./

2. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 100 жасқа толуына орай «Орта кәсіптік білім беру жүйесінде патриоттық тәрбие берудің өзекті мәселелері» атты облыстық ғылыми – тәжірибелік конференциясы/ материалдар жинағы. – Қызылорда: ҚР БҒМ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің колледжі, 27 сәуір 2010 ж – 175 б. «Оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмнің негізгі құндылықтарын қалыптастыру» /6 бет, 94-99 б /

3. «Қызықты калейдоскоп» физикалық ойыны Сабақтан тыс жұмыс «Физика Қазақстан мектебінде» республикалық ғылыми - әдістемелік жүрналы, №6-2010 ж. – 44 б. 5 бет, 30-34 б.

4. «Кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды мемлекеттік тілде пайдалану (№8 кәсіптік лицей тәжірибесіне талдау)» Баяндама «Павлодар облысындағы тіл саясаты: аймақтық жүзеге асыру» атты республикалық ғылыми – практикалық конференциясы /Материалдар жинағы. – Павлодар: С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті, 2010 ж – 394 б. 7 бет, 82-88 б.

5. «Кәсіптік лицейде Қазақстан Республикасы Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыруды ұйымдастыру» Баяндама Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан педагогикалық ғалымдар академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әли Мүсілімұлының 70 жылдығына арналған «Сапалы білім беру – Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізі» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясы/ Материалдар жинағы.-Қызылорда: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті, 2011 ж – 245 б. 4 бет, 219-222 б.

6. «Физика сабағында оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру» Баяндама «Техникалық және кәсіби білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыру: нәтижелер мен жаңа мүмкіндіктер» атты облыстық педагогикалық оқуы/ Материалдар жинағы. – Қызылорда: Облыстық білім басқармасы Облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты, 2011 ж – 200 б. 4 бет, 95-98 б.

7. «Ақпараттық технологияларды мемлекеттік тілде пайдалану» Ғылыми - әдістемелік мақала «Қазақстан мұғалімі» республикалық газеті, №11-12, 11 мамыр, 2011 ж. 2 бет

8. «Кәсіптік білім беруде ақпараттық тенологияларды мемлекеттік тілде пайдалану» Ғылыми - әдістемелік мақала «Оқытуда мультимедияны пайдалану» республикалық ғылыми - әдістемелік журналы, №3, 2011 ж 3 бет, 20-22 б.

9. «Тәрбие тұжырымдамасын іске асыру» Ғылыми - әдістемелік мақала «Қазақстан мұғалімі» республикалық газеті, №19-20, 30 тамыз, 2011 ж. 1 бет

10. «Фотоэффект» Сабақ жоспары «Физика Қазақстан мектебінде» республикалық ғылыми - әдістемелік жүрналы, №6-2011 ж. – 44 б. 3 бет, 5 – 7 б.

11. «Ұстаздықтың ұлылығын ұқтырған» Ғылыми - әдістемелік мақала «Қазақстан мұғалімі» республикалық газеті, №9-10, 31 мамыр, 2011 ж. 1 бет

12. «Биіктеп ғылым отауын» Ғылыми - әдістемелік мақала «Қазақстан мұғалімі» республикалық газеті, №23-24, 29 қазан, 2011 ж. 1 бет

13. «Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары» Баяндама «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің педагогикалық оқуы/ Материалдар жинағы. – Қызылорда: Қызылорда облысының білім басқармасы Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет), 2013 ж – 196 б. 3 бет, 155-157 б.

14. «Электрондық оқыту жүйесі» Ғылыми – әдістемелік мақала «Қазақстан мұғалімі» республикалық газеті, №7-8, 27 сәуір, 2013 ж 1 бет 4 б.

15. «Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары» Ғылыми – әдістемелік мақала «Мектеп директоры» республикалық ғылыми - әдістемелік журналы, №2, 2013 жыл 2 бет, 9-10 б

16. «Дуальдық оқыту жүйесінің тиімділігі» Баяндама «Білім беру философиясы: маңыздылығы және мәселелері» философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Қожамберлиевтің 60 жылдығына арналған облыстық ғылыми – практикалық конференцияның материалдар жинағы. – «Өрлеу» біліктілікіті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, 2015 ж – 274 б. 3 бет, 39-41 б.

Мекен - жайы

120409

Қызылорда облысы

Қазалы қаласы

Ү.Түктібаев көшесі, №56 үй

Жұмыс телефоны: 8(724-38)-5-13-61

Үй телефоны: 8(724-38)-5-12-96

Ұялы телефоны: 8 701 279 72 27

Электрондық пошта

sh_baekeeva@mail.ru

Сайты

http://sharbanu-baekeeva.jimdo.com/


Автор
Дата добавления 25.11.2015
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров115
Номер материала ДВ-189874
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх