Инфоурок Музыка Другие методич. материалыЕртеңгілік "Жаңа жыл" утренник

Ертеңгілік "Жаңа жыл" утренник

Скачать материал

                 Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында»

 

Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін

қалыптастыру.Мерекелік көңіл-күй ортасын

ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге

үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін

арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен,

ырғақты сақтай орындауға төселдіру.

 

Жүргізуші:  Құрметті қонақтар, ата-аналар! Сіздерді жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз.   Баршаңызға денсаулық, өмірлеріңізге шаттық тілейміз. Жаңа жылдық ертеңгілігімізді әсем әнмен бастауға рұқсат етіңіздер.

Әннен соң ортаға бір бала шығады



Қыс қызығы тамаша                     Нұрасыл

Ойнаймыз біз таласа

Думанымыз жалғассын

Жаңа жылға тамаша

1бала: Жаңа жылда жол болсын!            Айзере

2 бала: Әрбір үйде той болсын!              Амина

3 бала: Берекелі жыл болсын!                 Аяжан

4 бала: Ақ дастарқан мол болсын!         Рахымжан



Барлығы бірге: Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

                                  Ән «Маленькой елочке холодно зимой»

Жүргізуші: Мінеки балалар, табалдырығымызды тауық жылы аттағалы отыр. Жаңа жылдан бәріміз көп қуаныш, жақсылық күтеміз. Ендеше, жаңа жылымыз Сиырды қарсы алайық.

                                (Музыкамен сиыр келеді)

Жүргізуші: Жаңа жыл да келді міне!

Кең байтақ менің жеріме.

Шаттыққа бөлеп  әр үйді,

Шыға ғой менің төріме.

Сиыр: Мен келген жаңа жылмын

Жаңа бақыт, жаңа нұрмын

Сендерді мерекелеріңмен

Құттықтауға келіп тұрмын.

Жүргізуші: Қош келдің жаңа жыл! Төрімізден орын ал. Енді жыл бойы біз сенімен бірге боламыз. Өзіңе арнаған жаңа жылдық тақпақтарымызды қабыл ал!

                                    Тақпақтар

Аяжан:  Ойыншықтарын тізген 
                Шыршаны да көрген

Нұрасыл: Құтты болсын жаңа жыл
               Жасыл шырша жанында
               Билеп барлық бала жүр

Айзере: Келіңдер, келіңдер
              Тақпақ айтып беріңдер
                Жомарт Аяз атадан
                Сыйлық алып көріңдер

Жүргізуші: Жаңа жыл! Мінеки, жасыл шаршамыз ортамызда жайнап тұр. Біздің де арамызда кішкентай шыршаларымыз бар. Олай болса, солардың биін қабыл ал!

                                                Би  «Ақшақарлар»

(Сиыр қоқақтап шошып кетеді)

Жүргізуші: Жаңа жыл сізге не болды? Соншама неге шошып кеттіңіз?

Сиыр: Мына үйшіктен бір  дауыс естіледі. Тыңдаңдаршы.

Жүргізуші: Иә, расымен де біреу қорылдап жатқан сияқты. Бұл өзі кімнің үйі болды екен ә? Кірген-шыққан із көрінбейді.

Сиыр: Онда жақынырақ барып көрейік, бұл үйде кім тұрады екен? (екеуі тыңдайды, қорылдаған дыбыс естіледі, олар есікті қағады)

(Үйшіктен ұйқылы-ояу аю шығады)

Сиыр: Ее, бұл аюдың үйі екен ғой.

Аю:  Бұл не қылған тыпыр-тыпыр, не шу?  Мені ұйқымнан ояттыңдар ғой.

Жүргізуші: Сені ұйқыңнан оятып жіберсек ренжіме.  Біз шырша тойын  тойлатып отырмыз. Бізге жаңа жылымыз сиыр да келді. Енді аяз ата мен ақшақарды сағына күтіп отырмыз.

Аю: Жаңа жыл дейсіңдер ме, жаңа жыл деген не? Аяз ата деген кім?

Сиыр: Балалар, аю  жаңа жылдың не екенін білмейді екен.

Жүргізуші: Әрине, ол қайдан білсін? Үнемі қыста тәтті ұйқыда жатады ғой.

Жүргізуші: Онда мен айтып түсіндірейін. Аю! Жаңа жылда балалар бір жасқа өседі, ал біз ортамызға сәнді шырша құрып оны безендіреміз. Осы шырша мерекесіне аяз ата мен ақшақар келеді. Өнер көрсеткен балаларға сыйлық береді. Жаңа жыл деген осы аюжан.

Аю: Мен қысқы ұйқыда жатқанда сендер керемет мерекені тойлайды екенсіңдер ғой.

Жүргізуші: Аю! Сен оған ренжіме. Аюлар қыстың ұзақ күндерін ұйқыда өткізеді емес пе, ақыры оянып кеткен екенсің, кел мерекені бірге тойлайық.

Аю: Мен әлі ұйқымды аша алмай тұрмын.

Жүргізуші: Кәне, балалар аюдың ұйқысын ашып онымен ойын ойнайық.

Ойын «Қар ұлпаларын жинау»

Шарты: Кішкентай ойыншық камазда қарлар жиналған.Камаздың екі жағы лентамен байланған.Ойынға екі бала шығады.Үстелге отырып аяқтың көмегімен лентаны өздеріңе қарай тартады.Камаз кімге жылжыса,сол бала жеңімпаз болады.

Осы кезде музыка әуенімен билей басып түлкі келеді.



Түлкі: Мен түлкімін,түлкімін

Тұнып тұрған күлкімін

Бұлғаң, бұлғаң құйрығым

Текке өтпейді бір күнім

Аяз ата мұнда келмейді,

Сендерге сыйлық бермейді.



Балалар: Қалайша?



Түлкі: Аяз аталарың адасып кетіпті,

Сендерді таба алмай

Үйіне қайтып жетіпті.



Жүргізуші: Бұл қалай болды? Думанымыз Аяз атасыз қалай өтпек?

Түлкі: Жарайды, мен кетейін (билей басып кетеді)

Жүргізуші: Балалар, уайымдамаңдар.Аяз атамыз келеді,бізге сыйлық

береді.Бұл түлкінің кезекті бір қулығы болар.Мұның артында бір шикілік бар сияқты.Мансұр,Жанел екеуің түлкінің ізіне түсіңдер, не бүлдіргенін біліңдер.

Екеуі: Жарайды, біз кеттік. (түлкінің соңына түседі)


                  Сықырлаған қардың дыбысы естіледі.

Жүргізуші тың-тыңдап: Балалар, Аяз атамыз келе жатқанға ұқсайды.Қардыңсықырын естідіңдер ме?

Балалар: Иә, естіп тұрмыз.

Аю: Ооо, міне енді ұйқым шайдай ашылды. Ал енді маған аяз атаны көрсетіңдер, ол қайды өзі? Аяз ата деген өзі қандай болады?

Жүргізуші: Енді қарап тұрмайық

Бәріміз бірге дауыстап

Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!

Балалар: Аяз ата, Ақшақар!

Әуен ойналады. Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қошеметтеп қарсы алады.

 

Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба, қыздарым

Қандай әсем жүздерің

Қандай мөлдір көздерің

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

Балаларым, балғыным

Өмір гүлім шалғыным

Тілейтінім-жыл бойы

Сендердің денсаулығың!

Жаңа жылдарың құтты болсын, қарақтарым. Асу-асу бел асып, асқар-асқар тау асып, өздеріңе әрең жеттім-ау!

Ақша қар: Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңізді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен мешін жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз  тауық жылына табысты жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, аяз ата, ақшақар! Біздің балалар сіздерді сағына күтіп отыр. Тіпті сізді көрсем деп аю да ұйқысынан оянып келіп отыр. Салтанатты шыршамыз да ортамызда жайнап тұр.

Жүргізуші: Ой, балалар, сендердің шыршаларыңның шамы  жанбапты ғой, кәне  шыршамыздың шамын жағайық. Ол үшін бәріміз сиқырлы сөзді айтайық.

1-2-3,  шырша шамы жана түс!     (Бәрі айтады)

Аяз ата: Мінеки шыршамыздың шамы жанып, көңілі көтерілді.

Жүргізуші: Ендеше, әсем шыршамызға арнап ән шырқайық.

                                           Ән  «Шыршаға бардық »
Аю: Жаңа жыл деген керемет мереке екен ғой. Балалардың өнерін көріп өте риза болдым. Мен де өзімнің кішкентай достарыммен би билеп берейін.

Би  «Аязата»

Аю: Ой, билеймін деп шаршап қалдым. Рұқсат болса мен кетейін. Әйтпесе, ұйқым кеп барады  (есінейді) Жылы үйіме барып ұйқымды жалғастырайын.

Аяз ата: Олай болса, менің сыйлығымды қабыл ал.  (сыйлық береді)

Аю: Рахмет аяз ата. Сау болыңдар, балалар!  (Аю кетеді)
Аяз ата: Ой, айналайындарым-ай, сендерге келуін келдім, бірақ қапшық

толы сыйлығым ұшты-күйлі жоқ болып кетті.Осында келе жатып,

жоғалтып алдым. Енді не істесем екен?

  Осы кезде түлкінің соңынан кеткен екі бала түлкіні алдына салып,                       қапшық толы сыйлықты алып келеді.

Аяз ата: Ә, енді есіме түсті, қу түлкі. Жолда бағана өлген боп жатып

қапшығымды қымқырған екенсің ғой.Түлкінің мұнысы

дұрыс па, балалар?


Балалар: Жоқ.

Түлкі: Қулық-сұмдықты жоямын

Өнерге ден қоямын

Аяз атам мені кешірсе

Сыйлығына тоямын.

Жүргізуші: Ал, балалар, тұрмайық

Аяз атаға арнаған

Тақпақтарымызды айтайық.


Ернар:    Ақ таяғын таянып
                Таңмен бірге оянып
                Аяз ата келіп тұр
                Ақ күпіге оранып

Асыл:     Кел жаңа жыл біздерге
                 Кел жаңа жыл , жаңа жыл

Амина:       Тамаша, тамаша
                 Шыршамыз тұр жараса
                 Басында әдемі жұлдызы 
                 Көз тоймайды қараса

Лейла:         В гости елка к нам пришла
                     Детям радость принесла

Аяз ата: Қасымда бар Ақшақар

Ол да ренжіп қалмасын

Бүлдіршіндер балалар

Би билеп, бірге ойнасын!



Би «Ұлпақарлар биі» орындалады



Жүргізуші:Жаңа жылды тойлайық

Ойнап асыр салайық

Атамыздың сиқырлы

Қолғабымен ойнайық.

Аяз ата: Балалар, шынында менің қолғабым сиқырлы. Қолғабымның сиқыры-ойын шарты бойынша қолғап кімнің қолында қалып қойса,

сол бала бірден әнші болып шыға келеді.

Жүргізуші: Рас па, олай болса, біз әзірміз.

«Қолғап» ойыны ойналады.

Жүргізуші: Қандай керемет, Шынымен де біздің балалар әнші жұлдыздарданкем түскен жоқ.Әншілерімізді қошеметтеп қояйық. Аяз ата,

қолғабыңыз бізге қажет екен, бізге қалдырып кете алмайсыз ба?

Аяз ата: Қалдырар едім, қарағым, бұл қолғап мен болмасам күшін жояды.

Жүргізуші: Өкінішті. Ескі жылмен қоштасып, жаңа жылмен достасатын

кез келді.Тышқан шақырайық.

Тышқан: Мен тышқанмын, тышқанмын,

Өзім сондай сұлумын

Жаңа жыл кілтін табыстап,

Сиырға  сеніп берейік.

Жүргізуші: Жаңа жыл неге кешікті,

Уақыт 12-ден асып кетіпті.

Аяз ата: Жаңа жыл менің қасымда,

Шығады қазір асықпа

Сиыр: Мен келген жаңа жылмын

Жаңа бақыт, жаңа нұрмын

Сендерді мерекелеріңмен

Құттықтауға келіп тұрмын.

Жүргізуші:Жаңа жылымызға арнап ән айтып берейік.

Ән «Келді міне,жаңа жыл» хор

 

Жаңа жыл:   Ал енді балалар жаңа жылға бәріміз қосылып бір тамаша би билейік.

Би биленеді.

 

Ақшақар:Аяз ата балалар өнерлі екен.Сыйлықтарын таратып берейік.

Аяз ата:ия Ақшақар мен ұмытып кетіппін.Қорапты ашып жатқанда сыйлықтар болмайды.Аяз ата мұңайып,ой балалар мен басқа қабымды алып келіппін.Қанекей сендер маған оркестрде ойнап еріңдер.Менің көңілді достарым тез сыйлықты жеткізеді.

Оркестр:

Музыка ойнайды.

1-сайқымазақ: Армысыздар, Халайық! 

2-сайқымазақ: Армысыздар, балалар! Көңіл күйлерің қандай? Жаңа жылдарыңмен!

Аяз ата: Өркендерің өссін, қарақтарым! Енді менің өздеріңе әкелген сыйлығымды қабыл алыңдар. (сыйлық таратады)

 Жыл айналып келгенше,

Өздеріңді көргенше,

Қош аман сау болыңдар!

Бүлдіршіндер, балалар!

Аяз ата: Ой, бәрекелді, балақайлар. Мен сендерге ризамын.Мені сендер сияқты басқа да балалар күтуде. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!Келесі жылға дейін көріскенше, аман сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңдар!

Жүргізуші: Сау болыңыз, Аяз ата, Ақшақар.   (Екеуі  кетеді)

Жүргізуші: Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын дей отырып, ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі жылы кездескенше сау болыңыздар.
Жүргізуші : Нұрландырып маңайды

Шырша шамы жағылсын

Жаңа жылдың құрметіне

Ақ тілектер ағылсын!

    

          Ортаға орталықтың директоры .................... шақырамыз

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ертеңгілік "Жаңа жыл" утренник"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 187 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2021 625
    • DOCX 29.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Балнура Кенес Омиржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Балнура Кенес Омиржановна
    Балнура Кенес Омиржановна
    • На сайте: 3 года и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 706
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Мировая музыкальная культура от Баха до Шнитке

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 83 человека

Курс повышения квалификации

Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 409 человек

Курс повышения квалификации

Деревянные духовые инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 24 регионов

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе