Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыДоклад на тему «Шағын жинақталған мектептерде ағылшын тілі пәнін оқытудың өзектілігі»

Доклад на тему «Шағын жинақталған мектептерде ағылшын тілі пәнін оқытудың өзектілігі»

Скачать материал

«Шағын жинақталған мектептерде ағылшын тілі пәнін оқытудың өзектілігі»

Қазақстан Республикасының білім беру саласында барлық  деңгейде сапалы білім алуға кең қолжетімділікті қамтамасыз ететін, ұлттық модельді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты мақсаты.  Сапалы білім әрбір оқушыға оның тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, табыс көзіне, мектептің түріне  қарамастан тең дәрежеде берулі тиіс. Сол себепті де бүгінгінің ұрпағы біздің болашағымыз екенін ұмытпағанымыз жөн. Қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттеріннің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педадагогикалық технологияны меңгеру, сабақ үдерісінде түбегейлі жүзеге асыру.

Қазіргі таңда түрлі жастағы топтардағы білім беру үрдісін ұйымдастыру шағын жинақты мектептердегі оқыту жүйесін ізгілендірудің басты міндеттерінің бірі болып табылады.  Оның себептері де аз емес. Егер статистикалық деректерге сүйенетін болсақ  Қазақстандағы жалпы білім беретін ұйымдарының  барлық саны  7576 болса, оның 4288-і – шағын жинақталған мектеп, соның ішінде  ауылдық жердегі мектептердің  68,6 %-ы шағын жинақталған мектеп болып табылады. Бұл мәселе бізді де сырт айналып кеткен жоқ. Себебі  Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылында орналсқан  М. Ломоносов атындағы орта мектебі де шағын жинақталған мектептер қатарына жатады.Мектепте бастауыш  2,3, 4- орыс сыныптары мен орта буында 6-7- сыныптары біріктіріліп оқытылуда.

Сонда шағын жинақталған мектеп  дегеніміз не? Онда сабақ берудің қандай өзгешеліктері мен қиындықтары бар?

Біріншіден шағын жинақты мектеп – бұл оқушылардың саны аз, біріктірілген сыныптардан тұратын ,оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар жалпы білім беретін мектеп.

Шағын жинақталған мектепте сабақ берудің қиыншылықтарына  тоқталатын болсам,  мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен қатар жұмыс жасауға міндетті. Сонымен қатар сабақ беретін сыныптарға  сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс әрі тиімді пайдалану кіреді. Кей  жағдайда  бір сыныпқа сабақты сапалы жүргізуге 45 минут уақытымыз жетпей жатса, бұл жерде 45  минутты екі немесе үш сыныпқа тең дәрежеде бөліп, тиімді әдіс- тәсілдерді пайдаланып, сапалы білім берілу қажет.

Шағын жинақталған мектепте кез келген пәнді оқытудың өзіндік ерекшелігі мен  оқу- тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуы басты назарда. Ағылшын тілі пәнін оқыту да тысқары қалып жатқан жоқ. Шағын жинақталған мектепте ағылшын тілін оқытудың негізгі  мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.

Мектеп  “Білім беру жүйесінің даму кезеңіне сәйкес озық инновациялық және электронды оқыту технологиясын түбегейлі жүзеге асыру арқылы бәсекеге қабілетті, рухани озық ойлы, білімі жан- жақты дамыған құзырлы тұлға қалыптастыру”  өзекті тақырыбы негізінде  жұмысты ұйымдастырса, өзім    ағылшын тілі пәнін  “Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші \базалық\ деңгейде берілген жеті модульді сабақта  тиімді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып білім сапасын көтеру” өзекті  тақырыбы бойынша оқытудамын.

      

         Шағын жинақталған мектепте өзіндік жұмысқа  уақыттың 2/3 бөлігі, ал мұғалімнің көмегімен жұмысқа уақыттың  1/3 бөлігі жұмсалады. Сондықтан да білім сапасын арттыру үшін сабақ үдерісіне педагогикалық, инновациялық әдіс- тәсілдері енгізген жөн.  Жоғарыда атап кеткен өзімнің өзекті тақырыбым аясында  2 жыл қатарынан жұмыс істеудемін. Кембридждік оқыту тәсілі негізінде жатқан жеті модульді сабақтарымда тиімді қолданудың арқасында 6,7 «Б» сыныптарының білім сапасы едәуір артқаны байқалда.

2013-2014 оқу жылының І тоқсанында 5 «Б» сыныбында білім сапасы 0 пайыз болса, 6 «Б» сыныбында  да 0  пайыз болды,  ал 2014-2015 оқу жылының І тоқсанның қорытындысы бойынша 6 «Б» сыныбы 100 пайыз, 7 «Б» сыныбында 33  пайыз білім сапасын көрсетіп отыр.

        Бір уақытта екі сынып қатар отырғанда уақыттың көбі әдетте өзіндік жұмысқа  жұмсалады, сол сыныптардың тақырыптары күнтізбелік- тақырыптық жоспарға сай бір- біріне жақын болып іріктеледі.

Мәселен, 6 - сыныпта «Food and drink», 7- сыныпта «Eating in Britain» жаңа сабақтары.

Сабақтың тақырыбы

Негізгі сабақ мақсаттары

 

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

1

Eating in Britain.

7- сынып

Саналатын және саналмайтын зат есімдер жайлы білім алады, тамақтар мен сусындар атауымен танысады.

Топтық жұмыс, жеке жұмыс, постер құру, «Топтастыру», кері байланыс «Смайлик», бағалау «Бағдаршам»

Food and drink.

6- сынып

 жеке жұмыс, постер құру, «Топтастыру», кері байланыс «Смайлик», бағалау «Бағдаршам»

 

 

Екі сыныпта да сабақ жаңа сабақ болғандықтан және екі сыныпта да саналатын және саналмайтын зат есімдер, much, many, some, any, few, little грамматикалық тақырыбы, сонымен қатар тамақ атаулары енгізілетіндіктен, тақырып екі сыныпқа қатар түсіндіріледі. Тақырып түсіндіріліп болғаннан кейін, 7- сыныпқа мәтінде берілген сөздер бойынша «Топтастыру» тапсырмасы топпен орындауға, 6- сыныпқа «Топтастыру» берілген сөздермен жеке оқушыға орындауға беріледі. Екі сынып бірін- бірі тексеріп, «Бағдаршам» әдісі арқылы бірін- бірі бағалайды, бағалау парақтарына бағаларын қояды. Екі сыныпқа да зат есімдерді саналатын және саналмайтын зат есімдер деп екі топқа бөліп жазу тапсырылады, бұл тапсырма жекелей орындалады. «Сағат тілімен дос» тәсілі арқылы бірін- бірі тексереді, «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды, әр оқушы өз бағасын бағалау парағына қойып алады. Екі сынып бірлесіп  «Fruit, vegetables, drinks, other food» постерін құрып, мұғалімге қорғайды, мұғалім  жұмыстарын  стикерлер арқылы бағалайды. Сабақ соңында оқушылар  сабақтың өтілуін және өздерінің жұмыс жасауларын «Смайлик» арқылы бағалайды. 

  Біріккен сыныптарда оқытудағы нновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та,  олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.

Қолданылған әдебиеттер:

-               Қазақстан Республикасында Шағын жинақталған мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы. Астана, 2010 жыл.

-               Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігінің 23.08.2012 жылғы № 1080 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру стандарты.

-               «Академия малокомплектных школ Республики Казахстан КазНПУ им. Абая»., http://vsa.kaznpu.kz/. 

-               Сманов К.Б. "Современные технологии обучения и воспитания в малокомплектной школе", http://kollegi.kz/. 

-               Рақымжанова С.Қ. «Шетел тілін оқыту әдістемесі», 2007ж, №5.–78 б.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему «Шағын жинақталған мектептерде ағылшын тілі пәнін оқытудың өзектілігі»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Копирайтер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 291 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.11.2015 1313
    • DOCX 70.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Aбраимова Еркежан Мураткановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Aбраимова Еркежан Мураткановна
    Aбраимова Еркежан Мураткановна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10206
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания немецкого языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 404 человека

Курс профессиональной переподготовки

Французский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель французского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 161 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания иностранных языков: английский, немецкий, французский

Учитель иностранного языка

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 102 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек