Инфоурок Другое СтатьиДоклад Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Доклад Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Скачать материал

    ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ОБЫЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

АЛМАТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА

М.МАҚАТАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН

ОҚЫТУДА СКТ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»

ТАҚЫРЫБЫНА

Әдістемелік баяндама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті, Кәсіптік

қазақ тілі пәнінің оқытушысы

Марденова  А.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

ПЦК отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама № __ «____»____________2015 ж.                            

ПЦК  төрағасы__________ Т.Е.Нургазиев

 

 

АЛМАТЫ, 2015

                Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім жүйесіндегі алға басудың негізгі факторы .

          Қазіргі кезде  педагогикалық қызмет табиғатында шығармашылықты талап ететіні барлығымызға түсінікті. Адамның шығармашыл мүмкіндіктерінің дамуы тұлғаның интеллектуалды, эмоциялық, рухани потенциалының баюына, өзін-өзі жетілдіруге, танытуға ұмтылуға нақты жағдай туады. Осыған байланысты ұстаздардың кәсіби дайындығының мақсаты да өзгереді. Кәсіби құзіреттіліктің қалыптасу процесі кәсіби білімнің, біліктің, іс-әрекеттің қалыптасуын қамтиды, ұстаздың жалпы мәдени дамуын, өзінің көзқарасының және тұлғалық кәсіби құнды қасиеттердің қалыптасуын қамтиды.
          Білім беру құзіреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субьектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Студенттерді сыйлау, олардың құқығын, ар-намысын  сыйлау.  Мұғалімнің өз жұмысына ықылассыздығы,  жүрдім - бардым қарауы студенттерге тікелей әсер етеді. Талап қоя білмейтін, оқу процесін ұйыдастыра алмаған мұғалім ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмақ емес.

         Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік – экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті. Бұл мынандай фактілерге байланысты:

оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану,

топтық жұмыс дағдыларын дамыту,

әрекеттерге үйрету,

нақты ситуацияларды талдау.

         Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек.  Кез – келген ұстаз «Балалар құқығы туралы заңды» және Конвенцияны әрқашан басшылыққа ала отыруы шарт. Бала құқығын сыйлау баланың құқықтық санасын көтеруге, құқықтық тәрбие беруде маңызы зор. Құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен Қазақстан жағдайында баланың құқықтық түсінігін ерте қалыптастыру қоғамның болашақ тәртіпті, тәрбиелі азаматтардан тұратындығына кепіл болады.[2]

         Қазіргі және бұрыннан қалыптасып кеткен  көзқарас бойынша мұғалім тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт. Қоғамдағы саяси-экономикалық, құқықтық жағдайларды, әлеуметтік мәселелерді талдай білетін, оны оқушылар игергенде бір саты алда бола білуі керек. Яғни, өз пәнінің айналасында ғана қалып қойса, балаға білім мен тәрбие беруде биік мақсаттарға   жете алмайды.

   Өз ісінің кәсіби маманы болу қай мамандықтың иесіне болсын қойылатын басты талап.

Дәстүрлі мұғалім «жеткізуші»,  ал оқушы «қабылдап алушы» немесе мұғалім дайын піскен мәліметті беруші, ал оқушы оны дайын күйінде қабылдап алушы схемасы дәл қазіргі нарықтық бәсеке заманында  мүлде тиімсіз. Нарықтық бәсекелестік мектепке, мұғалімге қатысы жоқ деп ойлайтындар қателеседі. Мұғалім жалпы стандарттық талаптармен бірге, нағыз сыншы алдындағы оқушылардың талабы мен сынына төтеп бере алуы керек. Кәсіптік білімі төмен мұғалімді балалардың өткір сынының өзі–ақ, оның кәсіби шеберлігін үнемі қажетті деңгейде ұстауына әсер етеді. [4]

          Әр ұстаз өз шәкірттерінің білімінің неғұрлым жоғары болуын, салыстыру, талдау, қорытынды жасау  және  ойлау қабілетінің шығармашылық тұрғыда кең болғанын армандайды. Осы тұрғыда мектеп ғылыми зертханаға айналып отыр, өйткені оқушы мен

оқытушы шексіз шығармашылық ізденісте. Бұл  қазіргі заманның талабы. ХХІ ғасыр қазақстандықтар алдында  жаңа талап қойып отыр. Ең бастысы – әр адам (маман) өз ісінің шебері болуы керек. Қазіргі қоғам  жастардың білікті маман болуды талап етеді. Сондай – ақ қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, салт – дәстүрін, әсіресе мемлекеттік тілді жақсы

білуі керек.   Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын байыту, тілін дамыту, яғни олардың тіл туралы білімін ғана меңгеру емес, қазақ тілінде сөйлеуге, пікір алысуға үйрету – қазақ тілі мұғалімінің негізгі міндеті.

          Осыған байланысты әр мұғалім белгілі бір педагогикалық технологияны пайдаланып, жұмыс  істейді. Мен Н.Оразақынованың сатылай кешенді талдау технологиясын қолданамын.

          Технологияның басты  принциптерінің  бірі -  әр студенті жеке тұлға  ретінде  қабылдап, оның барлық  танымдық қасиеттерін  дамыта  отырып  білім  беру.  Ал осы  мәселені тереңірек  қарастырсақ.

          Технология  дегеніміз не ?

        «Технология» - грек сөзі. Ол «techne» - өнер, шеберлік  және «logos» - ғылым деген екі  ұғымнан тұратын сөз. Технология шеберлікпен өнім алу, соңы нәтижеге  жету, белгілі бір жоба, модульмен  оқыту деген ұғымға сай.  Студенттердің жылдам әрі жүйелі талдау дағдыларын қалыптастыруда өз ойын жинақтап айтуға, дәл, нақты жауап беруге, қандай орта болсын өзін еркін сезінуге мүмкіндік береді. Бұл  технология шығарманың табиғилық, түсініктілік, ғылымилық, жүйелілік, бірізділік, көрнекілік, саналылық пен белсенділік ұстанымдарын басшылыққа алады.

Сатылай кешенді талдау дегеніміз - оқыту мақсаты, міндеттері, тәсілдері, өзіндік ерелшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізі сатылай, жүйелі, кешенді  меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай қолдана білуге машықтандыра оқыту.

                Сатылай кешенді талдау технологиясының мақсаты:

 1. Шығармашылық материалдарды студентке ғылыми негізде меңгерту.              

2. Кез келген шаршы топта өз ойын шешен де шебер жеткізе білуге машықтандыру. Сол арқылы әр оқушының өз ана тілінің құдіретін басқаға таныта, бағалай білуге баулу.

3. Түрлі шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы студенттерді іскерлікке, тапқырлыққа баулу:

4. Әдеби шығармаларды сауатты, жоғары деңгейде, шығармашылықпен орындай білуге төселдіру.

5. Қазақ әдебиетінің сөз байлығын терең игерту арқылы, әр  шығарманың 

сюжеті мен қолданыстағы ерекшелігін көрсету, сөз сырына бойлату арқылы танымдық дүниесін қалыптастыру.

6. Топ бойынша әдеби шығармаларды талдау.

СКТТмен оқытуда мұғалім мен студент қарым қатынасы жаңа қағидаларға негізделеді. Олар: ынтымақтастық, түсіністік, әріптестік секілді қасиеттер. Бұл технологияның маңыздылығы, тағы бір ерекшелігі оқушыларды «жақсы», «жаман», «орташа» деп бөлмей тек материалды өте жылдам, баяу, қабылдауына қарай тапсырманы он деңгейге икемдеп барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтады.Ал деңгейлер төмендегідей болып бөлінеді:

1-деңгей:

Бұл деңгейде студентпен мұғалімнің іс-әрекеті қатар жүреді: жазу, дауыстап айту, есту, көзбен көру, естіген нәрені ұзақ есінде сақтау, яғни коммуникативті әрекеттер орындалады.

2-деңгей:

Бұл деңгейде іс әрекет аталым-жазылым- түрінде жүзеге асады.Студент талдауды ауызша толық баяндап жазуға, талдаудың қысқаша түрін қолданады.Ал дұрыс баяндауға қажетті толық үлгісі сөйлем құрылысы алдыңғы сатыда үйретілген.

3-Бұл деңгейде тілдік қатынас айтылым-жазылым-тыңдалым әрекеттері қатар жүреді. Бұл талдау күрделілігімен ерекшеленеді де студенттерді ой ұшқырлығына баулау, танымдық дүниесін кеңейту көзделеді.

4-Тілдік материалды жазылым бойынша символдар арқылы ықшамдау принципы мен өрнектеу, айтылым бойынша ауызша толық талдау жүргізіледі. Бұл деңгейде студенттер алдыңғы білім-білік дағдыларын жинақтап, сауатты әңгіме әдісі қолданылады.

5-Диалог арқылы талдау. Бұл деңгейдегі талдау үлгілері ауызша орындалады.Студенттер бұл талдау арқылы аңғарымпаздыққа, әріптесінің жауабын мұқият тыңдауға, ойын ары жалғастырып кетуге дағдаланады. Мұндай талдау көбінесе ойын түрінде жүргізіледі.

6-Жад жазу. Бұл деңгейде СКТ арқылы студенттердің меңгерген теориялық білімді жадқа жазу: теориялық білімді меңгеру, орфоргафиялық саттылық, пунктуациялық белгілерді дұрыс қоюын байқаймыз және қорытынды шығарамыз.

7-Уақытқа талдау: «өте жылдам»-3 минут; «жылдам»-5 минут; «баяу»-3 минут;

8-Компьютерлік талдау;

9-Ашық тест

10-Шығармашылық жұмыс;

СКТда студент ғылыми тілде сөйлеуге үйренеді, қарапайымнан күрделіге, уақиғаны сатылап түсіндіре алып, тұжырым жасауға үйренеді, студентті болжамнан сөйлеуден құтқарады.

СКТТ ның мақсаты:

1-Барлық студентті табысты оқыту, білім – білік дағдысын қалыптастыру

2-Білім алуға деген ынтасымен іскерлігін арттыру, оқу танымдылық белсенділімен оқытуды жеделдету;

3-Шығармашылық қабілеттерін дамыту және ғылыми ізденіске жетелеу;

Міне, осы жоғарыда айтылған СКТТмен 2011 жылы Н.А. Оразахынованың «Прақтикалық қазақ тілі», «Әдебиет сабағында сатылай кешенді талдау технологиясы» атты кітабы арқылы таныстым. Сабақтарымда технологияның тиімділігін ұғынған соң қолдана бастадым. Әдебиет сабағының күре тамыры көркем мәтінмен жұмыс жасау деп есептейді. Оның ерекшелігі сол — ол студенттердің жүрегіне, сезім қылына әсер етуі. Студенттермен бірге көркем шығармамен жұмыс істей отырып, олардың ойлануына, толғануына, пікір айтуына ықпал жасайды. Сөз құдіретін баяндау, түсіндіру жолымен емес, ондай інжу- маржанды студенттің өзіне таптыру, сөзбен жұмыс істей алуға, мазмұнын игерту барысында жанды байланыста болу, логикалық ойын жеткізуде ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру сияқты жұмыстарға баса назар аударады. Шығармашылық жұмыстарды (пікір алмасу, табиғатқа өзінше сипаттама беру, екі шығарманы салыстырып пікір айту) орындатып, ой қорытындыларын жасатады.

Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы әдебиеттен теориялық білімдерін нығайтуға, студенттердің танымдық деңгейін көтеруге мол септігін тигізеді. Студенттердің сөздік қорын молайтуға поэзия тілін ұғынуға үйретеді. Сонымен қатар, белгілі ақын-жазушылардың еңбектерін саралай алуға дағдыландырады, студенттерді шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландырады.

Белгілі ұстаз-ғалым М.М. Поташник: «Әр мұғалім өзінің бағыты мен қойған мақсатына байланысты мемлекет пен қоғамның сұраныстарына, ғылым мен техниканың дамуына байланысты технологияны таңдай білу қажет», – деп атап көрсеткен. Қазіргі кезде мемлекетімізде де, Ресейде де, шет елде де түрлі авторлар әртүрлі инновациялық технологияларды заман талабына сай деп ұсынып отыр. Бірақ кез келген технологияны білім беру және тәрбиелеу жүйесіне ендіріп лайықтандыру оңай іс емес, себебі кейбір технологиялар білім беруде тиімді болғанымен, студенттерді заман талабына сай тәрбиелеу жүйесіне сәйкес етпей, білім беруде де қайшылықтары көп кездеседі. Ал бұл процессті тиімді ұйымдастырудың бірден бір жолы – Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясын білім беру және тәрбие жүйесіне толығымен енгізу болып табылады.

Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығы

 Білімділік мақсаты: Студенттерге ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру;

Дамытушылық мақсаты: Студенттердің тіл байлықтарын, сөйлеу мәдениеттерін дамыту,әдеби сөйлеуге машықтандыру;

Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу,сатылай кешенді талдау

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:  интербелсенді  тақта,оқулық

Сабақтың барысы:

І. ҰЙЫМДАСТЫРУ  КЕЗЕҢІ

      Студенттермен сәлемдесу, түгендеу,  кабинет тазалығы, студенттердің сабаққа қатысуын тексеру.

ІІ. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ

«Шашу» ойыны. Ортаға сұрақтар салынған қағаздарға оралған конфеттер шашылады.Студенттер оларды теріп алып, сұрақтарға жауап береді.

   2.1.Есенберлин өмірі мен шығармашылығы

       1. Жазушы қай шығармасы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды?

       2. Жазушының романдарын ата?

       3. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясынан басқа қандай кітаптары бар?

       4.Алғашқы өлеңі қашан жарық көрді?

       5. І.Есенберлиннің шығармашылық өмір жолын баяндаңыз.

       6.Жазушы қай жерлерде қызметтер атқарды?

       7.Дастандарын атап беріңіз.

   2.2.«Көшпенділер»трилогиясының мазмұны.

    1.”Көшпенділер” трилогиясы қандай кітаптардан тұрады?

    2.”Жанталас”романы қай жылы шықты?

    3. “Қаһар”романы қай жылы жарыққа шықты?

    4.”Алмас қылыш” романы қашан шықты?

   Ілияс Есенберлин- туған халқының ұзақ тарихын көркем шежіреге айналдырған қайратты қаламгер.Атамекеннің төрт ғасырлық тағдырын  терең де табиғи қалпында жан-жақты тебірене суреттеген ірі дарын иесі.

ІІІ. ЖАҢА САБАҚ

Ой шақыру

  3.1. М.Мақатаев өмірі мен шығармашылығы

          М.Мақатаев 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы,Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның азан шақырып қойған аты-Мұхамедқали.Анасы –Нағиман оны Мұқағали деп атап кеткен.Шет тілдер институтында оқыған.Қазақ радиосында, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында қызмет істеген.Ең алғашқы кітабы «Ильич» поэмасы 1964 жылы жарық көрді. «Армысыздар,достар» (1960), «Қарлығашым,келдің бе?» (1968), «Мавр»(1970), «Дариға-жүрек» (1962), «Аққулар ұйықтағанда» (1974), «Чили, шуағым менің» (1975), «Өмір-дастан» (1976) атты кітаптары оқырманға жақсы таныс.Ол қайтыс болған соң «Өмір-дастан» (1976) атты кітабы жарық көрді.Әкесі Сүлеймен Мұқағалидың 10 жасында соғысқа аттанып,қайтып оралмайды.Соғыста ерлікпен қаза табады.Әкесін сағынып бала Мұқағали алғаш 10 жасында «Әке», «Қырман басында» өлеңдерін жазады.

1976 жылы 27 наурызда  ауыр науқастан ауруханада қайтыс болды.    

2011 жылы ақынның 80 жылдық мерей тойы туған жері Қарасаз ауылында тойланды.

 3.2.Ақын өмірінің кезеңдеріне хронологиялық талдау жасау

     М.Мақатаев

1931 жылы, 9ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы,Қарасаз    ауылында туған.

1948 -49 жылы Қаз МУ филология факультетінің студенті;

1948 жылы- оқуын тастап,Шибұт ауылында ауылдық кеңес хатшысы;

1949 жылы –көктемде жары Лашынмен отау құрады.

1949 жылы-«Советтік шекара» газетінде ақынның «Қырман басында», «Қойшы бала,Әкітай» деген өлеңдері жарияланады.

1950 жылы- Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп,көп ұзамай тұрмыс жағдайына байланысты оқуын тастайды.

1954 жылы-Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі пәнінен сабақ береді.

1957 жылы-Республикалық радионың дикторы;

1960-1962 жж- «Советтік шекара» газетінің бөлім меңгерушісі;

1963-1965 жж - «Мәдениет және тұрмыс» журналында жұмыс істейді.          1962 жылы- Алматыға қоныс аударады.Алматы шет тілдері институтының неміс тілі ,Қаз МУ-де,Мәскеудегі М.Горкий атындағы әлем әдебиеті  инстутында оқып білім алады.

1962-63 жж-«Социалистік Қазақстан»(Егеменді Қазақстан) газетінде;

1963-1965 жж.-«Мәдениет және тұрмыс»(Парасат) журналында;

1965-1972 жж.-«Жұлдыз» журналында;

1972-73жж. Қазақстан Жазушылар одағында   қызмет атқарады.

1976 жылы 27 наурызда ауырып, қайтыс болады.

 3.3.   Ақынның шығармашылығына сатылай кешенді талдау жасау

М.Мақатаев шығармашылығы

Өлеңдері: 650 астам лирикалық өлеңдері бар.  

Поэмалары: 19 «Илич», «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», « Қырандастар,қош болыңдар», «Чили-шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Қашқын», «Райымбек,Райымбек», «Досыма хат», «Алтай-Атырау», «Отаным,саған айтам», «Жер үстінен репортаж», «Моцарт», «Жан азасы».
Прозасы: «Құлпытас,» «Марусяның тауы», «Өзгермепті», «Әже» әңгімелері, «Қос қарлығаш», «Жыл  құстары» повестері.
Пьесасы: «Қош,махаббат»
 Сыни еңбектері: «Рух және сезім», «Сезім найзағайы», «1969 жылғы қазақ поэзиясы»
Аудармалары:Дантенің «Құдіретті »комедиясының «Тамұқ»бөлімін (1971ж),Шекспирдің «Сонеттерін» (1970ж), Уолт  Уитменнің өлеңдерін (1969 ж) т.б.

3.4.Өлеңдерін жатқа оқыту.

3.5.СКТТ бойынша өлең талдау. «Ғашықпын» өлеңі

Ø 1)Авторы: М.Мақатаев-қазақ поэзиясының өрен жүйрігі.Ақын 1931 жылы,9-ақпанда  Алматы облысы,Райымбек ауданы,Қарасаз ауылында туған.1976 жылы 27 наурызда қайтыс болған.Сүйегі Алматы қаласы, Кеңсайда жерленген.

Ø 2)Тақырып: Махаббат лирикасы

Ø 3)Жанр түрі: (поэзия) -өлең

Ø 4)Идеясы: Өз ғашықтық сезімін жеткізу.

Ø 5)Шумақ: 4 шумақты

Ø 6)Тармақ: 18 тармақты

Ø  7)Бунақ: 1-2 бунақты

Ø 8)Буын саны: 11-18 буынды

Ø 9) Ұйқас түрі: аралас ұйқас

Ø 10)Әдеби теориялық ұғымдар: Теңеу-ғашығын ақ қанат құсқа теңеп отыр.

Ø 11)Түсіндірмелі сөздік:-------

Ø 12)Өлеңнің негізгі түйіні,тәрбиелік мәні: Ғашықтықтың өте үлкен сезім екенін айқындап,осы өлең арқылы ғашығына ғашықтық сезімін жеткізу.   

          СКТТ бойынша өлең талдау.«Үш бақытым» өлеңі

Ø 1)Авторы: М.Мақатаев-қазақ поэзиясының өрен жүйрігі.Ақын 1931 жылы,9-ақпанда  Алматы облысы,Райымбек ауданы,Қарасаз ауылында туған.

Ø 2)Тақырып:азаматтық лирика

Ø 3)Жанр түрі : (поэзия) -өлең

Ø 4)Идеясы: Өз Отанын,елін,жерін сүйе білу,ана тілін құрметтеуге шақыру.

Ø 5)Шумақ: 5 шумақты

Ø 6)Тармақ: 25 тармақты

Ø  7)Бунақ: 2-3 бунақты

Ø 8)Буын саны: 11-18 буынды

Ø 9) Ұйқас түрі: аралас ұйқас

Ø 10)Әдеби теориялық ұғымдар: Теңеу-Отанын құдайға теңеп отыр.

Ø 11)Түсіндірмелі сөздік:--------

Ø 12)Өлеңнің негізгі түйіні,тәрбиелік мәні:Әрбір азамат өз  елін,жерін,ана тілін сүйіп,құрмет тұтуға міндетті екенін өлең арқылы жеткізіп отыр.

3.6.Ақын туралы айтылған пікірлер:

   Мұқағали Мақатаев – біздің заманымыздың ғажайып ақыны.                                                  Әбділдә Тәжібаев

     Мұқағали Мақатаев адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы.

                                               Әбіш Кекілбаев

     Мұқағали мұрасы – біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы.

                                               Зейнолла Серікқалиев

     Мұқағали жұлдызы ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз.

                                      Тұманбай Молдағалиев

     Әдебиет – ғаламат ғимарат, сұлулық сарайы. Мұқағали соның талантты тас қалаушыларының бірі.

                                               Қадыр Мырза Әлі        

                                Мұқағали поэзиясы – ең құдіретті поэзия.

                                               Роллан Сейсенбаев

       Мұқағали Мақатаев -қазақ әдебиетіндегі дара тұлғалы ақын.

                                               Михаил Курганцев

IV. Жаңа сабақты бекіту

4.1 Ассоциация құру (топтастыру стратегиясы)

 

                                                 ақын

 


МҰҚАҒАЛИ                                                       

 

     жазушы                                                                          журналист

 

 

  

   

                                              мұғалім

 

4.2. БҮҮ стратегиясы

Нені білемін?

Нені үйрендім?

Нені үйренгім келеді?

 

 

 

 

V. Үйге тапсырма: Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығын оқу,өлеңдерін жаттау.

VI.Бағалау.  Сабаққа белсенді араласып отырған студенттердің білімін бағалап, тиісті бағасын қою.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.     ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауынан

2.     Қазақстан Республикасының Білім Заңы

3.     Білімдегі жаңалықтар. №2(26)2009ж. 11 бет.

4.     Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. №11.2007ж.

5.     1. М.Мақатаев «Аққудың қанатына жазылған жыр» Алматы,2001

6.     2. М.Мақатаев  «Жылап қайттым, өмірдің базарынан» Алматы.1998

7.     3. З.Қабдолов,С.Қирабаев,Х.Әдібаев Қазақ әдебиеті 11-сынып                             Алматы,2007

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад Сын тұрғысынан ойлау технологиясы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 068 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.10.2016 764
    • DOCX 48.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Марденова Айман Жетибаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Марденова Айман Жетибаевна
    Марденова Айман Жетибаевна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6562
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 156 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 160 человек

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека